Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д



жүктеу 107.26 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі107.26 Kb.

ӘОЖ 004.9:004.77
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ ҚҰЖАТАЙНАЛЫМЫН

БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРУ
Қазбеков Қ.Ж., Абдувалова А.Д.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазіргі күнгі нарықта мемлекеттік органдарда функциялары бір-біріне ұқсас электронды құжат айналымы жүйесі бар. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының сайты; www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы; http://koltanba.ucoz.ru/ – «Электрондық цифрлық қолтаңба» сайтындағы ақпараттық жүйелерді жатқызуға болады. Бұлардың барлығы да мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандырып, қағаз түріндегі құжат айналымын автоматтандыру үшін арналған. Олардың функциялары, логикасы, архитектурасы және ондағы ақпараттың сақталу форматтары да әр түрлі болғанмен, олардың барлығы тек бір ғана мақсатты жүзеге асырады.

Электронды құжат айналымы жүйесі (ЭҚАЖ) – аймақтық алыстатылған ақпараттық массивтер арасында телекоммуникация каналдары арқылы ақпараттарды беру үшін арналған программалық кешен [1].

Осы орайда электрондық үкіметтің сандық форматтағы мәліметтерді жинақтаудың, сақтаудың және басқарудың орталықтандырылған тиімді технологиясы ретінде «бұлтты» модельді қолдану болып табылады. Сол себепті еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық инновациялық жүйесін дамыту шеңберінде осы мәселеге қатысты, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Инвестициялық технологиялар саябағын» дамыту және «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, деректерді өңдеу орталығының базасында бұлтты концепциялардың: бұлтты платформа, деректерді сақтау жүйесі мен бизнестің бағдарламалық қамтамасыз етілуі қарастырылды.

Қазір ақпараттық технологияның дамыған ғасыры. Бұл саланың дамуы бүгінде бүкіл дүние жүзінде қарқын алып отыр. «Көзді ашып-жұмғанша жылдам» жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT-технология қолданысын кеңейту, әрине, заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамумен ілесіп, озық үлгілерін уақытында игеру, қолданысқа енгізу еліміз үшін де аса маңызды. Бұл саланың басты жетістіктерінің бірегейі «бұлтты технология» болып отыр.

«Бұлтты технология» жайында қазір көпшілік құлағдар болғанымен, оның нақты қолданысы елімізде әлі де бәсеңдеу сыңайлы. Негізінен «бұлтты технологияның» Қазақстанда қолданыла бастағанына көп бола қойған жоқ. Кейбір елдермен салыстырғанда бұл технология бізге кеш жетті. Соңғы 2-3 жылдың көлемінде ғана елімізде бұлтты-сервистер пайда болып, оны электронды құжат айналымы бағытында қолдана бастадық. 2011 ж. бастап «Қазақтелеком» АҚ-тан Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint бұлтты сервистері қолжетімді болды. Сондай-ақ, MyCloud жобасының бірнеше сервистері бар. Ал әлемдік IT рыногынан осы саланың алыбы «Microsoft»-тың Office-365 «бұлтты» сервисін, Ресейден Мегаплан, 1С сервистерін атап өтуге болады. Отандық «бұлтты» өнімдер мен сервистердің бізде әлі де болса кенжелеп дамуының өзіндік бірнеше себебі бар. Мұндай сервисті жасаудың өзіндік құны жоғары және ішкі рыноктағы ауқымы тар.

Бүкіләлемдік IT саласы қазіргі таңда серпінді дамуда. Күннен-күнге жаңа шешімдер, технологиялар, құралдар мен сервистер жасалуда. Әлем IT саласына жұмысты автоматтандыратын, болашағы зор инновациялық бағыт ретінде қарайды және сол арқылы елдер мен мемлекеттердің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді деп санайды. Бүгінде біздің мемлекетіміз де әлемдік IT- трендтерден тысқары қалған жоқ. Мысалы, электронды үкіметтің даму индексі бойынша әлемдік рейтингте 38-орынды алып отыр. Болашақта біздің отандық «бұлтты» өнімдер әлемдік рынокта бәсекелестікке жарамды болуы әбден мүмкін. Бірақ қазірше Қазақстанда «бұлтты» шешімдер өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Жаһанда бағдарламалық өнімдер мен қызметтерге деген сұраныс өте жоғары, өз елімізде IT-жасаушыларына сәйкесінше қолайлы жағдайлар жасайтын болсақ, интернет арқылы әлемнің кез келген тұтынушысына қолжетімді етіп, «бұлтты» шешімдер мен сервистерді жасауға инвестициялар санын өсіріп, IT-өнімнің бәсекелестік құнын арттыруды қамтамасыз етіледі.

«Бұлттық» технологияның негізгі концепциясы, кейде «бұлттық» есептеу деп аталады, Web-сервер құралдары арқылы ақпарат сақтап, өңдеу. Web-беттің басқару элементтері арқылы қолданушы мәліметтерді енгізіп, өңдей алады, сонымен бірге соңғы нәтижесін өз компьютеріне сақтай алуы 1-ші суретте көрсетілген.

Сурет 1. Бұлтты есептеудің жұмыс принципі


Бұлттық есептеу (ағыл. cloud computing) қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, мәлімет өткізетін желілерге, серверлерге, ақпарат сақтау құрылғыларына т.б., барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) қай жерде болмасын, әрі ыңғайлы қол жеткізуді (access) қамтамасыз ету моделі. Бұлттық есептеу технологиясы бойынша қажетті IT ресурстарды төменгі эксплуатациялық шығындармен қолдануға мүмкіндік береді [2].

Бұлттық технология тұтынушылары өздерінің ақпараттық инфрақұрылымына жұмсайтын шығындарын азайта отырып, есептегіш қажеттіліктерінің өзгеруіне иілімді есептеу (elastic computing) арқасында шапшаң жауап бере алады.

«Бұлтты» сервистің провайдерлері сервистің келесі мүмкіндіктерін ұсынады:


  • мәтіндік құжаттарды жасау және редакциялау мүмкіндігі;

  • математикалық кестелерді жасау және олармен жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • электронды презентацияларды жасау және көрсету;

  • қарапайым суреттерді жасау;

  • графикалық файлдарды редакциялау (фотосуреттерді);

  • қолдану мәліметтерінің резервтік көшірмесі үшін провайдердің дискилік кеңістігін қолдану;

  • Электронды пошта хабарламаларын жіберу және қабылдау;

«Бұлттық» сервис уәкілдері ретінде мыналарды көрсетуге болады: 

  • Google-дан GoogleDocs;

  • Microsoft корпорациясынан Office Web Apps;

  • Apple корпорациясынан iCloud;

  • Dropbox компаниясынан Dropbox;

  • Autodesk компаниясынан Pixlr;

Қазіргі кезде IT индустрияда негізгі төрт бағыт бар бұлар бұлт, қолданушылар ұтқырлығы, үлкен деректер (bigdata) және әлеуметтік жүйелер [3]. Бүгінгі таңда көптеген қосымшалар осы архитектурада орындалған.

Бұл архитектуралар барлық IT-ны дамытады - тапсырыс берушінің инфрақұрылым аумағында. Бұлттық есептеулер ақпараттық жүйе құру архитектурасының дамуының келесі адымы. Бұл әдістің үлкен артықшылықтары арқасында ақпараттық жүйелер жақын арада бұлтқа көшіріледі. Бұлттық есептеулер нарығындағы негізгі ойыншы-компаниялар арасында келесілерді атап өтуге болады: Google, Microsoft, Oracle Corporation, Cisco Systems, IBM, VMware, Amazon.com, Salesforce.com, Cloudscaling, OpenStack Foundation, Rackspace Hosting.

Негізгі сервистер Azure Services Platform, Coogle Apps Engine, Amazon Web Services, Fujitsu болып табылады.

Ереже бойынша «бұлтқа» осы күнге дейінгі бұл бағыттағы қандай-да жаңа технологиялардың көптеген санын жатқызады. Осыған байланысты бұлттық моделдер көрсететін сервистің негізі ерекше белгілерін формулалау маңызды:



  1. Өзін-өзі қызмет көрсету (сұрау бойынша көрсету).

  2. Жан-жақты және стандартталған желілк қажеттілілік.

  3. IT қорларды географиясынан тәуелсіз орналастыру.

  4. АТ-қорларының икемділігі (масштабтылығы).

  5. Орындалған месептеулер шығындарының жазылуы (биллинг).

«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:

Жеке бұлттар (private cloud) жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда – ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.

Ортақ бұлттар (public cloud) көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т.с.с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.

Қоғамдық бұлттар (community cloud) - ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым.

Аралас бұлттар (hybrid cloud) - екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.

Енді бұлттық есептеулерді ұсынушы сервис иелері мен тұтынушылар арасындағы қатынасқа тоқталып өтейік. Тұтынушыларға қызмет көрсету моделі мақсаты мен құрамына байланысты мынадай негізгі үш түрге бөлінеді (IaaS, PaaS, SaaS):



Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз – тұтынушы “бұлттарда орналасқан” бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі. Тұтынушы кез-келген жерден интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады. Бағдарламаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, және оған кететін шығындарды толығымен бұлт иелері өз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарнақы төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті бағдарламаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал бағдарлама құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.

Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз – тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал-жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде Web-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.

Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) – моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке тұлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі дегеніміз – тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі. Мұндай компьютерлік инфраортаға серверлер, мәлімет сақтау жүйелері, желілік құрылғылар, осы ресурстарды басқаруға арналған бағдарламалар, операциалық жүйелер және т.с.с кіреді.Бұл сервисті пайдаланған кәсіпорындар қымбат құралғылар мен бағдарламаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған инфраортаның құрамы мен пайдаланған уақытына ғана сәйкес қаражат төлейді. Мұндай модельді ұйымдастыру кезінде бұлт иелері виртуалдау технологиясын қолданады, яғни белгілі бір құралғылар мен бағдарламаларды виртуалды бөліктерге бөліп, бірнеше тұтынушыларға пайдалануға бөліп беруі мүмкін. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office бағдарламасын, «1С: Кәсіпорын» және кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.

SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) моделі шығып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен дайындалған стандартталған “виртуалды жұмыс орнын” ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған “виртуалды жұмыс орнын” өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады. SaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір бағдарлама ғана емес, бағдарламалар жиынтығымен жұмыс істеуіне мүмкіншілік ала алады.

Осыған ұқсас тағы бір (Workspace as a Service, қысқаша WaaS) деген де модель де кездесіп қалып жүр. Оның DaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы тек бағдарламамен жұмыс істеуге ғана мүмкіншілік алады да, ал барлық есептеулер тұтынушының өз копьютерінде жүргізіледі.

Тағы да бір аты аталып жүрген «Барлығы сервис ретінде» (Everything as a service, қысқаша EaaS) моделі жоғарыда аталған барлық қызмет көрсету модельдерінің элементтерінен құралады. Бірақ бұл модель қазір нақты істейтін қызмет емес, тек қана концепция болуы мүмкін. Осындай модельді жуық арада Microsoft, Google, HP т.с.с ірі гигант компаниялар ұсынуы мүмкін деген жорамалдар айтылуда.



Көріп отырғанымыздай бұлттық есептеулердің түрлері мен қызмет көрсету модельдері өте көп, солардың барлығы да бизнеске арналған. Соның ішінде қарапайым жеке тұлғаларға арналған SaaS түріндегі шешімдер қазір көптеп кездеседі. Енді бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталып өтейін. Олар:

  • үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • тұтынушы кез-келген жерден, кез-келген уақытта интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дерек көздерімен жұмыс істей алады;

  • тұтынушы компьютерлік құралғының осалдығына, немесе оның сынып бұзылуына, немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

  • тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • жеке компьютердегі бағдарламалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін, немесе бағалары айлық жарнақы ретінде өте арзан келеді;

  • кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді администрациялауға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • сонымен қоса сол бағдарламаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше алады.

Шет ел тәжірибесіне жүгінетін болсақ, үкіметтің электрондық құжатайналымына бұлттық сервистердің төмендегі облыстарына көп көңіл бөлінеді:

АТ-ның консолидациясы: Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін АТ –ның консолидациясының артықшылығын үкіметтік агентствалар біледі. Олар АТ-ны иелік етуде, өз серверін бұлт арқылы қызмет көрсету және виртуальдау жабдықталуының негізінде консолидациялау есебімен төмендетіп отыр. Құрал-жабдықтарының және энергияны пайдалану бағасын төмендету үшін мәліметтерді өңдеу орталығының (МӨО) консолидациясы да осы тәрізді жүреді.

Қолжетімді үлестірілген сервистер: Үкіметтік агенствалар шығындарды азайту үшін және үрдістің тиімділігін арттыру үшін қолжетімді үлестірілген АТ-сервистерді пайдалануға жүгінеді. Бірқатар негізіг федеральды бағдарламалар IaaS және SaaS шешімдері қажет ететін, жұмыс процесін жеңілдету, қызмет көрсетуде жеделдік пен ашықтықты қамтамасыз ету, белгілі бір жобалардың жүзеге асу барысының мониторингін жасау әрі оған бақылау жүргізетін заманауи сервистерді кеңейтілген мүмкіншіліктерін пайдалану қарастырылады. Нарықтың өзгеру шарттарына Үкіметтік бағдарламалар икемделуде.

Тұрғындарға қызмет көрсету: Барлық мемлекеттікжәне жергілікті агенттіктер тұрғындарға қызметтерін ұсынады. Мысалы, жеке адамдарға өз шығындарын есепке алу үшін энергия және суды тұтынуды қадағалауына мүмкіндік береді. Ашық үкіметтік ынталандыру (Open Government Initiative) ақпараттандырудың классикалық үлгісі болып табылады, ол арқылы хабарландыру тақтайшысы және үкіметтік ынталандыру туралы апробациялық карточка арқылы тұрғындарға қолдау жасалады.

Қорыта кеткенде қазіргі жаңа технологиялардың күннен-күнге дамып жатқан уақытында «бұлттық есептеулер» ең қажетті сервис екені айдан анық. Google секілді гиганттар осындай бағдарламалар мен сервистерді пайдалануға бізді итермелеуде. Оның үстіне соңғы кезде үрдіс алып отырған планшеттер мен қалта телефондары мобильді бағдарламардың көбейуіне, есептегіш бұлттарды пайдалануға, олардың қызмет түрлерінің көбейуіне ықпал етіп отыр десек, қателеспейміз. Көптеген компаниялар қазір «бұлттар» жарысына қосылып кетіп өз қызмет түрлерін ұсынуда. Қазақстан нарығына еніп кеткен бірнеше Ресей, Беларус компаниялары да бар.


Әдебиет
1. Гудов, А. М. Система электронного документооборота как средство интеграции информационных систем Текст. / А. М. Гудов, С.Ю. Завозкин, Е. А. Душин // Материалы конференции информационные недра Кузбасса.- Кемерово, 2007. -С. 170-177.

2. Облачные технологии - 2010. [Электронный ресурс]. URL: http://www.ixbt.com/cm/cloud-computing. shtml: 12.01.2012.



3. Черняк Л.А. Облака и правительства / Л.А. Черняк - 2011. - [Электронный ресурс]. - URL: http://www.osp.ru/nets/2011/03/13008369/: 20.01.2012.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 II
konf 2015 II -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 II -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 II -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 II -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 II -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 II -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 II -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы
konf 2015 II -> Әож 621. 3: 614. 89 Арнайы киімдерді дайындау үшін қолданылатын заманауи материалдарды талдау
konf 2015 II -> Әож 332. 3: 502 экология ландшафтық негізінде бағалау және талдау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет