Әож 37(574) ТӘуелсіз қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен ықпалдасуы



жүктеу 55.13 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі55.13 Kb.

ӘОЖ 37(574)
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КЕҢІСТІГІМЕН ЫҚПАЛДАСУЫ
Еменова Г.Б.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.
Қазақстан бұл күнде дүние жүзі таныған дербес мемлекет, халықаралық қауымдастықтың белді мүшесі. Ол ұстамды саясатымен, қазыналы жерімен, парасатты елімен өзіне әлем назарын аударып отыр. Бірақ алда әлі де жаңа кезеңнің міндеттері тұр.

Егемендігі баянды болған Қазақстан үшін алдағы басты стратегиялық міндет - өркениетті мемлекет құру. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта жасалып жатыр. Бұл істі іске асырудың жолдары мен міндеттерін күн тәртібіне қойып отыратын, маңызды құжаттардың бірі – “Қазақстан-2030” стратегиялық ұзақ мерзімді бағдарламасы. Онда біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен біздің мемлекетіміздің ұлық мұратына деген көзқарас қарастырылған. Осы мұраттарға жетудің бірден-бір жолы елдің болашағы білімді ұрпақ тәрбиелеу. Осығын орай “Қазақстан - 2030”стратегиялық бағдарламасындағы білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрлар даярлауға бағытталған басымдылықты ерекше атап көрсетуге болады. Бұл басымдылықтың негізгі мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті және экономиканы индустриялық, иновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тиімділігі жоғары білім жүйесін қалыптастыру [1].

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, мақсатын мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, біліктілік пен дағды-машыққа қол жеткізуі ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеу-меттік және кәсіби біліктіліке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, адамзаттардың білім деңгейімен анықталады. Білім арқылы ғана қоғамның интелектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Онсыз дамыған, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Осыған сәйкес Елбасы өзінің халқына жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін нақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет деп ерекше атап көрсетті» [2].

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, оның ішінде Болон үрдісінің қарқынды дамуы дәлел. Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістері әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр. Бүкіл дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. 1999 жылғы Болон декларациясынан бастап бүкіл Европа елдерінде оқу, білім беру үрдісін нарық қатынастарына сәйкес бейімдей отырып, бір жүйеге келтіруге бет бұрды. Қазақстан Республикасының бұл декларация принциптерін қабылдауына байланысты елдегі білім беру процесі осы жүйеге қарай бейімделуде.

Осыған сәйкес, мемлекеттік деңгейде көптеген құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламалар «Қазақстан – 2030» стратегиясында белгіленген білім беру жүйесін дамыту және кадрлар дайындауға бағытталған басымдылықтағы Қазақстанның білім беру саясатының негізгі ұстанымдарын дамытады. Оған білім берудің көп сатылы концепциясы, ҚР білім берудің 2005-2010 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламасын, оқыту процесінде білімгер еңбегінің өлшемі ретінде кредиттік жүйені енгіздіруді және білім сапасын ISO – 9000 талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын атауға болады.

Бұл бағдарламалар мен реформалардың негізгі мақсаты мен міндеттері әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудың стратегиялық басымдылықтарын белгілеу.

Білім беру ісі бойынша реформалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім, жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім деңгейлеріне қатысты.

Осы деңгейлердің ішіндегі жоғары білімді дамытудың және ЖОО – нан кейінгі білім беру кезеңдерінің маңыздылығы ерекше. Қазақстан Республикасының 1997 жылы Лиссабонда Европа қауымдастығы мен ЮНЕСКО жоғары білім туралы конвенциясына қосылуы бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне кіруін қамтамасыз етумен қатар оған жоғары талаптар да қойды. Қазіргі кезде, Қазақстан жоғары мектебінің алдында осы проблемаларды шешу жолдарын қарастыру, оның теориялық әдістемелік негіздерін жасау, тәжірибелік жолдарын көрсету сияқты жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Солардың бірі оқытуды кредиттік жүйеге көшіру. Бұл жүйе білім берудің жаңа технологиясы білімгерге өз бетінше шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп, оқуға мүмкіндік беретін технология. Сонымен қатар, бұл жүйенің бұрынғы дәстүрлі жүйеден ерекшелігі – мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоғары деңгейдегі кәсіптік білімді студент негізінен өз белсенділігі арқылы меңгереді. Халықаралық жоғары білім саласында кредиттік оқытудың төрт түрлі моделі қолданылуда. Қазақстанда қазіргі білім саласында Европалық ESTS және американдық USOS кредит жүйелерінің элементтерін қолдана отырып Ұлттық моделін жасау үстінде. Білім беру жүйесінің кредиттік технологияға өтуіндегі басты мақсаттары:


  • елдегі білім беру жүйесін Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясының талаптарына бейімдеу;

  • ұлттық білім беру жүйесін бүкіл әлемдік деңгейге сәйкестендіру;

  • мамандарды әлемдік білім стандарты талаптарына сай дәрежеде дайындау;

  • Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарыры дипломдарын басқа елдермен теңестіру.

Осылайша әлемде болып жатқан өзгерістер өркениетке ұмтылған әр мемелекеттің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қойып отыр. 2004 жылдың ақпан айында қабылданған ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес елімізде жоғары білім берудің үш сатысы қалыптасты: бакалавриат, магистратура, докторантура. Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, дамудың жаңа бағыттары мен қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды жетілдіру негізіндегі қоғам қажеттіліктері мен тығыз байлансы болып табылады. Сондай - ақ білім беру мен ғылымды ықпалдастырудың негізінде қоғамды, экономиканы, өндірісті, ғылымды жетілдірудің және жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті жаңа ғылыми тұрпатты кадрлар дайындау [3].

Тағы бір айта кететін жай ЖОО-да сапа менеджменті жүйесін институтционалдық бағаны және шетелдік жетекші акредиттеу агенттіктерінің талаптары деңгейінде кәсіптік білім беру бағдарламаларын енгізу. Осы жағдайды жүзеге асыру арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуға қол жеткізуіміз анық.

Осы шаралар кешенін іске асыру сапалы білім беру қызметтерін көрсетуді, еңбек нарығында мамандардың кәсіби қажеттілігін және олардың талап етілуін арттыруды қамтамасыз ететін тиімді қолданылатын білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның білім беру моделін құрып, әлемде Қазақстанның лайықты орын алуы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму жоспарының басымдылықтары негізінде көп деңгейлі, білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту қазіргі заман талабынан туындаған мәселелер.



Ел дамуының көкжиегін айқындап берген «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында білім беру саясатына жете мән берілген және білім беру мәселелерінің маңыздылығы айқындалған. Бұл біріншіден әлемдік білім кеңістігіне енуге мүмкіндік берсе, екіншіден педагог қызметкердің мәртебесін көтереді.
Әдебиет


  1. Назарбаев Н.Ә Қазақстан – 2030. Барлық қазақастандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл – ауқатының артуы // Егеменді Қазақстан (11 қазан). – 1997.

  2. Назарбаев Н.Ә. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Астана 2006.

  3. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан жоғары мектебі №1 2004

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет