Кеше кешке Астанадағы теміржол вокзалына жақын жерде ірі өрт тұтанған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, 23 қаңтар күні 21:26 шамасында өрт сөндіру бөлімшесі Дүкенұлы, 31/11С мекенжайында өрт болып жатыр деген ақпарат түскен соң жолға шықты.

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от АСТАНА ПОКАЖЕТ НАРОДНЫЙ КАНАЛ (@astana_pokazhet)

 

"Барғаннан кейін 1200 шаршы метр жиһаз жасайтын өндіріс цехында дайындалып қойған жиһаз, пластик және резинотехникалық бұйымдар өртеніп жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырып, өртке қарсы қызмет өкілдері қызыл жалынның басқа ғимараттарға тарап кетуінің алдын алды", — деп хабарлады ведомство. 

22:40-та өрт тоқтатылып, 23:19-да толықтай басылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау шарпыған аумақта жеке құрамнан 93 адам, астаналық төтенше жағдайлар департаментінің 18 техникасы, сондай-ақ Апаттық медицина орталығы қызметкерлері жұмыс істеді. 

Бұған дейін Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" теміржол вокзалдарының атауы өзгеретінін хабарлаған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.