Ішіп алып үйінде жанжал шығарған ер адам әйелі мен кішкентай төрт баласын үйден қуып шыққан. Қазір әйел мен балалар дағдарыс орталығына орналастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Astana TV” арнасына  сілтеме жасап хабарлайды.

Отбасының берекесін алған азамат 15 тәулікке қамауға алынды.

ІІМ-нің мәліметінше, екі аптада елімізде төрт мыңнан астам тұрмыстық жанжал тіркелген. Олардың негізгі себептері – масүнемдік пен құмар ойынға әуестік. 

“5,5 мың қорғау ұйғарымы шығарылды. Полиция қызметкерлерінің өтініші бойынша сот құқық бұзушының мінез-құлқына 1400 арнайы талап қойды. Оның ішінде 80% жағдайда ішімдік ішуге тыйым салуды белгіледі. Сот шектеулерін бұзған жағдайда 10 күннен 25 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Мысалы, Павлодар облысында учаскелік полиция қызметкері тексеру барысында ұлының мас күйінде анасымен тағы да жанжал шығарғанын анықтады. Ол 20 тәулікке қамауға алынды”, – дейді IІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесіне сәйкес мыңдаған ересек ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. 8 мың ата-ана бала алдындағы борышын орындамағаны үшін есепке алынған. Мысалы, петропавлдық келіншектің ішімдікке әуес болғаны сонша, өз баласының денсаулығына мүлдем алаңдамаған.

“Петропавлда педиатрдан жас ананың қабылдауға келмегені туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында әйелдің ішімдікке салынып кеткені анықталды. Бала көмекке зәру еді. Сөйтіп баланы балалар үйіне орналастырып, анасын нарколог дәрігердің есебіне тіркедік. Әйел ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды”, – дейді Ақмарал Серікбаева.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.