SCAT әуекомпаниясы салық төлемегендіктен, Қазақстанның оңтүстігіндегі аңшылық аймағынан айырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түркістан прокуратурасының мәліметінше, 2019 жылғы 13 желтоқсанда Түркістан облысының әкімдігі әуекомпаниясына аңшылық үшін 20 жылға жалға берілетін 4400 гектар орман алқаптарын бөлу туралы шешім қабылдаған.

"Келісімшарт жасасқаннан бері серіктестік жер телімін пайдаланғаны үшін салық төлемін жүргізбеген, облыстық табиғи ресурстар басқармасы учаскені мемлекет меншігіне қайтару мақсатында әуе компаниямен келісімшартты бұзды”, – деп хабарлады прокуратура.

  • "Ақшамды қайтармай, далада қалдырып кетті": Алматы тұрғыны SCAT әуекомпаниясы себепсіз бортқа мінгізбегеніне шағымданды
  • SCAT әуекомпаниясы ерекше қажеттілігі бар баланы бортқа мінгізбегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады

1997 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Шымкентте орналасқан SCAT әуекомпаниясы халықаралық және ішкі рейстерді орындайды. Ол 2018 жылдан бастап IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының толық мүшесі.

Ақпан айында Өскемен іргесіндегі орман алқаптары "БИПЭК Авто Қазақстан" компаниясынан алынатыны белгілі болды. Бұл аумақтардағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі сақталмағаны анықталды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.