ӘОЖ: 338. 24 АумақТЫҚ экономикалық ЖҮйелердің БӘсекеге қабілеттілігін дамыту шарттары мен факторлары



жүктеу 94.19 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі94.19 Kb.

ӘОЖ: 338.24
АУМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
Сулейменова И.Қ.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік – көрсеткіштер, индикаторлар, критерийлер, шарттар жүйесін және оларды жоғарылату факторларын қамтитын көпқырлы түсінік болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік бір-бірін толықтыратын және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін, тұрғындардың әл-ауқатын жоғарылататын бірқатар құрамдас элементтерден тұрады. Бұл: ғылым мен білім беру, инновациялар мен инвестициялар, түрлі инфрақұрылым, экономиканың нақты секторы, шағын бизнес, түрлі қызметтер, табиғи және еңбек ресурстары.

Аумақтық экономикадағы атқарушы билік органдарының негізгі мақсаты – тұрғындардың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Аумақтық және жергілікті органдардың осыны жүзеге асыру қабілеттілігі меншікті ресурстардың – еңбек пен капиталдың қаншалықты өнімділікті қолданылуына байланысты болады. Аумақтық билік өкілдері мемлекеттік органдар деңгейінде аумаққа басқаларға қарағанда қолайлы экономикалық шарттар жасау үшін күрес жүргізеді, аумақтың ірі құрылымды құраушы кәсіпорындарының мүдделерін жақтап, өздігінше халықаралық байланыстарды орнату мүмкіндіктерін іздейді, әкімшілік шаралар арқылы жергілікті өндірушіні қорғауға тырысады. [1]

Біздің пікірімізше, аумақтың бәсекеге қабілеттілігі деп уақыт өте дамитын құбылысты есептеу керек. Бұл дегеніміз, түрлі кезеңдерде және түрлі аумақтар үшін «қозғаушы күш» ролін түрлі факторлар атқарады. Аумақтың бәсекеге қабілеттілігіне деген жүйелілік көзқарас факторларды анықтауда мүмкін болатын тәсілдерді іздеп табуға мүмкіндік берді. Ресурстық тәсіл тұрғысынан бүгінде ақпараттық құрама да қосылатын факторлардың негізгі тобы анықталды. Экономикалық қызмет субъектілерін ортаға алып қарастыру ұлттық экономикадағы аумақтық өндіріске қатысушылардың түсінігін қалыптастырады.

Құрылым тұрғысынан қарау аумақтық экономиканы және оның инфрақұрылымын сипаттайтын құрылымдық факторлардың пайда болуын қарастырады. Аумақтық жүйені дамытудың басқа тәсілі әрекет ету заңдылықтары, жұмыс қағидаларын анықтап, мүмкіндіктер мен шектеулерді белгілейтін институттарды анықтайды.

Аталған тәсілдер және оларды негіздейтін критерийлер белгілі бір дәрежеде аумақтық бәсекеге қабілеттілік факторларының тізімінде көрсетілген. Шаруашылық жүргізудің объектілері мен субъектілердің салдары ретінде емес, олардың арасындағы өзара әрекеттесудің пайда болуы мен қолдауы, тік және көлденең байланыстар деңгейіндегі өзара тәуелділіктер тетігі ретінде пайда болатын факторларға ерекше назар аудару қажет.

Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту беталысын талдау көрсетіп отырғандай, қазіргі әлемде экономикалық агенттер арасындағы қатынастар маңыздылығы бойынша бірінші қатарға шығып отыр. Дегенмен барлық ғылыми еңбектерде олар берілмейді немесе ресурстық құрылымдық топтар шегінде ғана келтіріледі. Біздің көзқарасымызға сәйкес аумақтың бәсекеге қабілеттілігі факторлары жіктеме түрінде берілген (кесте 1).

Бәсекеге қабілеттілік факторларын сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы факторларының құрамында, біздің пікірімізше, аса маңыздысы болып инвестициялық климат, аумақаралық және халықаралық нарықтардағы бәсеке деңгейі, өндіргіш күштердің географиясы табылды. Бәсекеге қабілеттіліктің ішкі факторларына менеджменттің сапасы, фирманың инновациялық стратегиясы, инвестициялардың бағыты, еңбек қатынастары және жұмысшылардың біліктілігі, меншік құрылымы және т.б. жатады. Инвестициялық климат бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы факторы ретінде өндіріс шығындарына елеулі әсерін тигізеді. Олардың деңгейіне сыртқы нарықтағы және бәсекелес елдерге қатысты фирманың позициясы тәуелді болады.

Бәсекеге қабілеттіліктің басты сыртқы факторы болып бәсеке табылады. Бәсеке табиғи монополия салаларында болмайды. Бәсекенің төменгі деңгейі инновациялық бәсеңділікке, технологиялық артта қалуға, шығындардың жоғары деңгейіне, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне алып келеді. Мәселен, еліміздегі негізгі капиталдың тозу дәрежесі орташа есеппен 30-40% асады, ал жаңарту коэффициенті 2-3% құрайды. Салалық және аумақтық деңгейде бәсекені дамыту бойынша қабылданған іс-шаралар жеткіліксіз, себебі фирмалардың бәсекеге қабілеттіліктерінің арттыруға қажетті дәрежеде ықпал етпейді. [6]


Кесте 1.

Аумақтың бәсекеге қабілеттілігі факторларының жіктелуі




Тәсілдер

Факторлар

Ресурстық

- адам

- капитал

- кәсіпкерлік

- ақпараттық



Субъектілік

- тұтынушы ретіндегі тұрғындар

- өндіруші ретіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар

- делдалдар ретіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар

- басқару органдары ретіндегі мемлекеттік және

муниципалдық мекемелер


Құрылымдық

- экономика салалары

- салалық құрылымдар

- нарықтардың құрылымы

- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым



Институционалдық

- экономикалық институттар

- құқықтық институттар

- әлеуметтік институттар

- мәдени институттар



Байланыстылық (экономика-лық агенттердің байланыс-тары) тұрғысына нпозиций связей экономических агентов)

- экономикалық, қаржылық

- нарықтық (бәсеке)

- нарықтық емес (серіктестік)

- әлеуметтік



Атап өту керек, бәсекеге қабілеттіліктің тағы бір маңызды сыртқы факторы – бәсекеге қабілеттілік деңгейінде аумақтық поляризацияны қалыптастыратын кәсіпорындардың географиялық орналасуы, тапшы ресурстарды алудың бәсекелестік артықшылығындағы кеңістіктік теңсіздік (сапалы жұмыс күші, инвестициялар, энергия, құрылыс индустриясы көздері және т.б.).

Бәсекеге қабілеттіліктің маңызды ішкі факторы болып фирмалардың инвестициялық және инновациялық қызметі табылады. Бірақ, жоғарыда атап өткендей, көптеген кәсіпорындардағы негізгі капитал жоғары физикалық және моральдық тозығы жеткен, ал кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі төмен деңгейде қалып отыр. Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген инновациялық өнімдері мен технологиялары қолданылмай келеді. Яғни, салық салу және несиелендіру жеңілдіктері, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіруге қаржы бөлу, моральдық және материалдық қолдау, отандық және шетелдік инновациялық өнімдерді өндіріп қана қоймай, өзіндік ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын белсенді жүргізетін фирмаларды қаржылық қолдаудың басқа да әдістері арқылы техника-технологиялық дамуды жеделдетуге ықпал ететін кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыру тетігі қажетті деңгейде құрылмаған. [5]

Бәсекеге қабілеттіліктің маңызды ішкі факторларының біріне біз еңбек қатынастары мен жұмысшылардың біліктілігін жатқызамыз. Атап өту керек, мұндағы нарық заңдары еңбек ресурстары саласындағы өндірістік қатынастарға елеулі әсерін тигізіп, жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптарды жоғарылатады. Бәсеке және жоғары пайда алуға ұмтылыс орын алатын нарық жағдайларында фирмалар өндіріс шығындарын төмендету жолдарын іздестіруге мәжбүр. Негізгі капиталды жаңарту үшін қаржының шектеулілігі себебінен фирмалар айналым капиталын үнемдеу, яғни жұмысшылар санын азайтуға, мүмкін болған жағдайда еңбек ақыға, әлеуметтік дамуға, еңбекті қорғауға жұмсалатын қаржыны төмендету арқылы шығындарды азайтуға ұмтылады.

Сонымен қатар көптеген кәсіптік мектептер жұмысының тоқтатылуына байланысты жұмысшы мамандықтарының, білікті кадрларының тапшылығы байқалып отыр. Осы мәселені шешу үшін фирмадан тыс және фирма ішіндегі кадрларды дайындауға инвестициялар бөлінді, бұл бәсекеге қабілеттілікті ұстап тұрудың қажетті шарты болып табылады. Осыған қоса, аумақтың бәсекеге қабілеттілігіне меншіктің құрылымы, коммуналдық қызметтердің, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы әсер етеді. Бұл факторлар тұрғындардың өмір сүру жағдайлары арқылы аумақтың бәсекелестік позицияларының өзгеруіне әсерін тигізеді.

Бәсекеге қабілеттілік аумақтың тұрақты дамуы үшін шарттарды қалыптастыру қабілеттілігі ретінде де анықталуы мүмкін. «Бәсекеге қабілеттілік» және «тұрақтылық» түсініктері өзара байланысты және өзара тәуелді, себебі біріншісі аумақтың тұрақты дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Оның деңгейі жоғары болған сайын тұрақтылығы және оның бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторларын бағалау дәрежелері, аумақтық әкімшіліктің оның құрамдас бөліктеріне ықпал етуі де жоғары болады.

М.Портер [2] ұсынған «ұлттық ромб» үлгісін пайдаланған жөн деп есептейміз. Осы үлгіге сәйкес, бәсекелестік артықшылықтарды құрудағы аумақтың ролін «аумақтық ромбты» құрайтын (табиғи ресурстар, капитал, білікті кадрлар, инфрақұрылым) төрт өзара байланысты бағыттар (детерминанттар) бойынша зерттеуге болады. Біз тағы екеуін қосуды жөн көрдік – ақпарат және кәсіпкерлік талант. Сұраныс шарттары кіріс деңгейін, сұраныс икемділігін, сатып алушылардың тауар және қызмет сапасына деген талаптарды қамтиды. Біртектес салалар кәсіпорындарды қажетті ресурстармен, қосалқы бөлшектермен, ақпаратпен, банктік, сақтандыру және басқа да қызметтермен қамтамасыз етеді.

Стратегиялар сайыс бәсеке ортасын құрып, бәсекелестік артықшылықтарды дамытады. Осы үлгінің негізінде біз негізгі алты параметр бойынша аумақтағы бәсекеге қабілеттіліктің дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы орта ықпалын ескере отырып сызба құрастырдық (сурет 1). Сызбада көрініп тұрғандай, әрбір параметр аумақтың ішкі ортасымен өзара байланыста және өзара әрекеттесуде болады. Менеджментте сыртқы орта деп нысанның тура және жанама қатынастарын айтады.

Сурет 3. Сыртқы және ішкі орта мүмкіндіктерін пайдалана отырып аумақтың

бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторлары
Ол микроортадан (тура байланыс) және макроортадан (жанама байланыс) тұрады. Параметрлер аумақтың бәсекелестік артықшылығына және оның болашақта дамуына түрлі дәрежеде ықпал етеді. Аумақтың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың төрт кезеңін қарастырайық:


  • өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке;

  • инвестициялар негізіндегі бәсеке;

  • инновациялар негізіндегі бәсеке;

  • байлық негізіндегі бәсеке.

Кесте түрінде оны келесідегідей көрсетуге болады (кесте 2).
Кесте 2

Экономикалық дамудың түрлі кезеңдеріндегі аумақтың



бәсекелестік артықшылықтарының қалыптасуы


Бәсекеге қабілеттілік кезеңдері

Детерминанттар

Факторлар

Стратегиялар

Сұраныс шарттары

Біртектес салалар

Өндіріс факторлары

*










Инвестициялар

*

* *

* *




Инновациялар

* *

* *

* *

* *

Байлық

*

*

*

*




  • детерминант қолданылмайды;

  • детерминант жартылай қолданылады;

  • детерминант толығымен қолданылады.

Кестедегі факторлардың параметрлерін қарастыра келе, түрлі кезеңдердегі аумақтың бәсекелестік артықшылығы қалай қамтамасыз етілетінін қадағалау қажет:

  • бірінші кезеңде өндіріс факторларының негізінде – табиғи ресурстар, тауарлар өндірісі үшін қолайлы шарттар, адам ресурстары: білікті жұмыс күші (бір детерминантпен қамтамасыз етіледі);

  • екінші кезеңде – білім беруге, технологияға, лицензияларға инвестициялау негізінде (үш детерминантпен қамтамасыз етіледі);

  • үшінші кезеңде – бәсекелік алтыбұрыштың барлық құрамдас бөліктерінің әрекеттесуі арқылы жаңа өнім түрлерін, өндірістік үрдістерді, ұйымдастыру шешімдерін және басқа да инновацияларды құру негізінде;

  • төртінші кезеңде – жинақталған байлық есебінен құрылып толық көлемде пайдаланбаған детерминанттарға сүйенеді.


Әдебиет


  1. Питерсон Р. Территориальная организация производства и конкуренция на локальных рынках. М.: МЭТИ. 2003.

  2. Портер М. Конкуренция. - М.: Изд. дом «Вильямс», 2005.

  3. Радаев В.В. Что такое конкуренция? Экономическая социология T.4 №2 2003.

  4. Сабден О. Основные направления повышения конкурентоспособности экономики Казахстана // Повышения конкурентоспособности национальной экономики в условиях глобализации: проблемы, приоритеты, пути решения. Алматы. - 2008.

  5. Сатубалдин С.С. Стратегия вхождения Казахстана в число наиболее развитых и конкурентоспособных стран мира // Экономика. – 2007.

  6. Шорохов В.П. Оценка конкурентоспособности региона / В.П.Шорохов, Д.Н.Колькин // Проблемы прогнозирования. - 2007.

Каталог: rus -> all.doc -> sovremennost20 -> 1-tom
1-tom -> Хіх ғасырдың ІІ жартысындағы жетісу өҢіріндегі жер мәселесі рүстемова М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Әож 936. Орыс билігінің Жетісуға енуі және жетісу қазақтарының азаттық қозғалысы
1-tom -> Әож 936. 1917 жылдағы ақпан төнкерісі және сыр бойындағы жергілікті халықТЫҢ саяси-әлеуметтік жағдайы
1-tom -> Экоцид қылмысының ТҮсінігі тұрсынбаев М. Б., Жадраев И. К. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> ҚҰс атауларының СӨзжасамдық ҚҰрылымы, типтері мен үлгілері үсен Н. П. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> МоңҒол тілді аңыздар мен ауызша деректер көне түріктер мен қазақтар жайында ақылбеков Р. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
1-tom -> Интеллект психологиясы үсенова С. М., Абдыбаева Г. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Қазақ халқының материалдық МӘдениетінің даму ерекшеліктері тәжібекова А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Әож 801. 311(5 Каз): 81'373. 611 Қазақстан топонимдерінің ҚҰрылымдық ЖҮйесі
1-tom -> ҚҰс атауларының семантикасы үсен Н. П. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет