Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»



жүктеу 0.6 Mb.
бет4/4
Дата13.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4







AKAK 4311

Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

аға-оқыт. Есмагамбетов Т.У., э.ғ.к., доц. Аяжанов К.С.


3





Таңдау бойынша курс 1

«Ақпараттық технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. Деректер базалары. Компьютерлік графика

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: Ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері мен қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді жобалау мен оның жұмыс істеуін оңтайландыруға оларды қолдану бойынша білімдер қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасындағы дербес компьютерлерді, ішкі есептеу желілерін және ғаламдық жүйелерді пайдалануға негізделген ақпараттық технологиялар. Мәтіндік, графикалық, кестелік процессорларды қолдану. Мәліметтер қорларын, автоматтанды-рылған жұмыс орындарын ұйымдастыру. Сараптамалық жүйелер негізінде шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері. Ақпараттық технологиялар- әртүрлі предметтік салаларда (есепте, банктерде, статистикада, менеджментте, маркетингте және т.б.).

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық технологиялардың мазмұны мен құралдарын білу; ақпараттық жүйелерді оңтайландыру үшін ақпараттық технологиялардың құралдары мен негізгі модельдерін қолдана білу; ақпараттық жүйелерді құру мен модернизациялау кезінде интеллектуалдандырудың принциптерін және жүйелік тұрғыдан келуді пайдалану.
«ЭАЖ-дегі жаңа технологиялар»

Пререквизиттер: Деректер базалары. Басқарудың әдістері мен модельдері. Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: студенттерді ЭАЖ-ды пайдалану мәселелерімен, экономика аясының әртүрлі ұйымдарында ЭАЖ-ды ұйымдастыру мен пайдаланудың өзіндік ерешеліктерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: банктік, бухгалтерлік, салық, кеңсе және т.б. ақпараттық жүйелердегі жаңа технологияларды қолдану базасында экономикалық ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану.

Күтілетін нәтижелер: жаңа ақпараттық технологиялардың теориялық негіздерін игеру; ЭАЖ-дің ақпараттық, бағдарламалық және ұйымдық қамтамасыз етілуіне сипаттама бере білу; ЭАЖ-ді құрудың оңтайлы нұсқасын таңдау; нақты пәндік салаларда міндеттер қойылысының және қолданылатын бағдарламалық өнімдер ортасында оларды жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын пайдалану; қолданыстағы ЭАЖ-ді объектілердің нақты параметрлеріне бейімдей білу.
Таңдау бойынша курс 2

«Білімдер қоры»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық процесстер мен жүйелердің теориясы

Постреквизиттер: дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: студенттер білімдер аймағынмен байланысты теориялық және практикалық тапсырмаларды өз беітмен талдау үшін, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінде білімдер қорын құрудың теориялық және практикалық жұмыс жасау дағдыларына баулу

Курстың қысқаша сипаттамасы: Білімдер қорының жүйелері. Адам интеллекті және жасанды интеллект. Тапсырмалардың машиналық шешімі. Адам білімдерінің табиғаты. Білімдер, білімдер түрі. Декларативті және процедуралық білімдер. Білімдердің қолданылуы. Білімдер көзі. Сараптаушылар. Сараптау жүйелері: компоненттер, классификациялар, құру, құралдары. Жасанды интеллектіні қолданудың басқа да әдістері.

Күтілетін нәтижелер: студенттер пәнді зерттеу кезінде сараптау жүйелерінің құралдары мен әдістерін меңгеріп, сраптау жүйелері мен нейрондық жүйелерді құру тәсілдері мен негізгі түсініктері туралы мағлұматтарды иеленіп, кез-келген пәндік аймақта СЖ құрудың практикалық негіздерін құру
«АЖ-дегі білімдерді ұсыну»

Пререквизиттер: Техникалық кибернетика. Компьютерлік моделдеу негіздері. Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: білімді бейнелеудің заманауи әдістеріне жүйелік шолу жасау, сараптау жүйелерін құру принциптерін зерттеу және игеру, жасанды интеллект және шешімдер қабылдау жүйелерінің дамуының келешек бағыттарын қарастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: білімді бейнелеудің және қорытынды ережесінің логикалық моделі. Білімді бейнелеудің және қорытындыөңдеудің өнімділік моделі. Фреймдер. Семантикалық желілер. Білім алу техникасы. Сараптау жүйелері – автоматтандырылған білім беру жүйелерінің инструменттері. Ережелер, объектілер, сұраныс анықтамасы, редактор, процедуралық тіл, ережелер және объектілер компиляторы. Файлдармен жұмыс жасау құралдары. Объект түрлері. Процедуралық тіл операторлары. Жасанды интеллект тілдері. Анықталмаған көпшілік түсінігі. Windows ортасында сараптау жүйелерін жүзеге асыру

Күтілетін нәтижелер: білімді бейнелеу моделі аймағындағы құызрет, Windows ортасында сараптау жүйелерін жүзеге асыру
Таңдау бойынша курс 3

«Ақпараттық жүйелерді жобалау»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық үрдістер мен жүйелер теориясы. Бағдарламалау технологиясы. Басқару модельдері мен амалдары. Компьютерлік жүйелер архитектурасы. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалаудың теориялық және тәжірибелік негіздерін оқып үйрену, сондай-ақ әртүрлі әдістер мен инструменталды құралдарды пайдалану жолымен ЭАЖ-ды жобалау үдерісін ұйымдастыру мен басқарудың дағдыларын игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық жүйелер – жобалау объектісі ретінде. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың методологиялық принциптері. Ақпараттық жүйелердің өмірлік цикл модельдері. Функцияларды, үдерістерді, компоненттерді жобалау модельдері мен әдістері. Жобаны статистикалық және динамикалық бақылау модельдері мен әдістері. Ақпараттық жүйелерді макродеңгейде жобалау. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың инструменталды бағдарламалық құралдары. Жобаны басқарудың құралдары, тәсілдері мен әдістері.

Күтілетін нәтижелер: экономикалық ақпараттық жүйелердің архитектураларын, АЖ әдістерін білу; экономикалық құжаттамалар жүйесін жобалай білу; жобалаудың әртүрлі технологиялары шеңберінде экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері мен құралдарын игеру.
«.NET платформаларда жүйелерді құру технологиялары»

Пререквизиттер: Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары. Бағдарламалық құралдарды жобалау. С# негіздері.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: студенттерге заманауи ақпараттық технологиялар жөнінде мағлұматтар беру және оларды бағдарламалық қамтамасыздандыру құру барысында қолдануға үйрету

Курстың қысқаша сипаттамасы: Microsoft.Net платформасы. Rotos және Mono архитектураларына және мүмкіндіктеріне шолу. Phoenix. C#. Data Mining технологиялары. Web- қосымшаларды құрудың заманауи құралдары. XML Web Services. Кірістірілген операциялық жүйелер. Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды құру. Windows Vista операциялық жүйесінің технологиялары. Win FS жаңа файлдық жүйе. Ақпаратты қорғаудың заманауи технологиялары. Шаблондар негізінде ақпараттық жүйелер құру. Тестілеудің заманауи технологиялары

Күтілетін нәтижелер: түрлі қосымшаларды құру барысында қолданылатын бағдарламалық құралдарды құру тәсілдері, заманауи ақпараттық технологиялар туралы білу: қолданушының графикалық интерфейсі бар Windows қосымшалар, web – қосымшалар және түрлі құрылғыларға (кіріктірілген жүйелер, қалта компьютерлері және т.б.) арналған қосымшалар.
Таңдау бойынша курс 4

«Интернет технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық алмасу тілдері

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: Интернетті қызметтендіру және ұйымдастыру принциптерін, технологияларын игеру, Интернет ортасында қолдану үшін жобалау әдісімен оқу.

Курстың қысқаша мазмұны:Интернет- технология архитектурасы. HTML құжаттары гипертекстік тілі. WEB – сайт құру. XML тілінің кең қолданылуы. WEB парқтардың динамикалық көрсетілімі үшін қосымшалар құру. Порттық технологиялар. WEB – сайттардың айналымы. Қосымшалар арасында ақпаратты алмастыру.

Күтілетін нәтижелер: HTML, XML, PHP технология құралдарымен web қосымшалар құру негіздерін игеру.
«Web технологиялар»

Пререквизиттер: Информатика. Объектіге бағытталған бағдарламалау (Java)

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: Интернетті қызметтендіру және ұйымдастыру принциптерін, технологияларын игеру, Интернет ортасында қолдану үшін жобалау әдісімен оқу.

Курстың қысқаша мазмұны: Клиент – сервер архитектурасы. Интернетте ақпаратты жіберу. Түрлі деңгейдегі желілерде WEB - технологиялар. TCP/IP протоколдар стегі. Интернеттегі адресация. OSI моделінің қолданбалы деңгейінің хаттамалары. ТСР/IP қолданбалы деңгейінің хаттамалары. Telnet және NNTP хаттамалары. IP – телефония. HTML құжаттары гипертекстік тілі. Стильдердің каскадты кестелері (CSS). CGI технологиясы. Flash технологиясы. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау.

Күтілетін нәтижелер: web-технология негіздері бойынша білім жинау, , web-бағдарламалау, web-дизайн және т.б. web-жобалау принциптерінен хабардар болу, Web-ресурстар құрудан тәжірибе жинақтау.
Таңдау бойынша курс 5

«Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру»

Пререквизиттер: Информатика. Микропроцессорлық жүйелер. Компьютерлік жүйе архитектурасы.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: есептеуіш машиналарды ұйымдастыру ерекшеліктерін, ЭЕМ жүйелері мен желілерін меңгеру, жеке құрылғыларды құру принциптерін және олардың құру байланыстарын меңгеру.

Курстың қысқаша мазмұны: ЭЕМ есте сақтау құралдары. ЭЕМ желілерін ұйымдастыру. ЭЕМ функционалды түйіндері. ЭЕМ логикалық және есте сақтау элементтері. Операцияны жылдамдату әдістері. Бульдік алгебра негіздері. ФАЛ аналитикалық көрінісі. Ішкі есте құрылғыларын ұйымдастыру. Процессорлар. Процесс компоненттерінің өзара байланысы. Ақпаратты енгізуді және шығаруды ұйымдастыру. Ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларының тізімі және тағайындалуы.

Күтілетін нәтижелер: есептеуіш машиналарын ұйымдастыру құрылымы және принциптері аясында білім жинақтау. ЭЕМ желілерін және жүйе кешендерін, ЭЕМ арифметикалық, логикалық және схемотехникалық негіздерін игеру.
«Компьютерлік желілер»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелердің сенімділігі. Компьютерлік жүйе архитектурасы. Телекоммуникациялық жүйелер және технологиялар.

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: Компьютерлік желілерді қызметтендіру және ұйымдастыру принциптерін меңгеру, желілерде дербес компьютерлер жұмысының ерекшеліктерін меңгеру, заманауи компьютерлік технологиялармен және ақпаратты өңдеу, іздеу, сақтау, жіберу әдістерімен сондай ақ, локальды желілерде жұмыс жасаумен танысу.

Курстың қысқаша мазмұны: Желілер классификациясы. Ашық жүйелерді ұйымдастырудың моделі (модель OSI). TCP/IP стегі. TCP/IP хаттамалары. Компьютерлік желілердің ақпараттық желілері. Маршутизаторлар, шлюздер. Ethernet технологиялары. Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, Token Ring, FDDI және CDDI стандарттары. Глобальды желілерді құру және қызметтендіру технологиялары. Телефон желілері және оларды деректерді жіберуде қолдану. Х.25 желілері. Frame Relay желілері. TDM технологиялары. ATM желілері. Internet желілерін ұйымдасытыру. Желілік бағдарламаны қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер желімен жұмыс істеу ерекшеліктерін білуі қажет, ЛЕЖ, ГЕЖ хаттамалар, интернет,OSI моделінің негіздерін игеруі қажет.
Таңдау бойынша курс 6

«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттар теориясы

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау жүйелерін тәжірибеде қолдану және теориялық негіздерін меңгеру, студенттерді деректерді қорғауды жүзеге асыру құралдары, әдістері және принциптерімен жүйелі түрде таныстыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Ақпаратты қорғау. Ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік. Қауіпсіздіктің ақаулары мен қатерлерінің көздері. Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер. АЖ бағдарламалық және аппараттық платформаларын талдау. АЖ қауіпсіздік моделдері. Жүйені қорғауды және қауіпсіздікді тәжірибеде жүзеге асыру. Парольді жүйелер құру. Криптографиялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері. Шифрлеудің симметриялық және симметриялық емес жүйелері (ашық кілтті криптография). жалпы принциптер. Қорғалған ақпараттық жүйенің негізгі сипаттамалары. Ақпаратты қорғаудың нақты әдіснамалары. Ақпаратты қорғау шаралары. Қорғау үрдістерін тиімді басқару. Қорғау жүйесін бағалау. Желі бойынша жіберу кезіндегі қауіпсіздік. Компьютерлік вирустар және антивирустық бағдарламалар.

Күтілетін нәтижелер: студенттер тілдік жүйелердің ақпаратты-статистикалық сипаттамалары аясында білімді болулары керек, құпия жүйелердің математикалық әдістерін қолдана білу, мәтіндерді талдай білу, ақпаратты қорғау жүйелерін құру амалдарын қолдануда икемділікті қалыптастыру және дамыту.
«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау»

Пререквизиттер: Информатика. Ақпараттық жүйелердің сенімділігі

Постреквизиттер: Дипломдық жоба жазу барысында қолданылған материалдар.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау жүйелерін тәжірибеде қолдану және теориялық негіздерін меңгеру, студенттерді деректерді қорғауды жүзеге асыру құралдары, әдістері және принциптерімен жүйелі түрде таныстыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Ақпараттық енгізу, шығару,жіберу, өңдеу және сақтауды жүзеге асыру барысында ақпаратты қорғау. Ақпараттысақтау тапсырмаларын шешу үшін қажет қорғау элементтері мен объектілерін арналған анықтамалар. Деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінде ақпаратты сақтау құралдарын талдау. Ақпаратты қорғаудың тәжірибелік әдістері. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары. Рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғау. Ашық желілерде және БАЖ ақпараттарды қорғау. ТСР/IP протоколдары. Корпоративті желілерді қорғау. Компьютерлік вирустар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары. Шифрлеу алгоритмін бағдарламалық жүзеге асыру. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау құралдарын ұйымдастыру. ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары.

Күтілетін нәтижелер: студенттер ақпраттық қауіпсіздік негіздерін білулері керек, бағдарламалық құралды өзіндік қорғау, ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары, компьютерлік вирустар және антивирустық бағдарламалар секілді түсініктерді түсініп, парольдер қоя білулері керек.



Каталог: attachments -> article -> 4070
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В073200 «стандарттау, сертификаттау және метрология»
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> Рекомендации по формированию
4070 -> ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»
4070 -> 5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017
4070 -> Оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ Қарағанды – 2016-2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет