«Экономика және басқару» институтының директоры


-тақырып: Корпорацияның меншікті капиталы



жүктеу 1.16 Mb.
бет6/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7-тақырып: Корпорацияның меншікті капиталы

Мақсаты: Корпорацияның меншікті капиталының құрамы мен құрылымын және ролін анықтау

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Корпорация қызметіндегі меншікті капиталдың рөлі: корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.

2. Жарғылық капитал – корпорацияның меншікті қаражаттарының негізгі алғашқы көзі.

Меншікті капитал – корпорация капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөілігі.

Корпорацияның қаржы әлеуететінің негізін меншікті капитал құрайды.

Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Сондықтан меншікті капитал корпорация қызметінде маңызды рөл атқарады.

Корпорацияның негізгі қаржылық құрылымын өзінің меншік капиталының келесідей элементтері құрайды:

- жарғылық капитал;

- акционерлік қоғамнан сатып алынғаннан кейін қайта сатуға немесе күшін жоюға құқығы бар меншік акциялары (пайлар);

- резервтік капитал;

- қосымша капитал;

- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);

- мақсатты қаржыландыру.

Жарғылық капитал корпорация мүліктерінің ең аз мөлшерін анықтайды және ол несие берушінің мүддесіне кепілдік береді. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, мүліктердің жиынтығын, материалдык емес активтерді және де ұйымды құрушышардың (заңды, жеке тұлғалар) арасындағы енші үлестер туралы құжаттарды анықтайтьн мүліктік құқықтарды сипаттайды.

Жарғылық капитал корпорациялардың әртүрлі ұйымдастыру - құқықтық нысандарында (серіктестік мен қоғам) сәйкес қалыптасады.

Мысалы, АҚ-ның жарғылық капиталы акционерлерден алынған жай және артықщьшығы бар акциялардың номиналдық құнынан құрылады. Бірақ артықшылығы бар акцияның (префакция) номиналдық құны жарғылық капиталдың көлемінен 25%-тен аспауы керек. Ұйымды құрғанда барлық акциялар оны құрушылары арасында бөлінеді.

Мысалы, дүниежүзілік тәжірбиде, ЖАҚ-ның акционері қосымша акция алуға мүліктік құқық алғанда да,(және олардың барлық акцияларын бірігіп иемденуге де құқығы жоқ. Нәтижесінде акция бөлігі - "Бөлшек акциялар" қалыптасады. "Бөлшек акциялар" акционерге, яғни иемденушісіне акцияның категориясына (типіне) байланысты ол құрайтын жалпы акцияның балама бөлігінің көлеміне сәйкес құқык береді. Ұйымның жарғысында орналастырылған акциялардың және бөлшек акциялардың жалпы көлемі жинақталады. Егер де мұндай операцияларды корытындылағанда бөлшек сан шықса, онда үйымның жарғысында орналасқан акциялар бөлшек сандармен көрсетіледі. Бөлшек акциялар қор нарығьнда бүтін акциялармен тең айналысқа түседі. Егер де белгілі - бір тұлға бір категориялы скі немесе одан да көп бөлшек акциялар иемденсе, онда бұл бөлшек акциялардың сомасына тең бүтін акцияларды немесе бөлшек акцияларды құрайды. Ұйымның барлық акциялары нақтыланған.

Акцияларға төлем формасы (ақшамен, бағалы қағазбен, ақшалы бағамы бар мүліктік құқықпен) ұйымның құрылуы келісімі мен жарғысы арқылы анықталады, ал қосымша акциялар оны орналастыру шешімімен анықталады. Ұйымның жарғысы мен акцияның көлемін, номиналдық бағасып және категориясын (типін) қоғамдық ұйым өзі| қосымша анықтауға толық құқығы бар. Егер де жаргыда бұл ерешеліктер жоқ болса, косымша акция орналастыруға болмайды.

Қосымша акцияны алу үшін оның номиналдық құқынан 25 % кем емес ақша қаражаттарынан төмендеуі тиіс. Акционерлерді акцияға төленетін төлемақыдан босатуға құқығы жоқ. Жарғылық капиталды толық төлемейіншс, акцияларга ашық түрде жазылуға мүмкіндік берілмейді. Қоғамдык ұйымды құрғанда оның акциялары құрушылар арасында ғана таратылған.

Ұйымның таза активтері 2 жылда және одан ксйінгі жылдарда жарғылық капиталынан (азайғаны туралы) кем болатын болса., ұйым оны тиісті органдарға хабарлауы керек. Ал егер де жарғылық капиталдың ең кіші мөлшері заңға сәйкес таза активтерден аз анықталатын болса, онда ұйымды таратуға тура келеді. Ұйымның жарғылық капиталын акциялардың номиналдық құнын өсіру арқылы немесе қосымша акцияларды орналастыру арқылы ұлғайтуға болады. Акцияның номиналдық кұнын өсіру туралы шешім барлық акциялардың жалпы жиналысында талқыланады. Ал жарғылық капиталды арттыру мақсатында қосымша акцияларды орналастыру туралы шешімді акционерлер немесе директорлар кеңесінің (бақылау кеңесі) жиналысында жасайды. Мұндай құқық ұйымның жарғысында бскітілуі ксрек. Қосымша акциялар тек жарғыда көрсетілгсн белгілі бір мөлшерге дейін ғана орналасуы керек.

Жарғылық калиталды артаыру жольшда қосымша акцияларді.і ежізу шешіміне байланысты келесідсй ережелер сақталуы тиіс;

- енгізілетін қосымша акшалардың, яғни жай немесе артықшылығы бар акциялардың әрбір типіне сәйкес категориялы акциялардың саны;

- қосымша акцияны екгізудің әдісі мен бағасы;

- жазылу арқылы енгізілген қосымша акциялардыц төлем нормасы;

- енгізудің т.б. ережелері.

Ұйымның жарғылық капиталын қосьмша акциялар арқылы не-месе олардың номиналдық құнын жоғарлау арқылы ғана оның мүлкінің есебінен жүзеге асырылады. Егер де жарғылық капиталды ұйымның мүлкі арқылы қосымша акцияларды орналастырса, оларды акционерлер арасында таратуы керек. Сонымен қатар акциялар бірдей категориялы (тип) болуы қажет.

Ал жарғылық капиталды қосымша акциялардың егізілуінен бұрын жоғарылатса, одан бөлшек акциялар шығаруына рұқсат беріллмейді.

Қосымша акцияларды шығару арқылы жарғылық капиталды ұлғайтуға, мемлекеттік және жергілікті меншік органдары бекіткен 5% беруге акционерлердің құқығы бар, егер де жалпы акционерлер жиналысында белгіленген мерзім көлемінде іске асыруға мүмкіндігі бар болса, сол ұлғайтқап капиталдан мемлекеттік және жергілікті ұйымдардың үлесі сақталады.

Жарғылық капиталды номиналдық құны арқылы немесе жалпы акциялардың санын қысқарту арқылы төмендетуге болады. Егер де жарғылш; капиталды төмендететін болсақ, онда заңға сәйкес оның ен кіші мөлшерінен төмен болмауы керек. Тек акционерлердің жалпы жиналысында ғана жарғылық капиталды төмендету туралы шешім кабылданады. Сонымен катар ұйымның жарғылық ережесіне де ептеген өзгерістер енгізеді.

Акцияны ұйым белгіленген директорлар кеңесімен (бақылау кеңесі) нарық бағасын кем емес жағдайда, акцияның сатып алынуы мен бағамьш қадағалап, талап ету құқығы бар тәуелсіз бағалаумымен сатады.

Акционер ұйымнан шешім қабылдаған күннен бастап, 45 күн ішінде жазбаша түрде талап ету қажет. Егер де акционер талап ету құжатын жазбаса, онда үйым 30 күн ішінде акцияны қайта сатып алуға міндетті.

Жарғылық капитал корпорацияның меншік капиталдың ішіндегі ең тұрақтысы болып саналады. Әдетте корпорация өз меншік формасын өзгертпесе, ол жыл бойы өзгеріссіз тұра береді. Ұйымның сатып алған меншік акциялары кейін оны қайта сатып немесе күшін жою арқылы әртүрлі қолданылады. Щаруашылық ұйымның (жауапкершілігі шсктеулі немесе қосымша) немесе серіктестіктің үлес бабына байланысты ессптелінеді. АҚ-ң немесе серіктсстіктің акционері өзінің меншік акциясын сатқанда нақтылық шығындар сомасы бухгалтерлік есептемеде жазылады, "Меншік акциялар" дебетіне, ал кредитіне ақша құралдарының есептемесі жазылады. Ұйымныц өзі сатып алған меншік акциясының күшін жоюы "Меншік акция" шотының кредитіне жазылады, ал "Жарғылық капиталдың" дебетіне жазылады.

"Меншік акциялар" шотында болатьн акцияларды сатып алу мек олардың арасындағы номиналдық құнның айырмашылығын "Басқа да кірістер мен шығыстар" шотында жазуға болады,

АҚ-ң резервтіқ капиталы оньң жарғысында қарастырылғандай жарғылық каииталдың 5%-нен төмен болмауы керек. Рсзервтік капитал жарғыда көрсеткендей таза табыстан жыл сайын түсіп отыратын міндетті төлемдерден құралады. Жыл сайынғы аударымдар жарғыда бекітіледі және ол табыстың 5%-нен кем болмауы тиіс.

Ұйымның жалпы акцияларды сатып алу құралдарының соммасы, оның 10%-к таза активтерінен аснауы керек. Ұйымды қайта құрған кезде бұрынғы акцияның қалдық төлемі өтелінуі тиіс. Егер де ұйым басқаша жағдайда сатып алса, акция ұйьмның басқарылуына беріліп., 1 жыл ішінде нарық бағасымен сатылуы тиіс. Ұйым бұл жағдайларды дұрыс шешпесе, онда акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды.

Ұйым 30 күн ішінде өзінің кредиторларына жарғылық капиталының төмендегені туралы хабарлама беруі керск. Хабарлама берілген күшіен бастап 30 күн ішіқде несие кредиторлар уйымьшан, мсрзімінен бұрын міндетін өтеуді немесе тоқтатуды, осыған байланысты келтірген шығыңдарды төлеуді талап етуге қүқықтары бар, (мыс: облигациялық қарыз). Ұйымнын жарғылық капиталының томендеуі туралы мемлекеттік тіркеуге енуі кредиторларға келіп түскен хабарлама арқылы ғана жүзеге асады. Акциялар мен облигацияларды сатып алу үшін ұйымның басқа ақша қаражаттары болмаса, онда ол резервтік капиталды қолданады. Резевтік капиталды жұмсағаннан кейін оны келесі есеп беру кезеңіне дейін толтыруы қажет. Ұйымның жұмысшыларын акцияландыру қорынан түскен түсімді ұйым резервтік капиталдың қалыптасуына түсіреді.

Шетелдік инвестициялары бар кәсінорындар резервтік капиталына таза табыстан ең жоғарғы көлемде салым салынады. Бұл ұйымның жарғысында таза табыстан жұмыскерлерді акцияландыру қорын күруды карастыру керек. Осы құралдар үйымның жұмыскерлері арасында акцияларды сатып алу үшін жұмсалады.

Шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдар үшін резервтік капиггалдың ең төмен мөлшері көрсетілмеген. Ол кобінесе белгіленген ұйымдастыруты құжаттар көлемінде жинақталады.

Резервтік капитал аударымында «Резервтік капитал» шоты кредитіне және «Бөлінбеген табыс» дебетіне жазылады. Мұның жарты сомасы есеп беру жьлының шығындарын жабу үшін "Қысқа мерзімді несиемен есептесуге" демесе ұйымның облигациядарына төленетін сома "Ұзақ мерзімді несиемен есептесуге" қолданылады.

Мүлік бағамының жоғарылауы, эмиссиялық кіріс, қайтарымсыз бағалы құндылықтар және т.б. түсімдер косьшша капиталды көрсетеді.

Қосымша капиталдың кегізгі элементіне кіретіндер;

- айналымнан тыс активтердің қосымша бағалауының сомасы;

- акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі (акцияның номи налдық құнының жоғарылауынық сомасы, яғни сату шығындарын алып тастағанда);

- баска корпорациядардан немесе басқа да түсімдерден түскен қайтарымсыз мүліктер.

Сомалар "Қосымша капитал" шотының кредитіне ереже бойьшша көшірілмейді. Ал дебетке олар келесі жағдайларда жазыла-ды:

1) Айналымнан тыс активтердід бағалау қорытындысы бойынша сомасының төмендеуі - актив шоттардың корреспонденциясы есебінсн анықталуы;

2) Жарғылық капиталды ұлғайтудың бағыттары - "Жарғылық кагіитал" және "Құрушы мен есеп айырысу" шоттардың крсдитіне жазылып корреспонденцияауы;

3)Ұйьмды кұрушылар арасында соманы бөлу - "Құрушы мен есеп айырысу" корреспонденцияланғанда.

"Қосымша капитал" шотының аналитикалық есебін жүргізгенде, ол кұралдарды қолдану бағыттарының және қалыптасуының көздері туралы мәліметтер алады. Бөлінбсген табыс АҚ-ң меншік капиталының калыптасуьның негізгі көзі болып табылады. Қазір іс-жүзіндегі заңдар шаруашылық субъектісіне келіп түскен таза табысты жедел қолдануға құқық береді. Бөлінбеген табысқа жататындар:

- өткен жылғы бөлінбеген табыс (шығын);

- есеп беру жылындағы бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын); "Өткен жылдың бөлінбеген табысы" бөлімшссі АҚ-ң өткен жылғы жұмысының нәтижесіндегі табыс қалдығын көрсетеді.

Есеп беру саясаты қабылдағая құрушылар құжаттарында көрсетілген арнайы қорлар (жинақ жөне тұтыну қорлар) қалдығы бухгалтерлік есеп және есеп беру нормативтік құжаттарьна сәйкес жыл соңындағы жұмысшылардың қорытындысы жеке жазылмайды. Өткен жылдың бөлінбеген кірісінің сомасын келесі мақсаттарға қолданады:

- резервтік капиталды толтыруға;

- жарғылык, капиталды ұлғайтуға;

- құрушылар құжаттарына сәйкес арнайы қорларды ұлғайтуға жұмсау;

- акционерлік қоғам құрушылардың табысын төлеуге.

Өткен жылдың жабылмаған шығындарын есептеп шығару үшін оны өтеу жолымен іске асыру:

- есеп беру жылының табыстары;

- резервтік капитал құралдары;

- құрушылардың мақсаттық салымдары әдеттегі қызметтен түскен жөне төтенше кіріс пен шығыс салъдосы арасындағы түсім айырмашылығынын сомасы "Есеп беру жылының бөлінбеген табысы" шотында көрсетілсді. Бөлінбсген табыстар бухгалтерлік баланстың корпорацияның соңғы қаржылык қорытындылары, салыққа төленетін сома және мемлекеттің бюджеттік жүйесіне түсетін (сол сияқты) міндетті төлемдер көрсетіледі (салық салуды кешіктірген үшін санкцияларда). Бухгалтерлік есепте ессп беру жылының таза табысының сомасы жслтоқсан айының соңғы айналымындағы "Бөлінбсген табыс (шығын)" және "Шығыс пен кіріс" шоттарының кредитінде корреспонденцияланады. Ал есеп беру жылының таза шығысының сомасы желтоқсанның соңғы айналымындағы "Бөлінбеген табыс (шығын)" шоты дебетінде, "Шығыс пен кіріс" шотының кредитінде қорланады. Таза табыстьң жартысы ұйым құрушыларының табыс төлеміде жұмсалуы мүмкін.

Есеп беру жылының шығынын жабу үшін резервтік және қосымша капиталдар құралдары немесе құрушылардың мақсаттық салымдары т.б. жұмсалуы тиіс.

Егер де жабылмаған шығынды бухгалгерлік баланста қалдыратын болса, онда оны келесі жылдың есеп беру кезеңіне көшіруі қажет, бұл шығын сомасы "Өткен жылдың бөлінбеғен табысы (өтелмеген шығын)" шотына апарылуы тиіс. Қолданған қаржылық құралдырының бағыттары туралы мәліметтерді "Бөлінбеген табыс, өтелмеген шығын" (шоттың) аналитикалық шотынан көруге болады. Бөлінбеген табыстың аналитикалық есебін ұйымдастыру үшін негізгі капиталды қаржыландыру көздерінің пайдалағанын не найда ланбағанын көрсетіп, оны боледі.

Сонымен, бұлардан келесі қорытынды шығаруға болады:

1) Бөлінбеген табыс - капиталдық салымдардың қаржы-ландыру көзі болып табылады;

2) Есеп беру кезеңінің балансында болінбеген табыстың бар болуы, ол корпорацияның айналым құралдары көздерінің толтырылуын көрсетеді;

3) Меншік капиталы үлесінің жоғарыда көрсетілгендей көздерден ұлғаюы көсіпорынның қаржылық нығаюн және де сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелсіздігін көрсетеді.

"Мақсаттық қаржыландыру" шотының құрамына мақсаттық шараларға жұмсалатын акша қаражаттары кіреді (заңды тұлғалардан немесе мемлекеттен түсетін бюджеттік қаржы бөлу ретіндегі ақша құралдары). Белгілі бір шараларды мақсаттык қаржыландыру коррес-понденциясы "Мақсаттық қаржыландыру" шоты кредитінде, "Дебитормен, кредитормен әр түрлі есеп айырысу" шоты дебетінде жазылса, ал кредитінде көрсетілетін шоттар:

- "Негізгі өндіріс" және "Жалпы шаралық шығындар";

- Бейне коммерциялык ұйымдарды қаржыландыру бағытында;

- Қосымша капитал" - инвестициялық мақсатында қолданылатын құралдарда;

-"Болашақ кезең табыстары" бюджеттік құралдарды мақсаттық шығындарды қаржыландыру бағытында.

Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Меншікті айналым қаражаты кәсіорынның жыл бойы тұрақты төлем қабілетін қолдау үшін қажет. Актив пен пассив балансы бойынш алдағы кезеңнің соңында меншікті айналым қаражатының жоспарлы мөлшері анықталады, яғни корпорацияның келешектегі төлем қабілеттілігі, яондай-ақ осы қаражаттың өсімінің мөлшері болжанады.

Меншікті қаражаттың құрылымы оның жалпы мөлшеріндегі әрбір баптың өзіндік салмағын сипаттайды. Әрбір бөлімшенің меншікті үлес салмағының жалпы көлемі меншік капиталының құрылымын көрсетеді. Бүл капитал құрылымына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар (менеджмент пен маркеткнг жағдайы т.б.) корпорация басшылығының бақылауында болды. Сыртқы факторларды меншік капиталының құрылымының мақсатты қалыптасуьшда байқаймыз. Әдетте бұларға кіретіндер: қаржылық нарық жағдайы және мемлекеттің ақша - несие, салық саясаттары. Меншік капиталының құрылымын есеп беру кезеңінде (тоқсан, жыл) және болашақта болатын болжамын құрғанда көруге болады.

Меншікті капиталдың құрылымы бірқатар есепті кезең (тоқсан, жыл) бойынша зерттеледі және зерттеу нәтижесі бойынша келешекке болжам жасалады.


8 тақырып: Корпорацияны қаржыландырудың қарыздық көздері.

Мақсаты: Корпорацияның қаржыландырудың қарыздыө көздерін анықтап, сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

  1. Компанияның қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыздық көздерін тарту мен қолдану мақсаты.

  2. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыздық көздерінің түрлері: ұзақ мерзімді банктік ссудалар; лизинг; ипотекалық несие; мемлекеттік және жеке инвестициялар; акционерлік капитал.

  3. Компанияның эмиссиялық қызметі қарыздық міндеттемелер мен акциялардың түрлі нысандары.


9 тақырып: Корпорация капиталының құны мен құрамы.

Мақсаты: Корпорацияның капиталының құрылымын және бағалау әдістерін анықтау

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:


  1. Капиталдың бағасы мен құрылымы түсінігі. Капитал құнының тұжырымдамасы – компанияларды қаржыландыру теориясының негізі.

  2. Капитал құрылымын анықтайтын факторлар.капитал құнының түрлері: ішкі, нарықтық, баланстық, шекті, жойылу, инвестициялық.

  3. Капитал құнын бағалау әдістері.


10 тақырып: Корпорацияны қаржылық жоспарлау.

Мақсаты: Корпорацияда қаржылық жоспарлаудың мақсаты мен міндетін анықтап, оның түрлеріне сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:


  1. Қаржылық жоспарлау міндеті мен қағидалары.

  2. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері.

  3. Табыстар мен шығыстар, пайда мен зиян жоспары.қарыздың негізгі сомасы мен пайыздарын қайтаруды жоспарлау.


11 тақырып: Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары.

Мақсаты: Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдарын анықтау

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:


  1. Бухгалтерлік (қаржылық) есептілік шаруашылық жүргізу субьектінің қызметін басқару процессін ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде.

  2. Қаржылық талдау, қаржылық жағдайды талдау, қаржылық тұрақтылықты талдау түсінігі.

  3. Корпорацияның қаржылық стратегиясы. Қаржылық стратегияның міндеті және корпораияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:



  • Кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

  • Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және төлем қабілеттігі бар сұраныстағы үлесі;

  • Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

  • Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табеспен салыстырғандағы динамикасы;

  • Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

  • Кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.

Сыртқы фокторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы да басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер мен тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестіктермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидендтерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болащақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне қатысты.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалды анықтайды. Кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:


  • Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

  • Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалдағы және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

  • Айналым капиталының көлемін, оның өсуі мен кемуін және ағымдағы міндеттемелермен арақытынасын анықтау;

  • Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

  • Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

  • Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

  • Баланстың өтімділігін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

  • Кәсіпорын табыстылығын бағалау;

  • Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

  • Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол үш сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуімен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын-ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса кәсіпорынның өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеуі қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кісіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:


  • Кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

  • Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

  • Баланс өтімділігін талдау;

  • Кәсіпорынның төлемқабілеттігін және несие қабілеттігін талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс – есепті жылдың басындағы және сондағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінң салыстырмалы сипаты және кәсіпорында басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады.

Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқулықта былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметін) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс

Сонымен кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндерме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады. Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, онық қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет