Әож 677+621. 318. 44. Орау тікиіршіктерінің орам сапасына әсер ететін параметрлері



жүктеу 48.02 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі48.02 Kb.

ӘОЖ 677+621.318.44.
ОРАУ ТІКИІРШІКТЕРІНІҢ ОРАМ САПАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ПАРАМЕТРЛЕРІ
Маханбеталиева К.Т.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз

Текстиль өндірісін дамытудың бастапқы тенденциясы, қажетті сапасы мен қасиеттері бар өндіріс өнімін алуға мүмкіндік беретін сәйкес жоғары өнімділікті құрал-жабдықтарды және халық тұтынатын бұйымдарды қалыптастырудың жаңа технологиясын құрастыру болып табылады.

Сапалы жасалынған орау тікиіршігі (катушка, бобина, құбырлы собық, шүйке және т.б.) тоқымашылық және тоқу процестерінің тиімді жүруін қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда аталған процестер жоғарғы өнімділікпен, өндірілетін өнімнің (бұйымдар, кілемдер, жаймалар, жартылай дайын өнімдер) жақсы сапасымен және шикізаттың аз қалдықтарымен ерекшеленеді. Орам сапасының көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:


  • тікиіршік орамының сыртқы түрін және формасын;

  • орамның биіктігін және диаметрін (габариттері);

  • орамның меншікті тығыздығын;

  • орамның тепе-теңдігін;

  • механикалық әсер ету кезінде бүлінуге (шашылуға, бөлінуге, айырылуға) қарама-қарсы тұра алу қабілеттілігі;

  • жоғарыдағы қабаттармен төменде жатқан қабаттардың қысылуына қарама-қарсы тұра алу қабілеттілігі.

Әрине, тікиіршік орамының габариттері, формасы және меншікті тығыздығы, оларды ары қарай өңдеу шарттарымен анықталынады.

Тоқымашылыққа және тоқуға баратын бобиналардың габариттері және тығыздығы үлкен болған сайын, көрсетілген процестер (құрал-жабдық және еңбектің жоғарғы өнімділігінде және жіптің аз қалдықтарында) тиімді жүреді. Бірақ біздің өнеркәсіпте сәйкес габаритті, формалы және тығыздықты орам тікиіршіктерін алуға арналған мамандандырылған құрал-жабдықтар аз. Мысалы, тоқымашылық және трикотаж өндірістерінде кеңінен қолданыла алатын шүйкелерге иірімжіпті орауға арналған отандық құрал-жабдықтар толығымен жоқ. Иірімжіпті бояуда және ағартуда қолданылатын бобиналарды сапалы қалыптасатын орау құрал-жабдықтары да көптеп кездесе бермейді.

Бұл жағдай орау тікиіршіктерін орау теориясы дамуының жеткіліксіз деңгейімен ғана емес, сонымен қатар көрсетілген сұраққа арналған заманауи әдебиеттеріндегі әртүрлі пікірлермен де туындайды. Мысалы, осы уақытқа дейін бобина орамының сапасына шешуші әсер ететін қандай құрылымды параметр екені туралы сұрақтың шешімі жоқ?.

Біздің пікірімізше бобина орамы сапасының көрсеткіштеріне елеулі әсер ететін мұндай параметрлерге мыналарды жатқызуға болады [1-3]:



  • орамдардың жылжу бұрышы;

  • орамдар қиылысының бұрышы;

  • орамның оралу қадамы;

  • орам оралуының формасы,

  • геодезиялық ауытқу бұрышы,

  • қабаттар арасындағы қысымдар шамасы.

Цех ішінде тікиіршіктерді тасымалдауда олардың орамы елеулі механикалық әсерлерге түседі. Осыған байланысты, бобина, шпуль катушкалары және құбырлы собықтардың орамы, аталған әсерлерге тұрақты болуы қажет, яғни тікиіршіктер өз формасын сақтау қажет және шашылуға қарама-қарсы тұра алуы қажет. Тікиіршіктің бұл қасиеті елеулі түрде ораудың қиылысу бұрышына және жылжу бұрышына байланысты болады.

Сонымен қатар тікиіршік орамы тепе-теңдікті және жоғарғы қабаттармен төменде жатқан қабаттардың қысылуына қарама-қарсы тұра алу қабілетіне ие болуы қажет. Соңғы жағдай машинаның жұмысшы бөлшектерінің ұшқан орамдармен толып қалуына, осыған байланысты тоқыма өндірісіндегі жіп үзілуінің жоғарылауына және құрал-жабдық пен еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Жоғарғы қабаттармен төменгі жатқан қабаттармен қысуға тікиіршіктің тепе-теңдігі және төзімділігі, тікиіршіктің конустылық бұрышына, геодезиялық ауытқу бұрыштарына, орамдардың қиылысуына және жылжуына, сонымен қатар оралатын жіптің керілуіне байланысты болып келеді.

Мұнда сұрақ туындайды: «Бобина орамының құрылымын сипаттайтын параметрлердің қайсысы орау сапасына шешуші әсер етеді?».

Зерттеушілердің біразы, тікиіршік орамының сапасына басты әсер ететін – орамдардың қиылысу бұрышы деп есептейді бұл бұрыш болғандықтан Т.К. Моисеев орамының биіктігін қысқарту теңдеуіне; А.Ф. Прошков орауының негізгі теңдеуіне; бобинаға иірімжіпті ораудың меншікті тығыздығын анықтауға арналған В.А. Гордеевтің формуласына; геодезиялық ауытқу бұрышы орамдардың қиылысу бұрышымен байланысты болғандықтан проф. А.П. Минаковтың орам тепе-теңдігінің шарттарына кіреді. Қосымша ол Е.Д. Ефремовтың кинематикалық теңдеуіне де кіреді.

Бірақ тәжірибе, негізгі құрылымдық параметр орамның жылжу бұрышы екенін дәлелдейді. Егер болса, онда бобинада ең үлкен меншікті тығыздығы бар жабық орам қалыптасады (қарапайым жабық емес құрылымды бобиналар орамының тығыздығынан 1,5 есе жоғары). Мұнда бобиналардың орамы тепе-теңдікті, ал орамның төменгі қабаттарын қысу бобиналардың дөңбек кесінділерінде бақыланбайды. Егер болса, онда бобинада аз тепе-теңсіздікті, жоғарғы кеуектілігі бар тұйық орамдар қалыптасуы мүмкін.

Яғни, орамдардың жылжу бұрышы, бобина орамының барлық сапалы параметрлеріне әсер етеді (тіпті сыртқы түріне де) және орау теориясының кез-келген сұрағын зерттеуде есепке алынуы қажет. Орау тікиіршіктерінің орам құрылымына орау барабандарымен немесе тегістеу біліктерімен орамды пресстеу дәрежесі және қайта оралатын жіптің керілуі әсер етеді. Жіптің керілісі және престейтін күштер тікиіршіктіде қабаттар арасындағы қысымның пайда болуын тудырады, ал соңғысы тікиіршік орамының сапасына аз әсер етпейтін шеңберлі және радиалдар кернеулердің пайда болуына септігін тигізеді. Көптеген зерттеушілер, бірнеше орау механизмдерін жобалау кезінде, қалыптасатын тікиіршіктің кернеулі жағдайының есебін жүргізу қажет дейді.

Орау тікиіршіктерінің құрылым параметрлеріне, өздері қалыптасатын орау механизмдерінің параметрлері әсер етеді. Орау механизмінің параметрлеріне мыналар жатады [4]:



  • ұршықтан жіп жүргізгішке баратын беріліс қатынасының шамасы;

  • жіп жүргізгіш қозғалысының тербелісі (жіп қозғалысының тербелісі);

  • жаб нүктесі және орау нүктесі арасындағы жіптің бос кесіндісінің ұзындығы;

  • жіптің оралу жылдамдығы.

Қайта оралатын жіптің түріне және орау тікиіршіктерін қайта өңдеудің келесі технологиялық процесіне байланысты бояу, ағарту, тізіпорау және тоқымашылықтың келесі операцияларын тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін сәйкес (ойтайлы) параметрлері бар сәйкес орау механизмдері қажет.
Әдебиет


  1. Schneider I. Vorbercitungsrosschinen fur die Weberie.- Berlin/Gottingen/ Heidelberg, 1963. -408s.

  2. Wegener W., Schubert G. Die Ermittlung der Druckverteilung inGarnkorpern – In.; Textilpraxis - Stuttgart. 23. 1968 4S.226-230 s.

  3. Wegener W. Aufbau der Streckeops und die beirn Spulen mit hoherGarnabzugsgeschwindigkeit entstehendem Fadenzugkrafte. //-In.:Dt.Textiltechnik - Leipzig. 16. 1966. 4s.

  4. Панин И.Н. Диссертация на соискание ученой степени доктора технических наук «Разработка и исследование структур текстильных паковок специального назначения», Москва, 1996.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 III-tom
Dulaty2012 III-tom -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty2012 III-tom -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty2012 III-tom -> Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы
Dulaty2012 III-tom -> Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы
Dulaty2012 III-tom -> Атырау өҢіріндегі еділбай қойларының Өнімділік-биологиялық ерекшеліктері ирзагалиев Қ. С., Сұлтанов С.Қ. Атырау мұнай және газ институты, Атырау
Dulaty2012 III-tom -> Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау Есімбаев О. Ж., Садыков Б. Н., Дауренбекова С. К
Dulaty2012 III-tom -> Ш., Жампоз Ө. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 III-tom -> Әож 626. 032. 27 Гидроциклонды сифондарды Ауылшаруашылығында пайдалану
Dulaty2012 III-tom -> Генетикалық модификацияланған өнімдердің адамғА Әсері
Dulaty2012 III-tom -> Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің Қазіргі кездегі жағдайы және келешектегі мүмкіндіктері мұсабеков Қ.Қ., Ратова А. Б


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет