Құрылыс кодексінің бір беті бір жарым миллион теңгеден асады. Жаңа кодекс жобасының құнына депутаттар наразы. Олар тергеу жүргізіп, бюджетті ысырап еткен жауаптыларды жазалауды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: nots-dniimf.ru

Мәжілісмендердің айтуынша, былтыр құжатты әзірлеуге қазынадан өте қомақты сома – 382 жарым миллион бөлінген. Шенеуніктер басқа да бірқатар маңызды заң жобаларын бір теңгесіз дайындап үлгерген.

  • Қазақстанның салық кодексіне президент ретінде менің көңілім толмайды – Тоқаев
  • Қазақстанда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша “шартты түрде бас бостандығынан айыру” жазасы алынып тасталмақ

Депутаттар бұл ақша басқа мақсатқа жұмсалды деп есептейді. Сондай-ақ Құрылыс кодексінің өзін түпнұсқа деп атауға болмайды дейді олар.

"Плагиатқа қарсы күрес" бағдарламасының көмегімен Құрылыс кодексінің жобасында қазіргі үш заңның мазмұны қамтылғанын анықтау оңай. Бұл ретте мәтіннің түпнұсқалығы 1%-дан аз болды. 240 беттік толығымен дерлік қайта жазылған кодекс жобасын әзірлеу үшін министрлік әр бетке шамамен 1,6 миллион теңге төлеген екен", – деді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

Еске салайық, бұған дейін президент жаңа салық кодексін бір айда қайта жасап шығаруды тапсырған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.