Желіде Шымкентте полиция қызметкерінің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізіп, телефонмен сөйлескені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео авторының айтуынша, ол – үшінші мегаполистегі батальон командирі. Кадрлардан оның құлағына телефон қыстырып, маңызды мәселе шешіп келе жатқанын байқауға болады.

  • Қостанай облысында жүргізуші полиция қызметкерін қағып, 50 метр жерге сүйреп әкеткен
  • Ақтауда түнгі клубта болған төбелестен кейін екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Аталған жағдайға қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. Хабарлауынша, желіде тараған видеоны құқық бұзушы көлігін уақытша айып тұрағына жеткізетін кезде түсірген.

"Аталған факт 2023 жылдың желтоқсанында болды. Ер адамды патрульдік полиция автокөлік нөмірін анықтауға кедергі келтіретін материал пайдаланғаны үшін тоқтатты. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін сот қаулысымен ол әкімшілік қамаққа алынып, 1 жыл жүргізуші куәлігінен айырылды.

Сол күні полиция қызметкеріне қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін хаттамалар жасалды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.