Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»



бет1/4
Дата07.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
#20332
  1   2   3   4


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ







ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5В073200 - «СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ»

3 жыл


КараҒандЫ – 2016-2017

Элективті пәндер каталогы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған

№ _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж.

Каталогке элективті пәндер (тандау бойынша компонент) тізімі және мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқа курсы еңгізілген. ҚҚЭУ оқытушыларымен студенттеріне арналған


СТУДЕНТКЕ ЖАДЫНАМА

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті студенті!
Элективті пәндер каталогы Сіздің назарынызда! Мынау оқулық тәртіптердің элективті жүйеге келтірілген мазмұндалған тізімі. Бұл оқу дара траекториялары дербес, шапшаң, иілгіш және жан-жақты құру мүмкіншіліктері сіздер үшін жасау мақсатымен құрастырылған. Бұл Сіздің дара оқулық жоспарыңызда құрастырушы Сіздің көмекшіңіз.

Кредиттік оқу технологиялары барлық оқу пәндері 3 циклды - жалпы білім беретіндер (ООД), негіздіктер (БД ) және кескіндеушілер (ПД). Бұл циклдің ішіндегі оқу пәндері 2-ге бөлінеді.Олар:міндетті компонент және таңдау компоненті (элективті т.б. таңдалатын оқулық пәні).

Міндетті пәндер компоненті мамандық пен білімдерді мемлекеттік пен стандартпен және тап осы мамандық студенттеріне шығу бәрімен оқытылады.

Элективті оқу пәндері Сізге кафедраларды меңгеруді ұсынады. Барлық элективті пәндер тізімінен Сіз нақ өзінізге қызықтысын таңдай аласыз.Сайы келгенде, Сіздің дара оқу жоспарыңыздың оқу тәртіптерінің әрбір циклі өзіне 2 бөлімді қосады: міндетті компонент және таңдау компоненті (элективті оқу пәндері).



Сіздердің дара оқулық жоспарыңызға элективті пәндер каталогын қосу үшін қандай жоспар таңдау керек?

1.Тізім кестесінен өздеріңіздің курсынызды және оқу семестірін табыныз.

2.Элективті пәндер тізіміне барлығы қанша кредиттер типтік оқу жоспарымен қаралатынын ескерініз.

3.Элективті пәндер тізімінің тәртіптерімен танысыныз. Оқу тізімінде таңдалған біріккен курстар нөмеріне сай келетініне назар аударыңыз. Әрбір топ элективінің тізімінен бір элективті оқу тізімін таңдауға болады.

4.Сипатталған элективті пәндер тізімінен өздеріңізді қызықтырғанына таңдауынызды жасаныз.

5.Оқу жоспарына талап етілген өздеріңіздің таңдалған кредиттер саны, кредиттер санына сай келетінін тексеріңіз.

6.Элективті пәндер тізімін жүзеге асыру үшін өздеріңізге өз эдвайзеріңіз көмектеседі.

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология»

Оқыту мерзімі: 3 жыл


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пән циклы

Пәннің коды

Пәннің аты

Кред саны

Сем

естр


1 курс







1 таңдау бойынша курс







БП

IGr 1208

Инженерлік графика

2

1




KGr 1208

Компьютерлік графика

2

1







2 таңдау бойынша курс







БП

Pat 1209

Патенттану

3

2




KKu 1209

Кәсіпкерлік құқық

3

2







3 таңдау бойынша курс







БП

SМE 1210

Сапа менеджментінің экономикасы

3

2




KEc 1210

Кәсіпорын экономикасы

3

2







4 таңдау бойынша курс







БП

OHim 1211

Органикалық химия

3

1




Маt 1211

Материалтану

3

1







5 таңдау бойынша курс







БП

АHim 1212

Аналитикалық химия

3

2




FKH 1212

Физикалық және коллоидтық химия

3

2







6 таңдау бойынша курс







БП

ELN 1213

Электротехника негіздері

2

2




TMeh 1213

Теориялық механика

2

2







7 таңдау бойынша курс







БД

ZhT 1214

Жылутехникасы

2

2




KMeh 1214

Қолданбалы механика

2

2







8 таңдау бойынша курс







БД

Sta 1215

Стандарттау

2

2




SEKT 1215

СЭҚ тауар номенклатурасы

2

2


1 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Инженерлік графика»

Пререквизиті: Сызу (мектеп курсы)

Постреквизиттер: Қолданбалы механика

Мақсаты: студенттердін графикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру; тәжірибеде графикалық білімдерін дұрыс қолдана білуге дағдыландыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Проекциялау әдістері. Нүктенің проекциясы. Түзулердің проекциялары. Жазықтықтардың проекциялары. Беттердің проекциялары. Беттерді дербес жағыдайдағы жазықты қтар мен қию. Беттердің өзара қиылысулары. Аксонометриялық проекциялар. ҚҚБЖ – дегі негізгі стандарттар. Сызықтар, әріптер, сызбадағы тіліктер мен қималардың белгіленуі. Өлшемдерді қондыру. Көріністер, тіліктер, қималар және шығарма элементтері. Бұйымның түрлері және конструкторлық қүжаттамалар түрлері. Құрастыру сызбасы. Ажырамалы қосылыстар. Эскиздер.

Күтілетін нәтижесі: графикалық жұмыстарды орындау барысында кеңістікте ойлау білуі керек; бекітілген конструкторлық құжатамалардың бірыңғай жүйесіндегі ережелерді графикалық жұмыстарға байланысты іс жүзінде қолдана білу; графикалық жұмыстарды орындап, оқу сызба жұмыстарының нәтижелерін өңдеу және жобаны қорғау барысында дәлелдеу құру.

Оқытушының аты-жөні: Медеубаев Н.А.
Пәннің атауы «Компьютерлік графика»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)

Мақсаты: Студенттерді болашақта нысаналар арасындағы ақпараттық байланыста және көрнекіліктің жетістігі, мәліметтерді өңдеуде суреттеу үрдісі кезінде сызбалық әдістерді қолдана білу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Компьтерлік сызбаларға кіріспе. Flesh анимация. Видео және дыбыс өңдеу программалары. Графикалық редактор Adobe Photoshop. Corel Draw. Интерфейс элементтерінің үлгісі 3D STUDIO MAX. Бірлік өлшемдерімен жұмыс, 3D STUDIO MAX. 3D STUDIO MAX көпбұрыштылар және торлар негізін модельдеу..

Күтілетін нәтижесі: АЖ теориялық графикалық орталық. АЖне құрылған графоаналитикалық әдістер алгоритмін білу, шартты графикалық таңбаларды қолдана білу.

Оқытушының аты-жөні: Дюсекеев К.А.
2 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Патенттану»

Пререквизиттер: әлеуметтану, саясаттану, құқық негізі.

Постреквизиттер: өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: теориялық базаны құру, өнеркәсіп меншік объектілерін құқықтық қорғау білімдерін меңгеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: ҚР патенттік жүйесі. Патенттану – өнер табу, пайдалы моделдер, өнеркәсіп үлгілері және тауар белгілері және адам қызметінің әртүрлі салаларында оларды пайдалану кіретін өнеркәсіп объектілерін құру мен қорғау туралы ғылым, патент – өнеркәсіп меншік объектілерін қорғау формасы ретінде, патенттік құжаттама, патенттік зерттеу, құрылатын объектілердің патенттік таза болуы, өнеркәсіп меншік объектілерін пайдалануға лицензияларды сату, авторлар мен патентиелерінің құқықтарын қорғау. Халықаралық патенттік жіктелу.

Күтілетін нәтижесі: студент патенттік құқығының құрылу және даму тарихын, ҚР патенттанудың қазіргі жағдайы туралы, шет елдегі патенттану туралы білу қажет.

Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
Пәннің атауы «Кәсіпкерлік құқық»

Пререквизиттер: әлеуметтану, саясаттану, құқық негізі.

Постреквизиттер: азық-түлік өнімдерінің өндірісін басқару және экономикасы

Мақсаты: Кәсіпкерлік құқық туралы оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік құқықтың пәні мен әдістері, мазмұны мен түсініктері. Кәсіпкерліктің нормативті және құқықтық негізі. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері, олардың жіктелуі және құқықтық статусы. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Бәсекенің құқықтық кепілдіктері. Кәсіпкерлермен тауар айналымында қолданылатын негізгі келісімдер. Кәсіпкерлік қызметте құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

Күтілетін нәтижесі: Кәсіпкерлік құқығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқытушының аты-жөні: Боранбаева А.Е.
3 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Сапа менеджментінің экономикасы»

Пререквизиттер: экономикалық теория негізі, саясаттану

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: экономиканы және сапа менеджментін оқыту

Курстың қысқаша сипаттамасы: Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Менеджмент функциялары. Жоспарлау. Басқаруды ұйымдастыру. Мотивация – басқару функциясы ретінде. Менеджменттегі мотивация теориясы. Мотивацияның маңызы. Бақылау: бақылаудың маңызы, түрлері мен функциялары. Бақылау процесі. Менеджменттегі коммуникациялар, олардың дамуы. Басқару шешімі. Шешімдердің түрлері. Басқару шешімдерінің түрлері. Басшылық және билік. Басшылық стилдері. Ұйымды басқару және көшбасшылық. Ресми және бейресми ұйымдар. Көшбасшылық теориясы.

Күтілетін нәтижесі: менеджменттің теориялық және методологиялық негізі және басқару шешімдердің тиімділігі туралы студенттердің білімін қалыптастыру.

Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
Пәннің атауы «Кәсіпорын экономикасы»

Пререквизиттер: экономикалық теория негізі

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: кәсіпорын қызметін, шаруашылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестерін оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәспорын – шаруашылық жүргізу объектісі ретінде, соның ішінде шетел фирмаларының сипаттамасы мен түрлері. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Негізгі және айналым капиталы. Шикізат, материалдық және еңбек ресурстары. Еңбекке ақы төлеу. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты. Өндіріс шығындары және өнімдерді өткізу. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі, өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы. Пайда және рентабелділік, кәсіпорын қаржысы.

Күтілетін нәтижесі: кәсіпорын экономикасы бойынша студенттердің білімдерін қалыптастыру.

Оқытушының аты-жөні: Доскалиева Б.Б.
4 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Органикалық химия»

Пререквизиттер: Химия, Математика, Физика, Биология

Постреквизиттер: Биохимия, Азық-түлік өнімдерінің тауартануы, Тамақ өнімдер технологиясының негіздері

Мақсаты: заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихын кезеңдерге бөлу жағдайында оқыту, химияның негізгі заңдары мен түсініктері негізінде органикалық химияның теориялық мәселелеріне, яғни молекулалар құрылысына, химиялық байланыстардың түзілуіне сипаттама беру, органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы және стереохимия туралы классикалық теорияның дәуірімен, органикалық заттар құрылысы туралы электрондық және квант-механикалық көзқарастардың қалыптасқан кезіңімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Органикалық химия пәні. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Көмірсутектер. Алкандар. Қаныққан көмірсутектер гомологтық қатары. Алкендер. Этиленді көмірсутектердің гомологтық қатары. Алкиндер. Ацетиленді көмірсутектердің қатары. Алкадиендер. Арендер. Бензолдың гомологтық қатары. Гидроксиқосылыстар және оның туындылары. Бір атомды спирттер. Гидроксиқосылыстар және оның туындылары. Бір атомды спирттер. Оксоқосылыстар. Альдегидтер мен кетондар. Карбон қышқылдары және олардың туындылары. Азотты органикалық қосылыстар. Нитроқосылыстар. Аминдер. Аралас функциялы қосылыстар. Гидроксиқышқылдар. Аминоқышқылдар. Көмірсулар. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Жоғары молекулалы полисахаридтер.

Күтілетін нәтижесі: студент заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихының кезеңдерін, химияның негізгі заңдары мен түсініктері негізінде органикалық химияның теориялық мәселелерін, органикалық қосылыстардың құрылым деңгейіне қарай топтарға, кластарға бөлінуін, оларға жалпы сипаттама бере білу қажет. Зертханалық жұмыс арқылы студент теория жүзінде алынған материалды бекіте білу керек.

Оқытушының аты-жөні: Каримова Б.Н.
Пәннің аталуы«Материалтану»

Пререквизиттер: физика, химия.

Постреквизиттер: конструкциялық материалдар технологиясы және термиялық өндеу, азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары.

Мақсаты: металдық материалдардың құрылысының негізін, құймаларды кристалдау заңдылықтарын, күй диаграммаларын оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Материалтанудың мәні мен міндеттері. Материалдардың атомды-кристаллдық құрылысы. Металдардың физикалық табиғаты. Кристалдық торлар дефектісі. Металдарды зерттеулердің негізгі әдістері. Материалтану ғылым ретінде. Зат және материалдар. Материалдар құрылымдарын қалыптастырудың заңдылықтары. Материалдар құрылысы. Материалдар қасиеттері. Пластикалық деформация. Балқымалардың физикалық табиғаты. Қос балқыма. Материалдағы диффузия.

Күтілетін нәтижесі: металдардың атомды-кристалдық құрылысын, құймалардың күй диаграммаларды құру принциптерін білу және оларды практикада қолдану.

Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
5 таңдау бойынша курс

Пәннің аталуы «Аналитикалық химия»

Пререквизиттер: Физика, Химия

Постреквизиттер: Сертификаттау, Азық-түлік өнімдер мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау, Өнімдерді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: заттарды анықтаудың жаңа әдістерін меңгеру және оларды белгілі міндеттерді орындау жолына жұмсау, студенттердің заттарды анықтау әдістерін үйрену; зертханалық сабақтарда студенттер өз ғылыми жаттығуын жүргізу қабілеттерін арттыру қажет; практикалық сабақтарда студенттер ой-өрісін арттыру және алған білімді практикада қолдану.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Талдаудың негізгі принциптері. Сандық анализдің негізгі принциптері. Гравиметриялық (салмақтық) талдау. Титриметриялық (көлемдік) талдау. Қышқыл-негізді көлемді талдау. Көлемді талдаудың тұнба түсіру тәсілі. Комплексометрия. Тотығу-тотықсыздану әдісі (редоксиметрия). Перманганатометрия және иодометрия. Физика-химиялық талдау әдістерінің ерекшеліктері. Физика-химиялық талдау әдістерінің ерекшеліктері. Оптикалық (спектрлі) талдау әдісі. Поляриметриялық талдау. Электрохимиялық талдау әдістерінің классификациясы. Полярография және кондуктометрия. Хроматографиялық талдау әдісі. Аналитикалық химияны тамақ өндірісінде қолдану маңыздылығы.

Күтілетін нәтижесі: студент гравиметриялық, титриметриялық және физико-химиялық әдістерді талдаудың теориялық негізін білу керек, өзінің білімін кәсіби жұмысында қолдана білу керек, аналитикалық негізгі тәжірибелерді дұрыс және дәл орындау керек, алған білімін тәжірбиде, яғни азық-түлік өнімдер спасын зерттеуде қолдана білу керек.

Оқытушының аты-жөні: Каримова Б.Н.
Пәннің аталуы «Физикалық және коллоидтық химия»

Пререквизиттер: Химия, Органикалық химия, Физика, Математика

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдер мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау, Өнімдерді сынау, бақылау және қауіпсіздігі, Азық-түлік өнімдерінің реологиясы

Мақсаты: Физикалық және коллоидты химияның негізгі міндеттеріне осы ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып өнеркәсіпке, транспортқа, ауыл шаруашылығына, тұрмысқа қажетті өнімдерді химиялық жолмен өндіру жатады

Курстың қысқаша сипаттамасы: Зат құрылысы туралы түсінік. Химиялық термодинамика негіздері. Химиялық тепе-теңдік. фазалық тепе-теңдік. Ерітінділер. Электрохимия. Химиялық кинетика. Беттік құбылыстар және адсорбция. Коллоидты жүйелерді алу және оларды тазалау. Дисперсті жүйелердің қасиеттері. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы мен ұюы. Коллоидты жүйелердің құрылымдық-механикалық қасиеттері. Дисперсті жүйелердің жеке өкілдері. Коллоидты беттік активті заттар. Жоғары молекулалық қосылыстар және олардың ерітінділері.

Күтілетін нәтижесі: Оқу барысында физикалық және коллоидты химияның негізгі заңдары мен түсініктері, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процестер сияқты теориялық мәселелерді түсініп білуі керек.

Оқытушының аты-жөні: Каримова Б.Н.
6 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Электортехника негіздері»

Пререквизиттер: Физика, Математика

Постреквизиты: Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары

Мақсаты: логикалық оқытуды дамыту, электр техникасы негіздеріне үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Электротехникаға кіріспе, тұрақты токты сызықтық электр тізбектері, Кирхгоф заңдары. Бір фазалы синусоидалы тоқтың электр тізбектері. Синусоидалы шамалардың негізгі параметрлері.Үш фазалы электр тізбектері. Қоректендірудің үш фазалы көзінің фазаларын қосу тәсілдері. Магниттік тізбектер.Электромагниттік индукция құбылысы.Трансформаторлар.Үш фазалы асинхронды электр қозғалтқыштары.Тұрақты тоқтың электр машиналары.Жартылай өткізгішті аспаптар.Жартылай өткізгішті құрылғылар.Кернеу тұрақтандырғыштары, кернеу генераторлары

Күтілетін нәтижесі: Алдағы өмірде өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жоғарылатып, жеке тұлғалық және электр техникасы саласындағы кәсіптік қызметте өздігінен дамуға дағдылану.

Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
Пәннің атауы «Теориялық механика»

Пререквизиті: Физика; Математика, Инженерлік графика.

Постреквизиттері: Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары, Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: Теориялық механика - механикалық қозғалыс пен материялық денелердің өзара-әсерлесулерінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Физиканың бір бөлімі бола тұра теориялық механика өзінің табиғат тану мен техникадағы көлемді және маңызды қолдануларының, техниканың негіздерінің бірі болуының арқасында кеңінен дамып дербес пән ретінде қалыптасты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Нүкте кинематикасы Қатты дене кинематикасы Нүктенің күрделі қозғалысы Қатты дененің жазық-паралель қозғалысы. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Күш моментерінің элементарлық теорясы. Жинақталған күштер жүйесі. Күштер жүйесінің қарапайым түрге келтіру. Пуансо теоремасы Үйкеліс күші туралы ұғым Денелер Жүйесінің тепе – тендігі Материалық нүкте динамикасы Механикалық жүйенің динамикасына кіріспе. Массалар геометрисы. Қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Массалар центрінің қозғалуы туралы теорема. Қозғалыс мөлшері моментінің өзгеруі туралы теорема. Күш жұмысы. Қуат. Кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема. Қатты дене динамикасы Даламбер принципі.

Күтілетін нәтижесі: эксперименталдық немесе теориялық зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің дұрыстық дәрежесін анықтауға дағдыландыру.

Оқытушының аты-жөні: Кутумова Ж.Б.

7 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы Жылутехникасы

Пререквизиттер: Химия, Физика

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары

Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет