Әож 43. 197. КӘмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу



Дата10.05.2019
өлшемі41 Kb.
#141078

ӘОЖ 343.197.9
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН КУӘДАН

НЕМЕСЕ ЖӘБІРЛЕНУШІДЕН ЖАУАП АЛУ
Биназаров Н.А.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Процестің осы қатысушыларынан жауап алудың ҚІЖК-нің 215-бабында баянды етілген тәртібі кәмелетке толмаған куәның немесе жәбірленушінің жасын межелеуге құрылған. Мәселен, көрсетілген бапта 14,16 және 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар аталады. Сонымен бірге, заң адамның процесте айғақ бере бастайтын ең төменгі жасын белгілемейтінін ескерту қажет. Мәселе әрбір нақты жағдайда кәмелетке толмағанның әлеуметтік кемелдену деңгейін анықтау негізінде жеке-дара шешіледі.

14 жасқа толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жас психологиясы мен педагогикасының негіздерін меңгерген педагогтың қатысуымен жауап алынады. Жауап алынатын адамның әлеуметтік кемелдену деңгейінің жеткіліксіздігін, енжарлығын көрсететін белгілер байқалғанда, педагогтың қатысуы жөніндегі мәселе 14-тен 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға да қатысты маңызды болуы мүмкін. Соңғы жағдайда педагогтың қатысуы жөніндегі мәселені тергеуші өзінің қалауына қарай шешеді.

Процестің осы қатысушыларынан жауап алудың өзге ерекшеліктеріне мыналар жатады:

- жауап алуға педагогпен қатар олардың заңды өкілдерінің қатысу құқығы, мұнда заңды өкілдер педагогты алмастырмайды;

- куәлар мен жәбірленушілердің айғақ беруден бас тартқаны үшін және көпе-көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы туралы ескертуді тергеуші аталған адамдар 16 жасқа жеткенде ғана жүзеге асыруы тиіс. 16 жасқа дейінгі куәлар мен жәбірленушілерге олардың тек шындықты айтуы керектігі түсіндіріледі;

- жауап алуға қатысатын педагог, кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушінің заңды өкілдері тергеушінің рұқсат етуімен жауап алынатын адамға сұрақ қоя алады, сондай-ақ жауап алынатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жөнінде ескертпелер жасап, мұндай ескертпелердің жауап алу хаттамасына жазылуын талап ете алады;

- кәмелетке толмаған куә мен жәбірленуші өздерінің немесе жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден бас тартуға құқылы. Тергеуші бұл құқықты жауап алу басталғанға дейін түсіндіреді де, ол туралы хаттамаға белгі қояды.

Сезіктіден жауап алу оны ұстауға немесе оған бұлтартпау шараларын таңдауға, немесе сезіктіге қатысты қылмыстық іс қозғауға байланысты мән-жайлар туралы іс жүзіндегі мағлұматтарды алу, тиянақтау және тексеру құралы болып табылады.

Сезіктіден жауап алу айыпталушыдан жауап алуға арналған ҚІЖК-нің 217-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі, бұған сезіктінің алдында жасалған қылмысқа өзінің кінәлылығын мойындау туралы мәселе жатпайды. Одан жауап алудың ерекшеліктері ҚІЖК-нің 216-бабында баянды етілген.

Сезікті үшін айғақ беру оның құқығы, сондай-ақ қорғану құралы болып табылады. Сондықтан сезікті адам айғақ беруден жалтарғаны немесе бас тартқаны үшін немесе көпе-көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды.

ҚІЖК-нің 216-бабына сәйкес сезіктіден жауап алу ҚІЖК-нің 134-бабының тәртібінде ол ұсталған бойда немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулыны жариялаған кезден бастап дереу жүргізілуі тиіс. Алайда, оның қорғаушысының қатысуын қамтамасыз ету қажеттігінен мұндай жауап алуды тез арада жүргізу мүмкін болмаса, сезіктіден басқа уақытта, бірақ ұсталғаннан немесе күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі 24 сағаттан кешіктірмей жауап алынуы тиіс.

Сезіктіден жауап алудың алдында тергеуші оған ҚІЖК-нің 68-бабының 7-бөлігінде көзделген өзінің құқықтарын түсіндіруге, сондай-ақ оған қандай қылмыстың жасалғанына күдік келтіретінін хабарлауға міндетті, бұл жөнінде жауап алу хаттамасына тиісті белгі жасалады.

Қорғаушы іске қатысуға рүқсат етілген сәттен бастап ұсталу хаттамасымен, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулымен танысуға, сезіктіден алғашқы жауап алуға қатысуға, сезіктімен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және қүпия түрде жолығуға құқылы (ҚІЖК-нің 74-бабының 2-бөлігі).

Сезікті өзінің бастамасы бойынша қорғаушының немесе адвокаттың қатысуымен іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушының көмегімен жазбаша түрде бас тартуға құқылы. Заң көмегі үшін төленетін ақы жоқ деген желеумен қорғаушыдан бас тарту әрекеті қабылданбайды. Мұндай жағдайда қорғаушыға мемлекет есебінен ақы төленеді. Сезіктінің қорғаушыдан бас тартуы істі одан әрі тергеп тексеру барысында оның тағы да қорғаушы алу құқығын жоймайды.

Заң төмендегідей жағдайларда сезіктінің қорғаушысының міндетті түрде қатысуын көздейді:

1) сезіктіден өзінің тарапынан қорғаушының қатысуы туралы өтініш түскенде;



  1. егер сезікті дене немесе психикалық кемістіктеріне қарай өзінің қорғану құқығын дербес жүзеге асыра алмайтын болса;

  2. сезікті кәмелетке толмағанда;

  3. сезікті сот ісі жүргізілетін тілді білмеген жағдайда;

  4. сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған кезде;

6) біреуінің қорғаушысы бар сезіктілердің немесе айыпталушылардың мүдделері арасында қайшылықтар болған кезде.

Кәмелетке толмаған сезіктіден жауап алу ҚІЖК-нің 484-488-баптарының ережелері бойынша жүргізіледі.


Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы ,2011 ж. 02 ақпан.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі , 2012 ж. 15 ақпан.

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі , 2012 ж., 27 қараша.

  4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

  5. «Кәмелетке толмған адамдардың қылмыстары және олардықоғамға қарсы іс- әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәурдегі №6 нормативтікқаулысы» ( 11.07.2003 ж. №4, 25.12. 2006 ж. №12, 21. 04.2011 ж. №1 нормативтік қаулылармен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен бірге)

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Urkumbaev It
Urkumbaev It -> Экономика жєне ќ¦ЌЫЌ
Urkumbaev It -> Әбілдаева А. С. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev It -> Әож 340. 141 Қазақ халқының ДӘСТҮрлі қҰҚЫҚ ЖҮйесіндегі меншік қҰҚЫҒының алатын орны мен маңызы
Urkumbaev It -> Б., Сатышева А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev It -> Әож 336. 714 Инвестициялық Қызметтің теориялық Әдістемелік аспктілерінің экономикалық ТҰжырымдамасы
Urkumbaev It -> Әож 624. 013 Атырау қаласындағы мұнайды тасымалдау бекетінің ішкі жүйесінің ҚҰрылымдық схемасын қҰРУ
Urkumbaev It -> Әож 343 экономикалық контрабанда қылмыстарының алдын алу және күрес шаралары
Urkumbaev It -> Әож 43. 137. КӘмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың Өзекті мәселелері
Urkumbaev It -> Әож 624. 013 МҰнайды тасымалдау бекетінің тп-ң Қазіргі заманға сай жаңарту
Urkumbaev It -> Әож 43. 196. Нашақорлықпен қылмыстық-ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮресудің Өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет