Әож 142. 1(574) Қазақстан республикасының егемендік идеясының пайда болуы және дамуы



жүктеу 102.57 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі102.57 Kb.

ӘОЖ 142.1(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕГЕМЕНДІК ИДЕЯСЫНЫҢ

ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Наримбаева А.Ж.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Халықтың егемендiлiгi принципi Қазақстан Республикасының негiзгi Ата Заңында көрсетiлгендей жан-жақты принципке жатады, демократиялық конституциялардың көбiсiнде жалпы азаматтықты бағалау ретiнде айтылады. Осы жерде айта кететiн жағдай, халықтық егемендiгi принципi тек демократиялық мемлекеттерде ғана емес, сонымен қатар монархиялық конституцияларда да көрiнiс табады. Халық егемендiлiгi принципi Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси және мемлекеттiк - саяси институттарында көрiнедi және билiктiк қатынаста әрекет етедi. Осыған байланысты халықтың егемендiлiгi түсiнiгi қоғамдық - саяси қатынаста кең түсiнiкке ие және нақты формаға ие болады. Осы екеуiн қосқанда Қазақстан Республикасы халықтың егемендiлiгi түсiнiгiнiң мазмұны мен мәнi пайда болады. Елiмiзде барлық саяси қатынастардың жүрегi болып белгiлi болғандай мемлекетiк билiк алады. Халықтың егемендiгi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыстың демократиялануының көрiнiсiн тек мемлекеттiк билiк арқылы ғана емес, сонымен қатар жергiлiктi озiн -өзi басқару нысанындағы көрiнiс табады. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бостауы-халық болып табылады. Сонымен қатар, Ата Заңның алғашқы Преамбуласы да мына сөздермен басталады: Бiз, Ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген, қазақстан халқы, Байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiк құра отырып, өзiмiздi, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, осы конституцияны қабылдаймыз.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, полиэтникалық құрамнан тұратын елдер төртеу болса – төбедегіні алады екен де, алтау араз болса – ауыздары қан болады екен.Тәуелсіздік тұсындағы Қазақстанда ұлтаралық келісім мен ынтымақтың тамаша үлгісі орнықты. Конституцияның баптарын мүлтіксіз сақтау және Президент Н.Ә. Назарбаевтың қажырлы еңбегі арқасында әрбір этностың емін – еркін күн кешуіне, өз тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамытуына мүмкіншілік туғызылуда. Жүздеген ұлттық – мәдени орталықтар жұмыс істеуде, газет – журналдар жарық көруде, тарихи отандармен байланыс нығаюда. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғана 80-гу жуық ұлт өкілдері білім алуда. Қазақстан халықтарының татулығы мен ынтымағы еліміздің халықаралық абыройын арттырып, оған деген сеніміне қуат беріп отырғаны сөзсіз. Оңшыл либералдық көзқарас барлық орныққан мемлекеттердің тұрғылықты саясатына айналып келе жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз – дінді, тілді, мемлекетті сақтау, сол қүндылықтарды нығайту арқылы ұлттық мемлекет құру. Осы жағдайларды жүзеге асыру үшін, біздің ойымызша, либералдық экономика, либералдық саяси жүйе, либералдық құқықтық жүйені жолға қою қажет [1].

Өкінішке қарай, бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық егемендік идеясы кімнің мүддесі үшін: кең бұқара халық мүддесі үшін бе, болмаса тар шеңбердегі тұлғалар мүддесі үшін насихатталып жүр ме деген мәселенің, тіпті, күн тәртібіне қойылмайтындығын мойындауымыз қажет. Жеке тұлға мен топ өзімшілдігінің арасында қайсібір ортақтық бар. Жеке адамның өзімшілдігі мен мүддесі арасындағы меже қай жерден өтеді? Әрине, өз мүддесі жоқ адам болмайтыны анық. Дегенмен, адамның іс-әрекетінің бәрі өзімшілдік бағытта өтпейтіне де рас. Оның мүндай бағытқа ауысуы адамдардың өз мүдделерін қанағаттандыруға ғана ұмтылып, басқа адамдардың қажеттіліктерін ескермеген жағдайда іске асады. Мәселе мәні -өзіндік мүддені іске іске асырудағы ұсынған стратегия мен тактика қандай дегенге келіп саяды. Адам басқалардың мұқтажы мен қажеттіліктеріне қалай қарайды? Оның бойында басқа адамдардың қайғы-қасіретіне деген қайырымдылық пен әділеттілік сезімдері қаншалықты мөлшерде дамыған, мәселе төркіні, міне, осында. Адамды өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет жасағаны үшін ғана айыптауға болмайды. Оның бойында адамгершілік, парыз, ұят, патриотизм сезімдері қандай мөлшерде дамығанын айқындап алу да маңызды. Адам өз құқығын жеке дара емес, белгілі бір әлеуметтік ортада, дәл өзі секілді тұлғалардың қоршауында өзара әрекеттесу барысында жүзеге асырады. Орыс және басқа халықтардың мінез-құлық қағидаларын үйретуінде: Мейлі, бүкіл әлем отқа орансын, өзім аман болсам болды", -деген өзімшілдік айыпталады. Жағымсаз адам бейнесі осылай бейнеленеді. Ассирийліктер мақалы: "Ағаш - жемісімен, адам - басқаға сіңірген еңбегімен бағаланады, - дейді Адамның ұлты оған өзіне берілген ерекше құқықтық билікпен қай ұлтқа жататындығы белгісіне қарай басқалардың құқына қысым жасауға ерік бермейді. Ұлттық өзімшілдік белгілері, көпшілігінде, әр түрлі ұлттардың жеке өкілдері арасындағы қатынаста, аз және үлкен ұлттық топтардың ұлттық-спецификалық мүдделерін іске асыру кезіндегі өзара әрекеттесуі барысында бой көрсетеді.Ұлттық қажеттіліктерді тілде, тұрмыста, мәдени өмірде іске асыруға ұмтылушылық пен мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және ұлттық екемендікке қол жеткізу мен ұлттық өзшшілдік арасында орнықсыз, қозғалмалы шекара бар.Әдебиетте ұлттық өзімшілдік пен ұлтшылдық атты тұжырымдарды кездестіруге болады. Ұлтшылдық ұғымына ұлттық өзімшілдік түсінігі де кіреді деген пікірлер де баршылық. Шынында да солай ма?Ұлтшылдық - сан алуан бейнелі, кең көлемді, көп мөлшерлі, теңдік пен бейбітшілікті, халықтардың іскерлік қатынастарын жоятын құбылыс. Ол ұлт мәселесінде әлеуметтік-психологиялық нұсқау, дүниеге көзқарас, идеология, саясат феномені ретінде әрекет етеді [2].

Ұлтшылдық өзін сан түрлі формада көрсете алады. Оның бой көрсетуіне қызмет ететіндерің бірі - ұлттық мүдделердің өрісіндегі қарым-қатынаста "ойын" парадигмасы сақталған ұлттық өзімшілдік. Бұл арада ұлттық өзімшілдік ұлтшылдық феномені ретінде оқшау өмір сүрмейтінін, оның ұлттық ерекше артықшылығы идеясымен нығайып отыратынын, нақты халықтың құқын айрықша артықшылық берілген деп заңды түрде тануға әрекет жасалатынын ескерген жөн. Ұлтшылдық басқа халықтардың мүдделеріне қысым жасалған шақта, олардың құны түсіріліп, ұлт қасиеті кемсітілген кезде көрінеді. Ұлтшылдық - ұлттық тұлғаның бірдейлігін білдіретін форма. Онда оның адамдар қауымының басқа фомаларына жататындағы ескерілмей, ұлттық "мен" алға шығарылып, адам бойындағы әлеуметтік, саяси, моральдық "мені" басып-жаншылады. Бұл не үшін жасалады? Объективті түрде, жалпыұлттық тарихтың барлық басқа формаларының рөлі мен орнын төмендетуді тілейтін адамдар мүддесі үшін жасалады. Өзін-өзі айқындаушы топ пен тәуелсіздік алуға кедергі жасаушы жақтың арасында әр түрлі проблемаларды талқылау мен пікір таластыру процесінде екінші жақтың қасиетін төмендетуді, кемсітуді көздемеген достық немесе дүшпандық ниеттегі акциялар болады. Ешбір арам пиғылсыз, ойланбай айтылған сөз, байқаусыз жасалған қимыл мен әрекет ғайбаттау, кемсіту ретінде түсінілуі мүмкін. Шиеленісті дау-жанжал жағдайларында адамдар саналық іс-әрекеттерінде көптеген ойсыздыққа жол береді.лт егемендігі идеясы оған бостандыққа қарағанда артықшылық берілгендігінде ғана емес, халықтар мен республикалардың бір-біріне өзара тәуелділігі мен жауапкершілік көзқарасы тұрғысынан да маңызды [3]. Әлеуметтік құндылық ретінде егемендік белгілі бір бағыттарда халықтың әлеуметтік белсенділігіне игі әсер етуі мүмкін, бірақ кейбір кездері бұрыс, "көлеңкелі" салдарларды туғызуға да қабілетті, бұған мысал, басқа егеменді субъектілердің егеменді тепе-теңдігімен есептесуге ниетінің жоқтығын жатқызуға болады.

Егемендікті білдіруші негізгі әлеуметтік топтардың өз топтық мүдделері бар. Егеменді құқық деңгейі мен көлемі төңірегіндегі өткір пікірлер мен тұжырымдар қақтығысынан мүдделер "күресін" көруге тиіпсіз. Адамдар көбінде саяси товардың этикеткасын шынайы зат, сөз, істерден ажырата алмай, алдау-арбауға, өздерін-өздері алдауға бой ұрады. В.Шекспир "Біреуді алдағысы келген адамның өз үстіне жалған перде жаппауы мүмкін бе?" - деп, дұрыс байқаған.Егемендендіру социологиясы тәуелсіздік алу жолындағы және бұқаралық іс-әрекет процесіндегі адамдар мінез-құлқын, олардың топтық еркін ерікті түрде білдіруін, соның ішінде халық пен ұлттардың мамыражай тұрмыс кешуіне қол жеткізетін шынайы және бұлдыр мақсаттары жолында өздерінің егеменді құқын шектеу мен өзін-өзі міндеттеуін зерттеуді көздейді. Егемендендіру - бірдей, немесе әр түрлі экономикалық мәртебені (табыс көзі мен мөлшері), еңбек мінездемесін, ұлтын, білімін, жасын, партияны жақтаушылығын, діни көзқарасын, жынысын, т.б. білдіретін, адамдардың өзара әрекеттесуінің өзінше бір қыры. Бұл - әлеуметтік процестің әрқилы баламасын айқындау. Өзінің формасы, өту жылдамдығы, әлеуметтік бағыты жөнінен егемендендіру - көп вариантты, көп деңгейлі процесс. Онда қысым көрген немесе жойылған құқықтарын қалпына келтіру мен кеңейту бағытында күресуші үлкен және кіші, тұрақты және бір (сәттік халық топтарының әлеуметтік іс - әрекеттерінде қақтығыс болып, егемендендіруге қарсы күштермен арада қарама-қарсы тұрушылық өріс алады. Егемендендіруді жақтаушылар мен оған қарсылардың топішілік ынтымақтастығын ұстап тұру механизмі арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл -нақты топ үшін тілекті, құптаулы іс-әрекетті ынталандыру немесе аталмыш топ үшін пайдалануға келмейтін іс-әрекеттерді сынау, айыптау, ескерту, жазалау, деген сөз. Топ нормасы мен құндылықтары топішілік, топаралық қарым-қатынастарды реттеуші болып табылады. Халық пен жекелеген топтар арасында жоғары не төмен беделге ие бүтін бір моральдық санкция (шектеу) жүйелері қолданылады.Егер тәуелсіздік идеясын білдіруші әлеуметтік субъектілердің мүдделері қақтығысса, мұндай жағдайда бір топтың егемендігі құнсыз деп қабылданады. Ұлттық егемендік антигуманисттік қоғамдық күштер түсіндіруінде шовинизм мен ұлтшылдықтың бет пердесі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Керісінше, кім де кім басқа халықтың егемендігін жоққа шығарса, ұлтшылдық жолына түседі. Егемендендіру процесінде халық мәдениеті ең соңғы рөл атқарушы емес. Бәрінен бұрын, ол әлеуметтік объектінің іс-әрекетінің шамасы. Мәдениет пен іс-әрекетті қосақтап біріктіруге болмайды. Құқыққа қарсы және моральға жат қам-қарекет те іс-әрекет.

Иранда парсылар 45-ақ пайыз. Ал, мемлекеттік тіл – парсы тілі. Бірақ, жұртшылық өзін ирандықпын деп есептейді. Сол сияқты Түркияда да бастапқы кезеңде 24-25 пайызы ғана таза түрік болған, қалғаны күрд, грек, черкестер еді.



Демократияның Конституцияда бекітілген негізгі түрлері халық егемендігінің конституциялық институттарына айналады, халық билігі тетігінде ерекше орын алады, халық билігін жүзеге асырудың негізгі түрлерін көрсетеді.Халық – биліктің көзі ғана емес, ол сондай – ақ биліктің субъектісі. Оны Қазақстан Республикасының Конституциясы бекітеді: «Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай – ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді» (3 бап, 2п.). «Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге республика Президентінің, сондай- ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар» (3 бап, 3 п.).Халықтық және мемлекеттік егемендіктің диалектикалық бірлігі мемлекеттік органдардың практикалық қызметінде іске асады, олар бүкіл халықтың мүддесі үшін билікті жүзеге асыруға тиіс. Бұл тұрғыдан мемлекет халықтың толық билік иесі екендігін, ұлттың егемендігін, мемлекеттік биліктің ең жоғары екенін көрсетуге тиіс.Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі, біріншіден, мемлекеттік биліктің жоғарылығын, екіншіден, халықтың еркінің жоғарылығын, үшіншіден, құқықтың жоғарылығын және төртіншіден, азаматтар ұлтына және нанымына қарамай заң алдында тең құқықты екендігін білдіреді. Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет болғандықтан оның аумағында тұратын барлық халық үшін шын мәніндегі Отанына айналды [4]. Сонымен бірге «ұлттық мемлекеттілік халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығын бейнелейді және оның нақты ұйымдасқан түрі белгілі бір ұлттың немесе халықтың атымен аталады, осындай өз тағдырын өзі шешудің субъектісі болады. «Ұлттық мемлекеттіліктегі ұлттық оның тек түрі ғана емес, сонымен бірге оның мазмұны». Ұлттық мемлекеттегі ұлттық мәселе қоғам өміріндегі барлық құрамдарға қатысты.Ұлттық қазіргі кезде түсінік бойынша ұлттың ең алдымен әлемдік өркениеттің жетістіктерімен, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығымен үйлесім табуы және баюы негізінде жан – жақты дамуын болжамдайды.Қазіргі кезде әлемдік бірігу тенденциясымен қатар ұлттық жіктелудің табиғи процесі де жүріп жатыр: халықтардың өзіндік ерекшелігін, ұлттық құндылықтарын, мәдениетін, тілін және т.б. сақтауға ұмтылуы. Бұл заңдылықты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев дәл білдірді: «Консервативтік күштердің еркі мен тілегіне қарамастан, егемендік – ол шындық. Бірде – бір мемлекет одан безбейді. Өркениетті бірігу мемлекеттер егемендігін нығайту және оны толықтырумен қатар жүруге тиіс. Тек осындай ғана бірігу тұрақтылық пен қауіпсіздіктің белгісі бола алады».Ұлттық егемендік мемлекеттілік егемендік түсінігі сияқты. БҰҰ Жарғысында ұлттардың өз тағдырын өздері шешуге егемендік құқылығы туралы қағидасы ретінде және Хельсинки келісімдерінде бекітілген. Көп этносты Қазақстан жағдайында ұлттық егемендік халықтық егемендікпен өзара байланысты. Ұлттың егемендігі халықтың егеменлігі үшін негіз болып табылады. Бұл жөнінде Г.С. Сапарғалиев дәлірек айтады: «Мәселе мынада. Қазақстанда жүздеген жылдар бойы өз аумағында өмір сүріп келе жатқан және осында ұлт ретінде қалыптасқан жалғыз ұлт бар, ол – қазақ ұлты. Дүниежүзінде көп елде бірнеше миллион адамды құрайтын қазақ диаспорасы бар екендігіне қарамастан, қазақ ұлты жоқ. Алайда Қазақстанда саны елдегі халықтың жартысынан асатын көптеген ұлттардың өкілдері тұрады[5]. Олардың санының елеулі екеніне қарамастан, оларда ұлттық белгі жоқ. Мысалы, Қазақстанда көптеген орыстар, украиндар, өзбектер, корейлер, ұйғырлар тұрады. Осы этностық топтардың ежелгі заманғы өз отандары бар, сол жерлерде тиісті ұлттар өмір сүреді, бірақ та олар Қазақстан Республикасының азаматтары болғандықтан мемлекет шеңберінде өз тағдырларын өздері шешуге құқығы бар. Бірақ Қазақстан аумағында ұлт болмағандықтан олар мемлекетпен саяси – құқықтық қатынаста елдегі тұрғындардың, халықтың бөлігі ретінде ғана бола алады. Осыған байланысты Қазақстан жағдайында мемлекеттік салада тек бір қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының өз тағдырын өзі шешуі туралы айту керек. Саяси тұрғыдан ұлттық егемендік халықтық егемендікпен тоғысып жатыр, осы түрінде мемлекеттік биліктің, мемлекеттік егемендіктің көзі болып табылады. Сонымен бірге «титулдық, артықшылықты ұлт рөліне талапкерлік білдірмей отырған, бірақ та өзінің ежелгі заманғы өз жерінде құрылған дербес мемлекетте өмір сүруге табиғи тілегін білдіретін қазақ ұлтының егемендігі халықтық, яғни, мемлекеттік егемендіктің ұйтқысы болып табылатынын ұмыттыруға тырысудың тарихи – адамгершілік тұрғыдан әділетсіздік және саяси жағынан көрегендік емес екендігі белгілі.Мемлекеттік биліктің бірлігі мемлекетте бір ғана мемлекеттік билік болатындығын білдіреді, ол тәуелсіз толық билікті бөлімдерге бөлінбейді. Биліктің бөлінуі мәні жағынан біртұтас мемлекеттік егемендіктің бөлшектенуі емес, өйткені биліктік өкілеттіліктер ғана билік тармақтары арасында шектеледі, бірақ ол егемендік емес. Мемлекеттік биліктің бөлінуі, ал олардың әрқайсысының дербес қызмет етуі біртұтас мемлекеттік егемендік ішінде өтіп жататын процесс [6]. Осындай жағдайда әртүрлі құрылымдардың бірінің екіншісіне бағындырылуы жасалмайды, тек заң бойынша олардың құзыры мен жауапкершілігі ғана анықталады. Осыдан барып мемлекеттің тұтастығы, саяси толыққандылығы шығады. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы оның елдің бүкіл аумағы бойынша бір орталықтан белгіленген құқықтық тәртіп орнатуға және ұстап тұруға іс жүзіндегі қабілетшілігі мен құқықтық мәселелерді шеше алатынын, лауазымды адамдар мен азаматтарға құқық пен міндеттерін анықтап бере алуын, ұжымдардызаңды тұлға деп тани алатынын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастарға егемендігінің бейнесі. Ол мемлекеттің басқа мемлекет билігіне бағынбайтындығын, оның дербестігін, сыртқы саясаттағы даусыз құқылы субъект екендігін білдіреді. Ешқандай да басқа мемлекет келесі бір мемлекеттің ішкі ісіне араласуына құқығы жоқ, өйткені олар егемендік жағынан тең құқылы.
Әдебиет


  1. ҚР Конституциясы 1995.

  2. Сапаргалиев Ғ. Конституциялық құқық.

  3. Заң журналы 2008 №7.

  4. Заң газеті 2009 №4, 5, 6.

  5. «Егемен Қазақстан», 13.02.2007.

  6. Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет