Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»



бет3/4
Дата07.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
#20332
1   2   3   4

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жасушаның құрылысы. Ағзаның химиялық құрамы. Белоктар. Құрылысы, қасиеті, тірі ағзадағы функциясы. Тамақтанудағы ролі

Нуклеин қышқылдары. Ферменттер. Дәрумендер. Көмірсулар. Құрылысы, қасиеті. Тамақтанудағы ролі. Липидтер және олардың алмасуы. Зат алмасу және энергия. Көмірсулардың алмасуы. Белоктар және аминқышқылдарының алмасуы. Биологиялық активті заттар. Тамақтанудың физиологиялық негізі



Күтілетін нәтижесі: эксперименталдық немесе теориялық зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің дұрыстығының дәрежесін анықтауға дағдылау.

Оқытушының аты-жөні: Балмагамбетова Л.Т.
5 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Санитария және гигиена»

Пререквизиттер: Химия, Тіршілік қауіпсіздігінің негізі

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі, Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: адам ағзасына және қоғамдық денсаулыққа әр түрлі жағдайлар мен факторлардың әсері туралы студенттерге теориялық білім беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Санитарлық-тамақ микробиологиясының міндеттері мен әдістері. Санитарлық микробиологияны зерттеу. Өнімдердің микробиалдық көбеюшілігі дәрежесіне өндіріс технологиялары мен консервілеу тәсілдерінің тигізетін әсері.

Патогенді микроорганизмдер. Инфекция және иммунитет. Патогендік микроорганизмдердің көздері. Сыртқа ортада патогенді микрорганизмдердің өмірсүргіштігі. Тамақ өнімдерінің санитарлық бактеорологиясы. Тамақ өнімдерінің санитарлық вирусологиясы. Тамақтан улану. Тамақтан уланудың алдын-алу. Гельминтозды аурулар. Дезинфекция. Дезинсекция. Дератизация. Тамақ өнеркәсібінің құрылғысы мен мазмұнына және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын санитарлық талаптар.



Күтілетін нәтижесі: бакалавр тағам салаларының кәсіпорындарында санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормаларды; қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында қолданыстағы санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормаларды және азық-түлік тауарлардың сертификаттау сызбанұсқаларын білу керек.

Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы»

Пререквизиттер: Физика 1, Физика 2, Химия

Постреквизиттер: Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: Реологияның теориялық негіздері, реологиялық сипаттамаларды анықтау тәсілдері және құралдары, технологиялық процесстерді реттеу, өнімдердің сапасын өндірудің барлық сатысында бақылау және автоматты түрде басқару туралы білімдері өндірісті дамытуына байланысты өнім сапасын көтеруге әсер етеді. Оқыту процесінде реологияның теориялық және жаттығу мәселелері қарастырылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Реологияның негізгі түсініктемелері және анықтамалары, тағамдардың реологиялық теңдеулері. Ньютондық емес материалдардың әр түрлі каналдардағы ағымы. Тағамдық материалдардың физика-механикалық касиеттерін анықтау әдістері және құралдар. Жылжу өлшегіштер, созу-сығу құралдар, адгезиометрлер. Вибровискозиметрлер, технологиялық, үздіксіз істейтін құралдар. Тұтқырлық қасиеттер. Тиксотропия. Материалдардың тұтқырлық қасиеттінің артық қысымға тәуелділігі.

Күтілетін нәтижесі: Реологиялық қасиеттерді сипаттайтын беріктілік, компрессионыдық, адгезиялық, фрикциондық, қаттылық, морттық, когезиялық, жабысқақтық қаситеттерді анықтау әдістерін және пайдалану облыстарын қолдана отырып баяндама, рефераттар түрінде ақпарат жасай білу.

Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
6 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Конструкциялық материалдар технологиясы және термиялық өңдеу»

Пререквизиттер: физика, химия

Постреквизиты: азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары

Мақсаты: физикалық және химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, конструкциялық материалдарды алудың, өңдеудің және пайдаланудың жолдарын оқытып үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Курстың пәні "Конструкциялық материалдар технологиясы және термоөңдеу". Өнеркәсіпте қазіргі заманғы тиімді, көп тараған металдар мен қорытпалар алудың алдыңғы қатарлы технологиялық тәсілдері. Конструкциялық материалдар және олардың қасиеттерін жіктеу. Металлургия негіздері. Шойын, болат, түсті металл мен қорытпалар алудың технологиясы. Металдарды қысыммен өндеудің (МҚӨ) негізгі түрлерін топтастыру. Жұқарту өндірісінің өнімдері. Прокаттаудың арнайы тәсілдері. Соғу. Созу мен жаншудың технологиялық процестері. Ыстықтай және суықтай көлемдік штамптаудың технологиясы. Құю өндірісінің орны мен маңызы. Қабыршақты қалыпта, балқығыш үлгілер бойынша, кокильде, қысым астында, ортадан тепкіш құю. Пісіру тәсілдерінің жалпы сипаттамалары мен жіктелуі. Доғалы пісіру. Электрлік түйіспелі пісіру. Газбен пісіруге және кесуге арналған кұрал-жаБПықтар. Дәнекерлеудің технологиясы. Материалдарды кесумен өңдеудің негіздері. Жону, фрезерлеу, бұрғылау, ажарлау станоктарында дайындамаларды өңдеу. Өңдеудің физико-химиялық және электрофизикалық тәсілдері. Пластикалық массалар, пластмассадан бұйым өндірудің технологиясы. Резина-техникалық бұйымдар өндіру технологиясы. Металл ұнтақтардан бұйымдар өндіру. Металдар мен қорытпалардың құрамын, құрылымы мен қасиетін зерделеудің негізгі тәсілдері. Қорытпалар теориясы. Темір-көміртек күй диаграммасы. Болатты, түсті металдар мен қорытпаларды термиялық өндеу технологиясы. Химия-термиялық өңдеу.

Күтілетін нәтижесі: Қазіргі заманғы жаңа конструкциялық материалдар түрлері мен пайдалану бағыттары туралы білімдерін толықтыру бағытында өздігінен жұмыстар жасау.

Оқытушының аты-жөні: Кутумова Ж.Б.
Пәннің атауы «Қызмет көрсету технологиясы және сервис»

Пререквизиттер: химия, стандарттау

Постреквизиттер: сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: :«Қызмет көрсету технологиясы және сервис» пәнін оқытуда тұтынушылар немесе келушілерге қызмет көрсету формасы мен әдісін, асханалық жуылатын ыдыс-аяқтар мен олардың сервистік жұмыстарын ұйымдастыру, асханалық ыдыс-аяқтар, аспаптар, асханалық киімдердің түрлерін анықтау және олардың характеристикасы, тұтынушыларға қызмет етуге сауда орындарын дайындау, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қызмет көрсетудің негізгі элементтерін білу, тамақты тарату ретін оқып үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қызмет көрсету түрлері мен әдістері. Асхана ыдыстары, аспаптарының түрлері мен сипаттамасы. Әртүрлі тағамдарды беру ережесі. Үстөл үстін әрлендіру түрлері. Келушілерге қызмет көрсету кезеңдері. Банкеттерге қызмет көрсету. Әр түрлі маманданған және әр түрлі категориялардағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижесі: студент қоғамдық тамақтану кәсіпорында қызмет көрсетуді ұйымдастыруды білу.

Оқытушының аты-жөні: Исабаева Г.М.
7 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы

Пререквизиттер: Химия, Физика, Стандарттау

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі, Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: «Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы» пәні азық-түліктік тауарлардың құрамын, қасиетін, жасалу реті мен тәртібін, оларды өндіру мен өңдеуді, негізгі қойылатын талаптар және тауарлардың қолданылуын, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.

Курстың қысқаша сипаттамасы Жеміс – көкөніс тауарлардың тауартануы. Бидай-ұн тауарлары. Балық пен балық тауарлары. Ет пен ет өнімдері. Сүт. сүт өнімдері. Тәтті тағамдар. Дәмдік тауарлар (шай, кофе, дәмдеуіштер. Алкогольдық және алкогольсіз сусындар. Металдар. Түсті металдар және олардың қорытпалары. Шыны өнімдері. Керамикалық өнімдері. Қағаз. Картон. Технологиялық жаБПықтар. Химиялық материалдар.

Күтілетін нәтижесі: Азық-түліктік тауарлардың құрамын, қасиетін, өндіру ретін және ассортиментінің тауартану сипаттамасын өзіндік жұмыстарда қолдана білу.

Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
Пәннің атауы«Азық-түлік тауарлар тауартануы»

Пререквизиттер: Химия

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі, Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Мақсаты: Студенттерге азық-түлік тауарларды тасымалдау кезеңдеріндегі және есептеу барысында тұтыну тауарларын өндіру үшін теориялық және практикалық алған білімдерін қолданып пайдалана білуге дағдылар беру. Тұтыну тауарларды өндіру үшін қолданылатын қазіргі кезгі жүйемелеу негізін келтіру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауартанудың теориялық негіз. Азық-түлік өнімдерінің сапасын анықтаудың әдіс-тәсілдері. Астық- ұн тауарлары. Нан-тоқаш, кепкен нан және қалаш өнімдері. Балғын және қайта өңделген көкеністер. Балғын және қайта өңделген жемістер. Дәмдік тауарлар Татымдықтар, дәмдеуіштер. Қантты өнімдер. Тағамдық майлар. Сүт және сүт қышқылды өнімдер. Ет және ет тауарлары. Балық және балық тауарлар. Жұмыртқа және жұмыртқа тауарлары. Алкоголды, шала алкоголды және алкогосыз ішімдіктер мен сусындар.

Күтілетін нәтижесі: Өнеркәсіптің барлық салаларында соның ішінде тамақ, өнеркәсібінің салаларында азық-түлік шикізаттары мен өнімдерін шығару кезінде студент теориялық білімін қолданылу кезінде, ғылым мен техниканың даму барысында азық-түлік шикізаттарын ұтымды пайдалануда, алынған өнімнің құрамы мен сапасы жағынан стандартқа сай болуын студент өзінің жұмысының нәтижелерін қолданып ғылыми түрде дәлелдей білу.

Оқытушының аты-жөні: Жар Ж.Ж.
8 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы«Мейрамхана ісі техникасының негіздері»

Пререквизиттер: Физика, Химия

Постреквизиттер: Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, Азық-түлік өнімдерінің өндірісін басқару және экономикасы

Мақсаты: Азық-түлік өнімдерінің ерекшеліктері мен қасиетін өзгеруін ескере отырып, тоңазытып өңдеудің әсері мен өнімнің сақталуынатехнологиялық процестердің оңтайлы жағдайын анықтап, зерттеуді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. жаБПықтардың жіктелуі. Машиналардың бөлшектері . Электр қондырғылар. Азық-түлік қнімдерінің механикалық өңдеуге арналған жабдықтары. Көкөністерді өңдеуге арналған машиналар. Етті және балықты өңдеуге арналған машиналар мен иеханизмдер. Ұнды өңдеу, қамыр және иіс майларды даярлауға арналған машиналар мен механизмдер. Жуушы жабдықтар. Салмақ өлшеу жабдығы. Көтергіш көлік жабдық. Бақылау-кассалық машиналар. Теплотехниканың негіздері. Азық-түлік өнімдерінің жылумен өңдеуге арналған жабдықтар. Пісіретін жабдықтар. Қуыратын-наубайхана жабдықтар. Пісіретін-қуыратын жабдықтар. Су қайнататын жабдықтар. Тағамды таратуға арналған жабдықтар. Тоңазытқыш техниканың негіздері. тоңазытқыш машиналары. Сауда технологиялық тоңазытқыш жабдықтар.

Күтілетін нәтижесі: Пайдалану, және мантаждың ерекшеліктерінің зерттеуінің есепке алуы бар қатынастарының әр түрлі формаларындағы мәліметін және тоңазытқыш жабдық жуушы жылулық, механикасын ұсынуды білу.

Оқытушының аты-жөні: Малдыбаева М.Н.
Пәннің атауы «Қонақ үй және мейрамхана ісі»

Пререквизиттер: Қызмет көрсету саласындағы жарнама. Қонақ үй шаруашылығы мен мейрамхана ісіндегі инфроқұрылым.

Постреквизиттер: Мейрамхана ісі техникасы негіздері.

Мақсаты: Студенттерге қонақ үй кәсібі жайлы жалпы мағлұмат беру. Туристік индустрия дамуындағы қонақ үй және мейрамхана қызметтерінің әлемдік дамуындағы ықпалы.

Курстың қысқаша сипаттамасы: кіріспе. Қонақжайлық индустрия. Мемлекеттік жүйедегі қонақүйдің жіктелуі. Қонақүй кәсібіндегі халықаралық стандарттар. қонақжайлық саласындағы қызмет көрсету стандарты. Қонақүй кәсібіндегі кадрларды қалыптарстыру. Қонақүй табысын басқару. Ақпараттық жүйе технологиясы. Менеджменттік ақпарат жүйесі.

Күтілетін нәтижесі: Мейрамхана және қонақүй кәсібін ұйымдастырутеориясын білу, Мейрамхана кәсіпорындарының дамуы және ондағы түскен табыстарды басқара білу.

Оқытушының аты-жөні: Аешева Н.Т.
9 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы Стандарттар мен нормативтік құжаттамаларды әзірлеу технологиясы

Пререквизиттер: Стандарттау, Метрология, Сертификаттау

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: : «Стандарттар мен нормативтік құжаттамаларды әзірлеу технологиясы» пәнін оқып білу мынадай мақсаттарды көздейді: стандарттар мен нормативтік құжаттар туралы және оларды жасау принциптері туралы теориялық білім алу; стандарттаудың әдістемелік негіздерін игеру; шығармашылық ойлауды дамыту, жалпы және техникалық мәдениет деңгейін көтеру; стандарттар мен нормативтік құжаттар жасаудың практикалық дағдыларына төселу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Стандарттаудың әдістемелік негіздері. ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Нормативтік құжаттарды классификациялау және оларға қойылатын талаптар. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау. Классификациялау, идентификацилау және каталогизациялау. Өнімді, қызмет көрсетуді және технологиялық процесстерді стандарттау. Конструкторлық, технологиялық және техника-экономикалық классификациялауды құру принциптері. Нормативтік құжаттамаларды жасау принциптері. Мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды жасау технологиясы. Техникалық регламенттерді әзірлеу технологиясы. Стандарттарды және тексті нормативтік құжаттарды құруға, баяндауға, дайындауға және олардың мазмұнына қойылатын жалпы талаптар. Тексті өндірістік құжаттарды жасау технологиясы. Стандарттау жөніндегі ұлттық заңнама. Нормативтік-техникалық құжаттамаға нормалық бақылау.

Күтілетін нәтижесі: Стандарттар мен нормативтік құжаттарды жасау және бекітуді, нормативтік-техникалық құжаттамаларға нормалық бақылауды өз бетімен жүргізуді білу.

Оқытушының аты-жөні: Каримова Б.Н.
Пәннің атауы «Өндірістік менеджмент»

Пререквизиттер: экономикалық теорияның негізі, құқық негізі.

Постреквизиттер: Экономика және сапаны басқару.

Мақсаты: қазіргі күрделі экономикалық жағдайларда азық-түлік шығаратын кәсіпорындарында өндірісті басқару жөнінде оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ұйымды басқару жүйесіндегі өндірістік менеджмент. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру негіздері. Өндірістік жүйе: мақсаттары, элементтері, жұмыс істеу маңызы. Өндірісті жоспарлаудың стратегиясы мен тактикасы. Кәсіпорындардың өндірістік инфрақұрылымдары мен оның өндірістік қорларын (запастарын) басқаруды ұйымдастыру. Өнімдердің сапасын және өткізуін басқаруды ұйымдастыру. Өндірістік қызмет процесін жедел басқару. Өндірістік қызметтегі қаржылық менеджмент. Қаржыішілік кәсіпорын.

Күтілетін нәтижесі: студенттердің өндірістік кәсіпорынның басқару процесі туралы түсініктерін қалыптастыру

Оқытушының аты-жөні: Ибитанова К.К.
10 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету»

Пререквизиттер: математика, метрология, стандарттау, сертификаттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: студенттердің ғылыми-ұйымдастыру негіздерін, өлшеудің бәрләгә мен талап етілетін дәлдігіне қол жеткізу үшін қажетті техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды анықтау және қолдану бойынша теориялық және практикалық білімді иеленуі болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері. Өңдірісті дайындауды метрологиялық камтамасыз ету. Метрологиялық қамтамасыз ету негіздері. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік құжаттары. Метрологиялық қызметтер. Өнімнің өмірлік циклінің сатыларын қамтамасыз ететін кәсіпорындарды метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдау. Метрологиялық бақылау. Өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау. Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау. Техникалық құжаттаманы метрологиялық өңдеу. Техникалық құжаттаманы метрологиялық бақылау.

Күтілетін нәтижесі: Метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдауды, өлшеу және бақылау құралдарын метрологиялық жарамды күйде қолдануды, өлшеу, сынау және бақылау процестерін жоспарлауды және орындауды, нәтижелерді өңдеуді жасай білуі керек.

Оқытушының аты-жөні: Кутумова Ж.Б.
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау»

Пререквизиттер: математика, метрология, стандарттау, сертификаттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: кәсіби қызметте жүзеге асыруға қажетті теориялық және практикалық білімді, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, студенттерді шикізаттың сапасын, сонымен қатар НТҚ талаптарына, рецептураға және өндірістік технология режиміне сәйкестігімен таныстыру және үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Тексеру әдістері. Құрғақ заттарды және ылғалдылықты анықтау. Ақуызды анықтау. Къельдаль әдісі. Майларды анықтау. Көмірсулар мен спиртті анықтау. Күлді, минералдық қоспаларды және хлоридтерді анықтау. Қышқылдылықты анықтау. С дәруменнің құрамын анықтау. Бірінші, екінші тағамдардың және сусындардың сапасын анықтау. Қамыр бұйымдарының сапасын анықтау. Тағамның химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын анықтау. Азоттық заттарды анықтау. Тағамдық өнімдердегі бөгде заттарды: консерванттарды, улы химикаттарды, ауыр металдарды анықтау. Шикізат, дайын өнім сапасын бағалау, дегустация жүргізу ережесі. Дайындалатын сүтке бақылау. Пастерленген және стерилденген сүт өндірісіне. Кілегей және қаймақ өндірісіне бақылау. Сүзбе және сүзбе өнімдері өндірісіне бақылау. Мәйекті сырлар өндірісіне бақылау. Балмұздақ және сары май өндірісіне бақылау. Қоюландырылған сүт консервілері өндірісіне бақылау. Консервілер сапасын анықтау. Ет және жартылай өнімдер сапасын зерттеу. Шұжық және сүрленген өнімдер сапасы мен өндіріске бақылау. Тағамдық майларды зерттеу. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін зерттеу.

Күтілетін нәтижесі: Технологиялық процестерге өзгеріс енгізу жағдайларын, өнім өткізу-сату (реализация) жағдайларын шешу мен іске асыру мүмкіндігін білу.

Оқытушының аты-жөні: Ерубаева Д.Ш.
11 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының өндірісін ұйымдастыру»

Пререквизиттер: Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау, азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы

Постреквизиттер: Дипломдық жұмыс (жоба)

Мақсаты: студенттердің қоғамдық тамақ кәсіпорындары ұйымы туралы ұғымды толық игеру және дара кәсіпорын ұстауының; техника - экономикалық негіздеу тәртібін терең меңгеру; қоғамдық тамақ кәсіпорындары салаларының принциптерін дамыту; мерекелік шараларды ұйымдастыру ережелерін үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тамақ кәсіпорны салалары мен оны ұйымдастыру ерекшеліктері. Қоғамдық тамақ кәсіпорының түрлері мен жұмыстарын ұйымдастыру. Қосалқы қызметтердің, цехтердің және қызмет көрсету шаруашылықтарын ұйымдастыру. Меню – жоспарды құрастыру. Ет цехінің жұмысын ұйымдастыру. Балық цехінің жұмысын ұйымдастыру. Негізгі өндіріс цехтердің жұмысын ұйымдастыру. Кондитерлі цехтің жұмысын ұйымдастыру. Қосалқы өндірістік орындардың жұмысын ұйымдастыру. Дайын өнімдердің бракеражасын ұйымдастыру. Үлестіргіштің жұмысын ұйымдастыру. Тамақ кәсіпорындарын жобалаудың негізі. Мейрамханада тұтынушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Зал қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру. Банкеттер мен қабылдаулардың қызметі.

Күтілетін нәтижесі: азықты және заттық - техникалық жабдықтау ұйымын; мейрамханада тұтынушыларға қызмет ету ұйымы

Оқытушының аты-жөні: Жар Ж.Ж.
Пәннің атауы «Фирманы басқару»

Пререквизиттер: Экономикалық теорияның негіздері

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Жалпы теориялық және практикалық тәжірибеде сонымен қатар фирма басқарудың әдістері мен тәсілдерін микро және макро деңгейде игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Нысана басқаруды ұйымы ретінде. Ұйымдағы менеджер рөлі. кәсіпорындағы өндіріс ұйымы. Фирма басқаруды жоспарлау. Өндіріс басқару ұйымы. Кәсіпорындағы басқару ұйымы. Кәсіпорын персоналдарын басқару. Инновациялық үрдістерді меңгеру.Қаржыландыру және басқару жобасы. Фирманың шаруашылық қызметін талдау Фирма басқаруда логистиялық жүйелер. Фирманың қаржылық жағынан басқару.

Күтілетін нәтижесі: Фирма басқару ұсынымдарын және ол ұйымдағы менеджер рөлін болашақта өз тәжірибесінде пайдалану.

Оқытушының аты-жөні: Кенешова Г.А.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР




Пән циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кред саны

Сем

естр


3 курс







1 таңдау бойынша курс







ПП

АTOSТ 3304

Азық-түлік өнімдері салаларының технологиясы

3

5




TPА 3304

Технологиялық процесстерді автоматтандыру

3

5







2 таңдау бойынша курс







ПП

TKKS 3306

Тауар және қызмет көрсетудің сапасын сараптауы

3

5




ATZh 3306

Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары

3

5







3 таңдау бойынша курс







ПП

ShTO 3308

Шикізат және азық -түлік өнімдерінің қауіпсіздігі

3

5




ATOE 3308

Азық-түлік өнімдерін өндіруін басқару және экономикасы

3

5







4 таңдау бойынша курс







ПП

ES 3309

Эстетика және стандарт

3

5




OSBSA 3309

Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістері

3

5







5 таңдау бойынша курс







ҚЖБА

SСНККN 3401

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері

2

5




КМСН 3401

Кәсіби мансапты жоспарлау

2

5







6 таңдау бойынша курс







ПП

OKKS 3310

Өнім және қызмет көрсетудің сәйкестігін растау

3

5




HSt 3310

Халықаралық стандарттау

3

5







7 таңдау бойынша курс







ПП

SOSA

3311


Сынақ орталықтарын және сертификаттау органдарын аккредиттеу

3

5




ABKS 3311

Аппараттық және бағдарламалық қамтамассыздандыруды сертификациялау

3

5

Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет