Әож 336. 714 Инвестициялық Қызметтің теориялық Әдістемелік аспктілерінің экономикалық ТҰжырымдамасы



жүктеу 114.59 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі114.59 Kb.

ӘОЖ 336.714
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ –

ӘДІСТЕМЕЛІК АСПКТІЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тайсалова А.Ш.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Кеңестік экономикалық әдебиеттерде инвестицияны тармағынада «капитал салу» сөзімен алмастырып синоним ретінде пайдаланды. Ал батыстың экономикалық ойлауларында инвестиция сөзіне кең мағынада карайды. Дж.Кейнс «инвестиция» деген «белгілі уақыт аралығында өндіріс өнімінен түскен пайданың пайдаланалмай қалған бөлігін» айтады. Соншалықты мәнерлеп, сырмалап айтылған, бірақ түсінікті. Мұнанда анығырақ етіп Л.Гитман мен М.Джонин айтқан. «Инвестиция - қүнын сақтап қалатын не құнын өсіретін немесе кірістің шамасын арттыруды қамтамасыз ететін, ақша салуға болатын кез-келген құрал», - дейді. «Инвестицияға» түсінік беруде біздід көзқарасымызға және шындыққа жақын П.Массе мен У.Шарп береді. П.Массе былай деп жазады: «Инвестиция салу арқылы тұтынушының қазіргі және болашақтағы сұранысын қанағаттандыратын актісі», - дейді. У.Шарп өзінің «Инвестиция атты кітабында мынандай анықтама береді: «инвестиция дегеніміз - бүгінгі таңда белгілі бір құндылықтан бас тарту арқылы, болашақтағы құндылыққа негіз салу». Жоғарыда айтылған құндылык жайлы П.Массе мен У.Шарптың анықтамасы жалпы инвестиция жайлы мінездеме береді. Әдетте инвестицияны заттардың қаржылықтық, материалдық шығыны және жұмсалуы деген түсінік бар:

1. Инвестицияның қайтарымы белгілі бір уақыттан кейін болуы мүмкін.

2. Инвестициянәтижесі жайлы айтқанда міндетті түрде анықталмағандық және тәуекелдік элементі бар.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) қүралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар және олардың құрылымдарын, бөліну жағдайлары келесі суретте көрсетілген (сурет 1) [1].

Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: нақты және портфельді (қаржы).

Нақты инвестициялар - өндіріс процесіне қатысатын инвестициялар немесе капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, қүрылысқа және тағы басқа жұмсалымы. Бұл кезде инвесторлар өз инвестицияларын өзінің өндірістік капиталының көлемін, өндірістік қорлар мен айналым қорларын ұлғайтуға жұмсайды.

Портфельді (қаржы) инвестициялар мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан, бағалы қағаздар және акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвесторлардың негізгі мақсаты оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару немесе инвесторлардан бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайту болып табылады. Әдетте, ол қорнарығындағы құнды қағаздарды сатып алу мен сатуға операциялары арқылы жүргізіледі. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Ол Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» заңы бойынша бөлінеді.

Тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвесторлардан басқа да барлық инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды кағаздар мен мүліктік бағалы кағаздар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай банктердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырғанменшікті инвестициялар және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Кез-келген кәсіпорынның іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі -инвестициялық операция болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Нарықтық кезеңде және коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:



  • нақты активтерге инвестициялар;

  • ақша активтеріне инвестициялар;

  • материалдық емес активтерге инвестициялар.

  1. Нақты активтерге инвестициялар ендірістік ғимараттар мен кұрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

  2. Ақша активтеріне инвестициялар - басқа да жеке және заңды түлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.

  3. Материалдық емес активтерге инвестициялар - кәсіпорынның, фирмалардың немесе ұйымдардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, өнертапкыштық патенттер мен лицензия алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.


полотно 1
Сурет 1. Инвестициялар құрылымы

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:



  1. Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыруға, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.

  2. Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл кездегі басты мақсат өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

  3. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

  4. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауғабағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорынның, мемлекеттікұйымдардың экологиялық стандарттар өнімінің қауіпсіздігі және басқажағдайларға байланысты талаптарын орындау жағдайда қолданылады.

Бұл инвестициялардың түрлері инвестицияның тәуекелділік деңгейіне тікелей байланысты болады. Инвестицияның түрлері мен тәуекелділік деңгейі арасындағы байланыс төмендегі кесте түрінде болады.
Кесте 1

Инвестиция түрлері мен тәуекел деңгейлерінің байланысы [2]




Жаңа өндірісті

салуға бағытталған инвестициялар



Өндірісті кеңейтуге инвестиция

Тиімділікті арттыруға инвестиция

Мемлекеттік ұйымдар талаптарын орындауға инвестициялар

Тәуекелділік деңгейі жоғары

Тәуекелділік деңгейі төмен

Өзіндік қаржылык ресурстары кәсіпорынның алғашқы жинақталу және құрылушы жарнасы, шаруашылық қызметтің нәтижелі есебінің капиталсалымы қаржыландырудың бағыты болып табылады.


Кесте 2

Қаржыландыру көздерінің жіктелуі [3]




Қаржылық ресурстар

Кәсіпорын инвистиция көздері

Ескерту

1. Өзіндік

1.1. Амортизациялы төлемдер

Неігзгі құралдар және материалдық емес активтер




1.2. Тауар және қызмет айналымдағы табыс

Айналымдағы табыс




1.3. Ішкі айналым сальдо нәтижесі

Ішкі айналыстағы табыстар

Банктік дипозиттер және бағалы қағаздар табысы

1.4. Резервтік және жөндеу қоры

өзіндік құн және таза табыс

Жарғылық қорда ескеріледі

1.5. Сақтандыру қоры

өзіндік құн және таза табыс

Жарғылық қорда бар

2. Несиелі Кредиторларға тиісті ресурстар

2.1. Банк несиесі

-




2.2. Қаржылық институттар несиесі




Лизинг

2.3. Бюджеттік несие

-

Салықтық несие

2.4. Коммерциялық несие

-

Вексельдік несие және т.б.

2.5. Басқа да көздер

-




3. Тартылған. Кредиторларға тиісті ресурстар

3.1. Ағымдағы инвестициялық қатысу құралдар үлесі







3.2. Бағалы қағаздар эмиссиялы құрал




Жергілікті бюджет және т.б. көздер

3.3. Сақтандыру төлемдері




Сақтандыру жарна және мерзімі

4. Бюджеттік бөлінулер

Бюджет қаржыландыру көздері

Дотация, субсидия т.б.

5. Ішкі бюджет қорлары

Ішкі бюджет қорлары құралдары

Экологиялық және т.б. зоналар

Өзіндік жарнасыныңқаржылық бөлімі алғашқы үлесі негізгі қорлар табысы болып саналады. Еңалғашқы кезекте амортизациялық төлемдер болады, айналымдағы тауарлар құрамыжәнетабыстыңалынуы.Кәсіпорынныңинвестициялыққаржыландырудыңүлкен көздері амортизациялық төлемдер болыптабылады. Амортизациялык толемдер - кәсіпорынның негізгі құралдарыныңқұнын тауарлар немесе қызметтерге аудару процесі. Ол негізгі құралдардыңқұнына байланысты есептеліп, белгілі бір мерзім өткеннен соң жойылады.

Сонымен қатар кәсіпорынның өзіндік қаржылық ресурстарына пайдаланылатын ролі зор. Пайда - кәсіпорынның таза табысының негізгі формасы,өнімнің құнынан құралады. Оның мөлшері айналымдағы өнім бағасыменөзіндік құнына байланысты болады және кәсіпорынның коммерциялықкызмет көрсеткіші болып табылады. Салық және басқа да бюджеттіктөлемдер төлегеннен соң қалған табыс таза пайда болады. Пайданыңбағыттары өндірістік капитал салымы менәлеуметтік жағдайларғабайланысты жұмсалады. Сонымен қатар сақтандыру және жөндеу қорларынажәне тағы басқа мақсаттарға байланысты жұмсалады.

Несиелік құралдар көзі несиелер болып табылады. Несие қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынастан көрінеді. Несиелік реттеудің негізгі элементі оның процент ставкасы болып табылады. Заңды және жеке тұлғалар қатынастары кредиттерінің негізгісі несиелік келісім-шарт болып табылады. Бұл құжатта келесі талаптар қарастырылады: қарыз сомасы, мерзімі, пайдалану және жүзеге асыру жолдары, процент ставкасы, міндеттемені қамтамасыз ету формалары (кепілдемелік зат, кепілдік келісім шарты, сақтандыру келісімі) кәсіпорынның құжаттары, банк талаптары және тағы басқалар. Несиелік келісім шартта кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайы, тәуекелділік деңгейі және тағы басқа қатынастары терең зерттеліп қарастырылады. Кәсіпорындар несие алу үшін берілетін негізгі құжаттар: кәсіпорын жарғысы. Соңғы 3 жылдағы бухгалтерлік есеп жағдайы, салық инспекциясының қатынас қағаздары, бизнес-жоспар тағы басқа құжаттар. Өтпелі кезеңде негізгі инвестициялаудың бағыттарының бірі - лизинг. Лизинг - бұл машина, кұрал - жабдықтарды, транспорттық құралдарды, өндірістік құралдарды ұзақ мерзімге жалға алу. Барлық лизингтік операциялардың екі түрі бар.

Тартылған құралдар - ағымдағы қызметке қатысушыларға, бағалы қағаздар шығаруға, сақтандыру төлемдерінде, еңбек ұжымдарының жарнасының үлестерінде қолданылады.

Бюджеттік бөлінулер - бұл бюджеттік қаржыландырудың құралдары. Қазақстан Республикасының бюджетінен орталықтандырылған мемлекеттік аса маңызды стратегиялық обьектілер мен ғимараттарға бөлінеді. Бұл обьектілер мен ғимараттар республикалық бюджет сметасында болады[4].

Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі-инвестициялық әрекет болып есептеледі.

Кәсіпорындардың қаржы ресурстары-ағымдағы шығындарды-қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады.

Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар.

Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активтерге ақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.

Қаржы инвестициясы пайда табу мақсатымен-құнды қағаздар түріндегі активтерді алу. Бұл салымдар құнды қағаздар портфелін қалыптастыруға бағытталады.

Венчурлық инвыстиция-жаңа технологияға шағын фирмалардың жаңартпашылықтарын қаржыландыру қажетті тәуекел капиталды салуын айтады.

Аннуитет-инвесторға белгілі бір уақытта тұрақты табыс әкелуші инвестиция. Бұлар негізінен сақтандыру және зейнетақылық қорға қаржы салу.

Қысқа мерзімді инвестициялар ақша қаражаттарын бір жылға дейінгі мерзімге салу.Әлбетте фирмалардың, кәсіпорындардың қаржы инвестиция қысқа мерзімді болып есептелінеді.

Инвестицияны басқаруға қатысатындар:



  • инвестициялық әрекеттің мемлекеттік деңгейде басқару, сол арқылы инвестициялық әрекетті реттеу, бақылау, ынталандыру.

  • Жекелеген инвестициялық жобаларды басқару. Ол жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды қоса басқарып, инвестициялық жобаны қазіргі жүйе әдістерін және техникаларды басқаруды қарайды.

  • Жекелеген шаруашылық етуші субъекті-кәсіпкерлік етуші фирманың инвестициялық әрекетін басқару-инвестициялық объектіні таңтауды, инвестициялық процестің жайын бақылауды басқарады.

Фирмалардың инвестициялық әрекеттерін орындау көздері болып есептелетіндер:

  • Инвестордың меншік қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері, шаруашылық ету әрекетінен түскен пайда, амортизациялық төлем, сақтандыру компаниясына төленген қаражат және тағы басқа.

  • Инвестордың қарызға алған қаржы қаражаттары, оларға жататындар: банк несиесі, бюджет несиесі және тағы басқа.

  • Инвестордың қатыстырған қаржы қаражаттары: акцияларды сатудан, пайда жарнасы, фирма қызметкерлерінің басқадай жарналары мен төлемдері.

  • Мемлекет бюджетінен инвестициялық қаржы бөлу (аймақтың, салалық мақсатты бағдарламаларға).

  • Шет ел инвесторларының қаражаттарының бірлескен кәсіпорындардың жарғы капиталдың қатысуы және тағы басқа.

Шет ел инвесторларын қатыстыру халықаралық экономикалық байланысты дамытады және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге әсер етеді.

Фирма өз инвестициялық әрекетін қаржыландыруына байланысты, үш негізгі инвестициялық қаржыландыру түріне бөледі:



  • Өзін-өзі қаржыландыру;

  • Несиелік қаржыландыру;

  • Үлестік немесе аралас қаржыландыру.

Өзін-өзі қаржыландыру - фирманың инвестициялық әрекетті толығымен меншік қаржы ресурстары арқылы қаржыландыруын айтады, қаржы ресурстары фирманың ішкі көздері арқылы қалыптастырылады. Мұндай қаржыландыру түрі әлбетте қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылып, оның рентабельдік мөлшері онша жоғары болмайды.

Инвестициялауға дейінгі кезең, нақтылы инвестициялау процесінің негізін құрайды, осы кезеңде альтернативті инвестициялық шешімдер жасалынады, инвестициялық жоба дайындалады. Өз кезегінде бұл кезең төрт сатыдан тұрады: инвестициялық идеяны іздеу сатысы, инвестициялық жобаны алдынала дайындау сатысы, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық тартымдылығын бағалау сатысы, инвестициялық жобаны қабылдауға ақырғы шешім қабылдау.



Жалпы нақтылы инвестициялау процесін орындау үшін алдыменен инвестициялайтын объектіні анықтау қажет. Соңынан инвестициялық идеяны орындаудың барлық аспектісін қарау қажет және инвестициялық жобаны жасау қажет. Ол бизнес-жоспар түрінде орындалады.
Әдебиет


  1. Г.Ө.Жолдасбаева. Кәсіпорын экономикасы. Алматы-2002.56-б.

  2. А.М. Сейтказиева. Инвестиционная деятельность предприятия. Алматы-2003г. 96-б.

  3. Е.Карымсаков. Инвестиционная стратегия: механизмы, поддержки и регулирования. // Аль-пари. 2004.№4.

  4. Е.Сембеков. Новые факторы совершенствования мониторинга инвестиционного проекта. //Қаржы-қаражат 2004 №4.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Urkumbaev It
Urkumbaev It -> Экономика жєне ќ¦ЌЫЌ
Urkumbaev It -> Әбілдаева А. С. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev It -> Әож 340. 141 Қазақ халқының ДӘСТҮрлі қҰҚЫҚ ЖҮйесіндегі меншік қҰҚЫҒының алатын орны мен маңызы
Urkumbaev It -> Б., Сатышева А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev It -> Әож 624. 013 Атырау қаласындағы мұнайды тасымалдау бекетінің ішкі жүйесінің ҚҰрылымдық схемасын қҰРУ
Urkumbaev It -> Әож 343 экономикалық контрабанда қылмыстарының алдын алу және күрес шаралары
Urkumbaev It -> Әож 43. 137. КӘмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың Өзекті мәселелері
Urkumbaev It -> Әож 624. 013 МҰнайды тасымалдау бекетінің тп-ң Қазіргі заманға сай жаңарту
Urkumbaev It -> Әож 43. 196. Нашақорлықпен қылмыстық-ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮресудің Өзекті мәселелері
Urkumbaev It -> Қиылыстарда және аялдамада автокөліктің тоқтатылу әсерінен жол жабындысының деформациялануы раимбаев Ә. Т., Исаева И. О., Раимбаева С.Ә


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет