Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының анасы алғаш рет продюсердің балалық шағы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Коллаж: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Медиаменеджер 50 жасын әріптестері мен жақындарының арасында тойлады. Журналист Анна Данченко туған күн иесінің жақындарын әңгімеге тартты. Олар Баянның шынайы бейнесін айтып берді. 

“Өте көтеріңкі көңіл күйдемін. Үлкен қызым 55 жаста, міне, Баян 50-ге толып жатыр. Кенже қызым 48-де. Өте бақытты анамын. Баянның есімін әжесі қойды. “Баян сұлу” болады” деді. Мен ұнатпадым. Бірақ қарсы болмадым. Құжатын алуға барғанда “Баян” деп ғана жаздырдым. Ол кісі маған қатты ренжіді. Мен айттым: “Сұлу болмаса айналасы күледі ғой. Баян күйінде қала берсін” дедім”, – деп еске алады анасы. 

 

  • "Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім": Баян Алагөзова алғашқы жүктілігін есіне алды

  • "Әкем туралы айтуға тыйым салдым": Баян Алагөзова әкесінің қазасын қалай қабылдағанын айтты

Сондай-ақ продюсер бала күнінен-ақ өте қабілетті, бірбеткей табанды бала болған. 

“Баян дәл қазір қандай болса, бала күнінде де солай болды. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Батылдығы мен қабілетті сол күйінде тұр. Автобусқа мініп балабақшаға бара жатқанда “Адамдар мен орын беруі керек. Мен отырып баруым керек” дейтін. Сол өжеттілігі әлі күнге дейін келе жатыр”, – дейді продюсердің анасы. 

Сонымен қатар 20 жылдан бала күтушісі болған келіншек те продюсердің үйде қандай адам екенін айтты. 

“Мен Айарудың (Баян Мақсатқызының екінші қызы) 20 жылдан бері күтушісімін. Екінші қызын мен өсірдім. Қазір ол бойжеткесін, Баян ханымның көмекшісі болып жүрмін. Ол керемет адам. Өте қарапайым жан. Үйден тамақтанғанды жақсы көреді. Көбіне жеміс-жидек, көкөністерді ғана жейді. Жүрегі де жұмсақ. Баян ханымның қол астында жұмыс істейтініме бақыттымын”, – дейді келіншек.  

Еске салайық, продюсер ханым 50 жасын қалай тойлағанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.