Әож 620. 193. 01 МҰнай-газ қҰбырларының ішкі бетін коррозиядан қОРҒау жолдары



Дата12.04.2019
өлшемі30 Kb.
#94658
түріҚұрамы

ӘОЖ 620.193.01
МҰНАЙ-ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ІШКІ БЕТІН КОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ
Жалалиева Л., Манапбаев Б.Ж.
Мұнай-газ құбырларының ішкі бетінің коррозиясына әсер етуші факторлар: тасымалданатын мұнай мен газ құрамындағы күкірт, гидраттар, құбыр бетінің тегістігі, коррозияға қарсы қандай жабынның жағылуы, мұнай құрамындағы сумен ілеспе газдар, температура, t0.

Кәсіпшілік құбырлардың ішкі бетіндегі коррозия механизмі:



  • Құбырдың ішкі бетіндегі металына қабаттық флюидтердің коррозияға ұшырататын құрамдас бөліктері мен механикалық соққылар (гидравликалық соққы, қысымдар, флюид құрамындағы механикалық қосындылар) әсер етеді.

  • Механикалық соққылардан құбырдың ішкі бөлігі зақымданады, ал флюидтегі тоттануға ұшыратушы заттар тоттану процесін бастайды.

  • Коррозия электрохимиялық механизммен жүреді.

Мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтардың ішкі бетінің қорғанысы келесі бағыттар көмегімен іске асырылады:

Мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтардың ішкі бетінің қорғанысы келесі бағыттар көмегімен іске асырылуы мүмкін:

  • коррозияға төзімді легирленген болаттардың қолданылуы;

  • қорғауға жарамды металға орналастырылатын металды және бейметалды жабындар көмегімен қорғау;

  • құрал жабдықтың құрылғылары мен өндіру технологиясын өзгерту;

  • коррозияның ингибиторларын және әртүрлі нейтролизаторларды қолдану;

  • электрохимиялық қорғау тәсілдерін қолдану.

Коррозиялық қорғаудың тәсілі нақты жағдайларға және экономикалық тиімділігіне қарай таңдалады. Айтылған тәсілдердің комбинациясы да болуы мүмкін, мысалы, легирленген болаттың бірмезгілді ингибиторлардың енгізуімен бірге қолдану.

Коррозиядан қорғау әдістерінің бірі болат құбырларын пластмассаға ауыстыру болып табылады. Шетел тәжірибесінде мұнай-газ құбырлары үшін пластмасса құбырлардың 2 түрі қолданылады:



  • төмен қысымды 1,0 МПа дейін - полиэтиленнен (полипропилена, поливинилхлорида, полибутена, акрилонитрилбутадиона);

  • 4,0-6,0 МПа қысымға және одан жоғары қысымға арналған – композитті материалдардан: стеклопластикті, бипластмасты, термопластикалық.

Полиэтиленді құбырлар болат құбырларға қарағанда салмағы 7 есе жеңіл. Бұл құбырларды монтаждау үшін ауыр көлік жұмыстары керек емес. Олар едәуір майысқақ, тегіс және өткізгіштік қабілеті жоғары болып келеді.

АҚШ-та мұнай-газ саласында шыныпластикті құбырлар болат және зауыттық антикоррозиялық жабынды құбырлардан кейін 3-орынға ие.

Құбырдың ұзақ мерзімде қызмет етуі үшін, құбыр ішкі коррозиясына қарсы дұрыс материалының таңдалуы да әсер етеді. Бұл тәсіл келесі басымдылықтарды береді:

1. Құбырдың ұзақ мерзімді қызмет етуі.

2. Құбырдың өтімділігінің артуы.

3. Құбыр бетіндегі парафиннің аз жабысуымен тазалау жұмыстарының жеңілдігі.



4. Құбыр сенімділігінің артуы, жылдық шығынның азайуы.

Қорыта келгенде, өндірісте шыныпластикті құбырларды пайдалану тиімді болып отыр, қазіргі таңда олардың түрлі құрамын өзгертіп температураға және механикалық күштерге төзімділігін арттыруда.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
konf student550 -> Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
konf student550 -> Әож 82: 001. Жамбыл облысы флорасындағы melophyta choripetalae өкілдерінің биологиялық ерекшеліктері
konf student550 -> Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ
konf student550 -> Әож 31. ҚЫзылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы
konf student550 -> Әож 745. 522: 658. 512. 23 Заманауи бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
konf student550 -> Роторлы топырақ лақтырғыштың пайдалану тиімділігін арттыру әбдімәлікұлы А., Мырзашев С. М. Жұмыстың өзектілігі
konf student550 -> Суағарлы бөгеттің ТӨменгі бьефіндегі ағынның артық кинетикалық энергиясын бәСЕҢдетуін эксперименталдық зерттеу райымбаев Н., Кожамкулова Г. Е
konf student550 -> Әож 004. 415. 23 КҮрделі жүйелерді модельдеу программасын қҰРУ
konf student550 -> «2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А. Б. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»
konf student550 -> Қазіргі қазақ прозасы (Р. МҰҚанова) Бекқұлова А., Әбдір К.Ә


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет