Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы ресейлік мұғалімдері туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровдың айтуынша, әлеуметтік желілерде Қазақстанда ресейлік мектептер салынатын болса, мұғалімдер де Ресейден келеді деген ақпарат тараған. 

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер ресейлік тараптың сайтына кірсеңіз, ақпарат жойылып кеткен. Бұл мектептердегі қызметкерлер тек Қазақстаннан болады. Онда ресейлік кадрлар, әсіресе мұғалімдер болмайды. Олар жай ғана мектеп салады", — деді ол брифингте.

Еске салсақ, сенатор ауылдарда психологиялық көмек көрсету жүйесі нашар дамығанын, сол себепті мәселелер уақытылы анықталмайтынын айтып, мектеп психологтарының жалақысын көбейтуді және олардың заңды мәртебесін көтеруді ұсынған. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.