Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейге барса 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Депутат ресейлік журналист Тина Канделакиді Қазақстанға кіргізбеу туралы шешім өте орынды екенін жеткізді. 

"Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакиді персона нон-грата деп жариялады. Бұл дұрыс шешім. Ол үшін сөз ысырап етіп, эмоцияға берілудің қажеті жоқ. Өзіңізді құрметтеуге тиіссіз! Мен де Ресейде 2070 жылға дейін персона нон-гратамын. Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартыламын. Беларуссияда да солай… Ешкім ештеңе түсіндірмеді". – деп жазды депутат. 

  • Тина Канделаки қазақтарды "мәңгүрт" деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды
  • Дос Көшім қазақтарды "мәңгүрт" деп атаған ресейлік журналист Тина Канделакиге рақмет айтты

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді. Оның бұл айыптауына журналист Динара Сәтжан жауап берді. 

Сондай-ақ Тина Канделакиге осы мәлімдемесінен соң Қазақстанға кіруге тыйым салынған болатын. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.