Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»



жүктеу 0.6 Mb.
бет3/4
Дата13.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

Таңдау бойынша курс 1

«Басқару модельдері және амалдары»

Пререквизиттер: Жүйелік талдау және амалдарды зерттеу. Математикалық талдау.

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: ақпараттық жүйелерді зерттеу, жобалау және қолдану барысында компьютерлік моделдеу технологияларын және әдістерін меңгеру.

Курстың қысқаша мазмұны: «Басқарудың моделдері мен әдістері» пәніне кіріспе. Экономикалық құбылыстарды зерттеудің жүйелік тәсілі. Тиәмділік тапсырмаларының математикалық әдістері және негізгі класстары. Сызықты және бүтін санды бағдарламалау. Сызықты емес бағдарламалау. Шешім қабылдаудың ойын әдістері. Желілік жоспарлау және басқарудың негіздері. Көпшілікке қызмет ету жүйелерін моделдеу.

Күтілетін нәтижелер: студенттер моделдер және басқару моделдері жонінде білім алу, моделдердің типті класстарын және күрделі жүйелерді моделдеу әдістерін білу, басқарудың моделдері мен әдістері кәсіпорындарда және түрлі экономикалық ұйымдарда қолдана білу
«Компьютерлік модельдеу негіздері»

Пререквизиттер: Жүйелік талдау және амалдарды талдау. Дискретті математика.

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: зерттеулер барысында компьютерлік модельдеу әдісі мен технологиясын, теориясын игеру, ақпараттық жүйелерді жобалау және қолдану.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Компьютерлік модельдеу негіздері» пәніне кіріспе. Монте-Карло әдісі. Кездейсоқ оқиғаларды модельдеу. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеу. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Кездейсоқ үрдістерді жобалау. Ағындар оқиғаларын модельдеу. Кездейсоқ заңдылықтар идентификациясы. Компьютерлік модельдеуді ұйымдастыру. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу. Экономико-ұйымдастырушылық жүйелерін компьютерлік модельдеу.

Күтілетін нәтижелер: студенттер компьютерлік модельдеу негіздері аймағындағы білімдерді игеруі тиіс, типтік кластар моделі мен күрделі жүйелерді модельдеу әдістерін білу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау және жобалау, зерттеу кезінде жүйелік тәсілді қолдана білу, модельдеуші алгоритмдерді өңдеу және оларды алгоритмдік тілдерді пайдаланумен іске асыру.
Таңдау бойынша курс 2

«Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруды сертификаттау»

Пререквизиттер: Информатика.

Постреквизиттер: Бағдарламалық құралдарды жобалау. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Ақпараттық жүйелерді жобалау. Есептік желілер мен жүйелерді ұйымдастыру.

Мақсаты: студенттерді стандарттау және сертификаттау ұғымдарымен, аппараттық және бағдарламалық құралдардың сапасын бағалау әдістерімен таныстыру, студенттерде сертификаттау мәнісі, түрлері, сызбалары, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруларға тәжірибе жүргізудің сертификациялық ерекшеліктері жөнінде білімдерді қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сертификаттау: мақсаты, міндеттері және жұмыстарды ұйымдастыру. Сертификация принциптері мен тәжірибесі. ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Халықаралық стандарттар және стандарттау бойынша ұйымдар. Бағдарламалауды стандарттау. Бағдарламалық құжаттамалардың бірегей жүйесі. Бағдарламалық кешендер мен бағдарламалау тілдерін құрастыруды стандарттау. Ашық жүйелердің өзара байланысы – базалық стандарттар. TCP/IP сипаттамасы. TCP/IP архитектурасы. Сертификаттаудың ұйымдастырушылық – құқықтық мәселелері. АЖ құраушыларын және бағдарламалық кешендерге сынау жүргізу. Ақпарат қауіпсіздігінің нормативті жабдықталуы.

Деректер базаларының сертификациясы. Деректермен алмасу форматтарын стандарттау. Деректермен алмасу . Деректерге қатынау. Деректерді басқару.



Күтілетін нәтижелер: студенттер сертификаттау мәнісі, түрлері, сызбалары, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруларға тәжірибе жүргізудің сертификациялық ерекшеліктері жөнінде толық хабардар болуы қажет.
«Бағдарламалық құралдар мен ақпараттық тиехнологияларды құрастыруды стандарттау»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Бағдарламалыққ құралдарды жобалау

Мақсаты: бағдарламалық қамсыздандыруларды өз бетімен жобалауды, бағдарламалық стандартизацияларын және аппараттық жобалауды білу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Автоматтандырудың жоғары дәрежесінде басқарылатын қолданбалы бағдарламалар. Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалауды ұйымдастыру. Интелектуалды бағдарламалық қамсыздандырудың негізгі бағыттар. Бағдарламалық қамсыздандыруды құрастырудағы стандарттау және метрология. Ақпараттық технологияларды стандарттау. Бағдарламалық және ақпараттық камсыздандырудың сапалық және сандық сипаттамаларын бағалау. Бағдарламалық құралдардың тиімділігін бағалау. Бағдарламалық қамсыздандыру сертификаттау.

Күтілетін нәтижелер: бағдарламалық қамтамасыздандыру саласында, ақпараттық технологияларды жабдықтау және бағдарламалық, аппараттық құралдарды стандарттау бойынша компетенцияларды игеру.
Таңдау бойынша курс 3

«Бағдарламалық қамтамасыздандырудың сапасын басқару»

Пререквизиттер: Бағдарламалау технологиясы

Постреквизиттер: Net платформада жүйелерді құру технологиясы

Мақсаты: студенттерде басқарудың заманауи концепциясы ретінде сапаны басқару туралы тұтастай түсінік қалыптастыру, сонымен қатар отандық ұйымдар мен кәсіпорындарда қызмет көрсету, жұмыстар, өнімдердің сапасын басқару аймағында дағдыларға иелену

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сапаны басқарудың методологиясы және терминологиясы. Сапаны басқарудағы квалиметрия. Сапаны басқаруда желілік амал. Сапаны басқару әдістері. Сапаны басқаруды стандарттау және метрологиясы. Кәсіпорында сапаны басқару жүйесін құру. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру.

Күтілетін нәтижелер: бағдарламалық қамтамасыздандыруды жобалаудың сапасын басқару аймағындағы білімдер

«Бағдарламалық қамтамасыздандыруды тестілеу»

Пререквизиттер: Информатика. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

Постреквизиттер: Ақпараттық технологиялар

Мақсаты: құрылымдық объектіге-бағытталған бағдарламалау кезінде студенттерді бағдарламалық қамтамасыздандыруды тестілеудің негізгі түрлерімен және амалдарымен таныстыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Заманауи бағдарламалық инженерияның проблемалары және перспективалары. Бағдарламалаудың түрлі әдістері: «төменнен-жоғары», «жоғарыдан-төмен» (құрылымдық амал), объектілі-бағытталған. Құрылатын БҚ сапасы мен тестілеудің байланысы. Тестілердің типтері және БҚ құруда олардың рөлі. Қателерді құжаттау және талдау. Тестілерді құру. Тестілерді құру мысалдары.Тестіленетін БҚ тестілеу деңгейін бағалау. Құрылымдық тестілу критерилері. Бағдарламаның басқарушы графын құру. Функционалдфқ тестілеу. Циклдерді тестілеу. Деректер ағынын тестілеу. Транзакцияларды тестілеу. Жақсы тестінің сипаттамалары. Жүктеу сынаулары. Деректер базаларын тестілеу. Интерфейсті құру стандарттары, бағдарлама интерфейстерін құруда кездесетін қателер мысалдары.

Күтілетін нәтижелер: БҚ қолмен және автоматтандырылған тестілеу әдістерін меңгеру, қарапайым және күрделі ақпараттық жүйелерді құруда тестілердің тиімді жиынын құру.
Таңдау бойынша курс 4

«Ақпараттық жүйелердегі әкімшілік»

Пререквизиттер: Информатика.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Компьютерлік желілер.

Мақсаты: басқару жүйелерінде ақпараттық процесстердің даму тенденцияларын сипаттайтын теориялық және практикалық мәліметтермен таныстыру; АЖ әкімшілік басқару негіздерімен; АЖ әкімшілік басқару тапсырмаларымен таныстыру; студенттерді әкімшілендіру дағдыларының әдістерімен және құралдарымен таныстыру; ақпаратты АЖ-ге жіберу процестерін қорғау әдістерімен таныстыру, қолданушыларды басқару, желілік қызметтерді, дисктерді, баспа қызметін басқаруды меңшеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әкімшілендіру функциялары, процедуралары және қызметі. Әкімшілендіру объектілері. Бағдарламалық структура. Әкімшілендіру әдістері. Конфигурация, сиапттамаларды бақылау, қателік жағдайлар, есеп және қауіпсіздікті басқару қызметтері; ортақ пайдалануды басқару қызметтері; интеллектуалды қызметтер; ақпаратты тіркеу, жинау және өңдеу қызметтері; жобалау және жоспарлау қызметтері; ақпараттық жүйелер эксплуатациясы; АЖ инсталляциясы. Оперативті басқару және регламенттік жұмыстар; техникалық басқару және қызмет көрсету; әкімшілендірудің аппараттық-бағдарламалық платформалары;

Күтілетін нәтижелер: студенттер техникалық құралдарды жедел басқарып, қызмет көрсете білулері қажет; әкімшілендірудің аппараттық-бағдарламалық платформалары; әкімшілендірудің ақпараттық жүйелері; әкімшілендірудің деректер базаларын меңгеру; әкімшілендіру жүйелерінде бағдарламалай білулері қажет
«Компьютерлік жүйелер интерфейстері»

Пререквизиттер: Информатика.

Постреквизиттер: Бағдарламалық құралдарды жобалау. Компьютерлік желілер.

Мақсаты: заманауи бағдарламалық-аппараттық және компьютерлік жұйелердің ұйымдастырушылық процестерін және интерфейстерін жобалауды зерттеу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Интерфейстер туралы жалпы мағлұматтар. Классификация. Адамның есептік ортамен өзара қатынасы үшін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаттары мен тапсырмалары. Компьютерлік желіллерде адамның рөлі. WIMP компонентінің негізіндегі қолданушылық интерфейстердің түрлері. GUI,WUI,HUIқолданушылық интерфейстер, енгізу-шығару интерфейсі. Графикалық құрылғылар интерфейсі. Кіші компьютерлік жүйелердің интерфейсі. Музыкалық құрылғылардың интерфейсі. Қолданушы интерфейсі, интерфейстерді енгізу-шығару интерфейсі. Өзара қатынау интерфейсінің түсінігі және жобалау принциптері.

Күтілетін нәтижелер: студенттер компьютерлік жүйелердің интерфейстерін жобалау негіздері, адами-машиналық, аппараттық-бағдарламалық жүйелерді диалогтық сұраныстарды құру принциптері, мәжбүрлеу және автоматтандырылған орындау негізінде интерфейстік кешендерді құрудың логикалық схемаларының әдістері жайында білімдері болу қажет.
Таңдау бойынша курс 5

«Ақпараттық жүйелердің сенімділігі»

Пререквизиттер: Информатика. Математикалық талдау

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.

Мақсаты: мәліметтердің аналитикалық тізімдерін, зерттелетін мәліметтердің құрылымдық-аналитикалық және статистикалық талдауын құру саласындағы білімдерге ие болу, нақты экономикалық жағдайларды модельдеу кезіндегі тәсілдер мен әдістерді пайдалану дағдыларын алу және мәліметтерді талдаудан алынған нәтижелерді бағалай білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық ақпараттарды өңдеу мен талдау әдістері. Электронды кестелердің көмегімен мәліметтерді талдау. мәліметтер қорын сүзгіден өткізуді пайдалану жолымен бизнес-талдау. кестелерді пайдаланудың ақпараттық технологиялары. Жиын кестелердің көмегімен мәліметтерді талдау. графиктерді құру және мәліметтерді талдау үшін сызықты емес теңдеулерді шешу. Статистикалық функцияларды пайдалану және болжам жасаудың ақпараттық технологиясы. Мәліметтерді талдау үшін шешімдерді іздеу.

Күтілетін нәтижелер: зерттелетін мәліметтерді талдаудың әдістері мен модельдері саласындағы құзырлар, мәліметтерді талдау үшін графиктер құру және сызықтық емес теңдеулерді шешу, электронды кестелер ортасында жұмыс жасау.

«Микропроцессорлық техника»

Пререквизиттер: Дискретті математика. Информатика. Электр тізбектірінің теориясы .

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Есептеуіш жүйелерді және желілерді ұйымдастыру.

Мақсаты: микропроцессорлық техниканың құрылымы және негізгі түсініктері жөнінде білім қалыптастыру, электрлі және электронды аппараттарды құруда қолдану үшін микропроцессорлардың математикалық қамтамасыз ету тәсілдерін қалыптасытру; түрлі құрылымдарды модельдеу және оларға түсетін үрдістерді талдауға мүмкіндік беретін маематикалық қамтамасыз етумен танысу.

Курстың қысқаша мазмұны: Микропроцессорлық техниканың негізгі түсініктері. Микропроцессорлық жүйенің құрылымы. ОП архитектурасының негізгі типтері. Арифметикалық бұйрықтары. Цифрлық регуляторлардың бағдарламалық іске асырылуы. Стек және бағдарламалар асты жұмысының басқару және жіберу бұйрықтары. Логикалық командалар. Логикалық контроллерлар және дискретті басқару автоматтарының бағдарламалық іске асырылуы. Бағдарламалардың құрылымдары және модульдік бағдарламалау. Макроқұралдар. Процессор бұйрық жүйелерін оңтайландыру. MATLAB бағдарламасын меңгеру. MATLAB математикалы аймағынмен танысу. MATLAB аймағында модельдеу.

Күтілетін нәтижелер: микропроцессорлардың, микропроцессорлық жүйелердің, микропроцессорлық жүйелердің аппаратты бөлігін жобалау, баңдарламалық қамтамасыздандыру өнімі, цифрлық құрылғылардың типтік құрылымдары, ДК-дің қолданбалы бағдарламлар ортасындағы электромеханикалық жүйелерді
Таңдау бойынша курс 6

«Компьютерлік графика»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: ЭАЖ жаңа технологиялар. Ақпараттық технологиялар

Мақсаты: объектілер арасында ақпараттық байланыс, деректерді өңдеу көрсетілетін үрдістерді толығымен қабылдау, көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдануға студенттерді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Компьютерлік графика түрлері, түсініктері. Растрлық графика. Векторлық графика. Фрактальды графика. Үш өлшемді графиканың негізгі түсініктері. Графикалық деректердің көрсетілімдері: форматтар, түсті сипаттау тәсілдері, түстік палитра, түсті басқару жүйелері. Растрлық графикамен жұмыс істеу үшін арналған құралдар. Векторлық графикамен жұмыс істеу үшін арналған құралдар. Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Corel Draw, 3D MAX графикалық редакторлары.

Күілетін нәтижелер: объектілер арасында ақпараттық байланыс, деректерді өңдеу көрсетілетін үрдістерді толығымен қабылдау, көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдануға студенттерді үйрету.
«Инженерлік графика»

Пререквизиты: Сызу (Мектеп курсы)

Постреквизиты: Ақпараттық технологиялар.

Мақсаты: студенттердін графикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, практикада графикалық білімдерін дүрыс қолдана білуге дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Осы пәнді оқу процесінде студенттер сызу геометрисы мен инженерлік графиканың негізін білу қажет. Графика, жобалау экскиз жасау деген түсінікті толығымен түсініп білу жәнеде жоба суреттеу график салу білу керек. Студентерді графикалық жұмыстар арқылы келістікте ойлау қаблеттер қалыптастыру. Графикалық жұмыстарға байланысты бекітілген конструкторлық құжатамалардың бірінғай жүйесіндегі ережелерді дұрыс пайдалануға дағдылардыру. Студенттердің графикалық жұмыстарды оқу сызба жүмыстарын сыза білу дағдылардын қалыптастыру. Инженерлік графика бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүргізу үшін білімдерін жетілдіруді, кәсіби білімдерін толықтыруды қажет ету.

Күтілетін нәтижелер: Проекциялау әдістері. Нүктенің проекциясы. Түзулердің проекциялары Жазықтықтардың проекциялары. Беттердің проекциялары. Беттерді дербес жағыдайдағы жазықты қтар мен қию. Беттердің өзара қйылысулары. Аксонометриялық проекциялар. Сызықтар, әріптер, сызбадағы тіліктер мен қималардың белгіленуі. Өлшемдерді қондыру. Көрністер, тіліктер, қималар және шығарма элементтері. Бұйымнын түрлері және конструкторлық қүжаттамалар түрлері. Құрастыру сызбасы. Ажырамалы қосылыстар. Эскиздер.
Таңдау бойынша курс 7

«Деректер базалары»

Пререквизиттер: Информатика.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. Ақпараттық технологиялар. ЭАЖ-дегі жаңа технологиялар.

Мақсаты: деректер базаларын жобалау және қызмет көрсету аймақтарында теория және практика негіздерін оқу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Деректер базалары және деректер банкі түсініктері. ДБ өмірлік циклі.ДБ жобалау кезеңдері. Деректер модельдері. Объектілі-бағытталған ДБ. Таратылған ДБ. ДБ процестерді өңдеуді ұйымдастыру. Тұтастықты шектеу. Транзакцияны жедел өідеу технологиясы. Ақпараттық қоймалар. OLAP – технологиялар. Деректер қоймаларын басқару.

Күтілетін нәтижелер: студенттер ДБ негіздері және құрылу принциптері, заманауи ДББЖ қолдану, деректер базаларын жобалауда практикалық білімдер алуы қажет
«Реттелген деректер базалары және деректер қорлары»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мақсаты: таратылған ақпараттық жүйелерді жобалау және жүзеге асыру мүмкіндіктері

Курстың қысқаша сипаттамасы: Таратылған амалдың архитектурасы және принциптері. Таратылған деректер базалары негізінде талаптар және критериилер. Деректерді көпөлшемді ұсыну. OLAP және OLTP технологиялары. ТДБ физикалық моделі. ТДБ логи калық моделі. Таратлыған жүйелердің базалық нысандық архитектуралары. Таратылған ДББЖ. MS SQL Server және ORACLE- Server ДББЖ

Күтілетін нәтижелер: іскерлік корпоративтік бағдарламалаудың тәжірибелік дағдыларын иелену, гетерогенді амалдық орталарда (MS Windows, Linux) тиімді жұмыс жасайтын, «клиент-сервер» типіндегі таратылған жүйелерді жобалау
Таңдау бойынша курс 8

«Объектілі-бағытталған бағдарламалау (Java)»

Пререквизиттер: Алгоритмизация және бағдарламалау негіздері

Постреквизиттер: WEB-технологиялар

Мақсаты: объектілі технологиялар негізінде бағдарламалық жүйелердің инженериясын зерттеу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Объектілі-баңытталған бағдарламалуға кіріспе. Java тілінде бағдарламалау негіздері. Java тілінің синтаксисі. Қолданушының графикалық интерфейсі. Апплеттер. Сервлеттер. Технология Java Server Pages (JSP). Желілік мүмкіндіктер. Деректер базаларына қатынау. Технология JavaBeans. Java тілінің үздік технологияларын қарастыру

Күтілетін нәтижелер: Java объектілі-баңытталған бағдарламалау тілдерінің бірінде бағдарламалық қосымшаларды құру негіздерін меңгеру
«Бағдарламалық инженерия негіздері»

Пререквизиттер: Бағдарламалау технологиясы

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. .NET платформасындағы жүйелер технологиясы

Мақсаты: бағдарламалық инженерияны БҚ (CMMI, MSF, Scrum) түрлі әдістемелік жобалары, үрдіс концепциясына жұмылдырып толық баяндама түрінде ұсыну, үрдістің жеке қызмет түрлеріне – архитектураны құруға,конфигурацияланған басқару, талаптармен жұмыс, тестілеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Зерттеу пәні туралы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру үрдісі. Жұмыс өнімі, міндеттер пәні, жоба. БҚ архитектурасы. Талаптарды басқару. Конфигурацияланған басқару. Тестілеу. Біліммен жұмыс жасаудағы диаграммалық техникалар. MSF. CMMI. Жобалаудың "иілгіш" (agile) әдістері. Microsoft Visual Studio Team System (VSTS) технологиясына кіріспе. VSTS: жұмыс элементтерін басқару (Work Items). VSTS: конфигурацияланған басқару. VSTS: тестілеу. VSTS: үрдістің түрлі моделдерін қолдау

Күтілетін нәтижелер: материалды дайындау және зерттеу барысында ақпаратты-іздеу қызметін жүзеге асыру, тәжірбелік тапсырманы орындау кезінде талдау қабілеттіктерін иемдену, бағдарламалық қамтамасыздандыру архитектурасын білу, VSTS технологиясын тестілеу

Таңдау бойынша курс 9

«Жоғары деңгейлі тілде бағдарламалау»

Пререквизиттер: Бағдарламалау технологиясы. С# негіздері.

Постреквизиттер: Net платформада жүйелерді жобалау технологиясы

Мақсаты: C# тілінде бағдарламалау негіздерін зерттеу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бастапқы мәліметтер. Тіл құрамы және деректер типтері. Айнымалылар, амалдар, мәндер. Қарапайым енгізу-шығару. Басқарушы операторлар. Класстар: негізгі түсініктер. Массивтер, символдар және жолдар. Класстардың мұрагерлігі. Интерфейстер. Контейнерлік класстар. Делегаттар және оқиғалар

Күтілетін нәтижелер: студенттер пәнді зерттеу үрдісі кезінде Visual Studio 2010 бағдарламалау ортасында бағдарламалық қосымшаларды құрудың практикалық негіздерін меңгеруі тиіс
«Ақпараттық алмасу тілдері»

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Интернет-технологиялар

Мақсаты: XML тілінде бағдарламалаудың практикалық негіздерін иелену

Курстың қысқаша сипаттамасы: Разметка тілдері. XML Синтаксисі. Құжат типін анықтау. XML және деректерді модельдеу. Құжаттың объектілік моделі. Атаулар кеңістігі және схемалар. Байланыстар және сұраныстар. XML құжатының транформациясы. XML құжаттарының дизайны. Web-қызметтің негізгі түсініктері.

Күтілетін нәтижелер: XML тілінде бағдарламалаудың практикалық негіздеріне ие болу.
Таңдау бойынша курс 10

«Бағдарламалық құралдарды жобалау»

Пререквизиттер: Бағдарламалау технологиясы. Бағдарламалық инженерия негіздері. Бағдарламаларды өңдеудің инструменталды құралдары.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар. NET платформаларда жүйелерді жобалау технологиялары. Ақпараттық жүйелерде білімді көрсету.

Мақсаты: бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрудың методологиялық негіздерін зерттеу, осы технологияларды қандай-да бір функционалдық аймақта АЖ БҚ қолдану

Курстың қысқаша сипаттамасы: БҚ жобалау өмірлік циклы. Модель RUP/ Объектілі-бағытталған бағдарламалау және UML тілі: БҚ жоблауда объектілік тәсіл. Құрылымдық модельдеу. Қимылды модельдеу. Архитектуралық қимыл. Стандартты құрылымды-қызметтік модельдеуге негізделетін бағлдарламалау: БҚ жобалауды құрылымдық амал. Функционалдық модельдеу. Имитациялық модельдеу. БҚ реинженирингі және рефокторингі

Күтілетін нәтижелер: объектілі-бағытталған модельдеу тілін қолданумен мақсатқа бағытталған амалға сәйкес, бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру компетенциялары

«Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары»

Пререквизиттер: Информатика. Алгоритмдер және бағдарламалау негіздері.. Бағдарламалау технологиялары. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруды сертификаттау. С# негіздері. Жүйелік бағдарламалау.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау. ЭАЖ жаңа технологиялар. .NET платформада жүйе құру технологиясы

Мақсаты: бағдарламалық құралдар аясында теориялық білім алу және Visual Studio 2010 визуалды бағдарламалау интегралданған ортасында бағдарламалық қосымша құруды үйрену

Курстың қысқаша сипаттамасы: Объектіге бағытталған бағдарламалау негізі. Visual Studio 2010 бағдарламалау ортасына шолу. Windows Forms қосымшасын құру. С# деректер типі. формулалар, нұсқаулар және бөлгіштер. Бағдарламаның тармақталуы. Циклды операторлар. Массивтер. Жолдармен жұмыс. Класстар. Файлдармен жұмыс. Деректер базасымен жұмыс. Графикамен жұмыс.

Күтілетін нәтижелер: студенттер Visual Studio 2010 ортасында C# бағдарламалау тілінде бағдарламалық қосымшалар құру тәжірибесін үйрену.
Таңдау бойынша курс 11

«Мобильді қосымшаларды құрастыру негіздері».

Пререквизиттер: Информатика. Операциялық жүйелер. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Постреквизиты: Internet – технологиялар. Ақпараттық жүйелерді жобалау.

Мақсаты: мобильді құрастыру саласында (мобильді қосымшаларды бағдарламалау және жобалау негіздері) жұмыс жасау үшін білімдерді игеру, қолданушылық интерфейстер мен қызметтерді жасау бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Технологиялық және жүйелік стек.ОЖ базалық модульдері. Android ОЖ артықшылықтары мен кемшіліктері. Басқа да мобильді ОЖ салыстыру. Android-тегі қосымшалардың басқа веб – және күнделікті қажетті Java қосымшаларынан айырмашылығы. Құрастыру ортасын баптау. Қолданушылық қосымшалардың белгілерінің элементтері. Мәзірді қолдану. Дабыл. Сенсорларды басқару. Желілік қосылуды басқару. Құрылғы жөнінде ақпарат алу. СМС – хаттарды жәберу және қаьылдау қызметі. Bluetooth/Wi-Fi хаттамаларын қолдау. Wi-Fi Direct арқылы шлюз орнату.

Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу нәтижесінде студенттер жоғары деңгейлі тілде мобильді қосымшаларды құрастырудың тәжірибелік дағдыларын игеруі тиіс.
«Мобильді есептеуіш желілер және олардың бағдарламалық қамтамасыздануы»

Пререквизиттер: Информатика. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді жобалау.

Мақсаты:

Курстың қысқаша сипаттамасы: Операциялық жүйелердің жіктелуі. iOS/iPhone бағдарламалау. Objective-C. SWIFT бағдарламалау тілі. Android бағдарламалау. Eclipse және SDK Tools құрастыру ортасын орнату және баптау. Android үшін қосымшаларды тұрғызу негіздері. Android және MVC. Activity өмірлік циклі. Android қосымшалард отладкасы. UI – фрагменттері мен FragmentManager. SQlite. PhoneGap және жергілікті деректер базалары. Қауіпсіздік.

Күтілетін нәтижелер:: XML тілінде баңдарламалаудың тәжірибедік дағдыларын қалыптастыру.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР




Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Дәріскердің аты-жөні

Кред.саны

Семестр







4 курс
















Таңдау бойынша курс 1










ПП



















AT 4306

Ақпараттық технологиялар

э.ғ.к., проф. Омарова Ш.Е. аға-оқыт. Молдабекова Б.К.

3

7





EAZhZhT 4306

ЭАЖ-дегі жаңа технологиялар

э.ғ.к., проф. Омарова Ш.Е. аға-оқыт. Молдабекова Б.К.

3







Таңдау бойынша курс 2













BK 4307

Білімдер қоры


т.ғ.д., проф. Тен Т.Л.,

аға-оқыт. Есмагамбетова М.М.




3

7





AZhBU 4307

Ақпараттық жүйелерде білімдерді ұсыну

проф., т.ғ.д. Тен Т.Л.,

аға-оқыт. Есмагамбетов Т.У.



3







Таңдау бойынша курс 3













AZhZh 4308

Ақпараттық жүйелерді жобалау

проф., т.ғ.д., Тен Т.Л., аға оқыт., Молдабекова Б.К.

3

7 (к/ж)




NPZhKT 4308

.NET платформаларда жүйелерді құру технологиялары

проф., т.ғ.д., Тен Т.Л., аға оқыт., Ибрагимова М.С.

3







Таңдау бойынша курс 4













IT

4309


Интернет технологиялар

доц., э.ғ.к. Тажбаев Н.М., доц., э.ғ.к. Аяжанов К.С.

3

7




WT 4309

Web технологиялар

доц., э.ғ.к. Тажбаев Н.М., доц., э.ғ.к. Аяжанов К.С.

3







Таңдау бойынша курс 5













EZhZhU 4310

Есептік желілер мен жүйелерді ұйымдастыру

аға-оқыт. Есмагамбетов Т.У., аға оқыт. Дюсекеев К.А.

3

7




KZh 4310

Компьютерлік желілер

аға-оқыт. Есмагамбетов Т.У., э.ғ.к., доц. Аяжанов К.С.

3







Таңдау бойынша курс 5













AKN 4311

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

аға-оқыт. Есмагамбетов Т.У., э.ғ.к., доц. Аяжанов К.С.

3

7

Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет