Әож 28. 12: 591. Қазақстан республикасы аумағында талас алабы өңірінің су және жер ресурстарын пайдалану



Дата12.04.2019
өлшемі83 Kb.
#94815

ӘОЖ 628.12: 591.9

Қазақстан республикасы аумағында талас алабы өңірінің су және

жер ресурстарын пайдалану
Жакашов А.М., Тажибаева А.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,Тараз


Талас өңірінің халық шаруашылық, оның ішінде мал шаруашылық және өсімдік шаруашылық бағытындағы салаларын дамыту үшін маңызы зор. Аймақтың басым бөлігінің ландшафттық жүйелері мал шаруашылығы үшін жайылым ретінде және өсімдік шаруашылығына пайдаланылған. Егістік жүйесіне пайдаланған жердің жалпы ауданы 1.0 млн. га құрайды, оның ішінде 208.93 мың.га. суармалы егістік. Суармалы егістік жүйесі өзеннің орта және төменгі ағысындағы, құрғақшылық аймақтардың ландшафттар жүйесіне орналасқан [1,2].

Талас өңіріндегі құрғақшылық аймақтарда суармалы егістік жүйесінің қарқынмен дамуы, өзеннің су қорларын кеңінен ауылшаруашылығы мұқтаждықтарына пайдалану үшін, оның табиғи қалыптасқан гидрологиялық тәртібіне өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. Осындай жүргізілген күрделі өзгерістердің нәтижесінде, тек қана өзеннің гидрологиялық тәртібіне өзгеріс енгізіп (кесте 14), яғни су ағынының төменгі салада азаюына, сондай-ақ улы химикаттармен ластануымен қоймай, олармен тығыз байланыста болатын ландшафттар жүйесінің өсімдік әлемі мен топырақтың даму бағытына да үлкен өзгерістер алып келді.


Кесте 1.

Талас өзенінің арнасында орналасқан гидробекеттердегі өлшенген су өтімінің шамасы [3], м3




Гидробекет

Жылдар

1960

1970

1980

1985

1990

1999

2011

Киров

32.70

31.25

26.57

13.48

24.39

25.10

37.4

Тараз

20.77

19.91

16.82

8.53

15.44

15.89

34.67

Түймекент

16.61

16.60

14.11

5.89

12.98

13.36

18.89

Темірбек бөгеті

22.32

20.70

16.59

7.22

15.16

15.46

22.50

Жиембет бөгеті

18.85

16.37

13.36

8.02

12.56

11.89

22.68

Үшарал

10.00

8.68

7.09

5.35

8.90

9.05

8.50

Кесте 2.


Талас өзенінің суының сапасының өзгеруі (г/л)

Гидробекет

Жылдар

1970

1975

1980

1985

1990

1999

2011

Киров

0.200

0.200

0.200

0.200

0.200

0.200

0.200

Тараз

0.280

0.280

0.280

0.280

0.280

0.280

0.280

Түймекент

0.285

0.285

0.290

0.300

0.320

0.320

0.350

Темірбек бөгеті

0.285

0.285

0.290

0.300

0.320

0.320

0.350

Жиембет бөгеті

0.285

0.285

0.290

0.300

0.320

0.320

0.350

Үшарал

0.285

0.285

0.290

0.300

0.320

0.320

0.350

Егерде Талас өзенінің суының сапасы Киров және Тараз гидробекетінің тұсында 1970 мен 2000 жылдар аралығында айтарлықтай өзгеріске түсе қоймаса, ал Түймекент гидробекетінен бастап төменгі саласына дейін өзгеріске түсе бастаған. Оның басты себебі Тараз қаласына орналасқан өндіріс саласының ақаба суларын өзен арнасына тастауында болып отыр [3].

Қазіргі уақытта Талас өңірі бойында ландшафттар жүйесінің суармалы егістік жерге пайдаланылған ауданы 228.408 мың га құрайды, оның ішінде 63.985 мың га Қазақстан йелігіне жатады (кесте 3).

Талас өңірінде суармалы егістік жердің ауданы қарқынмен өсуіне байланысты су қорының тапшылығы байқала бастады. Бұл мәселені шешу үшін Талас өзенінің алабында, Қырғызстан Республикасының аймағында көп жылдық су өтімін реттеуге арналған Киров бөгеті салынып және 1976 жылы өндіріске енгізілді. Киров бөгенін салудың мақсаты, сол кездегі суармалы егістік жүйесіне пайдаланылып жүрген 80.0 мың. га жердің сумен қамтамасыз ету дәрежесін көтеріп және қосымша 55.0 мың. га суармалы егістік жерді игеру, оның ішінде 40.0 мың. га Қырғызстанға қарасты жерлерде, ал 15.0 мың. га Қазақстанға қарасты жерде.

Киров бөгенінің жалпы көлемі 550.0 млн. м3, пайдалы көлемі 540.0 млн. м3, беткі ауданы 2650 га және ең жоғарғы тереңдігі 82 м.

Талас өңірінің Қазақстан бөлігінде суармалы егістік жүйесіне пайдаланған су қоры және одан алынған биологиялық өнімнің шамасы туралы мәлімет 3-кестеде берілген.


Кесте 3.

Талас өңіріндегі суармалы егістік жерлерге берілген судың көлемі және жалпы суару мөлшері



Аудан

Жылдар

1970

1975

1980

1985

1990

1999

2011

Суармалы егістікке берілген судың көлемі, млн. м3

Жамбыл

-

-

412.0

298.8

325.3

253.8

175.6

Байзақ

-

-

300.0

217.1

228.3

184.6

169.4

Талас

-

-

82.5

64.4

84.7

89.1

43.7

Сарысу







43.1

39.4

29.8

21.6

21.9

Суармалы егістікке берілген жалпы суару мөлшерінің шамасы, м3/га

Жамбыл

8100.0

8315.0

8441.0

6062.0

8210.0

6378.0

4406.0

Байзақ

7950.0

7910.0

8094.0

5816.0

6904.0

5604.0

5165.0

Талас

-

-

7508.0

4814.0

6504.0

6709.0

3281.0

Сарысу

-

-

6866.0

6038.0

5282.0

4227.0

4433.0

Суармалы егістік жердің биологиялық өнімділігі ()

Жамбыл

0.85

0.82

0.74

0.59

0.60

0.17

0.21

Байзақ

0.87

0.85

0.72

0.54

0.47

0.39

0.40

Талас

0.35

0.33

0.32

0.21

0.23

0.12

0.17

Сарысу

0.38

0.36

0.35

0.54

0.16

0.08

0.26

Талас алабының су шаруашылығы, ең алдымен, суармалы егіншілік шаруашылығы - өзеннің су ресурстарына әсер етуші қуатты және жасанды табиғи-техникалық дәлелдемеге айналды. Талас өңірі бойынша оларды қайта бөлу және су бөгендерімен ағысын реттеу жер үсті және жер асты ағысының табиғи қарқынына өзгерістер енгізіп, табиғи-техникалық қысымның нәтижесінде пайда болған жасанды гидрологиялық, гидрогеологиялық және гидрогеохимиялық тәртібі қалыптасты. Талас өңірінде жүргізілген егістікті суғару, оның төменгі саласында орналасқан ландшафттардың табиғи топырақ қабатында қорланып жатқан тұздарды геологиялық айналымға түсіруіне байланысты тұздардың қайта таралуы жоғарғы қарқынмен жүрді: егерде өзеннің орта ағысында тұз кемісе топырақ қабатында кеміп, оның құнарлығы арта түссе, ал өзеннің төменгі ағысындағы егістік жерлердің топырақ қабаттарында қайта тұздану құбылысы үздіксіз жүріп жатты. Осының нәтижесінде төменгі ағысындағы орналасқан агроландшафттардың гидрогеологиялық және мелиоративтік ахуалы төмендеп, оның нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдардан алынатын өнімнің сапасы және шамасы жылдан жылға төмендеп кетті.

Ауыл шаруашылығында, алдыңғы жылдардағы мал санының өсу статистикасын салыстырып қарасақ, үй жануарларының жалпы саны жылына 3-5% өсетінін байқауға болады, сол себептен бұл саланың болашақта су сұранысын суды пайдалануды дамыту тенденциясы бойынша жүзеге асырылады деп қабылданады.

Ауыл шаруашылығында суармалы егістік Жамбыл облысының Талас ауданының негізгі су пайдаланушыларының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта суармалы егістіктің су пайдалану нормасы, жалпы су пайдаланудың 80% құрайды.



Суармалы егістіктің болашаққа су пайдалануын болжау әдісіне келесідей ұсыныс беріледі, Жамбыл облысының экономика салаларының даму тенденциясына байланысты, суармалы егістікте су пайдалану техникасының пайдалы әсер коэффициентінің өсуі байқалады деп болжамдалады. Жамбыл облысы бойынша 2009 жылы, суармалы егістікте пайдалы әсер коэффициенті 0,6-0,65 құраған, сол себептен облыс аумағында 75 мың.га жер суарылмай, 15 млн. теңге ақша пайда түспейді, облыстың даму тенденциясына байланысты жақын болашақта бұл көрсеткіш 0,7-0,75, ал алыс болашақта 0,75-0,8 ге дейін жетеді деп болжамдауға ұсыныс беріледі.
Әдебиет


  1. Ишанкулов М.Ш., Ропот Б.М. Таласский массив орошения. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 211 с.

  2. Гидрогеологические основы оросительных мелиораций в бассейне рек Чу и Талас. - Л.: Гидрометеоиздат, 1990. - 342 с.

  3. Заурбеков А.К. Научные основы рационального использования и охраны водных ресурсов бассейна реки: автореф. д-ра техн. наук. - Тараз, 1998. - 49 с.

Каталог: rus -> all.doc -> urkimbaev okulary
urkimbaev okulary -> Аумақты корпоративтік басқару арқылы бәсекелестік мүмкіндіктерін дамыту ерекшеліктері
urkimbaev okulary -> Өңдеу, болжау мәліметтер базасы негізінде арнайы бағдарламалы геоақпараттық жүйелер жұмысын жүргізу Дубурбаева Г., Тұрсынбаев Н
urkimbaev okulary -> Шу өзені алабының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайы
urkimbaev okulary -> Әож 631. 95: 581. 526 Барабанды бу қазандығының жұмыс істеу принциптерін қадағалау
urkimbaev okulary -> Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестермен зақымдалуы және аурулармен залалдануы Дайранбекова М. Б., Мұсабеков Қ.Қ
urkimbaev okulary -> Әож 504. 6: 656 (043. 3) Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға әсерін талдау
urkimbaev okulary -> Сельхозводоснабжение, мелиорация и ресурсосберегающие технологии интегрированные управление водными ресурсами и экономика водного хозяйства
urkimbaev okulary -> Табиғи лайлы сулардың экологиялық қауіпсіздігі мен сапасын біртекті немесе әртекті функционалды полиэлектролиттер қолдану арқылы жақсарту Асанов А., Шилібек К.Қ., Базарханқызы А
urkimbaev okulary -> Фильтроциклонды қондырғылар конструкциясын жетілдіру жолдары Абдураманов Н. А.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет