Құттықтаушылар қатарында Италия, Латвия, Молдова және Оңтүстік Кореяның бітімгершілік күштері бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Әр елдің бітімгершілік күштері қазақстандық аруларға жылы лебіздерін білдірген.

"Сәлеметсіздер ме, құрметті Қазақстан әйелдері! Баршаңызды Молдова контингентінің атынан мерекемен құттықтаймыз! Жақсылық, махаббат пен бақыт тілейміз!" – деді Молдовалық жігіт.

Видеоны біздің чат-ботқа қазір Ливанда жүрген Kazcent-тік қазақстандық бітімгерші түсіріп жіберген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның БҰҰ бітімгершілік миссиясына қанша қаржы жұмсайтыны және әскерилердің жалақысы туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.