Әож 677. 31: 636. 36: 745/749 ЖҮннен жасалған көлемді ойыншықтарды өҢдеу ерекшеліктері



жүктеу 24.91 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі24.91 Kb.

ӘОЖ 677.31:636.36:745/749
ЖҮННЕН ЖАСАЛҒАН КӨЛЕМДІ ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Рамазан А., Иманбекова К.К.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу..

Біздің халқымыз ісмерлікке, қолдан іс жасауға шебер халық. Ал кесте салу, киіз басу, жүн түтіп, иіру күнделікті тірлік болған. Бүгінге дейін бояу қосылып, ою-өрнек салынған тұрмыстық текемет, киіз әрбір отбасының орынды мақтанышы болып қалуда. Киіз – жүн және түкті тері қалдықтарын илеу арқылы немесе минералды мақтаға тұтқыр материал қосып, жылумен өңдеп, қалыптау тәсілімен жасалған аралық төсем, тығыздау арқылы дыбыс пен жылуды оқшаулау үшін пайдаланылатын зат. Бұл киіз өңдеудің қазақша әдіс-тәсілі. Алайда тіпті біздің шеберлерімізге де беймәлім киіз өңдеу технологиялары бар екен. Дүние жүзінде киізді пайдаланған қазақ қана емес, сонымен қатар қысы мен жазы, малы мен қарасы бар халықтардың барлығы суықтан қорғану мақсатында бір түтім жүнді де далаға тастамай, ең аяғы аяққап жасап отырған. Финляндия, Америка, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Үндістан, Непал, Корея, Ұлыбритания елдерінде жүннен киіз жасап, оған түрлі пішін беру арқылы үй жиһаздарын дүниеге әкелген. Бірақ әр елде киізді әр түрлі сапада, әр түрлі әдіспен өңдеп, тұрмыста кеңінен қолданған. Олай болса, киіз әлем халықтарының ортақ табысы екені анық. Олай болса сол әлем білетін жүннен жасалған бұйымдар қатарына өзімнің кішкене ғана үлесімді қосып, интерьерге ерекше сән беретін бұйым жасамақпын. Бұл бұйымның басқалардан ерекшелігі шынайы өмірдегі жемістер бейнесі жасалынады.Табиғи және боялған жүнді пайдалана отырып алма жасауға кірісеміз, оған керекті бұйымдар: гупка, арнайы ине, жүн. Жүн арнайы тазартудан өткен, түтілген меранос қойының жүні болуы керек. Себебі меранос қойының жүні биязы, көнгіш, жұмыс жасағанға ыңғайлы жұмсақ болып келеді. Ең әуелі ойдағы композицяны айқындап қағаз бетіне түсіреміз, сосын керекті мөлшерде жүнді алып арнайы инемен бір-біріне сіңіріп дөңгелек алма пішінін жасаймыз. Жүнді сіңіру кезеңі, инені жүнге қайта-қайта сұққылау арқылы жүргізіледі. Алма бейнесіне ұқсату үшін боялған жүнді арнаулы инемен сіңіреміз. Жұмыс барысына қойылатын арнайы талаптар да баршылық. Біріншіден бұл әдістемемен жұмыс істеген адамға сабырлылық керек, өйткені бұл әдістеме тек инемен қайталану процесі арқылы жүзеге асырылады. Және ине ұстағанда өте мұқият болған жөн, ине қолды жарақаттауы мүмкін. Екіншіден өзімізге керекті мөлшерде жүнді аламыз. Оны гупканың үстіне қойып ине арқылы біріктіреміз, себебі инемен жүнді біріктіргенде ине қатты затқа тисе сынып кетеді. Жүнге инені тыққылау арқылы біріктіреміз және арнайы ине.

Табиғаттағы барлық түсті боялған жүн арқылы толықтай қамту мүмкін емес, сондықтан, бояулар арқылы қажетті түсті құрап, алма жасауға пайдаланамыз. Соның негізінде ойға алғанды сәнді етіп шығаруға жол ашылады

Көз алдарыңыздағы көркем көріністер жүнді пайдаланудың заманауи үлгісі, жоғарыдағы әдіспен сан алуан композициялық суреттер жасау – қазақ колөнерінің тың тынысын ашуға жасалған қадам. Бұл бағыт осы оқу орнына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Келесі кезең алма жапырағын жасау. Жасыл түсті жүнді алып инемен сіңіру арқылы алма жапырағын жасаймыз.

Келесі кезең алманың сабағын жасау.

Соңғы атқарылатын жұмыс алманың сабағын және жапырағын орналастыру. Көздеген мақсатымызға жеттік, алмамыз дайын.Бұндай заттармен интеръерге ерекше сән бере аламыз және жақын адамдарымызға сыйға тартып оларға қуаныш сыйлаймыз.



Алма жасау әдістемесі арқылы көптеген басқа да сувенир, аксессуар, ойыншықтар жасауға болады.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Konferencia 2014
Konferencia 2014 -> Ислам дініндегі хиджаб кию рәсімі және оның ҚазақТЫҢ салт-дәСТҮріне қатынасы қазбекова А., Баярисов Р. У. «Қыз өссе, елдің көркі деген сөз­ді, қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»
Konferencia 2014 -> Әкімшілік мәЖБҮрлеу шараларының орындалу ерекшеліктері сәрсенбек А., Қоңырбаев Н. А
Konferencia 2014 -> Өндірісті нарықТЫҚ экономика жағдайында дайындау модельдері және оларды жетілдіру шаралары бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И. С
Konferencia 2014 -> Теріс-ащыбұЛАҚ су қоймасының тыныс-тіршілігі! Рәтбек М., Қожамқұлова Г. Е
Konferencia 2014 -> Әож 82-93: 087. 5Ө-88 ШӘКӘрім шығармашылығының танылуы
Konferencia 2014 -> ШыңҒыс хан ұрпақтарының еуропадағы билік қҰруы тоқтаған Н., Жумадилова А. А
Konferencia 2014 -> Әож 336. 02: 63 ХҚес-ке сәйкес қорлар есебі
Konferencia 2014 -> Әож 6: 615. 463: 504. ӨНдіріс қалдығы фосфогипстің туғызатын экологиялық проблемалары
Konferencia 2014 -> Қазақстанның ОҢТҮстік аймақтарындағы су қорларын болжау мырзаханова Қ., Омарова Г. Е., Сенников М. Н
Konferencia 2014 -> Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет