Әож 82 (574) Ә 14 ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне әдеби жәдігерліктер нұСҚаларының зерттелу жайы



жүктеу 149.89 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі149.89 Kb.

ӘОЖ 82 (574)

Ә 14
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨНЕ ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРЛІКТЕР НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Әбдімомынов Е.Б.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.,
Еліміз егемендік алғанға дейінгі кезеңде ежелгі дәуір әдебиетіндегі әдеби жәдігерлерліктер жүйелі түрде тыңғылықты зерттелген емес. Тек жекелеген түркітанушы және шығыстанушы ғалымдар ғана ежелгі әдеби жәдігерліктерді іздестіру, көне қолжазбалардың мәтінін сараптау, басқа тілдерге тәржіма жасау, баспасөз де жариялау істерімен айналысты. Осылайша XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде бірқатар әдеби жәдігерліктер, атап айтқанда, көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ, көне өзбек, қыпшақ-оғыз, көне түрікмен, т. б. нұсқаларында жазылған туындылар табылып, олар әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеле бастады. Кейбір жәдігерліктер Еуропа және орыс тілдеріне тәржіма жасалды. Бұл іске әсіресе Генрих Клапрот, Хаммерь-Пуршаль, Герман Вамбери, Жауберт Амадес, Аннет Беверидж және Вильгельм Томсен сияқты еуропалық ғалымдар мол үлес қосты. Сондай-ақ, осы салада орыстың В.В.Бартольд, В.В Радлов, С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А Н.Кононов, Н.А.Баскаков, И.В.Стеблева сияқты зерттеушілері де құнды еңбектер жазды. Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін өз халықтарының фольклоры мен жазба әдебиеті тұрғысынан зерттеу ісіне өзбек, әзірбайжан, қырғыз, түрікмен, ұйғыр, татар, түрік халықтарының ғалымдары да атсалысқаны мәлім.

Қазақ әдебиеті мен тілі тарихын зерттеушілер де көне әдеби мұраларды зерттеу саласында бірқатар игілікті істер тындырды. Бұл іске әсіресе М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, X.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, М.Жармұхамедұлы, М. Жолдасбеков, т. б. сүбелі үлес қосты. Ал, бұлардың игі істерін кейінгі буын ғалымдары - С. Қасқабасов, Ш Ыбыраев, Ә.Дербісәлі, А.Егеубай, А.Қыраубаева, т.б. жалғастыра түсті. Қазақ әдебиетінің ежелгі мұраларын тілдік тұрғыдан С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Томанов, Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов, А.Аманжолов сияқты тілші-мамандар зерттегені белгілі. Ежелгі әдеби жәдігерліктерді жүйелі түрде, қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр тұрғысынан зерттеу ісі енді ғана қолға алына бастады. Ежелгі түркілердің, яғни сақтар мен ғұндардың, «көк түріктер» мен қыпшақтардың өзіндік жоғары мәдениеті болғандығы туралы деректер қытай, грек, үнді, армян тарихшыларының кітаптарында, сондай- ақ Авеста, Бехистун, Бундахши, «Орхон-Енисей», т.б. жәдігерліктерде сақталған.

Біздің заманымыздан бұрынғы екінші мыңжылдықта адамзат тарихында тас ғасыры бітіп, қола ғасыры басталғаны мәлім. Мұның өзі бүкіл адамзат өркениетінің тарихындағы мүлдем жаңа дәуір еді. Бұл кезде әсіресе ежелгі түркілер мәдениеті зор қарқынмен дамыды деуге болады. Ежелгі түркілер адамзат тарихында тұңғыш рет металл өңдеуді қолға алды. Мыс кендерін қазып, қалайы мен мыстан жаңа металл – қола жасады. Барлық бұйымдар - зергерлік, әшекей бұйымдары, қару-жарақ, пышақ, ыдыс-аяқ, т.б. қоладан жасалды. Тұрмыстық және әшекей бұйымдарды түрлі аңдардың суреттерімен безендіре білді. Ежелгі түркілер осылайша ғажайып өнер туындыларын жасады. Қадым замандарда Қазақстан жерінде жасалған мәдени жәдігерліктердің кейбір үлгілері тұңғыш рет 1914 жылы Сібірдегі Андрон деревнясының маңынан табылған. Осыған орай, кейде оны «Андрон мәдениеті» деп те атай береді. Ежелгі түркілердің қола дәуіріндегі мәдениетін көрсететін түрлі тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақтар, еңбек құралдары, Алтай, Орталық Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өңірлерінен табылған. Ежелгі мәдени жәдігерліктердің табылған жерінің атауына сәйкес тарихшылар мен археологтар мұндай көне мәдениет ошақтарын: «Атбасар мәдениеті», «Маханжар мәдениеті», «Ботай мәдениеті», т.б. деп те атай береді. Ежелгі түркілердің өз дәуіріне лайықты жоғары, өзіндік мәдениеті болғанын дәлелдейтін бұлардан басқа да көптеген ғылыми деректер бар.

Ежелгі түркілер қадым замандардан бастап-ақ, «Ұлы Жібек жолы» арқылы Батыс пен Шығыстың көптеген елдерімен мәдени, саяси, экономикалық қарым-қатынастар жасап тұрды. Еуразия құрлығындағы бұл керуен жолы ежелгі түркілер мекен еткен өлкелер арқылы өтетін еді. Бұл керуен жолының Қыпшақ даласы арқылы өтетін тораптары Испиджаб (Сайрам, Ақтњрбат) шаһарынан бастау алатын болған. Осы қаладан шыққан керуеншілер Арыс өзенінің бойындағы Арсубаникент қаласына, одан әрі Фараб (Отырар), Йассы (Түркістан), Жаңакент қалаларына, сосын Қызылқұм арқылы Хо­резм, Үргеніш, Сарайшық, Еділ бойы елдеріне, Кавказға қарай бағыт ұстаған.Сондай-ақ «Ұлы Жібек жолының» тағы бір торабы Түркістан қаласынан басталып, Сауран, Тараз, Қарибас (Ақыртас), Жамуқат, Құлан, Барсхан, Науакент, Суяб, Баласағұн, Қорғас, Турфан, Дунхуан арқылы Қытайға апаратын болған. Сөйтіп, ежелгі түркі қауымы қадым замандардан бастап-ақ Оңтүстік Сібір, Еділ бойы, Үндістан, Қытай, Грекия, Иран, Сирия, Месопотомия, Мысыр, Вавилон елдерімен тығыз қарым-қатынастар жасап тұрған. Бұл керуен жолы арқылы тек қытай жібегі ғана емес, көптеген тұрмыстық бұйымдар - мата, кілем, былғары киім-кешектер, аң терілері, піл сүйектері, күміс пен алтын құймалары, түрлі қару- жарақтар, арабтың сәйгүлік аттары, экзотикалық құстар, сан алуан азық-түліктер халықаралық саудаға түскен. Ең бастысы - «Ұлы Жібек жолы» арқылы Шығыс пен Батыс елдері арасында мәдени, әдеби, ғылыми, т.б. байланыстар орныққан еді. Әдетте әрбірхалық белгілі бір мәдени, ғылыми, кәсіптік, т.б. салалар бойынша әлемге танымал болады ғой. Бұл туралы орта ғасыр ақыны Насыр Хисрау былай деген екен:

Өлең – жырда

Арабтан озар тұлпар жоқ.

Емшілікте

Гректен алғыр сұңқар жоқ.

Билегенде

Үндіге кім таңғалмас?!

Есеп-қисап, музыкада

Рим алдына жан салмас.

Сурет салу өнерін

Қытай әбден меңгерген.

Ал шеберіне Бағдаттың,

Әлемде кім тең келген?!

Сонымен, Шығыс пен Батыс елдері бірін-бірі рухани тұрғыдан байыта түсті. Ежелгі түркілердің музыка, би өнері, поэзия, сәулетшілік, зергерлік,т.б, өнер салалары жаңа сатыға көтерілді. Осындай мәдени байланыстар арқылы Қыпшақ даласына Сириядан арамей жазуы келді. Бертін келе осы арамей жазуының негізінде соғды, турфан, хорезм жазулары жасалды.

Сондай-ақ, ежелгі түркілердің мәдени жетістіктері де Батыс пен Шығыс елдеріне «Ұлы Жібек жолы» арқылы тез тарап жатты. Мәселен, сақтар мен ғұндардың тәңірлік дінінің нeгізі саналатын жарық дүние мен қараңғылық әлемі, қайырымдылық пен зұлымдық күштері ара­сында мәңгілік күрес жөніндегі ілім (зороастризм) грек діни философиясының (гностицизм) дамуына зор ықпал етті.



Үнді елінің әлемге мәшһүр «Панча тантра» («Бес кітап») эпосы ежелгі замандарда-ақ түркілерге «Ұлы Жібек жолы» арқылы жеткен еді. Үнді эпосыныңнегізінде түркі елінде «Халила мен Димна», «Төрт дәруіш», «Бәрсиса», т.б. қисса-хикаяттар жазылды. «Ұлы Жібек жолы» арқылы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия өлкелері ежелгі дәуірлерде-ақ бүкіл әлемге танымал болды. Тіл және біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда Жетісу жазу мен Сырдария аралығын алып жатқан өңірге ғұндар қоныс аударғаны мәлім. Олар жергілікті скиф (сақ) - массагеттермен араласып, біртұтас халыққа айналды. Бірте-бірте олардың ықпалы күшейіп, Енесейден бастап, Моғолстанға дейінгі ұлан- ғайыр өлкені өздеріне қаратып алғаны көне тарихтан белгілі. Сол кезден бастап, қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерінде түркі халықтарының арғы негізі саналатын халықтар тілі, яғни көне түркі тілі кең өpic алды.

Түркі тілдерінің жалпы даму кезеңдерін Н.А.Баскаков төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады: 1. Алтай дәуірі; 2. Ғұндар дәуірі (қадым замандардан бастап, біздің заманымыздың V ғасырына дейін); 3. Түркі тілдерінің көне дәуірі (V-Хғасырлар); 4. Түркі тілдерінің орта дәуірі (Х-ХV ғасырлар); 5. Тркі тілдерінің жаңа дәуірі (XV-ХХ ғасырлар); 6. Түркі тілдерінің қазіргі дәуірі.Түркі тілдерінің алтай, ғұн дәуірлері туралы мәліметтер, зерттеулер көп емес. V-X ғасырларда түркі тілі бүкіл Түркі қағанаты иеленген ұлан-ғайыр өлкеде кеңінен қолданылды. Әсіресе үйсін, қаңлы, қарлұқ, түргеш, чығыл, яғма тайпаларының ортақ тіл болды.Ал енді X-XV ғасырлар аралығында көне түркі тілі бүкіл Қыпшақ даласы мен Орта Азиядағы мұсылман түркілерінің бәріне бірдей түсінікті әдеби тілге айналды.Сақтар, ғұндар және ежелгі түркілер арамей, соғды, турфан, көне түркі жазуларын кеңінен қолданған.



Арамей жазуы-б. з. б. мыңыншы жылдың басында финикия жазуы негізінде пайда болып, арамейлер арасында кең қолданылған көне жазу түрі. Бірыңғай дауыссыз дыбыстардан тұрады. Әр дауыссыздан кейін дауысты дыбыс қосылып оқылады. Оңнан солға қарай жазылады»[3, 87].

Соғды жазуы- арамей жазуының біртүрі деуге болады. Соғды жазуының негізінен екі жазуы бар. Бұл жазу согдиана немесе соғды деп аталатын мемлекетте қолданылған. Согдиананың негізгі халқы - көшпелі және отырықшы сақ тайпалары болған.

Турфан жазуы (ұйғыр жазуы)-б.з.б. бірінші ғасырдан бастап, б.з. тоғызыншы ғасырына дейін қолданылып келген көне жазулардың бір түрі. Бұл - жоғарыдан төмен қарай жазатын, тік әріпті жазу болып келеді. Турфан жазуының әріптері сөз басында, ортасында, соңында әр түрлі болып таңбаланады.

Көне түркі жазуы - түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жа­зуы. Бұл әліпби 35 әріптен тұрады. Оңнан солға қарай жазылады. Бұл жазу түрінде 8 дауысты фонема бар. Олар 4 полифонды әріппен белгіленеді. Ал, 16 дауыссыз фонема 31 әріппен белгіленіп жазылады. Көне түркі жазуын оқудың кілтін 1893 жылы Дания ғалымы В.Томсен (1842-1927) тапқан.

Түркі тілдерінің жаңа даму дәуірінде, яғни XV-XX ғасырлар аралығында қазіргі түркі тілдері халықтық тіл болып қалыптасқаны мәлім. Бұлар негізінен төмендегілер: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, татар, ноғай, башқұр, қарайым, құмық, қарашай, гагауз, әзірбайжан, түрік, ұйғыр, якут, хакас, шор, т.б. Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктері көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ, көне түрікмен, көне өзбек, қыпшақ-оғыз нұсқаларында жазылған. Белгілі ғалым А.М. Самойловичтің сөзімен айтқанда, кезінде бүкіл түркі тілдеріне ортақ бір әдеби дәстүрдің, бір әдеби тілдің болғандығы күдік тудырмайды. Қадым замандардан бізге жеткен мәдени жәдігерліктердің ішіндегі қабырғаларға, жеке құлпытастарға салынған сан қилы таңбалар, суреттер, яғни петроглифтер болып табылады. Қазақстан жері мұндай Таңбалы тастарға, яғни «сурет галереяларына» өте бай. Солардың бірі - Алматы қаласынан солтүстік-батыс бағытына қарай жүргенде 160 шақырым жердегі таңбалы тастағы суреттер. Мұны алғаш рет 1957 жылы А.Г.Максимова зерттеген еді. Іле тауының беткейіне салынған бұл суреттердің жалпы саны бір мыңнан асады. Биік жартастағы бұл «сурет галереясы» кемінде екі мың жылдың оқиғаларын қамтиды. Басқаша айтсақ, бұл жартасқа жиырма ғасыр бойы суреттер салынып келген.

Таңбалы тастағы суреттердің сюжеті аса бай екені мәлім. Солардың бірінде билеп жүрген бір топ адамдар бейнеленген. Төбеден күн нұры шашырап тұр. Билеп жүрген адамдардың арасында еліктер, киіктер, арқарлар топ-тобымен шапқылап жүр. Алғашқы қауым адамдарының аң аулауға шығар алдында немесе сәтті аяқталған аң аулаудан кейін осылайша топтасып билейтін дәстүрі, наным-сенімі бол­ған. Таңбалы тастардағы суреттер (петроглифтер) ежелгі заман адам- дарының түрлі тарихи дәуірлердегі наным-сенімін, табиғат жөніндегі түсінігін, көркемдік талғамын танытады.

Ұзақ жылдар бойы петроглифтерді зерттеп келген көрнекті ғалым А.П. Окладниковтың айтуы бойынша, ежелгі адамдар жылына бір рет жиналып, әрбір аңшы қанжығасының қандануын, яғни аң аулау сапарының сәтті аяқталуын Көк Тәңірісінен жалбарынып сұрайтын болған. Ол үшін аңшылар үстеріне бұғының терісін жамылып, бастарына мүйіз байлап алып «Сиқыршы биін» жан салып билеген. Мұндай ғажайып билерге дала кезіп жүрген түрлі андар таңырқап, іштерінен өздерінің жеңілгендіктерін мойындауы тиіс екен. Қолдарын аспанға көтеріп, бар дауыстарымен айғай салған аңшылар Көк Тәңірісінен көмек сұраған. Осындай ежелгі әдет-ғұрыпты мүлтіксіз орындаған жағдайда Тәңірінің ықылас-рақымы түсіп, аң аулау сәтті аяқталатынына адамдар мүлтіксіз иланған. Жартастағы суреттер осы бір тарихи шындықты тағы да растай түсетін сияқты.

Дәл осы Таңбалы алқабындағы тасқа қашап салынған суреттердің бірінде қыруар күш пен зор сенімнің символы саналған өгіз бей­неленген. Өгіз үстінде құдіретті Күн тұр. Күн - аспан әлемінің әміршісі. Ол аспанды күркіретіп, найзағай соқтырып жібереді. Жаңбыр жаудырады. Жаз бен қысты ауыстырып отырады.Қазақ қауымында құрғақшылық болған жылдары жаңбыр жаудыру үшін «тасаттық» беретін салт-дәстүр бар. Міне, бұл үрдістің қайнар-бастауы көне дәуірлерде жатқанын осы сурет толық дәлелдеп тұр. Бұл сурет біздің заманымыздан бұрынғы екінші мыңжылдықта қола дәуірінде салынған.Қазақстан Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы халқымыздың көне тарихынан өте мол мәлімет беретін, аса құнды мәдени жәдігерлік - «Арпаөзен петроглифтерін» екі рет зерттеп қайтты. Арпаөзен таңбалы тастарына салынған суреттер Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Келіншектаудың (Қаратау жотасы) жартастарына салынған. Мұндағы суреттердің жалпы саны үш жарым мыңнан асады. Суреттердің негізгітақырыбы - аңшылық, жаугершілік, әдет-ғұрыпқа байланысты ойын-сауық көріністері болып келеді.

Арпаөзен таңбалы тастарына салынған суреттердің бірінде қос ат жеккен әскери арба бейнеленген. Бұл көріністен біздің арғы ата- бабаларымыздың жауынгерлік рухы мейлінше жоғары болғанын аңғару қиын емес. Демек, ежелгі заман адамдары арбаны алғашында соғыс көлігі ретінде ойлап тапқанын осы суреттен көріп, білуге болады.Келіншек тауының биік беткейіне салынған осы петроглифтер біздің заманымыздан бұрынғы екінші - бірінші мыңжылдықта бейне­ленген екен.Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңынан табылған таңбалы тастардың ішінде «Әйел мен еркек» деп шартты түрде аталған сурет ерекше назар аудартады. Мұнда ұлы даланы мекендеген ежелгі ата-бабаларымыздың мәңгілік өмір, ұрпақ жалғастығы, адами парыз жайындағы ұғым-түсініктері, ой- пікірлері көрсетілген.

Осы сияқты петроглифтер Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай, Сауыр, Монрақ, Қалбатауларынан, ал Орталық Қазақстанда Бесіктас, Теректі, Қара үңгір деген жерлерден де табылған. Бұл суреттердің де негізгі тақырыбы адам және табиғат болып келеді.Соңғы жылдары қазақ петроглифтерін зерттеу ісі қолға алына бастады. Әсіресе қайтыс болған адамдардың басына тұрғызылған ескерткіш-құрылыстардың (мазар, саған-там, сағана) қабырғаларына ертеректе салынған суреттер, түрлі ою-өрнектер, символдық белгілер ұлтымыздың ұмытыла бастаған рухани дүниетанымынан, наным-сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан көп мәлімет береді. Бір қызығы – бертінде салынған сағана қабырғаларында сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген символдық суреттер сақталған.

Белгілі қазақ ғалымдары З. Самашев пен Ж.Жетібаев солардың бәрін ғылыми тұрғыдан сараптау мен жүйелеу нәтижесінде бұл жәдігерліктерді төмендегідей тақырыптарға топтастырған: «әскери тұрмыс; зооморфты образдар мен аңшылық сюжеттері; ұста құралдары мен зергерлік өнер туындылары; қатынас-тасымал көліктері; атрибуттар, символдар және культтік бейнелер, т. б.»

«Ұлы дала... Мұнда қаншама өркениеттер қалыптасып, жанып- сөнді. Мұнда еңсе көтерген небір алып империялар жер жүзінен ғайып болды... Сол тұңғиықтан ата-бабаларымыздың аса құнды мұралары бізге жетті. Біз оларды домбыраның күмбірінен, ән мен жырдың әуенінен түйіндеп, тастан түйін түйген зергерлер мен шеберлердің қолынан танимыз, өскелең өнер үлгілерінен көреміз».

Ежелгі көшпенділердің көркем мәдениеті мен сол рухани мұрамыздың материалдық негіздерін зерттеуші көрнекті қазақ ғалымы Иманғали Тасмағамбетов өзінің «Ат жалындағы өркениет» («Берел», 2003 ж.) атты кітабының кіріспесінде осылай деп жазады. Аталмыш зерттеуде археологиялық ізденістер нәтижесінде табылған көшпенділердің қолданбалы өнері үлгілерінің сан қилы суреттері берілген. Бұл ғажайып жәдігерліктер байырғы ата-бабала- рымыздың эстетикалық талғамын, философиялық дүниетанымын, өзге елдермен мәдени қарым-қатынастарын танып-білуімізге мүмкіндік береді.Сонымен, таңбалы тастарда қадым заман адамдарының түрлі та­рихикезендердегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, діні мен ділікөркемдік талғамы, т. б. туралы қыруар көп мәліметтер сақталған.

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар- қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды«скифтер» немесе«азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ»,«сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін«Сахстая»деп те жазатын болған.Адамзат тарихында алғаш жазылған қадым заман кітаптарының бірі «Авестада» сақтар мен олардың мекенін«Тур» деп атаған. Фирдоусидің әлемге әйгілі эпопеясы «Шахнамада» сақтар елін «Туран» деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын «Тукиу» дейтін болған.

Көшпелі сақтар Евксин (Қара теңіз) мен Азов теңізі аралығында жатқан ұлан-ғайыр өлкені де бұдан үш мыңжылдай бұрын мекен ет­кен екен. Бұл туралы көне грек тарихшысы Геродот жазып қалдырған мол деректер бар.

Біздің заманымыздан бұрынғы IX—VII ғасырлар аралығында сақ- тардың этникалық құрамын қалыптастырған көптеген тайпалар болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Олар: кемерлер, массагеттер, асылар, дахтар, т. б. тайпалар.Сақтардың Еуропаға қоныс аударған алғашқы легін тарихта «ке­мерлер» немесе «кемерліктер» деп атап кеткен. Өйткені олар біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда-ақ Қара теңіз жағалауын, яғни теңіз «кемерін» өздеріне мекен еткен. Еуропаға алғаш көшіп барған сақтардың осы тобы Қара теңіз бен Азов теңізі аралығында көшіп- қонып жүріп, мал бағумен айналысқан көшпенділер болған.Геродоттың жазуы бойынша, Арал теңізі мен Каспий теңізі жағалауын мекендеген сақ тайпаларын «массагеттер» деп атаған. Массагеттер соғыс өнерін жетік меңгерген ежелгі тайпалардың бірі саналады. Олардың жеткілікті дәрежеде атты және жаяу әскері болған. Массагеттер қару-жарақтары мен әшекей бұйымдарын мыс пен ал­тыннан жасайтын болған.

Қазіргі Қазақстан жерін сол көне дәуірлерде мекен еткен сақтар тайпасын «асылар» деп атайды. Асылар негізінен Асы өзенінің аңғарынан бастап, Талас, Шу, Іле өзендері аңғарларында мал бағып, егін еккен. Бұл тайпаның негізгі мекені Жетісу өлкесі болған. Асылардың өзіндік жоғары мәдениеті болғанын археологиялық қазба кезінде табылған түрлі бұйымдар дәлелдеп отыр. Олар кезінде металл өңдеуді жақсы меңгерген. Қоладан, күмістен, алтыннан қару-жарақ, зергерлік бұйымдарын, түрлі еңбек құралдарын жасаған. Металдан түрлі тұрмыстық және әшекей бұйымдар жасау өнері бойынша массагеттер сол ежелгі дәуірдің өзінде-ақ мәшһүр болған.Байырғы әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі жағынан қазақ қауымына ең жақын тұрған сақ тайпаларының бірі - дахтар. Олар басқа тайпалар ішінде өздерінің жауынгерлік дәстүрімен, соғыс өнерін жетік білетіндігімен ерекшеленген. Дахтар бейбіт өмірде жылқы, түйе, қой бағып, егін салған, диханшылықтың түрлі салаларымен айналысқан. Басқа да сақ тайпалары сияқты дахтар да Күнге, Айға, Отқа тағзым еткен. Ата-баба рухына, яғни аруаққа сыйынған.

Дахтар Арал теңізі мен Сырдария жағалауларында, Каспий теңізі мен Әмудария аралығындағы ұлан-байтақ өлкеде көшіп-қонып жүрген көшпенділер еді.

Бір қызығы Қара теңіз жағалауында, яғни теңіз кемерінде тұрған сақтарды кезінде «кемерліктер» (орысша «Киммерийцы») дейтінін біз жоғарыда айттық. Ежелгі Эллада елінің ұлы ақыны Гомер өзінің «Одис­сея» деп аталатын эпопеясында осы кемерліктер, яғни теңіз жағалауында тұратын сақтар туралы зор шабытпен жырлайды:



Біз ақыры терең мұхитқа жеттік,

Қалың тұмандар арасынан өттік.

Жағалауда кемерліктер тұрады екен,

Күн шұғылалы Гелиосқа қарай кеттік.

Гомер өзінің «Илиада» атты кітабында да (XII жыр, 1-7) кемерліктер туралы едәуір мәлімет береді. Кемерліктердің бекіністері, өткелдері, көшіп-қонып жүрген жайлаулары туралы Геродот та жазғаны мәлім [4,190-191].



Қадым заман ғұламалары, саяхатшылары, ақындары сақтар ту­ралы өте қызықты деректер жазып қалдырған. Мәселен, ежелгі грек саяхатшысы Страбон өзінің Еуропа мен Азияда көргендерін «Гео­графия» деп аталатын он жеті томдық кітабында хикая етеді. Сол еңбектің жетінші кітабында сақтар туралы айта келіп, «Олар мал шаруашылығымен айналысады, жейтін тағамдары: ет, сүт, ірімшік, көбінесе ірімшік жеп, қымыз ішеді. Сақтар қор (запас) жасауды білмейді, сауда-саттықты да білмейді. Тек тауарды тауарға айырбастап қана тіршілік етеді. Бұлар нағыз ержүрек, батыр әрі мейлінше әділжандар. Киіз-палаткаларда тұрады. Шөбі шүйгін жайлауларды алма- кезек ауыстырып, қыста таулы жерлерде, жазда жазықтағы жайлаулардакөшіп-қонып жүреді», - деп жазды [5,44-47].Ежелгі дәуірде өмір сүрген атақты грек ақыны Эсхил өз поэмаларының бірінде «ірімшік жеп, қымыз ішетін, әділдікте алдына жансалмайтын ержүрек кемерліктерді» көкке кетере мадақтайды .

Пайдаланған әдебиеттер

1 Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін... Құрастырып, алғы сөзін жазған филология ғылымының докторы, профессор Қ.Ергөбек. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 344 б.

2 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғары оқу орындары филология факульттері студенттеріне арналған оқулық. –Алматы: Ана тілі, 1991.- 264 б.

3 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. Ғылыми зерттеулер, мақалалар. Құраст. Р. Бердібаев. – Алматы: Жазушы, 1985. – 367 б.



4 Мифы древней Индии. Литературное изложение В. Г. Эрмана и Э. Н. Темкина. – Москва: Наука, 1975. – 240 с.

5 Қорқыт ата кітабы. Түрік тілінен ауд. Б. Ысқақов. – Алматы: Жазушы, 1994.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет