Әож 51. 482. Бьефтерді жалғастыратын құрылымдардың жаңа конструкциялары



Дата12.04.2019
өлшемі255 Kb.
#95268

ӘОЖ 551.482.2
Бьефтерді жалғастыратын

құрылымдардың жаңа конструкциялары
Жолдасов С.Қ., Есенгельдиева П.Н., Турдыгулов С.Д.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Еңістігі үлкен жерлерден өтетін каналдарда биіктіктің айырмасын, яғни жоғарғы бьеф пен төменгі бьефтің биіктік белгілерін түйістіру үшін жалғастыратын құрылымдар орнатылады, оларды гидротехникалық өндірісте құламалар және тезағарлар деп атайтыны белгілі.

Мұндай құламалар мен тезағарлар, жиі ирригациялық жүйелердің каналдарында, көбіне су тастау жүйелерінде орнатылады. Одан бөлек, бұл құрылымдар су электр станциялары құрамында соғылатын гидротехникалық имараттар торабы құрамына да кіруі мүмкін.

Қазіргі, ғылым өте жылдам дамып келе жатқан заманда, күнде-күнде өзгерістер болып жатқан кезеңде, бьефтерді байланыстырушы құрылымдардың да конструкциялары жаңару үстінде. Соның бір айғағы ретінде төменде мысалға келтірілетін екі жалғастырушы құрылымның жаңа конструкциясына (1, 2-суреттер) тоқталып өтелік. Ұсынылатын құламаның ерекшелігі [1] төменгі су алып кету науасында жүзбе құрылғысы бар тік сатылармен бөлінген, жоғарғы су жеткізуші және төменгі суды алып кетуші науалардан тұратын су ағыны энергиясын бәсеңдеткіштен тұруы (1-сурет).

Артық энергияны сөндіру, әрбір сатының суұрма құдығында гидравликалық шапшыманы көму арқылы іске асатын, кіру және шығу қабысу бөліктері мен бір немесе бірнеше құлау сатыларынан тұратын бір және көп сатылы құламалар бар [2]. Мұндай құрылымдардың ең үлкен кемшілігі – ауқымды болуы, өте көп мөлшерде материалдар шығындалуы, энергия бәсеңдету тиімділігінің төмендігі. Бұдан да басқа гидротехникалық өндірісте жоташықты құламалар қолданылады [3]. Олардың әрбір сатысының кірер жерінде шағын трапеция түріндегі жоташықтары болады. Жоташықтарды айналып өту кезінде ағын көптеген ұсақ ақпаларға шашырайды, соның салдарынан энергияның шамалы бөлігі жоташықты айналып өтуге, шашырауға және ақпалардың араласуына шығындалады.

Бұл конструкцияның кемшілігі жоғарғы сатыда науа ені мен су тереңдігін жоташықтың орташа биіктігіне көтеру, және де тежеу қабырғасы және құлау биіктіктерін ұлғайту болып табылады. Науадағы гидравликалық режимді шамалы ғана өзгерту, бетон жұмыстарының қажетті көлемін көтеруге, яғни жалпы құрылымның құнының өсуіне алып келеді.

Біз ұсынып отырған конструкцияда, құлама - су жеткізуші 1 және суды алып кетуші 3 науалардан (1-сурет), тік сатыдан 2, бүйірлік пазаларда 4 жоғары және төмен еркін қозғалатын бүйірлік сыртына доңғалақ-подшипниктермен 7 отырғызылған көлденең тұғырға 5 дәнекерленген бойлық құбырлы-арын бәсеңдеткіштерден 6 тұрады.



Сурет 1 – Жаңа конструкциялы құлама

Жасанды бұжырлықты тезағар - кіру бөлігінен (2-сурет), яғни суағар табалдырығынан 2, еңісті науадан 3 және науа енінен bд канал түбінің еніне bк дейін кеңейетін бұжырлықты 1 шығу бөлігінен 4, сонымен бірге олар көлденең жолақтармен ені алмағайып тереңдікке hкp тең етіп орналасқан, қадамы 20-30 мм-ден шахматтық тәртіпте орналасқан, пластмасс қабықшалы, диаметрі 5-7 мм, биіктігі кәдімгі жылтыр науада 0,5 h0 (мұнда h0 - бірқалыпты қозғалыс кезіндегі су тереңдігі) тең серіппелі болат сымдардан тұратын жасанды бұжырлықтан тұрады.

Сурет 2. Жасанды бұжырлықты тезағар


Құлама конструкциясы былай жұмыс істейді. Су, сатының 2 жотасы арқылы науамен 1 қозғалып, төмен қарай құбырлы-арын бәсеңдеткіштердің 6 бетіне құлайды, және оны периметрімен айналып өтіп, жеке ақпаларға шашырап кетеді де, бірден төменгі сатының суымен араласып кетеді, осыған байланысты кинетикалық энергияның басым бөлігі жүзбе құрылғының төңірегінде сөнеді және одан төмен қарай тыныш күйдегі ағын ағады, сондықтан суұрма құдықты салу қажеттігі жоқ, сонымен бірге жүзбе құрылғының пазалары 4 бойынша қозғалып, су деңгейімен бірге барлық уақытта оның бетінде жатады.

Тезағарлар, байланыстырушы құрылымдар ретінде биік нүктеден төменгі белгіге ең қысқа жолмен суды қауіпсіз ағызу үшін пайдаланылады. Соңғы жылдары су шаруашылығы жүйелері қызметінің өзгеруімен байланысты, жаңадан іске қосылып жатқан құрылымдарға қойылатын талаптар күшейіп отыр. Инновациялық жаңарулар білім саласына да өз дегенін жасатады. Сол себепті бізбен жасанды бұжырлықты тезағардың жаңа конструкциясы жасалды.

Тезағардың жаңа конструкциясындағы техникалық жаңалық – тезағардың транзиттік бөлігіндегі канал табанына «кілемше жолақтары» түріндегі пластмасс немесе резеңке қабықшалы жұқа, серіппелі металл сымдардан орындалған жасанды бұжырлықтың болуы [4].

Қатты бетон элементтерін серіппелі жұқа металл сымдарымен алмастыру және арасында жылтыр еркін жолақтардың болуы материалдар шығынын әлдеқайда төмендетеді, орындалуын жеңілдетеді және құрылғы жұмысының тиімділігін көтереді. Жоғарыда 2-суреттегі 1-фигурада жасанды бұжырлықты тезағардың жоспардағы көрінісі, 2-фигурада – тезағардың 1-фигурасындағы 1-1 қимасы көрсетілген.

Су, каналдан кіру табалдырықты суағар арқылы 2 түбінде бұжырлықтар 1 орнатылған еңісті науаға 3, және өз жолында барлық көлденең тосқауылдарды ағып өтіп және шығу бөлігі 4 арқылы тынышталған күйі суды алып кету каналына түседі, бұл кезде ағынның артық энергиясын бәсеңдету – пластмасс қабықшалы серіппелі өте көп тік металл сымдардан құралған тосқауылдарды айналып өту есебінен жүреді. Ағынның күшті энергиясы бұжырлықта ұсақ ақпаларға шашырап, науаның жылтыр бөлігінде қайта біртұтас ағынға жиналып және келесі сымдар жолағын айналып өту кезінде қайтадан ұсақ ақпаларға бөлініп, және осылайша бірнеше рет қайталанып, сымдардың серіппелілігі және ағын жылдамдығын айналу кезінде көлбеу бағытта тербелу есебінен вибрация әсерімен ағын энергиясының басым бөлігі тосқауылдарға шығындалып, шығу жерінде тыныш күйдегі қозғалысқа түседі [4].

Байланыстырушы құрылымдарды гидравликалық есептеудің қалыптасқан әдістемелері - жаңа конструкциялы құламалар (ағынға бойлық құбырлы) мен тезағарларды (табанында жасанды бұжырлығы бар) есептеуге жарамайды. Сол себепті, жоғарыда аталған жаңа конструкциялы байланыстыру құрылымдарына эксперименталды зерттеулер жүргізіп, алынған деректер негізінде жаңа есептеу әдістемесін жасау – тиянақты ғылыми ізденістерді қажет етеді.



Әдебиет


  1. Предпатент РК №12441. Гаситель энергии водного потока / Койбаков С.М., Джолдасов С.К., Утегалиев Т.Т.; опубл. 17.12.2002, Бюл.№12.-3с: ил.

  2. Замарин Е.А., Фандеев В.В. Гидротехнические сооружения. – М.: Изд-во с/х литературы, 1954. – С. 122-137.

  3. Румянцев В.С. и др. Гидротехнические сооружения. – М.: Агропромиздат, 1988. – С.100-103.

  4. Предпатент РК №12215. Быстроток с исскуственной шероховатостью / Койбаков С.М., Джолдасов С.К., Утегалиев Т.Т.; опубл. 15.11.2002, Бюл.№11.-3с: ил.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
II-tom 2012 -> Арыс өзені мен Арал-Сырдария алабының су ресурстарын қазіргі уақытта пайдалану деңгейін бағалау Бақтыбаева А. С
II-tom 2012 -> К вопросу обеспечения безопасности функционирования гидротехнических сооружений рк
II-tom 2012 -> Жамбыл облысында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының экотиптері және олардың конституциялық, өнімділік ерекшеліктері
II-tom 2012 -> Гидроэлеваторлардағы кавитация туралы қасабеков М. И., Зұлқаршын П
II-tom 2012 -> Әож 004. 588 Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығЫ
II-tom 2012 -> V Әож 73+371. Бiлiмдi бақылау жүйесiн қҰрудың заманауи жолдары
II-tom 2012 -> Әож 334. 764 Жағалық толқыннан қорғау және жағаны бекіту құрылымдары
II-tom 2012 -> Әож 681. 3: 378 ОҚу тухнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Суалу қҰрылымдары туралы
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде қант қызылшасы зиянкестерінің таралуы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет