Әлеуметтену процесіндегі әлеуметтік тәжірибе сәтті бейімделудің маңызды шарты ретінде



жүктеу 84.91 Kb.
Дата13.10.2017
өлшемі84.91 Kb.

Әлеуметтену процесіндегі әлеуметтік тәжірибе сәтті бейімделудің маңызды шарты ретінде
С.О.Бурленова

ҚарМУ, Қарағанды қаласы

И.С.Конның айтуынша әлеуметтену термині кең таралған, сондықтан да психология ғылымының өкілдері оған түрлі мағына береді. Дегенмен, әлеуметтену процесі – барлық әлеуметтік процестердің жиынтығы бола отырып, ол арқылы индивид қоғам мүшесі ретінде қызмет жасауға мүмкіндік беретін нормалар мен құндылықтар жүйесін игереді. Әлеуметтену индивидтің өз халқының мәдениетіне кіру процесімен тығыз байланысты. М.Херсковиц бұны мәдениеттену деп атаған [1].

М.Херсковицтің айтуынша әлеуметтену – индивидтің адам қоғамына интеграциялануы, әлеуметтік рольдерді орындау үшін қажетті тәжрибені жинау. Ал мәдениеттену процесінде индивид өзінің мәдениет жүйесіне тән көзқарастар мен жүріс-тұрысты меңгеріп, нәтижеде сол мәдениет өкілдеріне тән когнитивтік, эмоционалдық, жүріс-тұрыстық ұқсастығы қалыптасады. Мәдениеттену процесі адам туғаннан бірінші күндерінен басталып өмірдің соңына дейін созылады. Мәдениеттенудің соңғы нәтижесі бұл мәдениетті (тілде, құндылықтарда, әдет-ғұрыптарды және т.б. білетін) адам. М.Херсковицтің айтуынша әлеуметтену мен мәдениеттену бірігіп жүреді және мәдениетке кірмей адам қоғам мүшесі ретінде өмір сүре алмайды[1].

Әлеуметтену процесі екі жақты процес, бір жағынан бұл әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастар жүйесіне әлеуметтік тәжірибе жинау арқылы енуі; екінші жағынан бұл ортаға белсенді араласу мен әрекет етудің нәтижесінде индивидтің әлеуметтік байланыстар жүйесіне кіруі. Әлеуметтену процестің бірінші жағы – әлеуметтік тәжрибені меңгеру – бұл ортаның адамға әсерінің сипаты; ал оның екінші жағы адамның іс-әрекет арқылы ортаға әсері.

Әлеметтену процесі сияқты мәдениеттенудің М.Херсковицтің айтуынша екі жағы бар, олрадың бірлігі мәдениеттің қалыпты қызмет етіп, дамуын қамтамасыз етеді. Бірінші жағы – баланың балалық шақ кезеңінде мәдениет құндылықтарын, нормаларын, тілін меңгеру. Екінші жағы ересек кезеңінде мәдениеттің жеке «фрагменттерін» (жаңалықтарды) меңгеру [1].

Мәдениеттену процесін зерттеу барысында көпетеген ғалымдар әлеуметтену мен мәдениеттену ұғымдарын шектеуде қиыншылықтар көрді. Мәселен, М.Мид әлеметтенуді әлеуметтік үйрену ретінде түсінсе, мәдениеттенуді арнайы мәдениетке үйрену процесі ретінде қарастырады. Максумото осы екі ұғымның айырмашылықтарын келесіден көреді: әлеуметтену бұл адамдардың әлеуметтік және мәдени нормаларды игеруге қатысты процесс немесе механизм, ал мәдениеттену - әлеуметтену процесінің өнімі және ол мәдениеттің субъективті, негізгі, психологиялық аспектілеріне жатады [2].

Б.А.Әмірованың айтуынша адам өз ұлтының құндылықтарын, ережелерін меңгере отырып, ұлттық мәдениеттілікке көтеріледі. Ұлттың мәдениеттілік нәтижесі оның әлеуметтенудің көрсеткіші [3].

Әлеуметтену процесі бұл тұлғаның қалыптасу процесі. Ол бала дүниеге келгенде бірінші минуттарынан-ақ басаталады. Тұлғаның қалыптасуы негізінен үш аймақта жүреді: іс-әрекет, қарым-қатынас, өзіндік сана сезім. Бұл үш аймақтың ортақ сипаты индивидтің сыртқы әлеммен әлеуметтік байланыстарын көбейту болып табылады.

Әлеуметтену барысында индивид іс-әрекет «каталогын» кеңейте түседі, яғни жаңа іс-әрекет түрлерін меңгеру [1]. Осы уақытта тағы да үш негізгі процес жүреді. Біріншіден, бұл байланыстар жүйесінде бағдарлану. Бағдарлану іс-әрекеттің кез келген түрінде кездеседі және әр бір тұлғаға мәнді іс-әрекет аспектілерін анықтап, оларды меңгеруге жәрдемдеседі. Осындай бағдардың жемісін іс-әрекет таңдау деп атауға болады. Осының нәтижесінде негізігі таңдалған іс-әрекетке ортақтандырылу – екінші процесті тудырады. Және үшінші процесс іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлғаның жаңа рольдерді меңгеруі болып табылады. Қысқаша айтқанда осы үш процесс дамып келе жатқан индивидтің іс-әрекет жүйесіндегі негізгі құрылымы болмақ.

Екінші аймақ – қарым-қатынас іс -әрекетпен тығыз байлынасты. Адам іс-әрекетті жүзеге асыра отырып, басқалармен қарым-қатынасқа түседі және де керсінше қатынасқа түсе отырып басқалармен әрекеттеседі.

Әлеуметтену процесінің үшінші аймағы – бұл тұлғаның өзіндік санасының дамуы. Жалпы түрде айтқанда, әлеуметтену процесі бұл адамның «Мен» бейнесінің қалыптасуын білдіреді. Әлеуметтену процесінде өзіндік сана сезімнің дамуы бұл бақыланатын, әлеуметтік тәжрибені меңгеруде анықталатын шарттарда іс-әрекет пен қарым-қатынас диапазонының кеңеюі.

Әлеуметтену процесі осы үш аймақтын бірігуіне негізделеді. Адам әрекет жасай отырып, қарым-қатынасқа түсе отырып тек қана жақын микро ортасын ғана емес, сонымен бірге, өзінің әлеуметтік қатынастар жүйесін меңгереді.

Қазіргі кезде әлеуметтену мен мәдениеттену ұғымдарымен бірге ұлттық әлеуметтену мен мәдениет трансмиссиясы ұғымдары қолданылады [4]. Этникалық әлеметтену – балаларда этникалық қауымдастықтарына тән жүріс-тұрыстарды, қабылдауды, құндылықтар мен аттитюдтарды қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Нәтижесінде балалар өздерін және басқа адамдарды сол этникалық ұлт өкілдері ретінде қарастыра бастайды. Басқаша айтқанда этникалық әлеметтену баллардың «Мен» концепциясын, өздерінің және бөтен этникалық қауымдастықтарына қатысты жүріс-тұрыс пен олардың аттитюдтарын қалыптастырады.

Мәдени трансмиссия мәдениеттену мен әлеуметтену процестеріне негізделеді. Мәдени трансмиссия арқылы этникалық топ «өзін» ұрапақтарына мұра ретінде қалдырады. Мәдени трансмиссияның үш түрі бар: 1) тігінен трансмиссия – мәдени құндылықтар сенімдер және т.б. ата-анадан балаға беріледі. 2) көлденең – бала туғаннан есейгенге дейін әлеуметтік тәжрибелерін, мәдениет ерекшеліктерін құрдастар арқылы меңгереді. 3) «тігінен емес» – бұнда индивид арнайы әлеуметтік институттарында (мектепте, жоғары оқу орындарында), сонымен бірге тәжрибе жүзінде үйренеді [4].

Осы процестер – әлеуметтену, мәдениеттену, этникалық әлеуметтену, мәдени транмиссия – бала тұлғасының қалыптасуына әсер етеді, сол себепті бұл процестер адам өмірі барысында үнемі бірігіп жүреді.

Сонымен бірге, әлеуметтену барысында индивидтің психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Л.С.Выготский «төменгі психикалық функциялар» мен «жоғарғы психикалық функцияларды» бөліп көрсетеді. Төменгі психикалық функциялар жануарлар мен адамдарда болады. Егер де адам басқа адамдармен өзара әрекеттесе алмаса, онда оның психикасы төменгі психикалық функциялар деңгейінде қалады [5].

Әлеуметтену процесінің бірнеше психологиялық механизмдері бар. Оларға нақтырақ тоқталып өтейік:

1) Біртектілену – индивидтің белгілі бір адамдармен немесе топтармен біртектіленуі, яғни бұл қоршаған ортадағыларға тән қатынас және жүріс-тұрыс формаларын меңгеру. Бұл механизмге мысал ретінде жыныстық типизацияны – индивидпен белгілі бір жыныс өкілдеріне тән жүріс-тұрыс пен психикалық ерекшелітерді меңгеру процесін – көрсетуге болады;

2) Еліктеу – индивидпен саналы немесе санадан тыс түрде басқа адамдардың тәжрибесін, жүріс-тұрыс моделін (қозғалыстар, қылықтар, әрекеттер, т.б.) қайталау;

3) Сендіру – адам психикасына және жүріс-тұрысына әсер ету, бұл жағадайда индивид ақпаратты ешбір сынсыз қабылдайды;

4) Фасилитация – бір адамдардың екінші бір адамдардың жүріс-тұрысына стимулдаушы әсер ету, нәтижеде іс-әрекет қарқынды түрде жүреді (фасилитация «күшейтуді» білдіреді).

5) Конформдылық – қоршаған адамдармен ой-пікірлеріне байланысты сәйкес келмеу.

Этностық біртектілік-тұлғаның белгілі бір этностық қауымға жатуын аңғартатын психологиялық категория.

Этностық біртектіліктің қалыптасу кезеңдері жиі этностық біртектілік мәселесі адамда оның қалыптасу процесінде яғни балалық шақта пайда бола бастайды.

Мысалы, Өзбекстаннан Мәскеуге көшіп келген бала, орыстар арасында өмір сүреді, орысша сөйлейді, және де өз достарынан өзгешелігін байқамайды. Алайда, мектепте оған азиаттық типтегі түр әлпетіне байланысты ренішті аттар қоя бастайды. Кейінірек, көп нәрсені аңғарып ол «Сенің ұлтың кім?» деген сұраққа «Өзбек» деп жауап қата алады. Психологияда этностық біртектіліктің қалыптасуын әдетте жалпы өзіндік сана дамуы контекстіндегі индивидуалды өзгешеліктер деңгейінде қарастырады [4].

Баладағы ұлттық топқа жату санасының дамуы жайлы концепцияны алғаш Ж. Пиаже ұсынған еді [6].

Оның концепциясы бойынша бала ойлауының дамуы - бұл жалпы эгоцентризмнен неғұрлым объективті басқа адамдардың материалды әлемдеріне қозғалысы.

Әдетте мәдени шок мәселесі бейімделу процесінің қисығы деп аталатын контекст негізінде қарастырылады. Осындай қисық негізінде Триандис визитерлер бейімделу процесінің бес кезеңін ұсынады.

Бірінші кезең, «Бал айы» деп аталады, энтузиазм, көтеріңкі көңіл күй және үлкен үміттермен сипатталады. Шынында да, ерікті мигранттар шет елдерде өмір сүріп, оқып, жұмыс істеуге талпынады. Олардың көбісін жаңа жерде біреулер күтіп алады: олар үшін жауапты адамдар оларды, өздерін «үйдегідей» сезінулеріне ат салысып және тіпті кейбір жеңілдіктермен қамтамасыз етеді [1].

Бірақ бұл кезең жылдам өтіп кетеді. Бейімделудің екінші кезеңінде бөтен қоршаған орта өзінің негізгі әсерін тигізе бастайды. Мысалы, біздің елге келуші шетелдіктер, европалық немесе американдық адам тарапынан қолайсыз көрінетін тұрмыстық жағдаймен тіреледі, аузы мұрны лық толған, атобус, күрделі криминалды ахуал және тағы басқа көптеген мәселелер. Осындай сыртқы жағдайлардан басқа кез келген адам жаңа мәдениет ол үшін психологиялық факторлар ретінде әсер ете бастайды.

Тіл мен жергілікті мәдениет дәстүрлерді жеткілікті деңгейде білмеу жергілікті халықпен өзара түсініссіздікті тереңдете түседі. Осының бәрі ыңғайсыздыққа, депрессияға, фрустрацияға әкеледі. Бұл кезеңде «бөтен» реалдылықтан қашуға тырысады. Жиі жерлестерімен кездесіп, алынған әсерлері жайлы бөліседі.

Үшінші кезеңде мәдени шок белгілері критикалық нүктеге дейін жетуі мүмкін, ол күрделі дерттер мен толық қамқорсыздық сезімінде көрінеді. Жаңа ортаға сәтті бейімделе алмаған визитерлар «одан шығады» - үйіне тағайындалған мерзімінен бұрын қайтады. Бұл жерде неғұрлым иммигранттарға қиындау түседі, өйткені олар жеңіл қайтып кете алмайды.

Алайда, жиі мигранттар ортаның әлеуметтік құптауларына ие болады да мәдени өзгешеліктерді игере бастайды – тілді үйренеді, жергілікті мәдениетпен танысады.

Төртінші кезеңде депрессия жайлап оптимуммен, сенімділік, қанағаттану сезімімен аласады. Адам өзін қоғам өміріне неғұрлым бейіделгендігін сезіне бастайды.

Бесінші кезең Берридің терминологиясы бойынша толық немесе ұзақ мерзімді бейімделумен сипатталады. Ол дегеніміз индивидтің орта талаптарына жауабы ретінде салыстырмалы түрде стабильлді өзгерістерді меңзейді [6].

Идеалда бейімделу процестері орта мен индивидтің өзара сәйкестігіне әкеледі және де біз оның аяқталуы жайлы сөз қозғай аламыз. Сәтті бейімделу жағдайында оның деңгейі, индивидтің өз отанына бейімделу деңгейімен теңестіріледі. Алайда, жаңа мәдени ортаға бейімделуді оған жай бейімделу деп санауға болмайды. Сонымен, бейімделудің бес сатысы U-тәрізді қисықты қалыптастырады: жақсы, өте жаман, жаман, өте жақсы, жақсы. Бірақ тіпті сәтті бейімделуден кейін визитерлар міндетті түрде өз елдеріне қайта қоймайды, өйткені оларға қайтып келу шогін сезіну бейімделу кезеңінен өтуіне тура келеді. Алғашқы кездерде олар көтеріңкі көңіл күйде болады, туыс, достарымен кездесуіне, ана тілінде қарым қатынас мүмкіндігіне қуанышты болады, алайда кейін туған мәдениеттің ерекшеліктерін жат және тіпті кейде бір түрлі қабылдайтынына таң қалады. Солай, мәселен біздің елде кеңестік дәуірде оқыған неміс студенттерін өз елдеріне келе немістер мұқият тәртіп сақтайтыны ызаландыратын болды. Мысалы жолды тек жасыл түске ғана өту және тек біртіндеп қана олар басқа да визитерлар тәрізді туған елдеріндегі өмірге бейімделді. Кейбір зерттеушілер пікірінше реадаптация сатылары U-тәріздес қисықты қайталайды, сондықтан да барлық цикл үшін W-тәріздес бейімделу қисығы концепциясы ұсынылған еді.



Өзіндік біртектілену мен өзіндік анықталу репатриация жайында шешім қабылдаудың маңызды мотивтері болып табылады. Бұндай шешім қабылдауда, адамның алдында кейде алғашқы рет өзінің кіретін ұлттық тобына жатуды сезіну қажеттілігі туындауы мүмкін. Тым аса немесе керісінше өзінің қандай да бір ұлттық топқа жатуын жеткіліксіз деңгейде акценттеу ішкі тұлғалық қақтығыс жайлы айта алады.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Сикевич З. Социология и психология национальных отношений. Часть 1. – СПб., 1999.- 203с.

  2. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М., 1977.- 363с.

  3. Әмірова Б.А. Мәдениет ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы әлеуметтену факторы ретінде. //Вестник КазГУ. сер. Психология и социология. – 2001.-№2,(7)- 56-59б.

  4. Лебедева Н.М. Социальная психология этнических миграций. - М., 1993. – 218с.

  5. Выготский Л.С. Избранные психологические произведения. – М., 1960.- 368с.

  6. Асмолов А.Г. Психологи о мигрантах и миграции в России. – М., 2001. – 305с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет