Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»



бет4/4
Дата07.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
#20332
1   2   3   4


1 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы«Азық-түлік өнімдері салаларының технологиясы»

Пререквизиттер: «Химия», «Биология», «Азық-түлік өнімдерінің тауартануы»

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы

Мақсаты: Өнімдердің сапасын сақтауға және олардың сақталу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жағдайларды талдау негізінде теориялық және тәжірибелік курсын игepiп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Малды қабылдау және бағалау. Еттің қасиеті, құрамы және тағамдық құндылығы. Мал, құс және қояндарды өңдеу. Малды жансыздандыру және ұшаларға бөлу. Тағамдық субөнімдерін өңдеу. Шұжық және тұзды өнімдерінің, жартылай өнім және дайын бұйымдарының өндірісі. Тағамдық жануар майларының өндірісі. Қанды өңдеу. Желатин және желім өндірісі. Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы. Сүт өндірісі. Сүтті жылулық өңдеу. Ауызсу пастерленген сүттің технологиясы. Сүтқышқылды өнімдерінің технологиясы. Қаймақ түрлері мен олардың технологиясы. Сүт консервілерінің технологиясы. Құрғақ сүт өнімдерінің технологиясы. Сүт консервілерінің технологиясы. Консерві және тағамдық концентраттар технологиясы. Жеміс-көкеніс консервілеудің биохимиялық әдістері. Ет консервілері. Сүттен дайындалған консервілер. Жеміс-көкеністерді кептірудің жалпы технологиясы. Жартылай өнімдерді өндірудегі және шикізаттарды мехникалық өңдеудегі технологиялық процесстері. Тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесстері. Көкеніс мен саңырауқұлақ және жармалар, бұршақ тұқымдастар мен макороннан дайындалатын тағамдар мен гарнирлер. Балықтан және теңіз өнімдерін дайындалатын тағамдар. Ет және ет өнімдерінен дайындалатын тағамдар. Құс, жабайы құс, қоян етінен дайындалатын тағамдар. Жұмыртқадан және сүзбеден дайындалатын тағамдар. Салқын тағамдар және басытқылар. Тәтті тағамдар. Сусындар. Ұннан дайындалған өнімдер. Ұнды кондитер және аспаздық өнімдер. Мектептік және спортсмендердің тамақтануы. Диеталық тамақтану. Тез мұздатылатын өнімдер.

Күтілетін нәтижесі: Түсетін шикізаттың сапасын, дәстүрлі жартылай өнімдердің жоғары дәрежедегі дайындығын анықтауда; өнімді дайындау және жіберу технологиялық процестерінің шарттарын сақтай отырып, кең ассортиментте және жоғары сапалы жартылай өнімдерді, тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды дайындауды үйренуді; тағамдарды және аспаздық бұйымдарды және сусындарды берілген шикізатпен өнімдерден дайындауды білу керек.

Оқытушының аты-жөні: Исабаева Г.М.
Пәннің атауы Технологиялық процестерді автоматтандыру

Пререквизиттер: процестер мен аппараттар, азық-түлік өнімдерінің технологиялық жабдықтары

Постреквизиттер: дипломдық проект

Мақсаты: автоматтандырылған жабдықтарды дұрыс қолдану, технологиялық процестерді автоматтандыру тұрғыдан талдау бойынша студенттерге білім беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Автоматика жүйелері туралы жалпы мағлұмат. Реттегіштер және реттеу объектілері. Сызықтық автоматтық жүйелердің негізгі теориялары. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері. Автоматтандырудың техникалық құралдары.



Күтілетін нәтижесі: автоматтандыру аясында студенттердің білімін қалыптастыру.

Оқытушының аты-жөні: Аяжанов С.С.
2 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Тауар және қызмет көрсетудің сапасын сараптау»

Пререквизиттер: аналитикалық химия, биохимия

Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.

Мақсаты: тауар сапасын анықтау үшін сараптау әдістері мен ережелерін оқыту

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сараптаманың теориялық негіздері. Азық-түлік тауарларының сараптамасы. Азық-түлік емес тауарлардың сараптамасы. Тауарларды идентификациялау және фальсификациялау. Сыртқы экономикалық іс-әрекет тауарларын сараптау.

Күтілетін нәтижесі: студент қазіргі таңдағы тауар және қызмет көрсетуді сараптау түрлерін білу керек.

Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
Пәннің атауы«Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары»

Пререквизиттер: Инженерлік графика, Жылу техникасы, Теориялық және қолданбалы механика, Процестер мен аппараттар.

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.

Мақсаты: тамақ өнеркәсібінің және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарын пайдалануға байланысты студенттерді өндірістік-техникалык, жобалық және зерттеу қызметтеріне дайындау; технологиялық жабдықтарға байланысты инженерлік есептерді шешу үшін жалпы техникалық, жалпы ғылыми пәндерден тиянақты дайындық нәтижелерін пайдалануды үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тамақ өнімдерінің машиналық технологияларын ұйымдастыру. Ауыл шаруашылық шикізаттарын компоненттерге іріктеу арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттары құрамаларынан жинақтау арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттарын құрамалап өңдеу арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттарын жууға арналған жабдықтар. Сусымалы ауыл шаруашылық шикізаттарын тазалау және іріктеу жабдықтары. Дара ауыл шаруашылық шикізаттарын сорттау, тексеру, іріктеу жабдықтары. Өсімдік және жануар өнімдерінің сыртқы қабаттарын тазалау, аршу жабдықтары. Тағамдық ортаны майдалау жабдықтары. Майдаланған тағамдық ортаны сорттау және байыту жабдықтары Сұйық тектес және біртекті емес тағамдық ортаны бөлу жабдықтары Тағамдық ортаны араластыру жабдықтары. Тағамдық ортаны пішіндеу жабдықтары. Тамақ өнімдері мен бұйымдарын мөлшерлеу және дара өнімдерді орамалау жабдықтары. Сусымалы және дара өнімдерді, сұйық және паста тәріздес өнімдерді өлшемдеу машиналары.

Күтілетін нәтижесі: Машиналар мен аппараттардың негізгі жұмыс атқару теорияларын және олардың негізгі технологиялық параметрлерін есептеу әдістемелерін оқып үйрену; тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру жабдықтарының негізгі типтерінің принципті схемаларын білу және оларды жіктей алу.

Оқытушының аты-жөні: Малдыбаева М.Н.
3 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Шикізат және азық -түлік өнімдерінің қауіпсіздігі»

Пререквизиттер: химия, стандарттау, сертификаттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: шикізат және азық -түлік өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету әрі шикізат және азық - түлік өнімдерінің химиялық, биологиялық ксенобиотиктермен ластану жолдарын оларыды әр түрлі қоспалардан тазарту мәселелерін толық игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Шикізат және азық -түлік өнімдерінің қауіпсіздігі: негізгі түсініктері, маңызы және жету жолдары. Азық – түлік өнімдеріндегі потенциалды қауіпті заттар және оның ластану жолдары. Шикізат және азық - түлік өнімдерінің халықаралық стандарттау қауіпсіздігі. Азық – түлік өнімдеріннің табиғи компоненттері және адам организмына олардың тигізетін әсері. Шикізат және азық – түлік өнімдерінің улы элементтермен ластануы. Азық – түлік өнімдерінің пестицидтермен ластануы. Диоксиндер, полихлорлы бифенилдер және полигалогенді көмірсутектер азық – түлік өнімдеріннің контаминаты сияқты. Азық – түлік өнімдеріннің азот қосылыстарымен ластанулары. Азық – түлік өнімдерінің шикізаты мал шаруашылығында қолданылатын дәрілермен ластануы. Шикізат және азық – түлік өнімдерінің микотоксиндермен ластануы. Шикізат және азық – түлік өнімдерінің радиоактивті элементтермен ластануы. Азық – түлік өнімдерінің қоспасын кауіпсіздігін бағалау және оларды қолдануыды бақылау. Азық – түлік өнімдеріне қосатын биологиялық белсенді қоспаларды гигиеналық бақылау. Модификацияланған азық – түлік өнімдерін гигиеналық бақылау. Полимерлі және басқа да материалды заттардың азық – түлік өнімдерін ластандыру көзі.

Күтілетін нәтижесі: пролимерлі және басқа материалды заттардың азық – түлік өнімдерін ластандыру көзін, шикі зат және азық - түлік өнімдерінің халықаралық стандарттау қауіпсіздігін білу.

Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдерін өндіруін басқару және экономикасы»

Пререквизиттер: экономикалық теория негізі, стандарттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Азық-түлік өнімдерін өндіруін басқару және экономикасын оқыту

Курстың қысқаша сипаттамасы: сапа экономикасы менеджмент философиясы ретінде. Сапаға жұмсалған шығын: мазмұны, жіктелуі. Сапаға жұмсалған шығынды талдау және басқару. Сапаға жұмсалған шығынды ескеру әдістері. Тағам өнеркәсібінде жобалық сапаны қалыптастыру. Сапа функцияларын құрылымдау. Бенчмаркинг – сапа экономикасының стратегиялық инструмент. Аутсорсинт – сапаға жұмсалған шығынды басқарудың инновационды әдісі. Тағам өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында сапа экономикасын басқару. Экономикалық тиімділік.

Күтілетін нәтижесі: Азық-түлік өнімдерін өндіруін басқару және экономикасын білу.

Оқытушының аты-жөні: Байбосынов С.Б.
4 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Эстетика және стандарт»

Пререквизиттер: философия, стандарттау, квалиметрия, сертификаттау

Постреквизиттер: Экономика және өндірісті басқару

Мақсаты: адамзатты қоршаған кез келген затты күнделікті өмірде қолдану барысында, оның пайдалылығы, ыңғайлылығымен қатар көз қуантар әдемі болуы да қажет. Сондықтан әр адамға қажеттілік пен әдемілік қатар қажет. Әр затта негізінде техникалық және эстетикалық бастамасы қатар жүреді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Эстетика негіздері. Стандарт және эстетика. Эстетика категориялары. Тауарлар сапасының эстетикалық көрсеткіштері. Өнер түрлері. Қолданбалы безендіруші өнері. Қазақстанның қолданбалы безендіруші өнері. Әлемдік мәдениеттің көркемдік стильдері. Техникалық эстетика және дизайн. Көркемдік құрастыру. Жобалау сатылары. Тауарлар композициясы. Тауарлардың эстетикалық қасиеттері. Тауарлардың эргономикалық қасиеттері. Тауарлардың эстетикалық қасиеттерін бағалау.

Күтілетін нәтижесі: Тауарлардың эстетикалық құндылығын бағалаудағы эстетикалық категориялар, өнердің түрлері, заттарды көркемдік құрастыру жүйесі.

Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
Пәннің атауы «Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістері»

Пререквизиттер: математика, стандарттау, квалиметрия, сертификаттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін оқу, статистиканың ең негізгі мақсаты болып табылады

Курстың қысқаша сипаттамасы: Өнім сапасын және процестерді басқарудың статистикалық әдістері пәнінің міндеті мен мазмұны. Кездейсоқ таңдауды іске асыру. Сапаны статистикалық басқару әдістері. Технологиялық процестерді басқаруды, оның дәлдігін, тұрақтылығын статистикалық талдау жасау. Сапаның техникалық бақылау жасауды ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижесі: шығыны аз қажетті қызметтерді көрсету және қолдануға қабілетті өнім мен өндірістерді қамтамасыз ету статистикалық әдістерді бақылау қажет; студент келесі статистикалық әдістерді танып білу керек: бақылау әдісін, топтау әдісін, абсолютті графикалық шама әдісін, орташа шама әдісін.

Оқытушының аты-жөні: Сраилова Г.Н.
5 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері»

Пререквизиттер: құқық негіздері

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Студенттердің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерімен айналысатын мемлекеттік негізгі органдары туралы, жемқорлықпен күрес жургізу принциптері және оларды жүзеге асырудың негізгі формалары мен әдістері туралы білімін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықпен күрес жүргізудің заңнамалық негіздері, мемлекеттік институттары және олардың жүзеге асырылу нәтижелері қарастырылады. Заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізіледі, бұл саладағы шетелдік тәжірибе қарастырылады.

Күтілетін нәтижесі: құқықтық талдау жүргізудің әдістемесі мен тәсілдерін, кеден органдары жүйесінде басқару мен қызметін ұйымдастыру негіздерін, кеден ісінің болашақ мамандары ретінде сыртқы экономикалық қызмет саласын ғылыми түрде тану негіздерін және кеден ісі негіздерінің басты өлшемдерін игеруге тиіс; заңға сәйкес кеден-құқықтық тәжірибеде қолдануға, кеден органдары алдында тұрған мақсаттарды шешу барысында олардың маңызы мен атқаратын рөлін дұрыс түсінуге тиіс.

Оқытушының аты-жөні: Орынбеков А.С.
Пәннің атауы «Кәсіби мансапты жоспарлау»

Пререквизиттер: құқық негіздері, кәсіпкерлік қызметінің негіздері

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: практикалық мақсаттарды қою алғыр тиімді және табысты маманның дайындығының арқасында ұйымның жұмысының тиімділігінің көтермелеуін қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Кәсіби мансапты жоспарлау» пәніне кіріспе. Заманауи әлемдегі іскерлік мансап. Мансапты жоспарлау кезендері. Мақсаттарды қою. Мансапты қалыптастырудағы өзіндік қасиеттері. Жұмыс іздеу: кезендері, тәсілдері. Резюме, жолдама хат.

Күтілетін нәтижесі: практикада іскерлік мансаптың алгоритмын құрастыру ептілігі; басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін негізгі принциптер мен құралдарды қолдана білу.

Оқытушының аты-жөні: Зулхарнай А.Н.
6 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Тауар және қызмет көрсетудің сәйкестігін растау»

Пререквизиттер: Математика, Стандарттау, Метрология, Сертификаттау

Постреквизиты: Сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: : стандарттаудың тарихы және қазіргі жағдайы туралы, стандарттау бойынша қызметті ұйымдастыру туралы, стандарттаудың құқықтары, ұйымдастырушы және әдістемелік негіздері туралы түсінік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сәйкестікті растаудың рәсімі. Өнімнің және қызмет көрсету сертификаттауының нормативті-құқықтық негізі. Тауарды сертификаттау бойынша шетелдік тәжірибе. Өнімді сертификаттаудың өткізу тәртібі. Шетел өнімінің сәйкестігін растау. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Өнім үлгілерін сертификаттау кезіндегі теңестіру әдістері. Сертификаттық сынақтары. Сәйкестікті растау органдарын аккредиттеу. Сәйкестікті растау аясында сәйкестік сертификатын, сәйкестік белгілерін, сынақ хаттамаларын мойындау. ҚР қызмет көрсетуді сертификаттауын жүргізу тәртібі. ҚР қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау тәртібі. Сәйкестікті растау аясындағы сарапшы-аудиторлар. Өнім сапасының экологиялық сәйкестігін растауы. Сапа менеджментінің жүйесін сертификаттау

Күтілетін нәтижесі: тауар және қызмет көрсетудің сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізу үшін білімдерін жетілдіру қажет, бақылауды өз бетімен жүргізуді.

Оқытушының аты-жөні: Закирова Н.А.
Пәннің атауы: Халықаралық стандарттау

Пререквизиттер: Стандарттау, Метрология, Сертификаттау

Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі

Мақсаты: Халықаралық деңгейде стандарттау бойынша іскерлікті ұйымдастырудың ретін оқып үйрену,өндірістің және өнім сапасын меңгеру, іскерлікті бағдарлау және ақпараттармен қамтамасыз ету және ұлттық стандарттар мен өнімдер сертификациясын үндестіру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Стандарттау саласындағы халықаралық қарым-қатынас. Стандарттау саласындағы халықаралық ұйымдар. ИСО комитеттерінің іс- шараларын ұйымдастыру. Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында. Халықаралық стандарттың жасалу реті. Ұлттық дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті. Тауарларды штрихкодтау. «Кодекс Алиментариус». ГАТТ/ДСҰ көлеміндегі стандарттау. МАГАТЭ саласындағы стандарттау. Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің (СЕН) іс -шаралары.Электротехникада стандарттау бойынша Еуропалық комитеттің қызметі (СЕНЭЛЕК). Халықаралық стандарттың іс-шаралар ұйымы. Халықаралық стандартты жасаудың реті. Стандарттаудың аймақтық ұйымы.

Күтілетін нәтижесі: Халықаралық стандарттау бойынша білімді үнемі жаңарту керектігін түсіну, өз бетінше жұмыс жасауды игере білу және ары қарай жетілуге деген сұраныс.

Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
7 таңдау бойынша курс

Пәннің атауы «Сәйкестікті растау және сынақ орталықтарын аккредиттеу»

Пререквизиттер: стандарттау, сертификаттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Ұлттық аккредиттеу жүйесінің негізгі және ерекшеліктері, олардың критериялары, аккредиттеу рәсімі, аккредиттеу органдарының құқығы мен міндеттері бойынша, аккредиттеу және сертификаттау әдістемесі бойынша студенттерге кешенді білім іскерлік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Аккредиттеу саласындағы негізгі түсініктер. ҚР Аккредиттеу жүйесі. Аккредитттеу органының құрылымы. Аккредитттеу органының сапасын қамтамасыз ету. Аккредиттеу органының қызметшілерінің жете білушілігі. Аккредиттеу органының құжаттамалары. Аккредиттеу органының құжаттамалары. Аккредиттеу органынын СМЖ ішкі және сыртқы аудиті. Аккредиттеу процедурасы. Аккредиттеу экспертизалау әдістемесі. Сынақ зертханаларын аккредиттеу. Халықаралық аккредиттеудің жүйелері. Сынақ зертханаларын аккредиттеу. Аккредиттеуді өзара тану концепсиясы. Аккредитациялау аймағындағы адамгершілік аспекті

Күтілетін нәтижесі: Студенттер пәнді оқу барысында аккредитгеу органының құрылымын, құжаттардың негізгі формаларын, аккредиттеу және сараптау процестерінің әдістерін, аккредиттеудщ құқықытық қамтамасіз етілуік, сараптаушылардың функционалдық құқтарымен, келіссіз және бағалау методикасын қажетті құжатгамаларды толтыру бойынша іскерлік қасиеттерді оқып - менгеру.

Оқытушының аты-жөні: Закирова Н.А.
Пәннің атауы «Аппараттық және бағдарламалық қамтамассыздандыруды сертификаттау»

Пререквизиттер: информатика

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: Сандарттау және сертификаттау түсініктерімен, аппараттық және бағдарламалық құралдардың сапасын бағалау әдістерімен таныстыру; сертификаттаудың мәні, оның түрлері мен схемалары, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің сертификациялық сынаудың өткізілу ерекшеліктері туралы нақты көзқарасты қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сертификаттау – мақсаттары, міндеттері және жұмыстардың ұйымдастырылуы. Сертификаттау принциптері және тәжірибесі. ҚР-ң мемлекеттік сертификаттау жүйесі (ҚР МСЖ). Халықаралық стандарттар және стандарттау бойынша ұйымдар. Бағдарламалауды стандарттау. Бағдарламалық құжаттаудың бірыңғай жүйесі. Бағдарламалауды стандарттау. Бағдарламалық кешендер және бағдарламалау тілдерін өңдеуді стандарттау. Ашық жүйелердің өзара байланысы – базалық стандарттар. Желілік технология бойынша стандарттар. ТСІ/ІР-ң пайда болуы. ТСІ/ІР сипаттамасы. Желілік технология бойынша стандарттар. ТСІ/ІР архитектурасы. Сертификаттаудың ұйымдастырушық-құқықтық негіздері. Сертификациялық сынаулар, негізгі түсініктер. Сертификациялық сынаулар. АЖ компоненттерін және бағдарламалық кешендерді сынау. Ақпарат қауіпсіздігін нормативтік қамтамасыздандырылуы. Деректер базасын сертификаттау. Деректерді ұсыну және айырбастау форматтарын сертификаттау. Деректерді жіберу. Деректерге рұқсат алу. Деректерді ұсыну және айырбастау форматтарын сертификаттау. Деректерді басқару.

Күтілетін нәтижесі: ҚР мемлекеттік сертификаттау органдарының қызмет етуінің ерекшеліктерін білу, халықаралық стандарттарды және стандарттау ұйымдарын білу.

Оқытушының аты-жөні: Аяжанов С.С.


Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет