ӘОЖ: 687 Қазақ Ұлттық элементтерімен киімді жасау



жүктеу 54.55 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі54.55 Kb.

ӘОЖ: 687
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН КИІМДІ ЖАСАУ
Мукаева А.М., Жолдыбаева Г.Д.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Ата – бабамыздың қалдырған мәдени мұрасының тарихи байыпты зерттемей, жаңа өмірдің талабына лайық жауап беретін туынды жасау мүмкін емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астақтан сайын оның әрбір өскен жапырақты бұтақтары да жаңа заманың рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани жағдайына лайықты мазмұн мен мағына беруі тиіс. Демек, әр өнер шеберінің қолынан шыққан туынды ата-бабадан қалған мәдени мол мұрадан нәр алып, жаңа өмірдің жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушісі болмасын, ескі тарихи мұралардың негізіне сүйенбесе, оның еңбегі де, туындылары да іргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмірі ұзақ болуы мүмкін емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бірдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтіксіз орындау- мамандарымыздың баршасының қасиетті борышы болса керек [1].

Қорыта келгенде, тігін өндірісі саласы, алма ағашы сияқты бүршік атып келуде.

Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сәнімен, осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарап-ақ қазақтардың қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады. Ұлттық киімдеріміз ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғанын көрсетер еді. Өйткені, тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүген, көбіне мамыра-жай, жайма-шуақ жүре алмаған.

Қазақтың сәндік қолданбалы ою-өрнегі жайлы сөз қозғағанда, көз алдындыңызға, әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Осы бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын: сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б.с.с. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан-ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою-өрнегі-сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы. Ою-өрнек тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері [1].

Жалпы ою өнері дүние жүзінің көп халықтарына тән. Дегенмен де қазақ халқының ою өнерінің өзіндік ерекшкліктерін атап өтпеуге, сірә болмас. Өйткені, қазақтың өмірімен біте қайнасып, ежелгі замандардан пайдаланып келе жатқан киіз үйін алсақ, есігінен аттап кірмей жатып-ақ оюлар әлеміне саяхат басталады. Демек, ою өнері қазақтың тарихымен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан көне өнер.

Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мәдениетіне лайықты кейбір ою элеметтері өздерінің бастапқы мәнін жойып, жаңа мағынада өмірге қайта оралып отыр. Бізбен замандас ою жасаушы шеберлердің туындыларында ертеректе дүниеге келген оюлардың элементтері аз кездеседі десекте болады. Бұл жағдай қазіргі заманда ою өрнегінің өзіндік құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа өмірге лайық жаңа бағыт алып, жаңаша өріс тапқанын көрсетеді.

Сонымен қатар қазақтың ою-өрнек элементеріннің керемет икемділік (податливость) ерекшелігі де бар. Бір композициянның ішінде әртүрлі саздағы бірнеше элементер бір-бірімен тұтас бірігіп, бір бүтін аяқталған ою композициясын құрайды [2].

Қазақ оюлары бойына пластикалық үйлесім заңын да толық сіңіре білген ою композициясын құру теориясын жақсы білетін шеберлер бір жазықтықтың біріне бірнеше оюларды қабаттап салу арқылы да өте күрделі бір тұтас ою шығара алады.Әр оюдың сүйегі өзіне тән түрге боялып, бір-бірінен қалған бос орынды жалпы композициянның статистикалық теңдігін бұзбастан толтырады. Мұндай күрделі оюларды қазақтар «шытырман» оюлар дейдй. Себебі, әр оюдың элементері өздерінің орнына қарай бірде біреуінің астына өтсе, екінші жагдайда үстінен бастап өтеді де күрделі шытырман сияқты ою композициясын құрады.

Ою деп, заттың, бұйымдардың, жиһаздардың, ғимаратардың сыртқы пішініне,түріне, шығармашылық әуеніне ерекшк мәнер, қосымша әсер беріп қарапайым симетриялы элементерден құрылып, ырғақ, теңеу, рең арқылы түзу жазықтықта немесе квадрат,ромб, шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлеу өрнекті атайды [3].

Оюды кілемге, сырмаққа, текеметтерге, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй жиһаздарына, аяқ киімдерге, зергерлік бұйымдарға, қару-жарақтарға, сәулет ғимараттарына әртүрлі композициялық жолдармен қолданылады.

Заттың, бұйымның сыртқы пішініен, алатын орнына, атқаратын қызметіне, пайдалану мақсатына және шикі зат түрлеріне қарай ою-өрнекті бояп, ойып, қашап, құйып, бедерлеп, өріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре іске пайдаланған.

Оюлар әр шикізаттың физикалық қасиетіне, пайдаланылатын өнер бұйымның қолдану аясына байланысты рельефті, барельефті болып шешіліп, жазықтықта қалай қолданса кеңістікте де солай орын ала білген [3].

Сондықтан ою-өрнектерге талдау жасап, әр классификациялық топқа болмес бұрын ою-өрнектің негізгі құрылымы қалай, өюдың өзіне тән ерекшелігі неде, композициялық орналастыру ережесі не, ою-өрнектің пішінін, құрылысын, образдық белгісін өзгертуге симметрияның әсері деген сұраққа жауап беруіміз керек. Ою-өрнекті халық шеберлері сәулет, кескіндеме, қолданбалы өнерде, қолдан шыққан барлық өнер заттарын көркемдеуге, әсемдеуге пайдаланған. Осыған орай ою-өрнек үлгілері араласқан бұйым заттарды,тұрмысқа қолдану негізіне қарай екі топқа бөледі. Біріншісі, ою ешқандай заттарды көркемдемей-ақ, өз алдына жеке әшекей ретінде қолданыланылып көркемдерге эстетикалық сүйеніс, әсер береді. Бұндай жағдай оның көркемдік, әсемдік жақтары пайдаланылады. Екінші түрінде оюлар шебердің қолынан шыққан заттарды көркемдеп толықтырып, айрықша көрініс, сән мән-мағына береді. Яғни ою-өрнек жасалған заттан ерекше бөлінбей оның формасын, пішін түрлерін шешеді. Осындай бұйымдар күнделікті тұрмыста пайдаланумен қатар, көрермендерге эстетикалық, ләззат жіне рухани байлық боп ерекше сезімге тәрбиелейді. Қазақ ою-өрнектерінің өздеріне тән сыңар ою, тең, жүздеме ою секілді композициясының классикалық-орталық бөлік, шет, жиек фон негіздерімен бірге, симметриялық тепе-теңдік, тұйықтық, орнақтылық категориялары сақталған. Мысалы, толқын, ирек,су ,омыртқа, айшық, сыңар мүйіз, бұғы мүйіз оюларынан шапшаң қозғалысты байқасақ, қошқар мүйіз, сынық мүйіз, қолтықша, тарақ, балта секілді оюлардан орнылықты, байыптылықты көреміз.

Әрине, кез-келген жерге кесте тігуге немесе жапсырма жапсыруға болмайды. Ондай жағдайда бұл киім талғамы жоғары көрермен түгіл, талғамы орташа адамдардың өздеріне де күлкі тудырар еді. Атамыз қазақтың бұл ретте «бояушы – бояушы дегенге сақалын бояпты » деген даналық сөзі бар. Бәрі ретіне қарай, өз орнымен істелгенде ғана биік талаптың тұрғысынан шығады.

Өрнектің көлемі, түсі киімнің жалпы түсімен, ауқымымен және салмағамен сәйкес келуі керек. Бет-албаты жапсырылған жапсырма киімнің әрін кіргізбек түгіл, ажарын қашырып жібереді. Жапсырманың гүл түріндегі формалары көбінесе сол жақ омырау тұсқа жапсырылады. Ал киімнің етек жағына жапсырма әшекей келіспейді. Көйлектердің етектеріне негізінен түрлі кестелер тігеміз, желбірлер тігеміз [4].

Киімді өрнектегенде оның дәл орнын анықтау керек әр нәрсе тек өз орнында тұрғанда ғана тартымды болмақ. Бұл орайда талғам таразысы қажет.



Алдымен қандай көлемдегі өрнек керек,ол қай жерлерде тұруы керек дегенді есептеп аламын. Одан кейін енді сол өрнектің түсі немесе түстері анықталады. Қазақ кесте түсін таңдағанда екі бағытты ұстанған.Біріншісі-матаның немесе оның кестесінің өңін ашып көрсету.Бұл үшін кестенің түсті негізгі матаның түсіне қарсы, яғни контраста болды. Ақ матаға қара ою, қызыл матаға жасыл жапсырма жапсыру содан қалған. Мұндай тәсіл шынында тігілген киімнің өңін ашу үшін керек. Олар бір-біріне қарсы түс болғандықтан да бір-бірінің аражын ашады. Екінші тәсіл- тектес түрлер арқылы кесте тігу. Қызылдың немесе көктің , яғни жасылдың ашық, қалыпты, солғын көмескі, ақшыл түстер арқылы сол бояудың бүкіл әлемін көзге елестетуге болады. Тектес бояулар бір-бірін толықтыру үшін қолданылады. Олар жаңағы түсті одан сайын жеңілдете немесе тереңдете түседі. Дұрыс ретін таба білсе тектес түстер арқылы қайталанбас түстер әлеміне сүңгуге болады. Ол үшін үлгілеуші-сүретшінің бай қиялы болуы міндетті.
Әдебиет


  1. Нүрпейісов Ә.Р. «Қазақ халқының ою-өнері»

  2. Энциклопедия «Қазақтың ою-өрнектері»

  3. Козлова Т. В. «Основа теорий проектирования костюма» Москва: Легпромбытиздат 1981 г.

  4. Орлова Л. В. «Азбука моды» издательство «просвещения» 1988 г.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 III-tom
Dulaty2012 III-tom -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty2012 III-tom -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty2012 III-tom -> Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы
Dulaty2012 III-tom -> Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы
Dulaty2012 III-tom -> Атырау өҢіріндегі еділбай қойларының Өнімділік-биологиялық ерекшеліктері ирзагалиев Қ. С., Сұлтанов С.Қ. Атырау мұнай және газ институты, Атырау
Dulaty2012 III-tom -> Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау Есімбаев О. Ж., Садыков Б. Н., Дауренбекова С. К
Dulaty2012 III-tom -> Әож 677+621. 318. 44. Орау тікиіршіктерінің орам сапасына әсер ететін параметрлері
Dulaty2012 III-tom -> Ш., Жампоз Ө. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 III-tom -> Әож 626. 032. 27 Гидроциклонды сифондарды Ауылшаруашылығында пайдалану
Dulaty2012 III-tom -> Генетикалық модификацияланған өнімдердің адамғА Әсері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет