Алматы құтқару қызметі 100 миллион теңгеден астам қаражатқа қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ

Мемлекеттік сатып алулар сайтында барлығы 3 лот орналастырылған, ал тапсырыс беруші – Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметі. 

  • Қиранды астынан адам іздеуге арналған 5 микротолқындырадар: жоспарлы сома 53 миллион теңге;
  • Топырақты зондтауға арналған 5 қондырғы: жоспарлы сома 43 миллион теңге;
  • 5 эндоскоп – басқармалы камера: жоспарлы сома 8,9 миллион теңге.

Құтқару қызметінің мәліметінше, апаттық-құтқару жабдықтарын алу нормаға сәйкес жүзеге асырылады. 
"Құтқарушылардың міндетіне сел, қар көшкіні секілді түрлі табиғи және техногенді апаттар кіреді. Мұнда жарақат алған адамның орнын тез анықтау қажет. Ал радар мамандар қолданатын арнайы құралдардың тек біреуі ғана", – деп жауап берген Tengrinews.kz сауалына. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.