Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы



жүктеу 115.69 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі115.69 Kb.

ӘОЖ 626.81(574)
ТАЛАС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЛАРЫНЫҢ

МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Шарипова Г.Т., Мамытова Е.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Талас өзені алабында 12 су қоймасы бар, оның 11 сиымдылығы 1 млн. м3 төмен, олардың тоғызы тікелей бас өзенде, ал қалған үшеуі алапта орналасқан. Су қоймалардың жалпы пайдалы сиымдылығы 14,5 млн.м3. Барлық су қоймалары мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады және суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін балық шаруашылығы мақсатына пайдалануға болады.

Шу-Талас БИ және «Таразводхоз» РМК мәліметтері бойынша алапта бір шама гидротехникалық нысандар: магистралды және шаруашылық аралық каналдар, су тораптары, құрылымдар және т.б. бар. Талас өзені алабы бойынша суару желісіндегі негізгі каналдар мен құрылымдар 1 суретте келтірілген.

Талас өзенінде орналасқан негізгі су тораптары 1 кестеде келтірілген. Аса-Талас өзендерін қосатын каналдың сипаттамалары 2 кестеде берілген.


Сурет 1. Талас өзені алабындағы суару жүйесінің орналасу сұлбасы
Кесте 1

Бөгеттер мен су тораптары




Атаулары

Іске қосылған

Су көзі

Өткізу мүмкіншілігі,

м3



Талас су алу торабы

1942

Талас өзені

267,0

Темірбек бөгеті

1969

Талас өзені

223,5

Жейімбет бөгеті

1974

Талас өзені

223,0

Ойық бөгеті

1983

Талас өзені

155,0

Кесте 2


Талас өзені алабы бойынша тастау трассасындағы құрылымдар көрсеткіштері


Өзен

Су тораптары

Каналдар

Су торабының атаулары

Сағасынан қашықтығы,

км


Арынды шеп сипаттамасы (Деңгей белгілері, м БЖ)

Құрылымның өткізу

мүмкіншілігі, м3



Каналдың атауы

Ұзындығы, км

Өткізу мүмкіншілігі, м3

Су беру

басында

аяғында

алаптан немесе су шаруашылық ауданан

алапта немесе су шаруашылық ауданда

тасқынды

қалыпты

ең төменгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Аса

Ассинский

225

742,5

739,8

98,4

1083

Талас-Аса

25,6

19,6

1

Талас

Аса

Талас

Таласский

248

3204,9

3204

3203,3

37,55

Аса-Талас

21

8

8

Аса

Талас

Талас су алу торабы. Талас су алу торабы ҚР Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасқан, максималды су өткізу мүмкіншілігі 267 м3/сек. Су торабы кешендік мақсатта пайдаланылады: ирригация мақсатында және спирт зауытын жыл он екі ай 19 м3/с су өтіммен өндірістік сумен қамтамасыз ету үшін.

Талас су алу торабы көмегімен 62,7 мың га жер суаруға болады.

Талас су алу торабының конструкциясы оң және сол жағалық реттешгіштері бар шептік тежеу бөгет түрінде жасалған. Су алу торабы 1942 жылы салынған.

Су алу торабының құрамына кіредіт:



  1. Су көтеру бөгеті;

  2. Сол жағалық реттегіш;

  3. Оң жағалық реттегіш.

Су көтергіш бөгет су ұрма құдықпен қалқан түрінде жасалған. Бөгет әр қайсысы 7м төрт аралықтары бар, олар сегменті жапқыштармен жабдықталған.

Бөгет 4 аралық арқылы 267,0 м3/сек есептік өтімді өткізеді.

Темірбек су алу торабы. Темірбек су алу торабы Талас өзенінде Тараз қаласынан солтүстікке қарай 75 км қашықтықта Байзақ ауданы территориясында орналасқан (сурет 2.3). Максималды су өткізу қабілеті 224 м3/с. Су алу торабы кешендік мақсатта: ирригация, балық аулау және Таластың төменгі ағысына су тастау.

Жиембет су алу торабы. Жиембет су алу торабы Талас өзені бойында Талас ауданы Бостандық ауылынан 15 км жерде орналасқан. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 223 м3/сек. Су торабының мақсаты - ирригация.

Жиембет су алу торабы көмегімен Талас ауданының 5262 га жері суландырылады.

Ойық су алу торабы. Ойық су алу торабы Талас өзенінде Талас ауданының Ойық аулынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 155 м3/сек. Су торабының мақсаты - ирригация.

Аса-Талас каналы:

Аса-Талас каналындағы Аса су алу торабы.

Канал атауы – Аса -Талас

Пайдалануға берілген жылы – 1943 г.

Каналдың басындағы өтімі: максималды – 22,6 м3/с.

Суаратын ауданы – 6791 га.

Канал Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы аумағынан өтеді.

Талас- Аса каналы:

Талас- Аса каналындағы Талас су алу торабы.

Канал атауы – Талас- Аса

Пайдалануға берілген жылы – 1952 г.

Каналдың басындағы өтімі: максималды –8 м3/с.

Суаратын ауданы –3275 га.

Канал Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы аумағынан өтеді.

«Свекловичный» су алу торабы. «Свекловичный» су алу торабы «Свекловичный»каналына су беруге арналған және Қызыл жұлдыз ауылы маңындағы автомобил көпірінен 50м жоғары орналасқан. Нысанның орналасу координатасы ендікте 42055/58,4// және бойлықта 71027/01.

Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 1,2 м3/сек. Су торабының мақсаты - ирригация. Суаратын ауданы – 997 га.

Байзақ ауданындағы «Медеу» су алу торабы. «Медеу» су алу торабы «Медеу»каналына су беруге арналған және Талас ауылы маңындағы автомобил көпірінен 70м жоғары орналасқан. Нысанның орналасу координатасы ендікте 42056/30,8// және бойлықта 71027/51,9//.

Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 2,2 м3/сек. Су торабының мақсаты - ирригация. Суаратын ауданы – 1366 га.

Талас өзені алабында 12 су қоймасы бар, оның 11 сиымдылығы 1 млн. м3 төмен, олардың 9 тікелей бас өзенде, ал қалған 3 алапта орналасқан. Су қлймалардың жалпы пайдалы сиымдылығы 14,5 млн.м3. Барлық су қоймалары мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады және суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін балық шаруашылығы мақсатына пайдалануға болады.

Су шаруашылығы жүйелерінің су пайдаланушыларына - ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, өнеркәсіп, коммуналдық сумен қамтамасыз ету, энергетика, су көлігі, балық шаруашылығы, сауықтандыру және топан су басудан қорғау жатады.

Осындай су шаруашылығы жүйелерінің бірі Жамбыл облысының төрт әкімшілік аудандарының және Тараз қаласының өзендері мен суағарларын біріктіретін Талас өзенінің алабы. Мұнда суармалы егіншілік базасындағы агроөнеркәсіп мен су шаруашылық кешендері анықтаушы маңызға ие, бірақта басқада су пайдаланушылар бар.

Шаруашылықтық маңызы бойынша алаптың басты су көзі Талас өзені болып табылады.

Көп жылдық гидрологиялық мәліметтерден анғаратынымыз, жылдар бойынша ағын шамасының тербелуі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде адами фактор басты болып табылады. Өзен кіші болған сайын көп жылдық кескінде оның ағынның тербелу амплитудасы үлкен болады. Жалпы алап өзені ағыны көлемі соңғы жылдары қайтарымсыз су тұтыну көлемі кемуіне байланысты артуда.

Гидрографиялық алаптың жер беті су ресурстары: Қырғызстан республикасы территориясынан ағып келетін жер беті сулары – 710,7 млн м3; Жамбыл облысы территориясында түзілетін ағын - 92,0 млн.м3. Талас өзені алабында түзілетін жалпы ағын – 802,7 млн м3.

Алаптың су ресурстарының біршама бөлігі ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жұмсалады, негізінен суармалы егіншілікке.

Халық санының тұрақты өсуі және мал басының артуы ауыл шаруашылық өнімдерінің көбірек өндіруді қажет етеді, бұл суармалы егіншілік жерлердің аудандарын артыру және қайта қалпына кертіру арқылы іске асады.

Суармалы егіншіліктің даму қарқынын салыстыру үшін саланың ең даму шыңы 1990 жыл және қазіргі уақыт алынды.

Өткен ғасырдың 90 жылдары алаптың жер балансында 87,43 мың жер болды, оның ішінде тұрақты суарылатын жер 68,29 мың га, көлтабандатып суару 6,40 мың га және шабындық 6,40 мың га.

Базалық жылда (1990 жыл) жер фонды бойынша есепте тұрған барлық суармалы жерлер пайдаланылды.

Қазіргі кезде жер фонды бойынша 61,70 мың га есепте тұр, нақты суарылғаны 42,37 мың га. Көлтабандатып суару және шабындық жер фонды пайдаланылмады. Осы жағдайды талдайтын болсақ, баланстағы жердің тек 48,5% пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланылмайтын жерлерді кіргізу мүмкін және техникалық іске асыруға болады.

Қайта қалпына келтірілетін аудандарды дамыту және орналастыру Талас өзені ағынын тиімді пайдалану, жергілікті жердегі шағын өзендердің суын қайта бөлістіру арқылы іске асады.

Нақты уақыттағы 75,65 мың га суармалы жердің, тек тұрақты суарылатыны 40,59 мың га.

Барлық және нақты пайдаланылатын суармалы жерлерді әкімшілік аудандар бойынша таралуы 3 кестеде келтіріген.


Кесте 3

Әкімшілік аудандар бойынша таралуы суармалы жерлердің таралуы




Әкімшілік

аудандар


Даму деңгейлері (жыл дар)

Суармалы жерлер, мың га

Нақты суарылған аудан, мың га

барлығы

соның ішінде

барлығы

соның ішінде

тұрақты суарылатын

көлта бандатып суару

тұрақты суарылатын

көлта бандатып суару

Алап бойынша барлығы

1990

69,61

64,48

5,13

69,51

64,43

5,08

2012

75,65

62,72

12,93

40,59

40,59

-

соның ішінде

Байзақ ауданы

1990

33,07

33,07

-

33,07

33,07

-

2012

32,80

32,80

-

26,67

26,67

-

Жамбыл ауданы

2012

21,46

21,46

-

21,46

21,46

-

2012

19,70

19,70

-

12,37

12,37

-

Сарысу ауданы

1990

0,95

-

0,95

0,90

-

0,90

2012

4,71

-

4,71

-

-

-

Талас ауданы

2012

14,13

9,95

4,18

14,08

9,90

4,18

2012

18,44

10,22

8,22

1,55

1,55

-

Қорыта айтқанда, Аса-Талас өзендері алабында ирригациялық жүйелердің сумен қамтамасыз етілу дəрежесін арттыру бір-бірімен ықпалдасқан кешенді шараларды қолдануды қажет етеді. Сонда ғана су шығыны кеміп, ирригациялық жүйелердің өнімділігі артады.

Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қол жеткізуге болады:

- ауыл шаруашылығы айналымына қалпына келтірілген суармалы жерлерді кіргізу;

- суару жүйелерін техникалық реконструкциялау;

- гротехникалық шаралар кешенін іске асыру.



Келешектегі су тұтыну көлемін анықтағанда суару жүйесін реконструкциялау, суару техникасы мен технологиясын жетілдіру, жүйенің ПӘК артыру бойынша жұмыстар кіретін, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шаралар ескерілуі керек.

Әдебиет


  1. Смаляр В.А., Буров Б.В., Веселов В.В., Махмудов Т.Т, Касымбеков Д.А. Водные ресурсы Казахстана. Справочник. Ответст. Редактор Ужкенов Б.С..- Алматы: «Гылым», 2002- 595 с.

  2. Б.Ш.Садықов, Т.Ә.Ахметов. Су шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық кесімдердің жиынтығы. Астана-2011ж.

  3. Ресурсы поверхностных вод СССР, /Под ред. М.Н. Большакова. – Т. 14., Вып. 2. Бассейны рек оз. Иссык-Куль, рек Чу, Талас, Тарим. - Л.: Гидрометеоиздат, 1973, - 308 с.

  4. Қазақстан Республикасының Су Кодексі. Қазақстан республикасының 2003 жылғы 9 шілдеде №481 Кодексі.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Іле-балқаш алабының АҚдала массивінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруді су ресурстары негізінде болжау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет