Әл–Фараби және оның мәдени мұрасы



Дата24.01.2023
өлшемі61.19 Kb.
#181870
Байланысты:
Әбдімәжитқызы Фариза


Әл–Фараби және оның мәдени мұрасы
Әбдімәжитқызы Фариза
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп КММ

«Қазақ үшін құдайдан кейінгі бісміллә әл –Фараби болуы керек» демекші ол ешкімге ұқсамайтын дара тумысында өз бойына ақын мен жаратылыстанушының, математиктің, дәрігердің, философ пен музыканттың дарын қасиетін үйлестіре білді. Ол алғаш рет ғылымды сал салаға бөліп, осы заманғы музыкалық теорияның негізін жасады.Көптеген кітаптардың сырына үңілу үшін араб, парсы, латын және санскрит тілдерін жалықпай үйреніп, жете меңгеріп алды.


Ең алдымен әл- Фараби тіл ғылымының маңызына өте үлкен мән берді және ғылыми сыныптамасын тілден бастайды. Бұл тілді формальді түрден тану емес, оны нақты жоғары бағалауы, өйткені барлық ғылымдар тілмен сабақтастырылған.
Әл - Фараби бойынша, логиканың ең маңызды бөлімшелері: «ал- буркан», яғни «дәлел», Барлық дәлелдердің ең айғағы – дұрыстап, нағыз дәлелдеу болып табылады.
Әл -Фарабидің өз заманындағы білім, ғылым, өнер, оқу тәрбие, ағарту ісінен артына мұра, үлгі – өнеге, тағылым қалдырмағаны жоқ деуге болады. Одан қалған ғылыми еңбектің саны жүзден астам.Астрономия, астрология, математика, логика, музыка, дәрігерлік, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия, педагогика сияқты ғылымдар саласының барлығына ден қойған.
Әл - Фараби ғылым тазалығы үшін күрескен адам. Оның таза ғылым деп отырғаны сол өзі өмір сүрген кездегі түсінігі бойынша, ғылымның шынайы болуы, айнала ортаны зерттеудегі адалдық, шындық, тарихты бұрмаламай қаз қалпында баяндаушының ұрпақтан - ұрпаққа сол күйінде жеткізушілігі болса керек. Осы тұста Әл - Фарабидің оқыту туралы ілімі, оны ғылыммен байланыстыруы бүгінгі педагогикалық процестің негізгі теориясы, әдісі болып есептелінеді. Оның ойынша білім алу – әрбір адамды, жасты іс әрекет дағдыларына үйрету және оны меңгерту процесі. Фарабиден кейінгі ғалымдар, әсіресе, философ, педагог- ғалымдар айналадағы дүниені жан жақты зерттеп, заңдылықтарын ашып игерудің нәтижесінде қоғамдық өмірдің даму сатыларына сәйкес, адамдардың іс әрекеті мен практикасында айқындалып дәлелденген белгілі жүйедегі ұғымдар дүниесі деп, білімге тұжырымды анықтама берді. Мысалы, Ыбырай мен Абай Фарабидің білім туралы трактаттарын жетілдіре, дамыта отырып, білімді еңбектің , еңбек тәрбиесінің практикалық өмірдегі, күнделікті тіршіліктегі іске асырылған жемісі. «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады» деген халық даналығы Фарабидің бізге қалдырған рухани мұрасы болса керек. Немесе Абайдың «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп, армандауы білімнің қуаттылығын дәлелдесе керек.
Тұңғыш Фарабитанушы А. Машанин өз зерттеуінде: «Әл - Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, халқымыздың мыңжылдық рухани, мәдени дүниесін тірілту деген сөз, дей келе бірақ, бұлардың арасын жалғастырып тұрған, ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз: оның барын сеземіз, бірақ көзбен көруден әлі шалғайлығымыз неде деген сауалды, Ақжан ғұлама М. Әуезовтен бірде Абайдың даналық дариясы бастауын сұрағанда: Мұқаң оның үш көзі бар: біріншісі -қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениеті- өнері; екіншісі- орыс мәдениеті, сол арқылы Батыс мәдениеті; үшіншісі - араб мәдениеті. Сенің айтып отырғаның, осының соңғысы ғой, оны мен еңбегімде көрсете алдым демеймін. Бұл мәселе кейінгілердің ісі, болады – дағы».
Бүкіл адамзаттың екінші ұстазы атанған әл - Фараби тағылымын, Абайдан іздеп, екі ұлы дананың ортақтастығына дәлелді мына шумақтардан көрсек болады. Мәселен әл - Фараби «Ғаламның көркі оның иесін танудың жолы» екендігін ескертсе, Абай «Жер жүзін безендірген тәңірім шебер» деп ғалам иесіне тәубе келтіреді.
Ғылымдар жүйесінде әл - Фараби әдебиет теориясының үлкен бір тармағы поэтика, риторика мәселесіне тоқталған. Өлең сөзінің құдіретін, ұйқас, ырғақ өлшемдерін тіл білімі және математика заңдарымен ұштастыра қараған. Осы ойларын «философиялық трактатында» одан әрмен дамытқан. Поэтика мен риториканың тіл білімі және логикамен тығыз байланысын қарастырған. Поэтикалық ойлау, риторикалық баяндау тәсілдерінің сырларын аша түскен.
Сонымен бірге әл - Фарабидің ақындығы жөнінде айтылған деректер де аз емес. 1971 жылы 7 мамырда Қазақ әдебиеті газетінде Фарабидің он бір шумақ өлеңі жарияланды. Бұл өлеңді ол шығыс әдебиетін зерттеуші Махмуд Аббастың 1944 жылы Бейрутта шыққан Әл - Фарабиан атты кітабынан кездестірген.
Әл - Фараби аударма жасау, түсініктеме беру жұмысымен де ерте айналысқан. Ол Аристотельдің Категория, Канон, Бірінші аналитика, Риторика, Поэтика деген кітаптарын аударып, оған түсініктеме берген .
Әл - Фарабидің ғылыми трактаттарында, әсіресе «Ғылымдардың классификациясы туралы сөз», «Риторика» және «Бақытқа апаратын жол» атты еңбектерінде тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының бірқатар маңызды мәселелері қарастырылған.
Тіл туралы ғылымды әл - Фараби екі бөлімге – лексикология және грамматика бөлімдеріне ажыратып қарастырады. Мұның біріншісі қай бір халық тіліндегі сөздерді есте сақтау және оның әрқайсысының мағынасын білумен шұғылданады. Мұнан әл - Фараби бірінші бөлімде әрі теориялық лексикология ретінде, әрі тілдің сөз байлығын практикалық жағынан меңгеру деп түсінгені байқалады. Екінші бөлімде, яғни грамматиканы, тілдегі сөздерді меңгеретін , бағындырып, ұйыстыратын бөлім ретінде қарастырады.
Әл - Фараби тіл туралы ғылым жеті тараудан тұрады деп есептейді:
1. Жалаң сөздер туралы ілім, 2. Cөз тіркестері туралы ілім, 3. Жалаң сөздердің заңдары туралы ілім, 4. Сөз тіркестерінің заңдары туралы ілім, 5. Жазу заңдары, ережесі, 6. Орфоэпия, 7. Өлең құрастыру ережелері.
Ғұлама бабамыздың философиялық еңбектері де аса мол. Табиғат пен адамзат арасындағы үндестікті де алғаш ашқан ғалымның өз басы да толық гармонияға жеткен адам.
Әл - Фараби өз заманындағы өнер білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде - бір ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол өз заманынан мың жыл бұрын ерте туған. Оның сол кездегі мәуелеген ғылыми ой жемістері біздің дәуірімізде ғана пайдаға аса бастады. Туған еліне асыл мұра, өшпес қазынасымен қайта оралған Екінші ұстаз бізбен мәңгі бірге.
Фараби – адамзатты біріктіруге бар өмірін бағыштаған жан. Ол – мың жыл бұрын адамдар үшін өмір сүрген жан .Ол – фанатик адам, ол үшін ақыл мен сана, ғылым мен ой, танымпаздыққа шөліркеуден басқа ештеңе де, ешкім де жоқ еді.
Әл - Фараби туралы айтар ой көп. Ал данышпан бабамыздың бізге айтары онан да көп. Көбін жоғалтпай, барын базарлай білсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Әбдіраман Ш. Әлемнің екінші ұстазы. Шәмші, 2010. № 9.12-13 бет.

  2. Әлімжанов Әнуар. Отырардан шыққан ұлы адам. Соц. Қазақстан,

1970 ж, 8 қаңтар.

  1. Әбиев Ж. Әбу Насыр Әл Фараби тағылымдары. Қазақстан мектебі, 1996, 58-62 б.

  2. Әуезов Мұхтар Омарханұлы. Ұстаз бейнесі, Жұлдыз , 1975,33-34 б.



Т.А.Ә
лауазым

Облыс, қала/ аудан, білім беру ұйымының атауы

Қатысу түрі (тікелей/
сырттан)

Баяндаманың
тақырыбы

Конферен
цияның бағыты

Мақала
(тақырып
Тық бағыты)

Тел, электрондық почта

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдімәжитқызы Фариза

Алматы обл, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп КММ

тікелей

Әл Фараби және оның мәдени мұрасы

Әдебиет секциясы

Әдебиет бағыты

87476623027

abdimajitfari


@gmail.com





Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет