Әож 343. 27 Қазақ хандығының ҚҰРЫЛУының алғы шарттары



жүктеу 74.78 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі74.78 Kb.

ӘОЖ 343.27
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Жарылкасынова А.Р., Несипбаева И.С.

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Орта ғасырлардағы Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқының құрылуы мен топтасуында, қазақ этносы дамуының ұзақ жолында, әсіресе оның соңғы кезеңінде, XV - XVII ғасырларда этностың тұтастығын сақтауда аса зор маңызы болды.

«Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің заңдық қорытындысы болды. Аралас экономикалық, көшпелі мен шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылық қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде XIV-XV ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық, мәдени, қоғамдық саяси байланыстарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моңғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізінде мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті».

Қазақ мелекеті құрылуының объективті себептері мен шарттары осы жағдайлар болды. Ірі этникалық - әлеуметтік қаумдастықты өзінің біртұтас әлеуметтік – аумақтық мемлекеттік ұйымын құруға ұмтылуы соңғы уақытқа- ұлттардың құрылу кезіне ғана емес, Орталық Азия аймағының қазіргі халықтары қалыптасқан орта ғасырларға да тән. Мемлекеттің этникалық қауымдастықты айқындайтын көптеген элементтерді – тіл, материалдық мәдениет, тұрмыс, тарихи зерде, халықтың ғұрпы, ойлау салты элементтерін қайта жаңғыртуда, оны дамыту мен этникалық аумағын қорғауда жетекші рөл атқаратыны белгілі.

Жоғарыда көрсетілгендей XIV-XV ғасырлар соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан өмірінде ерекше маңызды кезең болды. Бұл қазақ халқының құрылуы, оның мемлекеттігінің, этникалық аумағының негізгі нобайларының қалыптасуы аяқталған кез еді. Жоғарыда моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі алғашқы он жылдықтардағы күйзелістің орнына келген шаруашылықтың қайта өрлеу фактілері атап өтілді. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы саласында өзгерістер орын алды. Моңғолдардан кейінгі уақытта жоғарыда айтылған мемлекеттерде азды - көпті тұрақты шаруашылық жағдайларының қалпына келтірілуі, Орта Азияда, Иранда, Кавказ сыртында, орыс жерлерінде болғаны сияқты, Қазақстанда да қоғамдық қатынастарының үдемелі түрде ілгері басуын қамтамасыз етті. Қазақстанның бүкіл аумағында әсіресе оңтүстік аудандарда әлеуметтік қатынастардың рулық - тайпалық белгілері мен рулық байланыстардың пәрменділігі барған сайын кеми берді, хандардың, сұлтандардың, әмірлердің, байлардың, билердің, мұсылман дінбасарлаының еңбекші бұқара жөніндегі саясаты барған сайын өктем бола түсті. Ақ Орда мен басқа да аталған мемлекеттердегі әлеуметтік – экономикалық қатынастар проблемаларын әлі де жете зерттеуге тура келді, дегенмен қоғамдық қатынастардың, әсіресе отырықшы – егіншілік дамыған аудандарда патриархаттық - рулық шеңберден біртіндеп арылуы мағынасында алғанда, ол қатынастардың дамуындағы кейбір ілгері басушылық туралы қазір де қорытынды жасауға болады. Ақ Орданың билеушісі Жошыдан тараған сұлтандар мен көшпелі тайпалардың шонжарларына үлестік иеліктер мен үлестік жерлер бөліп беру жүйесін ретке келтіру жөнінде бірқатар шаралар қолданылады. Бұл көшіп - қонудың ежелден қалыптасқан жолдарын ескере отырып жайылымдық және егістік учаскелерді иелену және пайдалану құқығымен жүзеге асырылса да, көп жағынан алғанда дәстүрлі жер пайдалануды бұзбай қойған жоқ, өйткені сыйға тартылған сойырғалдардың өзге тайпалар көсемдерінің қолына түсуі жиі кездесетін еді.

Қоғамдық қатынастар жүйесінің одан әрі дамуы, Моғолстандағы сияқты, Ақ Ордада, сонан соң Әбілқайыр хандығында малды ғана емес, жерді де меншіктенудің нығайтылуынан көрінді. Мұны жайылым үшін барған сайын өрістей түскен күрес те растайды, бұған Әбілқайыр ханның Өзбек хандығындағы сияқты, аталған мемлекеттердің де тарихы жөніндегі жазбаша деректемелерде дәлелдер бар. Өз мемлекетігінің құрылуына байланысты көшпелі шонжарлардың экономикалық және саяси күш - қуаты арта түсті. Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың дамуы және қала халқын осы мемлекеттердің билеушілері мен қалаларды үлес - сойырғаларға алған көшпелі шонжарлардың қанау мүмкіндіктерінің артуы, сондай-ақ мал санының көбеюі, жайылымдық жердің кеңеюі - осының бәрі шонжарлардың күш - қуаты артуы және қатардағы көшпелілердің, егіншілер мен қала тұрғындарының әлеуметтік жағынан саралануының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді айқындап берді.

«Моңғолстандағы сияқты, Ақ Ордада да қоғамдық қатынастардың одан әрі дамуын туғызған осы құбылыстардың бәрі рулық және тайпалық байланыстарды барған сайын үзе түсіп, жекелеген этникалық топтардың этникалық жағынан араласуына, халық ретінде қалыптапсудың жеделдеуіне жеткізді. Халықтардың этногенезі проблемаларын зерттеушілер барлық этностар мен халықтардың қалыптасу процесінде мемлекеттік, экономикалық, мәдени және басқа да әлеуметтік байланыстардың айқындаушы рөл атқаратынын атап көрсетеді. Этностың қалыптасуына әлеуметтік факторлардың ықпалы этникалық қарым - қатынасты жанама түрде көрсететін экономикалық байланыстармен ғана шектелмейді, ол қоғам дамуының басқа да көптеген қырларынан көрінеді. Егер қоғамдық өндіріс барысында материалдық өндіріс барысында материалдық игіліктерді өндіру ең алдымен этникалық қауымдастықтың физикалық жағынан өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік берсе, халықтың түрлі топтарының экономикалық байланыстарының барысында мәдени ақпарат алмасу жүріп жатады. Экономикалық байланыстар «тиісті мемлекеттік құрылымдардың құрамдас бөліктерінің саяси қауымдастығын» нығайтады. Халықты этникалық жағынан топтастыру мен оның өз тұтастығын сақтауы үшін оның мүшелерінің жаулап алушыларға қарсы бірлескен күресуінің, этникалық аумақты бірлесіп қорғауының зор маңызы бар».

Этностың қалыптасуына әлеуметтік – экономикалық факторларының оң ықпал етуінің осы барлық көріністерін қазақ халқының құралу барысынан да көруге болады.

«Қазақ халқының қалыптасу процесінің баяулауына, оның уақыт жағынан ұзаққа созылуына моңғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің - әуелі моңғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы қоғамдық қатынастардың баяу дамуы, сыртқы саяси жағдайлардың қайсысы болуы салқынын тигізді. Қазақ халқының қалыптасуына қазақ қоғамы дамуының бүкіл барысындағы ұзаққа созылған ішкі соғыстар мен талас - тартыстар және қазақ билеушілерінің көршілес Орта Азия, Шығыс Түркістан, Сібір, Жоңғария аумақтарындағы өздері жүргізген сыртқы соғыстары сияқты факторлардың да теріс ықпал жасағаны аз болған жоқ. Соғыс қимылдары объективті түрде пайда болған шаруашылық, мәдени және этникалық байланыстарды қайта - қайта үзіп отырды. Қазақ этногенезінің барысына жекелеген этникалық топтарды қалыптасқан халықтан шығарып тастаған немесе оған сырттан келгендерін қосып отырған халықтың көші - қоны айтарлықтай теріс ықпал жасады. Этникалық топтардың осылайша орын ауыстыруының халық топтасуының процесіне тежеуші ықпал жасайтыны бірқатар зерттеу әдебиетінде атап өтілген.

Шынына келегенде, қазақ мемлекеттігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Халықтың шаруашылық үлгісінің ортақтығы, бірдей материалдық мәдениеті мен тұрмысы Қазақстан аумағында түгелдей басым болған түркі тілдес тайпалармен тайпа бірлестіктерінің тіл жөнінен жақындығы орын алған. Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы да, Қазақ хандығында да халықтың ортақ қоныстау аумағы болды.

Қазақстан аумағында біртұтас мемлекеттілік Алтын Орданың бөлінуі кезіненен бастап; Қазақ хандығы пайда болып, нығайғанға дейін жергілікті этникалық негізде қалыптасты. Әбілқайыр хандығы ыдырағаннан кейін - ақ сол қалыптасқан халықта, нақ сол этникалық аумақта, нақ сол шаруашылық-экономикалық жағдайларда билеуші әулет қана алмасып, Жошы ұрпақтарының бұрынғы тармағының билігі қалпына келтіріледі.

Билеуші әулеттердің алмасуы, саясат саласында болған өзгерістер қоғамның экономикалық негізіне әсер еткен жоқ.

Ақ орда мемлекетін, Әбілқайыр хандығын, Моңғолстаннның солтүстік бөлігін және Ноғай ордасын қазақ халқының ірі - ірі этникалық топтары мекендеді. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің және жоғарыда айтылған басқа да мемлекетердің тікелей жалғасы болды. Осы мемлекеттер шеңберінде қазақ халқы қалыптасуының ұзаққа созылған процесі, ал Қазақ хандығында біртұтас халықтың біржола топтасуы аяқталды. Этникалық процесстер мен бірге қазақ мемлекеттігінің өзі де қалыптасып, дамиды, ол бұрын Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар мен халықтардың феодалдық мемлекеттігі дамуының тікелей жалғасы болды».

Қазақ хандығының, қазақ мемлекеттігінің құрылу себептері әлеуметтік экономикалық факторлардың тұтас кешенінде қоғамдық қатынастардың одан әрі дамуында жатыр. Әбілқайыр сынды рулық - тайпалық үстем таптың феодалдық құқықтарын қорғаушыдан айырылған шонжарлардың мүдделері оның немересі Мұхаммед Шайбани ғана емес, сонымен қатар бөлініп кеткен қазақ хандарынан да неғұрлым құдіретті қамқоршы іздестіруде болып табылады.

«Жәнібек пен Керей қазақтарының Батыс Жетісу аумақтарына көшуі және осыдан кейін Қазақ хандығының құрылуы бұл ауданның саяси тарихында өзгерістер тудырған 50-60 жылдардың басында Моңғолстанның ішкі және сыртқы саяси тарихындағы мейлінше маңызды саяси оқиғалар болды. Бұл оқиғалар Жетісу қазақтарының тарихында үлкен бетбұрыс болған сәт еді: жергілікті тайпалар моңғол билігі орнағаннан кейінгі уақытта тұңғыш рет Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы бір-біріне жақын этникалық топтармен біртұтас мемлекеттік ұйымға бірігу мүмкіндігін алды. Жетісудағы түркі тайпаларының Қазақстанның осы аудандарының тұрғындарымен бірігуге деген ертеден бергі ұмтылысы бұл ауданда Қазақ хандығын құру үшін, бір жоғарғы өкіметтің қол астына екі жүз тайпаларының бөліктерін біріктіру үшін өте тиянақты негіз болды. Көшудің пайдалы нәтижелерін айқын кезде XV ғасырдың 50 - 60 жылдарында Жетісуға көшкен қазақ тайпалары келген соң, бос жатқан далаларды мекендемей, Жетісудың жергілікті қазақтарымен қоян- қолтық тығыз қатынастар орнатқанын ұмытпау керек. Бұл қатынастар көп ұзамай бір мемлекеттік бірлестік көлемінде саяси одақ дәрежесіне көтерілді»



XV ғасырдың ортасында Қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекетің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты. Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы, мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың «қазақ» деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталуынан құрылды. Осы ұлан - байтақ жердің бүгінгі иегері қазақ халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты.

Әдебиет


  1. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. СПб., Т.1. -157 б.

  2. Карпинин П., Рубрук де В. Путишествия в восточные страны. – Алматы,1993жыл. – 46 бет

  3. Аманжолов С. А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1959 жыл. – 112-113 беттер.

  4. Бартольд В. В. История изуичения Востока в Европе и России. – Л., 1967. – 217 б.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 I
konf 2015 I -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 I -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 I -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 I -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 I -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 I -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 I -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 I -> Хіх ғ. 50-60 жж. Жетісуға казак-орыстарының орналасуы және олардың Әлеуметтік жағдайы күзенбаева Л. Е
konf 2015 I -> Анализ применеия клеев и клеевых соединений в легкой промышленности
konf 2015 I -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет