“Біз біргеміз” қоғамдық қорының басшысы Перизат Қайрат өзінің Instagram парақшасында оқыс жағдайға тап болғаны туралы жазды. Ақтөбеге жеткізілетін гуманитарлық көмектің басы-қасында жүрген ерікті жоспарының күл-талқаны шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

“Ертеңге жоспарланған жұмыстың бәрі кейінге қалдырылды. Өйткені мені күзетші ит қауып алды. Бүгін кешкі сағат 17:00-де Ақтөбеден Астанаға ұшып келіп, әуежайдан тікелей қоймаға бардым. Мен сондай мазасыз адаммын. Жұмыстың сапасына көз жеткізу үшін бәрін өзім тексеруім керек. 150 генератор тиегеннен кейін мен күзетші мен генераторларды сатып алған компания басшысының жанына бардым. Барлық қызметкерлерін бөгеп қойып, гуманитарлық көмекті жүк көлігіне жылдам тиегені үшін алғыс айтқым келді. Сөйтіп итті көріп қалдым. Жүгіріп барып, сипай қояйын деп едім”, – деп жазды Перизат оқиғаның неден басталғанын айтып.

Сөйтсе ол шынжырда тұрған күзетші иет екен.

“Күзетші оның күзеттегі ит екенін айтып үлгермеді. Ит менің оң аяғымнан екі рет тістеп алды. Абырой болғанды, тез есімді жинап алдым. Екі қолыммен иттің ауызын ашып, аяғымды алмақ болдым. Сол сәтте оң қолымның шынашағын да жаралап алдым. Күзетші бірден көмекке келді. Аяғым қанап тұрған соң 103-ке хабарласып, рөлге отырдым. Ондағылар  №1 емханадағы травматология бөлімшесіне бару керегін айтты. Дәрігерлер “өмір сүресің” деді”, – делінген жазбада.

Перизат дәрігерлер құтыруға қарсы екпе салғанда уайымға салынып кеткенін айтты. 

“Екі рет бұлшықетішілік, екі рет көктамырдың ішіне ине салды. Дәрігерлер бір ай бойына салынатын 5 реттік инъекция жазып берді. Құтырма ауруына қарсы ем болмағандықтан міндетті түрде дәрі-дәрмекті қабылдап, диета сақтау керек екен. Осындай оқиға болды”, – дейді Перизат қазіргі жағдайы туралы айтып.

Жазба соңында Перизат өмірінің шытырман оқиғаға толы екенін жеткізді.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Perizat Kairat (@01pk)

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.