Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»



бет2/4
Дата07.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
#20332
1   2   3   4

Мақсаты: Болашақ мамандарды теория және тәжірибе бойынша білім беріп, оларды жылу алудың, заттың бір күйден екінші күйге өткенде өзгеруінің және оны пайдалана білудің, жылу пайдаланатын құралдар мен қондырғыларды бар мүмкіншілігінше пайдаланудың, отын мен жылу энергияларын үнемдеудің, балама энергия көздерін тауып, оны халық шаруашылығына пайдаланудың әдістерін үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Термодинамиканың негізгі түсініктері және анықтамалары. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші заңы. Термодинамикалық процесстер. Ағымның термодинамикасы. Ылғалды ауа және әр түрлі булардың қоспалары. Термодинамикалық циклдер. Жылу және массалау теориясы. Жылу алмасу теориясының негізгі түсініктері. Жылу өткізгіштік. Ағымды жылуалмасу. Сәулелі жылу алмасу. Жылу берілу. Энергиялық отын, жану негіздері. Қазандық құрылғылар. Қоршаған ортаны қорғау. Энергия сақтау негіздері

Күтілетін нәтижесі: Кәсіби мәселелерді шешудің негізі болып табылатын жылутехника пәнінің әр түрлі салаларына қатысты мәселелерді шешуге дағдыландыру. Пәнді оқу процесінде, студенттер термодинамика негіздерін, жылу заңдары мен талдау әдістері және олардың көмегімен жылу процесстерді, құбылыстарды талдап есептер шығару.

Оқытушының аты-жөні: Кутумова Ж.Б.

Пәннің атауы «Қолданбалы механика»

Пререквизиттер: физика, математика

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары, Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: Болашақ мамандардың кең өрісті профильді білімдерін зертеу жұмыстарында қолдана білу, автоматты қондырғылардың схемаларын қазіргі заман талабына сай құра білу, әр түрлі қоңдырғылардың жұмыс істеу принциптерін білуге дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қолданбалы механикаға кіріспе. Машина мен механизмдер теорясының негіздері. Материал кедергісіне кіріспе. Созылу және сығылу. Бұралау. Ығысу. Иілу. Машина бөлшектерін стандарттау. Өзара ауыстырымдылық. Машина жасау материалдары. Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Тісті берілістер. Біліктер мен осьтер. Подшипниктер. Муфталар.

Күтілетін нәтижесі: бөліктер қозғалысының кинематикасы, динамикасының заңдары жайлы білім болу қажет.

Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
8 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Стандарттау»

Пререквизиттер: Физика, экология және тұрақты даму

Постреквизиты: Сапа менеджмент жүйесі, Азық-түлік өнімдері мен шикізаттың сапасын бақылау мен бағалау

Мақсаты: стандарттаудың тарихы және қазіргі жағдайы туралы, стандарттау бойынша қызметті ұйымдастыру туралы, стандарттаудың құқықтары, ұйымдастырушы және әдістемелік негіздері туралы түсінік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Мемлекеттік (ұлттық) стандарттау жүйесі. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар. Өнімді штрихтап кодтау. Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Жалпы техникалық және ұйымдастырушы-әдістемелік стандарттардың сала аралық кешендері. Құрылымы мен тағайындалуы. Стандарттау жұмыстарын ұйымд. Стандарттаудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Стандарттау әдістері. Өнім сапасының және оның элементтерінің көрсеткіштерін стандарттау. Стандарттарды ақпараттық қамтамасыздандыру. Әр түрлі салаларда стандарттау. Мемлекеттік стандарттар талаптарын сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі.

Күтілетін нәтижесі: Стандарттар мен нормативтік құжаттарды қолдана отырып өнімдер сапасына нормалық бақылауды жүргізуді білу, кәсіби білімдерін үнемі жаңарту қажеттілігін түсіну.

Оқытушының аты-жөні: Каримова Б.Н.
Пәннің атауы: СЭҚ тауар номенклатурасы

Пререквизиттер: Математика, Физика, Құқық негізі

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: Студенттердің кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың міндеттері мен мақсаттары және сыртқы сауданың дамумен құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін әзірлеу туралы білімін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: СЭҚ тауар номенклатурасы пәні кеден ісі мамандығыныңжоғарғы курс студенттерінеарналған. Толық курсын игергеннен кейін тауар номенклатурасының дұрыс жүргізілуі мен тауарларды дәл жіктеу тәсілдерін игеруіне бірден бір көмек ретінде қарастырады.

Күтілетін нәтижесі: Ғылыми-техникалық прогресс пен технологияларды жетілдіру өнеркәсіп және ауыл шаруашығының әртүрлі салалары шығаратын тауарлардың ассортиментін кеңейтеді, осыған байланысты ЕврАзЭО СЭҚ ТН кодын анықтау үшін өнімді бірдейлендіру рәсімі күрделенеді. Декларанттың кедендік баж төлемеуге бағытталған тауардың бұрыс кодын иемденуінің жиі кездесетіні жағдайды ушықтырада білу.

Оқытушының аты-жөні: Жандильдин Т.Е.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР




Пән циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кред саны

Сем

естр


2 курс







1 таңдау бойынша курс







ПД

KKN 2303

Кәсіпкерлік қызметінің негіздері

3

3




KAS 2303

Кәсіпкерлік

3

3







2 таңдау бойынша курс







БП

Ser 2216

Сертификаттау

2

3




LicN 2216

Лицензиялау негізі

2

3







3 таңдау бойынша курс







БП

OZhT 2217

Өлшеудің жалпы теориясы

3

3




PRA 2217

Процестер мен аппараттар

3

3







4 таңдау бойынша курс







БП

Mik 2218

Микробиология

3

3




BHim 2218

Биохимия

3

3







5 таңдау бойынша курс







БП

SG 2219

Санитария және гигиена

3

4




ATOR 2219

Азық-түлік өнімдерінің реологиясы

3

4







6 таңдау бойынша курс







БП

KMT 2220

Конструкторлық материалдардың технологиясы және термиялық өңдеу

3

3




ККТS 2220

Қызмет көрсету технологиясы және сервис

3

3







7 таңдау бойынша курс







БП

SLMT

2221


Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы

2

4




ATTT 2221

Азық-түлік өнімдерінің тауартануы

2

4







8 таңдау бойынша курс







БП

MTN 2222

Мейрамхана ісі техникасының негіздері

3

4




RGB 2222

Мейрамхана және қонақ үй ісі

3

4







9 таңдау бойынша курс







БП

NKST 2223

Стандарттар мен нормативті құжаттамаларды әзірлеу технологиясы

3

4




ОМ 2223

Өндірістік менеджмент

3

4







10 таңдау бойынша курс







ПП

ОМК2305

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

2

4




ATOSh

2305


Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау

2

4







11 таңдау бойынша курс







ПП

ОРРОР

2307


Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының өндірісін ұйымдастыру

3

4




FMB 2307

Фирманы басқару

3

4


1 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы: Кәсіпкерлік қызметтің негізі

Пререквизиттер: экономикалық теория негізі

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: кәсіпкерлік белсенділік логикасы туралы студенттердің білімін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Іскерлік орта және іскерлік қасиеттер. Кәсіпкерлік қызметтің жағдайлары мен факторлары. Кәсіпкерлік капитал және оны қалыптастыру тәсілдері. Кәсіпкерлік шешім және кәсіпкерлік құрылым. Ұйымдастыру-құқықтық формалар және кәсіпкерлік шарт.

Күтілетін нәтижесі: студенттердің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру жолдарын үйрету арқылы өзіндік кәсіпкерлік қызметке дайындау.

Оқытушының аты-жөні: Смагулова К.С.
Пәннің атауы «Кәсіпкерлік»

Пререквизиттер: экономикалық теория негізі

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Студенттердің осы пән бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, сол арқылы заңгер-маман ретінде біліктілік, дағдларын, істей білу қабілетін қолдана білуге оқыту және заңдарды талқылауға үйрету

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік. Жалпы ережелері. Кәсіпкерлікті оқу пәні ретінде. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Дара кәсіпкерлік. Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі. Бәсекелік құқықтың негіздері. Кәсіпкерлердің мүліктік құқығы. Кәсіпкерлік құқықтағы өкілеттіктің түсінігі. Кәсіпкерліктегі міндеттемелік құқықтық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу. Мемлекеттік реттеудің негіздері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан қорғау және қолдау. Тұтынушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.

Күтілетін нәтижесі: Кәсіпкерлікті оқуда дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде жұмыс жасай отыра теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру керек

Оқытушының аты-жөні: Мухамбетова З.С.
2 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы: Сертификаттау

Пререквизиттер: Математика, Физика, Стандарттау, Өлшеудің жалпы теориясы

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі принциптері мен ережелері, сертфикаттауды қолдану облыстары, сертификаттау сұлбалары мен жүйелері, өнімдерді және қызметтерді сертификаттауды жүргізу ережелері мен тәртібі, сертификаттауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, сапа жүйелерін сертификаттау ережелері мен тәртібі туралы білімді қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары. Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамалар және сәйкестікті растау. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі принциптері мен ережелері. Қазақстан Республикасындағы сертификаттау жүйесі туралы ереже. Сертификаттауды қолдану облыстары міндетті және ерікті сертификаттау. Сертификаттауды жүргізу сұлбалары (тәсілдері). Сертификаттау жүргізу тәртібі. Өнімдеріді, қызыметтерді, сертификаттауды жүргізу тәртібі. Сертификациялық сынау. Шешім қабылдау және сертификат беру. Шетелде сапа жүйесін сертификаттау практикасы. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау тәртібі мен процедуралары. Сапаны қамтамасыз ету жүйелері. Сертификаттауды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету құрылымы. Сертификаттау сапасын қамтамасыз етудің жалпы критерийлері

Күтілетін нәтижесі: Қазақстандағы сертификаттаудың тарихы және дамуының қазіргі жағдайы, сертификаттаудың салалық ерекшеліктері туралы, шығарылатын және әкелінетін өнімнің сапасын арттырудағы сертификаттаудың ролі, саудадағы техникалық тосқауылдарды жою туралы, сертификаттау бойнша халықаралық және аймақтық ұйымдар туралы түсінігі болу керек. Сертификаттау саласындағы терминологияны және нормативтік-техникалық құжаттаманы, сертификаттау саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды, сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау мен жүргізу үшін компьютерлік технологияларды, сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде өнім сапасын және процестерді бақылау әдістерін қолдана білу керек.

Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
Пәннің атауы: Лицензиялау негізі

Пререквизиттер: Құқық негізі, Стандарттау, Өлшеудің жалпы теориясы

Постреквизиттер: Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, Сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені.

Курстың қысқаша сипаттамасы Лицензиялау саласындағы негізгі ұғымдар. Лицензиялаудың заңнамалық негізі және негізгі принциптері. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі. Лицензиялардың түрлері мен лицензия қарау мерзімдері. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті  лицензиялау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы  қызметті лицензиялау. Тауарлардың экспорты мен импорты саласындағы лицензиялау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның телнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру. қызметтер көрсету салаларындағы қызметтерді.

Күтілетін нәтижесі: Қазіргі кезеңдік жағдайға лицензиялық талдауды өзіндік жұмыстарда қолдана білу.

Оқытушының аты-жөні: Каримова Б.Н.
3 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Өлшеудің жалпы теориясы»

Пререквизиттер: физика, математика

Постреквизиттер: метрология, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

Мақсаты: студенттердің өлшеудің талап етілетін дәлдігінің бірлігін қамтамасыз ету туралы, әр түрлі физикалық шамаларды өлшеу және олардың нәтижелерін өндеу әдістері туралы теориялық білімдерін жетілдіруінде тұрады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Өлшеудің жалпы теориясының негізгі түсініктері. Метрологияның бірінші аксиомасы. Метрологияның екінші аксиомасы. Метрологияның үшінші аксиомасы. Бір реттік өлшеу. Көп реттік өлшеу. Өлшеу сапасы.

Күтілетін нәтижесі: Әр түрлі физикалық шамаларды, терминдер мен анықтамаларды, ӨЖ бірліктерінің халықаралық жүйесін, өлшеудің жалпы заңдары мен ережелерін, өлшеу әдістері мен құралдарын, өлшеу қателіктерін және оларды бөлу заңдарын, өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін білу керек.

- Өлшеу бірлігі теориясы мәселелерінде, өлшеу нәтижелерін өңдеу мәселелерін, өлшеуді орындауды, әдістерін және олардың сипаттамаларын іс жүзінде қолдана білу.

- Өлшеу нәтижелерін өңдеу және олардың дұрыстығын талдау негізінде аргументтер мен дәлелдеу құру.

Оқытушының аты-жөні: Ахметова А.Б.
Пәннің атауы «Процестер мен аппараттар»

Пререквизиттер: Физика 1,2, Математика 1,2, Өлшеудің жалпы теориясы

Постреквизиттер: Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: маңызды практикалық есептеулер мен тамақ өндірісінің аппараттарын жобалауда жалпы инженерлік пәндерден алған білім қорын қолданып қарастырылатын процестер әртүрлі қырынан зерттеліп, олардың түрлі өндіріс салалары үшін ортақ сипат алатынын түсіндіру. Бұл процестер жаңа процестер мен аппарттарды есептеудің жалпы үлгісін жасауға қажетті ғылыми негізінде қарастырылады.

Тамақ өнімдерін жаңа физикалық әдіспен өңдеуге, процестер мен апараттарды оптимизациялау мәселелеріне және олардың тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Пәннің мазмұны. Пәннің негізгі жағдайлары мен ғылыми негіздері. Процестер мен аппараттарды модельдеу. Гидравлика негіздері. Гидравликалық машиналар. Гидромеханикалық процестер. Өнімді, ыдысты, инвентарь және жабдықтарды санитарлы өңдеу. Механикалық процестер. Материалдарды қысыммен өңдеу. Жылу процестері. Жылуалмасқыш аппараттарда жылуды регенерациалау. Арнайы жылу процестері. Массаалмасу процестері. Кептіру. Процестің жалпы сипаттамалары. Тамақ өнімдерін электрофизикалық әдіспен өңдеу.

Күтілетін нәтижесі: Студент курста қарастырылған процестер жаңа процестер мен аппарттарды есептеудің жалпы үлгісін жасауға қажетті ғылыми негізінде қарастырылатынын өз практикасында дұрыс қолдана біліп жаңа аппартқа сай процесті ұйымдастыра білу керек. Бұндай қорытындылау маман ретінде студенттің инженерлік-техникалық ой-өрісін едәуір кеңейтіп және ол өзін арнайы курстарды оқуға дайындай алады және өзіндік техникалық ойлау машығын қалыптастырады. Бұл жағдайда процестер мен аппараттарды зерттеудің қазіргі әдістерін меңгеру, физикалық және математикалық модельдеу және стационарлы емес және қайтымсыз технологиялық процестерді кинетикалық әдіспен есептеуді өз практикасында тұжырымдау

Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
4 таңдау бойынша курс

Пәннің аталуы«Микробиология»

Пререквизиттер: химия, экология және тұрақты даму

Постреквизиттер: шикізат пен тағам өнімдерінің қауіпсіздігі

Мақсаты: Тауар айналымның барлық этаптарында өнімнің бұзылуын болатын, биохимиялық процесс кезендегі микроағзалардың физиологиялық және морфологиялық қассиеттерің білуде теориялық және тәжірбиелік игеруді студенттерге беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бактерия және санырауқұлаұтардың морфологиясы мен жүйелеу негізі. микроағзалардың физиологиясының негізі. Микроағзалардың биохимиялық негізі . Анаэробтық ашыту. Аэробты ашу. Сыртқы ортаның микроағзаға әсері. Химиялық және биологиялық факторлардың әсері. Иммунитет және патогендік микроағзалар. Тағамдық инфекциялар. Тағамдық токсикоинфекциялар. Топырақ, ауа және су микрофлорасы. Сүт және сүт қнімдерінің микробиологиясы. Май ет және балық өнімдерінің микробиологиясы. Жеміс және көкөніс микробиологиясы. Қалбыр консервілер және жұмыртқа өнімдерінің микробиологиясы. Тәтті тағамдар микробиологиясы.

Күтілетін нәтижесі: Микробиология курсының төжірибелік және теориялық толық меңгеру.

Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
Пәннің атауы «Биохимия»

Пререквизиті: химия

Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері мен шикізаттың сапасын бақылау және бағалау

Мақсаты: химиялық заттардың; молекулалардың тірі ағзада өзара әрекеттесуін, тірі ағзаның белгілі бір күйін, макромолекулалардың құрылысы мен қызметінің біріне-бірінің тәуелділігін көрсете білу.

Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет