Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) WBA бойынша тағы бір дивизион белбеуі бар кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: janibek_alimkhanuly Instagram парақшасынан

“Мен Лараны түсінбеймін. Ол менімен 3 титул үшін төбелесе алады. Мен онымен жекпе-жекке шықсам қуанамын. Неге ол чемпионмен жекпе-жекке шықпайды? Мен оны түсінбеймін! Жәнібек пен Лара айқасы.  Осы жекпе-жекті ұйымдастырайық!", — деп жазды Жәнібек өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы. Соңғы жекпе-жегінде отандасымыз Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO және IBF белбеулерін иеленді. 12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын 6-раунда аяқталды. 

Сондай-ақ, Ресейлік Livesport.ru порталы Жәнібек Әлімханұлы мен американдық боксшы Джермалл Чарло 2024 жылы жұдырықтасуы мүмкін деп есептеп, болжамды жекпе-жектердің тізіміне енгізген еді.

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.