Әуе спорты федерациясының өкілдері пилонистерді стриптиз билейтін деп атаған депутаттың пікіріне наразылық білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Осыдан соң мәжілісмен Таңсәулет Серіков түсініктеме беріп, нені меңземек болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат паралимпиадаға ақша бөлінбейтінін айтпақ болып, мысалға пилон спортын айтып өткен еді. Бұл спортшыларды наразылығын тудырды. 

Сондай-ақ әуе-спорттық эквилибрінің өкілдері депутаттың сөзін жоққа шығарып, оларға ақша бөлінбейтінін, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламаларына кірмейтінін айтты. Спорт министрлігі ірі чемпионаттар үшін тек дипломдар, кубоктар мен медальдарды береді екен. Ал бір жолы спортшыларға тек 4 костюм берілген.

"Сол үшін рахмет. Бізді назардан тыс қалдырмағанына қуаныштымыз. Бірақ біз ешқашан бұдан басқа ештеңе алмадық", – деді әуе-спорт эквилибрі федерациясы басшысының көмекшісі Полина Шут. 

Бұл спорт түрінде үш атрибутты – пилон, шеңбер немесе жіпті қолдануға болады. Федерацияның өзі 6 жыл бұрын құрылған. Қазақстан әлемде бірінші болып оны спорт түрі ретінде таныпты. Кейін Мексика, Ресей және басқа елдер мойындады. Бұл ретте біздің спортшылар – әлемдік аренадағы ең мықты бәсекелестер. Жетістікке жеткен спортшылардың 80 пайызы кәмелетке толмаған.

"Көпшілігі бұл пікірді жүрегіне жақын қабылдады. Өздерін неге стриптизшілерге теңегенін түсінер емес. Спортпен айналысатындарды жаман нәрсеге теңейді. Көбісі осыдан кейін нұқып, мазақ ете бастады. Бірақ біз мұның ақымақтық екенін түсінеміз ", – деді әуе-спорттық эквилибрі жаттықтырушысы Анастасия Ребрикова.

Серіков федерация өкілдерінің бейнеүндеуіне жауап берді. Оның айтуынша, жұртшылық оның сөзін дұрыс түсінбеген. “Ұлттық спортты дәріптеуіміз керек дегенді алға тартпақ болдым” дейді.

Алайда спортшылар бұл жауапқа қанағаттанбады, олар кешірім сұрағанын талап етеді. Әрі шәкірттерінің намысын сотта қорғауды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков белгісіз спорт түрлеріне қаржы бөлініп жатқанын айтып, сынға қалған еді. Айтуынша, ішінде құбырға шығып, стриптиз билейтіндер де бар.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.