Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата28.05.2018
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Мамандық 5В070300

«Ақпараттық жүйелер»

Қарағанды 2016-2017 жж.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған элективті пәндер каталогы № _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж. Қарағанды, ҚКЭУ.

Каталог өзіне элективті пәндер тізімін (таңдау бойынша компонент), сонымен қатар мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқа курсын қосады. ҚКЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.

АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МАМАНДЫҚ: 5В070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Академиялық дәрежесі – ақпараттық жүйелер бакалавры
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Дәріскердің аты-жөні

Кред.

саны


Семестр

1 курс







Таңдау бойынша курс 1










ОҚТ
















Din 1401

Дінтану

э.ғ.к, проф. Клишина М.В., маг. оқыт. Тутинова Н.К.

2

2

KKTT 1401

Кооперативті қозғалыс тарихы мен теориясы

аға-оқыт. Адамбекова С.М., проф., д.и.н. Абилов К.Ж.

2


Таңдау бойынша курс 1

«Дінтану»

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы» мектеп бағдарламасы көлемінде

Постреквизиттер: Ақпараттық технологиялар. ЭАЖ жаңа технологиялар.

Мақсаты: негізгі діни бағыттағы білімді қалыптастыру, сонымен қатар аралықконфессиалды қарым-қатынас мәдениетін және діни экстремизм профилактикасын қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Дінтану пәні. Мемлекет және дін. Діннің ерте формалары.Конфуцианттық. Даосизм .Индуизм. Иудаизм. Буддизм. Ерте христиандық. Православие. Католицизм. Протестантизм. Ислам. Дәстүрлі емес діни бағыттар. Діни экстремизм профилактикасының әдістері.

Күтілетін нәтижелер: діннің әлеуметтік мәдени арнайы ерекшеліктері туралы елестетушілік; түсініктерді еркін түсіну; дін тарихын білу, дін дамуының маңызын, оның динамикасын түсіну; діндегі жалпы теориялық сұрақтарды ажырату; діннің философиялық талдауының дағдылары мен тәсілдерін игеру.
«Кооперативті қозғалыс тарихы мен теориясы»

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы» мектеп бағдарламасы көлемінде

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар.

Мақсаты: кооперативті қозғалыс теориясы мен тарихы негіздері бойынша білімді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кооперативті қозғалыстың туындауы. Әлеуметтік-экономикалық маңыз және кооперация табиғаты. Кооперативті идеология. Капитализм шарттарындағы кооперативті қозғалыс. Әкімшілік-басқарушылық экономикалық жүйелер шарттарындағы кооперативті қозғалыс. Нарықтық экономикаға өту шарттарындағы кооперативті қозғалыс. Қазақстан Республикасындағы кооперативті қозғалыс. Қазіргі халықаралық кооперативті қозғалыс.

Күтілетін нәтижелер: экономикалық қатынастар тарихын толығымен қабылдау құзыреттілігі, кооперативті қозғалыс ролін түсіну, қазіргі шарттардағы кооперацияның жағдайы мен дамуын білу.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР




Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Дәріскердің аты-жөні

Кред.саны

Семестр




2 курс







Таңдау бойынша курс 1










ОҚТ



















ZhKAN 2402

Жемқорлыққа қарсы әрекет негіздері

аға-оқыт. Искалиева М.С.

2

4




ZhKAKEA 2402

Жемқорлыққа қарсы әрекет: құқықтық және экономикалық аспектілері

аға-оқыт. Искалиева М.С.

2







Таңдау бойынша курс 2










БП



















She 2208

Схемотехника


э.ғ.к, доц. Тажбаев Н.М. э.ғ.к, доц. Аяжанов К.С.

2

4




ETT 2208

Электрлік тізбек теориясы

аға-оқыт.Кутумова Ж.Б., к.ф.-м.н., доц. Карагаева М.Б.

2







Таңдау бойынша курс 3













BT 2209

Бағдарламалау технологиясы

доц., э.ғ.к Дрозд В.Г. аға-оқыт. Ибрагимова М.С.

3

3




CN 2209

C# негіздері

аға-оқыт. Муканова Ж.А., аға-оқыт. Ибрагимова М.С.

3







Таңдау бойынша курс 4













ZhBK 2210

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

э.ғ.к, доц. Дрозд В.Г., аға-оқыт. Молдабекова Б.К.

3

4




OZh 2210

Операциялық жүйелер

э.ғ.к, доц. Дрозд В.Г., аға-оқыт. Молдабекова Б.К.

3







Таңдау бойынша курс 5













ZhTAZ 2211

Жүйелік талдау және амалдарды зерттеу

э.ғ.к, проф. Аяжанов С.С., аға-оқыт. Муканова Ж.А.

3

3




Eko 2211

Эконометрика


э.ғ.к, доц, Емелина Н.К., аға-оқыт. Шахшина С.А.

3







Таңдау бойынша курс 6













EK

2212


Экономикалық кибернетика

э.ғ.к, проф. Аяжанов С.С.

э.ғ.к, доц. Дрозд В.Г.



3

4




KB-UTM 2212

Кәсіпорындағы бизнес-үрдістерді талдау және модельдеу

э.ғ.к, доц. Аяжанов К.С., аға-оқыт. Тажбаев Н.М.

3







Таңдау бойынша курс 7













BEA 2214

Бухгалтерлік есеп және аудит

аға-оқыт. Мусипова Л.К., оқыт., маг. Фурманова М.А.

3

4




Kar

2214


Қаржы

э.ғ.к, доц.Улаков Н.С., маг. оқыт. Мукашева К.А.

3


Таңдау бойынша курс 1

«Жемқорлыққа қарсы әрекет негіздері»

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Постреквизиты: ЭАЖ жаңа технологиялар

Мақсаты:Студенттер қазіргі заманғы қоғамда жемқорлықтың эволюциясы жөнінде, қоғамдық қатынастардың әрбір саласына әсер ететін құбылыс ретінде сипаттамасын, жемқорлықтың ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төндіретін қаупі жөнінде, шетелдік инвестициялар көлеміне ықпалы жөнінде, кеден органдарының қызметшілерінде білімдерді қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлық ұғымы және жемқорлықтың криминологиялық сипаттамасы. Жемқорлықтың этикалық пен типологиялық белгілері және оның таралу салалары. Жемқорлық ұлттық қауіпсіздік қатері ретінде. Сот жүйесінің жемқорлықты жоюдағы ролі. Жемқорлық пен кедейшілік. Жемқорлықтың шетелдік тура инвестициялар көлеміне ықпалы. Жемқорлықпен күресудегі азаматтық қоғамның ролі. Жергілікті билік органдары қызметінің айқындығын қамтамасыз ету мәселелері. Саяси партиялар органдары қызметінің айқындығын қамтамасыз ету. ҚР корпоративті басқару принциптерінің дамуы. Жемқорлықпен күресудегі БАҚ ролі.

Күтілетін нәтижелер: Жемқорлық ұғымы және жемқорлықтың криминологиялық сипаттамалары саласында, сонымен қатар экономикалық қылмыстарды жіктеу мәселелері жөнінде білімді игеру; теориялық ойлау және талдау негізінде сәйкес қызмет ету саласында нормативті-құқықтық нормаларды қолдана алу; пәндік есептерді шешу барысында талдау-синтетикалық және логикалық әрекеттің әдістерін қолдану; алған білімдерді жүйеге келтіре білу, ғылыми критикалық талдау негізінде оқиғаларды талдау және интерпретациялау;

сәйкес құрылым бойынша нормативті реттеудің мәселелік аспектілері бойынша хабарлама мен баяндамалар түрінде ақпаратты ұсыну; өздігінен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.


«Жемқорлықтың қарсы әрекеті: құқықтық және экономикалық аспектілері»

Пререквезиттер: Құқық негіздері. Экономикалық теория негіздері.

Постреквезиттер: ЭАЖ-дағы жаңа технологиялар

Мақсаты: Бейімділік құзыретін меңгеру. Бұл дегеніміз құқықтық және негізгі ұйымдастырудың алдын алу шараларын білу, қарсы әрекет және пайда болған күреспен және қылмыстық бағытталған жемқорлықтың қажетті шартын арылту және жаңалау мемлекеттік жүйесін және жергілікті жүйені басқару. Бұл әлеуметтік экономикалық тиімділікте атаулы қызмет істеу жүйесінде болу керек.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықтың түрлері мен формалары. Жемқорлық үдерістерін талдаудың әдіс тәсілдері және математикалы-статистикалық аппараттың жемқорлықтық айналымының есебінің қолданылуы және компьютерлік технология желісі. Жемқорлыққа қарсы әрекеттің өзара орындаушылықтың басқарушы өлшем жүйесінде (Халықаралық жоспарда, жолдауда, мемлекеттік программада) алатын функционалды және өзара әрекет орны.

Күтілетін нәтижелер:жемқорлықтық әрекетке қарсы бағытталған жүйенің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру жемқорлық қылмыстарға жауап беру. жемқорлық қылмыстарға қарсы азаматтық позиция ұстану; жемқорлықпен күресуге қолданылатын заңнамаларды білу; жемқорлыққа қарсы қызмет атқаратын құқық қорғау мекемелерін білу жасалған жемқорлық әрекеттеріне және нәтижелеріне баға беру, жемқорлыққа қарсы әрекет етуші мемлекеттік және муниципальды мекемелердің әрекет ету тиімділігін бағалау.
Таңдау бойынша курс 2

«Схемотехника»

Пререквизиттер: Информатика, Физика

Постреквизиттер: Компьюетрлің жүйелердің архитектурасы. Ақпараттық жүйелер сенімділігі. Микроүдерістік жүйелер

Мақсаты: сандық эхлектронды құралдар схемотехниканың негіздерін және оларды талдаудың әдістерін, сонымен қатар таңдау дағдылары мен сандық электронды құралдардың түйіндерін құра білуді «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттерінде қалыптастыру .

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жартылай өткізгіш диодтар және транзисторлар. Транзисторлы-транзисторлық логикалық (ТТЛ) және эмиттерлі-байланысқан логикалық (ЭБЛ) элементтер. Тригерлік сызбалар. Регистрлер. Тізбектік (жылжитын), параллельді, параллельді-тізбектік ж»не реверсивті регистрлер. Дешифраторлар, шифраторлар. Мультиплексорлар және демультиплексорлар, сандық компараторлар, сумматорлар. Сандық счетчик. Жартылай өткізгішді есте сақтау құрылғылары. Динамикалық есте сақтау құрылғыылары. Тұрақты есте сақтау құрылғысы. Операциялық күшейткіштер. Аналогты-сандық және сандық-аналогты өзгерткіштер. Қоректендіру блогының схемотехникасы. Үзілістерді басқару, plug and play типтерін басқару.

Күтілетін нәтижелер: студенттер схемотехника негіздері бойынша білімдерді игеруі тиіс, тізбектер, триггерлік сызбалар және т.б. құру ұстанымдары туралы көрінісі болу, микросызбаларды құруда тәжірибелік дағдыларды иелену.
«Электр тізбектерінің теориясы»

Пререквизиттер: Физика

Постреквизиттер: Компьюетрлік жүйелер архитектурасы

Мақсаты: электрлік және магниттік тізбектер туралы жеткілікті түрде толық көрінісін және олардың математикалық сипаттамаларымен құрамдық элементтерін, жұмыстың статикалық және динамикалық режимінде осы тізбектерді талдаудың негізгі әдістерін және есептемелерін, яғни әртүрлі арнайы электротехникалық пәндерді келесіде оқыту үшін ғылыми базаны құруды студенттерде қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сызықтық электр тізбегінің негізгі түсініктері мен қасиеттері. Тұрақты токтағы сызықтық электр тізбегінің негізгі заңдары мен талдау әдістері. Ом заңы. Кирхгоф заңы және оларды қолдану. Есептеме әдісі және электр тізбектері жұмысының режимдері. Гармоникалық қозғалыс режиміндегі сызықтық электр тізбектері. Резистивті, индуктивті және сыйымдылық элементтері тізбегіндегі гармоникалық тербелістер. Үшфазалы электр тізбектері. Үш фазалы қабылдағыштарды жұлдызша және үшбұрышпен байланыстыру.

Күтілетін нәтижелер: студенттер электр тізбектері теориясының негіздерін игеруі тиіс, көзделген параметрлермен сызықтық және сызықтық емес тізбектерде орнатылған үрдістерді есептеу және талдаудың негізгі әдістерін меңгеру, көрсетілген тізбектегі өткізгіш үрдістердің есептемесі және талдаудың негізгі әдістерін және оларды тәжірибеде қолдана білу.
Таңдау бойынша курс 3

«Бағдарламалау технологиясы»

Пререквизиттер: Информатика. Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық құралдар.

Мақсаты: бағдарламалау тілінің жіктелуін, объектіге бағытталған бағдарламалау негіздерін, С++ тілінде бағдарламалау ерекшеліктерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Дербес компьютердің бағдарламалық құралдары. Бағдарламалау әдістемесі. Алгоритмдердің құрылымдық сызбаларын өңдеу. Баңдарламалық қамтамасыздандыруды жобалау әдістері. СИ тілінің операторлары. Деректер құрылымы.Функциялар. Объектлер және класстар. Массивтер және жолдар. Амалдарды қайта жүктеу. Мұрагерлік. Нұсқаулар. Виртуалды функциялар. Ағындар және файлдар.

Күтілетін нәтижелер: студенттер түрлі алгоритмдердің құрылымдық сызбаларын өңдеу аймағындағы білімдермен игерілуі тиіс, сапалы бағдарламалық құжаттамаларды құру және бағдарламаларды сынау мен мінетуді білу және дағдыларды алу.
«C# негіздері»

Пререквизиттер: Информатика. Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық құралдар.

Мақсаты: бағдарламалау тілінің жіктелуін, объектіге бағытталған бағдарламалау негіздерін, С# тілінде бағдарламалау ерекшеліктерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: NET. платформасымен танысу. C# тіліне шолу. Типтер-мәндер және сілтемелер типтері. Операторлар және ерекшеліктер. Массивтер. Әдістер. Параметрлерді жіберу тәсілдері. Объектіге-бағытталған бағдарламалау негіздері. Сілтемелік типтермен жұмыстың негізгі қабылдаулары. Объектілерді құру және жою. Қоқысты автоматты жинаушы. Мұрагерлік. Интерфейстер. Аттар кеңістігі және компоненттер. Операторлар және оқиғалар. Қасиеттер және индексаторлар. Қасиеттер және атрибуттар.

Күтілетін нәтижелер: басқару элементтерін өңдеу кезінде С# тілінде бағдарламалаудың тәжірибелік дағдыларын игеру, клиенттік және серверлік қосымшаларды құру.
Таңдау бойынша курс 4

«Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру»



Пререквизиттер: Информатика. Бағдарламалау технологиялары.

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау.

Мақсаты: тәжірибелік маңызды жүйелік тапсырмалар үшін қажетті бағдарламалық және технологиялық шешімдерін табу, жүзеге асыру құралдарын өз бетінше таңдай алатындай дәрежедегі қазіргі операциялық жүйелердегі жүйелік бағдарламалық компоненттерді өңдеу және түзету, конфигурациялау, жүйелік талдау аймағында студенттерді теориялық және тәжірибелік дайындау

Курстың қысқаша сипатталуы: Ресурс, үрдіс, модульділік ұстанымы, ұқсастықтар түсінігі. ОЖ UNIX негізгі жүйелік шақыртулары. Операциялық жүйелермен үзілістерді өңдеу. Басқару үрдістері мен ағындары(жіптер). Жадыны басқару үшін жүйелік құралдар. Тапсырмаларды жүргізу және құру құралдары. ОЖ түрлері. ОЖ Linux драйверін жүзеге асыру және жобалау. Көп танапты бағдарламалау. Желілердегі үрдістердің коммуникациясы.Үдерістердің жойылған шақыртулары. Visual C++ MFC Windows ортасында жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүзеге асыру құралы ретінде.

Күтілетін нәтижелер: операциялық жүйелердің классикалық негіздерін, олардың архитектурасын, оларды өңдеу кезінде қолданылатын алгоритмдер мен әдістерін білу; қазіргі ОЖ меңгеру.

«Операциялық жүйелер»

Пререквизиттер: Информатика.

Постреквизиттер: Есептік жүйелер мен желілерді ұйымдастыру. Компьютерные желілер.

Мақсаты: қолданылатын операциялық жүйенің жұмысындағы ақауларды баптауды, әкімшілендіруді, модернизация жасауды, орнатуды жоғары кәсіби деңгейде жасай алатындай етіп студенттерді үйрету. Бұл пән бойынша студенттер үнемі өз біліктілігін, заманауи ақпараттық технологиялардың даму тенденциялары мен бағыттарын білу.

Курстың қысқаша мазмұны: Опреациялық жүйелердің жіктелуі. Қолданушылары быр ОЖ интерфейсі. Бағдарламаның жүктелуі. Үрдістердің ұйымдастырылуы. Үрдістерді басқару. Енгізу-шығаруды басқару. Файлдық жүйе. Жадты басқару. Сегментті және парақтық виртуалды жад. Бағдарламаларды басқару. ОЖ сүйемелдеу. Телекоммуникациялық қатынауды басқару. Қеталіктерді өңдеу және болдырмау. Қауіпсіздік.

Күтілетін нәтижелер: пәнді оқыту барысында операциялық жүйелер жөніндегі білімдерді игеру, опреациялық жүйелердің тағайындалуын, құрастыру, қолдану принциптерін меңгереді. Тәжірибе жүзінде қойылған есептерді шешуге арналған опреациялық жүйелерді жоғары кәсибе деңгейде қолдану.

Таңдау бойынша курс 5

«Жүйелік талдау және амалдарды зерттеу»

Пререквизиттер: Математикалық талдау

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Корпоративті ақпараттық жүйелер. Компьютерлік модельдеу негіздері

Мақсаты: жүйелік талдау және амалдарды зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздерін игеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жүйелік талдаудың негізгі түсініктері мен кезеңдері, оқытылып жатқан үрдіс пен құбылыстың қалыптасуы. Математикалық модельдердің жіктелуі. Модельдер параметрін бағалау әдістері. Сызықтық және сызықтық емес бағдарламалаудың тапсырмалары.Ойындар теориясының элементтері. Сызықтық және сызықтық емес модельдер. Желілік модельдер. Модельдердің ықтималдықтары. Жалпы қызмет көрсету теориясының модельдері. Сараптамалар және шешімдерді қабылдаудың формальды емес үдерістері. Оңтайлы басқару теориясының тапсырмалары мен әдістері

Күтілетін нәтижелер: студенттер тәжірибеде математикалық әдістерді қолданудың тәжірибелік дағдыларымен игерілуі тиіс.
«Эконометрика»

Пререквизиттер: Математикалық талдау. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика.

Постреквизиттер: Компьютерлік модельдеу негіздері

Мақсаты: ЭЕМ және математикалық статистика аппаратын пайдаланумен экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі ретіндегі эконометриканы меңгеру.

Курстың қысқаша сиаптталуы: ЭЕМ және математикалық статистика аппаратын пайдаланумен экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі ретіндегі эконометрика; өндірістік функциялар, олардың параметрлерді бағалау әдістері; Бір уақыттық эконометрикалық теңдеулер жүйесі; ең кіші квадраттардың қосымша, екі және үш қадамды әдістерінің көмегімен теңдеулер жүйесінің параметрлерін бағалау; эконометрикалық теңдеулер мен модельдердегі гипотезаларды тексеру; экономикалық модельдер және өндірістік функциялар негізінде болжау.

Күтілетін нәтижелер:эконометрика көмегімен экономикалық құбылыстарды зерттеу аймағындағы құзыреттіліктер.

Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет