Астанада қызды зорлады деген күдікке ілінгендерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қайғылы жағдайдың болғанын растады.

“Өкінштісі, бұл дерек тіркелді. Күдіктілер бірден ұсталды. Төрт күдікті де кәмелет жасқа толмаған. Қазір қылмыстық іс қозғалды”, – деді Ержан Сәденов. 

Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева болған жағдайға қатысты қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Бұл дерек 17 қаңтар күні 121-баптың 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қазір қызбен психолог жұмыс істеп жатыр”, – деп жазды Динара Закиева өзінің Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейік, елордадағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушылары 8-сынып оқушысын жабылып зорлғаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.