Әлеуметтік саясат бағыттары



Дата13.10.2017
өлшемі79.02 Kb.
#3397

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ БАҒЫТТАРЫ

Ахметова Индира Абдигазымовна,

Ғалы Жалғас Орынбасарұлы
Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы. Әлеуметтік жағдай – бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.

Әлеуметтік саясат төрт бағыттан тұрады:

Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.

Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.

Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау

Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.

Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының есебінен әлеуметтік қорғау 1996 жылғы “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” тиісті Заң арқылы 1999 жылға дейін реттеліп келді, осы заң бойынша елдегі азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің мына түрлері берілетін еді: зейнетақылық қамсыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа және босануларға байланысты жәрдемақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру, жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау көрсету, бала туғанда жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін жәрдемақы.

Жалпы елдің дамуы үшін, сондай – ақ әр адамның әлеуметтік мүмкіндіктерін іске асыру үшін де жағдайлар жасау арқылы қоғамдағы кедейшілік деңгейін азайтуға қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кедейшілік проблемасынан арылу үшін бірқатар жағдайларды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, оған орнықты экономикалық өсу, халықтың өнімді жұмыспен қамтылулары үшін мүмкіндіктерді ұлғайту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігі, мемлекетті ұтымды басқару мен қоғамның демократиялық институттарын дамыту жатады. Соның ішінде, бірінші кезекте кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегияларын әзірлеу мен іске асыру - әлемдегі кедейшілік ауқымдарын азайту міндетіне қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.

Әлемдік практикада кедейшілікті өлшеудің негізгі үш тұжырымдамасы белгілінді, олар:



  • абсолюттік

  • салыстырмалы

  • субьективтік

Кедейшіліктің абсолюттік тұжырымдамасы адамның күн көрісі үшін қажет ең аз қаражаттарын анықтау қағидасына негізделеді, олар – адамның суды, тамақты, киім –кешек пен тұрғын үйді физиологиялық тұрғыда ең аз қажетсінулері. Абсолютті кедейшіліктің критерийі болып күнкөріс минимумы саналады.

ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ұғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанғаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырылғандарға яғни табысы аздарға мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. «Кедейшілік шегін анықтау тәртібі туралы» Үкімет Қаулысына сәйкес ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 2000-2001 жылдарда республика бойынша «кедейшілік шегін» күнкөріс минимумының 38% деңгейінде белгіледі (немесе 2000 жылы 1522,6 теңге және 2001 жылы 1746,5 теңге). 2002 жылы ол күнкөріс минимумының 40 % -ын (немесе 1904 теңге) құрады.

Қазақстан үшін халықтың кедейшілік индексінің (ХКИ) есептеулері мынаны көрсетеді, 1998 жылы ел халқының 31%,1999 жылы –28,1 %, ал 2001 жылы 23,9% қазақстандықтар ХКИ –дің төрт құрамдас бөлігі бойынша үлестен құр қалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнкөріс минимумы ең төменгі тұтыну себеті құнының шамасы бойынша бір адамға шаққандағы қажет ең аз ақшалай табысты көрсетеді және ол аталмыш даму кезеңінде қоғамда қабылданған деңгейде адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруын қамтамасыз етеді.



Ең төменгі тұтыну себеті денсаулықты ұстап отыруға қажет азық – түлік жиынтығының (азық – түлік себеті) қоректік заттарының ең аз құрамы бойынша құнын және азық – түліктен бөлек тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсайтын шығындарын қамтиды. Азық – түлік және азық –түліктен бөлек шығындар арасындағы арақатынас (ара салмақ) ұзақ мерзімге нормативтік актілер арқылы белгіленді.

Қазақстанда күнкөріс минимумы 1996 жылдан бері нормативтік –статистикалық әдіс арқылы есептелінеді, сол әдіске сәйкес азық – түлік себетінің құны нормативтік әдіс арқылы белгіленеді және күнкөріс минимумының 70% болып қабылданады, ал азық – түліктен бөтен тауарлар мен қызметтердің күнкөріс минимумындағы жалпы көлемі 30% деңгейінде қабылданады. Ең аз азық –түлік себетінің құны ай сайын тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын айдың ортасына қарай облыстарда қалыптасқан орташа бағаларға көбейту жолымен есптеледі, мұндай есептеу әр аймақ бойынша инфляция деңгейін есепке алуға мүмкіндік туғызады. Халық үшін тамақ өнімдерін тұтынудың бірыңғай нормаларын «Қазақтың тамақ академиясы» ЖАҚ энергетикалық құндылықты қамтамасыздандыру мен физиологиялық деңгейде негізгі тамақ заттарын тұтыну тұжырымдамаларына сүйене отырып әзірледі.

Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизмінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмыссыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарды. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру механизмін нарық жағдайына икемдеу және оны реформалау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бүгінгі күндері тұрғындардың көбі әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруды қажет етеді. ҚР-ның статистика және талдау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде аталып көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халықына арналған биылғы жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс» - делінген:

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтау қажет.

Қоғамның ең әлсіз қорғалған мүшелерінің – балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.

2003 жылдан бастап, перзенттің дүниге келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы төленіп келеді.

Биылғы жылдан бастап, әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асырылу көзделіп отыр.

Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер.

Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру.

Үшіншіден, бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары.

Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады.

Биылғы жылдан бастап, іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005 – 2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асырылып жатыр.

Үстіміздегі жылдан бастап, жекелеген сырқаттар бойынша бес жасқа дейінгі балаларды дәрі – дәрмекпен, ал жүкті әйелдерді – құрамында темір мен йоды бар препараттармен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету керек.

2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді дәрі – дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшірілуі керек.

2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге тиіс.

Нәрестенің тууына байланысты бір жолғы жәрдемақыларды қазір де төлеп келеді. Енді соларға қосымша бұрын жоспарланғандай 2007 жылдан емес, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап,бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде мемлекеттік жәрдемақылар енгізілетін болды.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет.

Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизмінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмыссыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарды. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру механизмін нарық жағдайына икемдеу және оны реформалау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бүгінгі күндері тұрғындардың көбі әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруды қажет етеді. ҚР-ның статистика және талдау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде аталып көрсетілген.

Әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі басты шаралардың бірі – жаңа жұмыс орындарын жасау.

Сонымен бірге бұл мәселеде мемлекеттің көңіл аударуын талап ететін бірқатар проблемалар бар. Олардың ішінде төмендегілерді бөліп айтуға болады:



  • Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестікті жетілдіру қажеттігі

  • Еңбек және жұмыспен қамту мәселері жөніндегі күшінде бар заңдардың еңбекшілер құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бөлігін жақсарту мәселесін ойластыра түсу қажеттігі.

Әлеуметтік саясатта сондай – ақ білім беру, денсаулық сақтау және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін заман талабына сай жаңғыртудың маңызы ерекше - бұл әлеуметтік саланы стратегиялық болашаққа дамытудың сенімді базасын жасайды.

Қолданылған әдебиетттер тізімі




  1. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2013.

  2. Агентство Республики Казахстан по статистике «Уровень жизни населения в Казахстане» Алматы 2004.

  3. «Қазақстан – 2050» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.

  4. Сансызбаева Г.Н. «Система социальной защиты населения и ее проблемы». Алматы. Экономика 2000.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет