Әож 343. 25 Қылмыстық іс жүргізудегі іс өндірісі бойынша қатысушылардың Өкілеттілігі



жүктеу 92.21 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі92.21 Kb.

ӘОЖ 343.25
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ІС ӨНДІРІСІ БОЙЫНША

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІГІ
Еркебаева А.Қ., Сүгірбеков С.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап заң ғылымында қылмыстық іс жүргізу саласы жаңаша бағытта даму үстінде. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілді [1]. Аталған қағида негізінде мемлекет пен қоғамның барлық салаларында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық-нормативтік актілер қалыптасты.

Қоғам өмірінде, адамдар арасындағы қатынастар аракідік шиеленіскен сипатқа ие болады. Нәтижесінде құқықбұзушылық, қылмыстық іс-әрекеттер туындайды. Орын алған қылмыс заңды негізде қаралып, тиісті түрде шешілуі керек.

Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туындайды. Олардың ішінде ең маңыздысы – құқық қорғау органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас.

Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады. Қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтаса, қылмыстық іс жүргізу заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды. [2].

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңның өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңмен белгі­лен­ген тәртібі -негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен аза­маттың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шек­теу­лерден мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етуге, кінәсіз адамды заңсыз айыптаған немесе соттаған жағдайда оны тез арада және толығымен оңалтуға, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.

Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының үнемі жетілдіріліп, өзгеріп отыратындығын ескере келе айыптаушы тарапынан қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың құқықтық мәртебесіне арналған мәселенің өзектілігі күмән тудырмайтнынын атап өткен жөн [3].

Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, процеске қатысушы заңды тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады. Іске қатысудағы рольдері алуан түрлі, сонымен бірге олар процесс субъектілері ретінде топтарға бөлінеді.

Оның біріншісіне мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар - сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтауды жүргізуші (анықтаушы). Тек аталған тұлғалар ғана құқық нормасын, сол немесе басқа тұлғаға процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдана алады, іс өндірісінің бастапқы шешімін шығарады, оның бағытын және істің мәнін шешеді.

Жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері қылмыстық процеске айыптау тарапынан қатысушылардың екінші тобын құрайды.

Ендігі қарастыратын мәселе процеске қатысушылардың жүйесі.

Процеске субъектілердің және процеске қатысушылардың түсінігінің арақатынасы топ және түр ретінде белгіленеді.

Сотта істі қарағанда еңбек ұжымының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық айыпталушылар және қорғаушылар, мекеме өкілдері, кәмелетке толмаған айыпкердің оқитын немесе жұмыс істейтін орындарына қатыса алады.

Жоғарыда айтылып кеткен қылмыстық процестің субъектілеріне жүктелген құқықтар мен міндеттер бар. Бұнымен қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты шектеліп қана қоймайды. Қылмыстық процесс қызметінің түсінігін қолдануда, қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты маңызды толықтырылып және тереңдетіледі.

Субъектілердін әрекет бағыттарының түрлері, олардың рольдері, тағайындалу немесе іске қатысу мақсаты процессуалдық қызмет деп аталады. Бірінші және екінші топтағы субьектілердің әрекеті үш негізгі қылмыстық - процессуалдық қызметпен белгіленеді: айыптау, қорғау және істі шешу.

Прокурор және жәбірленуші сотқа тұлғаның кінәлі екендігі сұрағын кояды және өзінің дәлелдеудегі дұрыстығын мақұлдайды. Айыпкерді айыптаудан қорғану қызметі, оның қорғаушысы, заңды өкілі жүзеге асырады. Сот әділ сотты жүзеге асырушы. Айыпкерді қылмыс жасаудағы кінәлі екендігін тану құқығын тек оған ғана берген.

Соттың істі қарауында мемлекеттік айыптаушы басқа айыптау түрлеріне қарағанда негізгі орынды иеленеді - қоғамдық айыпты қолданушы қоғамдық айыпкер және жәбірленуші қолдайтын жеке (азаматтық) айыптаушы. Осындай жағдайда соттың істі қарауындағы айыптау қызметін мемлекеттік айыптаушы, қоғамдық айыптаушы және жәбірленуші орындайды.

Айып әділ соттың міндетті алғы шарты. Онсыз тек қорғану қызметі пайда болып қоймайды және әділ сот қызметі болуға тиіс емес. Сот мәжілісінде қорғану қызметін сотталушы, оны қорғаушысы және қоғамдық қорғаушы жүзеге асырады.

Алдын-ала тергеу сатысындағыдай соттың істі қарауында азаматтық талапты колдаушы және одан қорғану қызметі орын алады. Азаматтық талапкер және онын өкілі материалдық зиянның орнын толтыру мүддесінде әрекет етеді, ал азаматтық жауапкер және оның өкілі барлық жақтардың құқықтарын қолдануда азаматтық талаптан қорғану мүддесінде әрекет етеді.

Істі, әділ сот қызметін жүзеге асырушы сот шешеді. Айтылып кеткендей, әділ сот кызметінің негізгі мазмұны болып, жақтармен ұсынылған дәлелдемелерді тікелей зерттеу және істі мәні бойынша шешеді, бұл дегеніміз айыпкердің кінәсіз немесе кінәлі екендігін шешу және айыпкерді кінәлі деп танығанда жаза тағайындау. [4].

Сезікті деп мәжбүрлеу процессуалдық актісі болып ұстау хаттамасы (ұстау қаулысы) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану қаулысы. Мұндай күштеу шарасын тек тұлғаның қылмыс жасағандығын анықтағанда қолданған қажет.

Тұлғаны сезікті деп тану үшін заңда көрсетілген бірде-бір айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы немесе ұстау қолданылмаса, сезікті процеске нақты түрде қатыспайды.

Сезіктіні ұстау мерзімі былай шектеледі: ұстау жетпіс екі сағаттан аспауы керек, ал бұлтартпау шарасын таңдау - он тәуліктен. Осы уақыт ішінде тұлғаға айып тағуға немесе бұлтартпау шарасының күшін жоюға міндетті.

Дегенмен, біздің ойымызша, іс жүргізулік әрекет ретінде сезіктіні ұстаудың құқықтық мәні бір мағыналы емес. Себебі, ол бір жағынан мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы іс жүргізулік шешім болса, ал екінші жағынан дәлелдемелерді жинау тәсілі ретінде қызмет атқаратын тергеу әрекеті болып табылады.

Қылмысты жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау уақыты мен жағдайы, орны туралы іске маңызы бар деректер көрсетілген ұстау хаттамасы дәлелдеменің қайнар көзі болып табылады.

Жалпы қорытындылай келе қылмыстық іс жүргізудегі, ондағы қатысушылардың мәртебесіне бірқатар теориялық талдау жасаудың нәтижесін атап өту қажет.

Қылмыстық құқық нормаларын процессуалдық тәртіптен тыс қолдану тергеудің, соттың зорлығына әкеп соғады. Әр уақытта қылмыс жасаған азамат қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылу қажет. Қылмыстық жауапқа тартудың зорлық сияқты басқа түрлеріне үзілді-кесілді тиым салынуы керек. Процессуалдық қарым-қатынас қылмыс туралы арыз түскеннен кейін пайда болады, яғни қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысынан басталады. Осыдан бастап қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың нақтылы процессуалдық әрекеттері жүзеге асады. Процессуалдық қарым-қатынас іс жүргізудің әр кезеңінде әртүрлі болады және тергеу әрекеттерінің мәні мен мақсатына байланысты.

Біздің тұжырымдауымыз бойынша, жариялылықты осы тергеу әрекетін жүргізу барысында толық іске асыру үшін, сезіктінің ұсталғаны туралы заңда көрсетілген он екі сағаттың ішінде прокурорға, сезіктінің жанұясы мен жақын туыстарына және қызмет атқаратын болса оның жұмыс жасаған орнына міндетті түрде жазбаша түрде хабарлануы қажет. Себебі, сезіктінің еңбек ететін ұжымы өзінің жұмыскерінің қай жерде екенін білгеннен соң, кәсіпорынға еш шығын келтірместен өз уақытысында жоқ жұмыскерді ауыстыруы мүмкін. Екінші жағынан еңбек ететін ұжым, ұсталғанның тағдырына қызығушылық білдіріп, іс бойынша ақиқатқа жету үшін заңды тәсілмен көмектесе алады. Демек, қажет болған жағдайларда (мысалы: сезіктінің жанұясы болмаған жағдайда немесе жанұясының жартылай толық болмауы), еңбек ұжымының мүшелері сезіктінің қалған мүлкінің сақталуына немесе сәби балаларының тағдырын қамсыздандыруға қатысуы мүмкін.

Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларға бай-ланысты ҚР ҚІЖК-нің 138-ші бабына, сезіктінің от-басы мушелерімен қатар, қажет болған жағдайда оның еңбек ұжымына да ұсталғандығын хабарлау туралы заңды талапты қосып көрсетуді қажет деп есептейміз.

Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 30-бабына сай қыл­мыстық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі делінген. Ал қажет болған жағдайда сот ісінде мемлекеттік тілмен бірдей орыс немесе басқа тілдер қолданылатындығы қосымша көрсетілген. Міне, егер заңның осы мәтініне зер салып қарасақ, біздің елде сот ісі мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жүр­гізілу­ге тиіс. Әуелі мемлекеттік, сосын барып оны­мен бірге орыс және басқа тілдер қолданылуы мүмкін. Онда да қажет болған жағдайда ғана. Заңның басты қасиеті оның басқа нормативтік актілерден жоғары екендігінде және қалай оқылса солай қолданылуға жататындығында дейміз. Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қол­дану түсініктерін теңестіріп қарауға бол­май­ды. Сондықтан да біз, ешқандайда бұқ­пан­тайламай-ақ Қазақстанда сот ісін жүргізу тілі қазақ тілі деп анық айтуымыз керек.

Біздің ойымызша,төмендегі объективті факторлар қылмыстық іс жүргізу саласында тілдік ортаға әсер етуде.

Бірінші объективтік фактор Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 30-бабының және Аза­маттық істер жүргізу кодексінің 14-бабы­ның мәтінінде орын алған ішкі қайшылық­тар. Аталған баптардың бірінші бөлігі сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін көрсетсе, екінші бөліктері бірінші бөліктердің маңызын төмендететін нормалардан тұрады. Қылмыс­тық істер жүргізу кодексінің аталған бабының екінші бөлігі бір қылмыстық іс бойынша іс қарау қылмыстық процесті атқарушы ор­ган­ның қаулысымен белгіленген сот ісін жүргізу тілдерінің бірінде жүзеге асырылады деп көр­сетіліп, сот ісін жүргізетін тілді бірнеше тіл­дер­ге айналдырған. Сонымен қатар сот ісін жүр­гізу тілін процесті жүргізуші органның таңдауына қалдырған.

Екінші объективті фактор процесті жүр­гізетін орган қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білмеуі. Қылмыстық істердің мемлекеттік тілде жүргізілу барысы, көбіне Қылмыстық іс­тер жүргізу кодексінің істі мемлекеттік тілде қарау талабына сәйкес емес, керісінше, су­дья­ның, прокурордың, тергеушінің мемлекеттік тілді білу дәрежесіне байланысты болатын­ды­ғын айтуымыз керек. Мемлекеттік тілді біл­мейтін тергеуші қылмыстық істі орыс тілінде жүргізеді, судья орысша қарайды. Сонда заңда көрсетілген орыс тілін қолданатын қажетті жағдай деген, бұл жерде судья мен тергеушінің мемлекеттік тілді білмеуі болып отыр.

Қылмыстық істердің бәрінде тергеушінің формальді түрде істі қазақ тілінде жүргізу ту­ра­лы қаулылары бар. Ол формальді болған­дық­тан, оны тергеушілердің өздері де орын­да­май­ды. Іс бойынша сот-дәрігерлік, крими­на­листік сараптамаларды тағайындау және са­раптама қорытындысымен таныстыру туралы қаулы­лар­дың бәрін орыс тілінде шығарады. Істе сұралған куәлардың кейбіреулерінің жау­ап­тары да орыс тілінде жазылады. Оны айта­сыз, қазақ тілінде жүргізілген қылмыстық іс­терге тіркелген сараптама қорытындыла­ры­ның бәрі орыс тілінде және процесс жүргізуші орган­дар сараптама мәтіндерін орыс тілінен қазақ тіліне толық аудармайды. Оның қорытынды бөлімін ғана аударып, бармақ басты, көз қыстының керін жасайды. Осыған қарағанда, еліміздегі процесті жүргізетін органдар қыл­мыс­тық істер жүргізу заңының талабына, дәлі­рек айтқанда, мемлекеттік тілдің мәртебесіне пысқырып та қарамайтын тәрізді. Іс қағаз­дарын әлі орысша жүргізетін об­лыстарды бы­лай қойғанда, қазақшаға көшкен облыстарда да сот ісін жүгізудің жағдайы оңып тұрған жоқ.



Сонымен қатар бүгінгі күні кадрлардың тұрақтамауымен байланысты проблемалар орын алуда. Тәжірибелі қызметкерлердің басқа құқық қорғау органдарына немесе коммерция саласына кетуі алаңдатуда. Соның салдарынан жас қызметкерлердің тәжірибесі аз, кәсіби шеберлігі төмен. Осы уақытқа дейінгі анықтау органдарының жұмыс тәжірибесі, оның тергеуіндегі баптарды ашу және тергеу қызметтің қалыптасып, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберіндегі құзыретін одан әрі кеңейтуге дайын екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз;

  2. М.М.Михеенко. Доказывание в советском уголовном судопроизводстве. Киев, "Высшая школа", 1984. 132 с.;

  3. Нравственные проблемы советского уголовного судопроизводства. (Горский Г.Ф. и др. Судебная этика/ Г.Ф. Горский, Л.Д. Кокорев, Д.П. Котов. - Воронеж: Изд-во Воронеж. ун-та, 1973. - 226 с.);

  4. Уголовный процесс: Учебник для студентов вузов, обучающихся по специальности «Юриспруденция» / Под ред. В.П. Божьева. 3-е изд., испр. и доп. - М.: Спарк, 2002. 704 с.;

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 I
konf 2014 I -> Әож 340. 141 ДӘСТҮрлі қазақ ҚҰҚЫҚ ЖҮйесін қайта қолданудың маңызы
konf 2014 I -> Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша арал теңізінің Қоршаған ортаға келтіретін экологиялық Әсерін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жунисалиев А. Т., Махан Т. У., Қожахметова А. А
konf 2014 I -> Нєзір т¤РЕЌ¦ловтыњ Ќазаќтан шыќЌан т¦ЊЃыш елші ретінде
konf 2014 I -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 I -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 I -> Әож 903/904(574)(092) талас өҢіріндегі қалалар туралы парсы деректері шолпанқұлова Қ. А. Тармпи, Тараз қ
konf 2014 I -> ҚҰрамы рыскелдіұлы Е. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,Тараз қ
konf 2014 I -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет