Жетісу облысы әкімдігінің қызметкерлері басшылыққа шағымын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Журналист Михаил Казачковтың көмегіне жүгінген азаматтардың айтуынша, облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев әр сенбіде қызметкерлерді жұмысқа мәжбүрлеп шақырып, дене шынықтырумен айналыстырады екен. Олар дәлел ретінде жаттығу жасап жүрген шенеуніктердің видеосын жолдаған. 

"3 ақпаннан бастап осындай науқан бастады. Әр сенбі күні сағат 9:00 бәрімізді алаңға жинап, спорттық жаттығулар жасатады және оны видеоға түсіреді. Біздің қарсылығымызға қарамайды, шықпаймыз десек қысым көрсетеді. "Шықпасаңдар, жұмыстан кетіңдер! Бұйрықтың аты бұйрық" деп айтады. Сенбі күнге демалысты отбасымызға арнағымыз келеді. Бюрократиямен айналысқанша спортта нақты нәтижелер көрсетуге тиіс", – деді әкімдік қызметкерлері.

 

  • Талдықорған әкімдігі қала көркін бұзғандықтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады
  • Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек

Қызметкерлерінің шағымына қатысты Жетісу облысының әкімдігі түсініктеме берді. Хабарлауынша, облыстық ардагерлер ұйымы мен қоғамдық кеңестің ұсынысымен әр сенбі сайын "Денсаулық күнін" өткізу туралы шешім қабылданды. 

"Облыстық ардагерлер ұйымы мен облыстағы қоғамдық кеңестің ұсынысымен әр сенбі сайын "Денсаулық күнін" өткізу туралы шешім қабылданды. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 3-10 ақпан аралығында Жетісу аудандық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы" КММ "Жастар" және "Жеңіс" саябақтарында Талдықорған қаласының тұрғындары арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді. "Спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы" КММ орталығының жаттықтырушылары дене жаттығулары, арқанмен секіру, арқан тартыс жарыстарын өткізді. Шараға 500-ден астам азамат қатысты. Спорттық шараға жастар, қала тұрғындары мен ардагерлер қатысты. Қатысу ерікті", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда жаңа босанған екі әйелдің өліміне қатысты тергеу басталғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.