Әож 82-94: 297 МҰхаммед хайдар дулати «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі ислам дініне деген сенімі



жүктеу 90.54 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі90.54 Kb.

ӘОЖ 82-94:297
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ «ТАРИХ-И РАШИДИ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІ
Жолшин А.Б.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Афлатунов А.Б.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


«Тарихи-и Рашиди» еңбегінде Мырза Хайдардың ислам дініне деген сенімі, Аллаға деген иманы, бір сөзбен айтқанда, исламдық дүниетанымы анық көрінеді. Мырза Хайдар Исламға деген сенімін барынша бекіту үшін және жұртқа үлгілеу мақсатында Шығыс әдебиетінде, анығырақ айтқанда араб, парсы, түркі әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі поэтикалық тәсілдерді оңтайлы пайдаланды. Соның бірі – Аллах Тағалаға деген мадақ пен мінәжат.

Мінәжат – арабтың «мүнажат» деген сөзінен шыққан. 1. Діни. Құпия намазда құдайға мұңын айтып жалыну,жалбарыну, құдайды мақтау. 2. Діни гимн. 3. Құпия әңгіме, құпия кеңес. Парсы әдебиетінде бес мағынасы бар: 1. Біреумен сырласу, сыбырласу; 2.Алламен сырласу; 3. Біреудің ішкі ойын ұғыну, 4. Алладан тілеу. 5. Сырласу.

Мырза Хайдар – ислам дініне кәміл сенген жан. Ол саяси өмірінде ғазауаттарға1 қатысқан, Кашмирде билік құрған кезінде жалған діншілдер мен сопысымақтарға, теріс бағыттағы саяси ағымдарға қарсы күрескен. Ол өз шығармасының соңғы парақтарын «мінәжатқа» арнап, өмірде болған қателіктері, білместіктері үшін ождан сотына жүгініп, Алладан кешірім сұрайды. Алламен сырласып, Алланың рахметіне, мейіріміне бөленбек болады. Алланың шапағатын сұрайды. Өз еңбегінің соңғы тарауын «Мінәжатқа»арнауы да сондықтан болса керек.

«Тарих – и Рашидидегі» мінәжат жанрының ерекшелігі мен табиғатын ашу үшін біз еңбектегі осы тараудың қазақша мәтініне тоқтала отырып, ой өрбітеміз.

«Илаһи, илаһи2, Сенің бар болуың уәжіп, Сенің болғаның шексіз жомарттыққа лайық, Сенің жомарттығың Сенің болғаныңды керек етеді. Ешбір жан Сенің ешбір сипатыңа ортақтаса алмайды.

Өлең:


Жолыңды Сенің іздейді кәпір менен мұсылман,

Серігі жоқ бір Алла – бәріміз оған табынған.

Сенің ілтипат көрсетуіңе себептің керегі жоқ. Сенің таралғың да аз болмайды. Сыйыңның көптігінде де шек жоқ. Тек оның мол екендігіне біздің біліміміз кемдік етеді. Надандықтың кесірінен оған шүкір айтудан ғапіл қалғанбыз. Берген нығметке лайық шүкір ете білсек, «жұтатұғын әрбір дем – тіршіліктің тірегі, сыртқа шығатұғын сәтінде жанның рахаты. Ендеше, демнің екі нығметі бар. Оған шүкір уәжіп болады»

Өлең:


Не келеді қолыңнан, сөйлегенде тіліңнен,

Жеткілікті болады шүкіршілік айта білсе сонымен.

Бірақ нығметті көріп, білу және шүкір ете алмағанын мойындау – шүкір етудің бір түрі болмақ.

Пенденің надандығы барлық нығметті көруге кедергі болады. Немесе берген нығметке шүкіршілік ете алмағандығы мойындауға бөгет болады. Бұл надандықпен өзінің нәпсісіне жасаған жауыздығы болар.

Илаһи, жауыз бен надан не істей алады және нендей түйінді шеше алады. Сондықтан мен өз қатыгездігімнен ояна алмай жүрмін. Надандықтан ақиқатты ұға алмай жүрмін.

1.Ғазауат:діни жорық,дін жолындағы қасиетті соғыс

2. Илаһи: Алла,діни құдай.Бүкіл дүниені, адамзатты, жан-жануарды жаратушы ие тәңірі жасаған деген сөз.
Содан барып ойландым. Барлық істерім бұрыс болған деп түсіндім. Ал, Сенің маған жасаған барлық шараларың тұтастай игілік болған.[3.196 б]

Өлең:


Епсіз болсаң, егер пенде ісіңе,

Қадірің кетіп, ілінесің қожайынның күшіне.

Тастап кетсең, қызметте, әскерде,

Зар боласың қолбасшының құрметіне.

Бірақ, Алла, сен асып – тасып, пәс кетсең де,

Ырзығыңның жолын жаппай, шектемейді несібе.

Егер Алла қаһарланса сенің жаман ісіңе,

Жаздырып қояды қиямет – қайым күніне.


М.Х.Дулати бұл қара сөздері мен өлең жолдарында «Ақида» ислам дінінің негізгі сеніміне жүгінеді. Сондай-ақ, сенімін қаншалықты маңызды екенін пайымдауға болады.

Адамның өмірі мен тұрмыс-жайын, өмірге көзқарасы мен әрекеттерін жүрегіндегі сенімі белгілейді. Сондықтан да шынайы, кіршіксіз бір сенімге ие болмай Аллаһтың ризалығын ала алмайсың.

Кәпір, мүшрик және мунафиқтердің істеген амалдарының Аллаһ құзырында ешқандай да маңызды болмайтындығының басты себебі де осында жатыр. Пенденің бұл пәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған сенім жүйесіне ақидасына байланысты. Сенім дұрыс болса, пенде құлшылығының арқасында адал ниетінің жемісін көреді. Ал, ақидасы бұрыс болса, тура жолдан ауытқуына бірден-бір себеп болады.

Өлең:


«Ләббай3» десек, қажылықта, Қағбада,

Сәлем берсек, Мәдинада мазарыңа.

Майдандағы жауынгерлер тәкбір4 алса,

Қарсы майдан жауынгерін қатын көрсе.

Екі айтуды нәпсіміздің иірімінде,

Арсыздықтан Алла бізді бұл дүниеде,

Қарайкөрші осы көзбен о дүниеде.

Үміттен басқа байлық беріп жамадың ба,

Үмітсіз етпе өз жарылқауыңнан, әй, Алла тағала!

«Ләббай» деп мұсылманның қажылық рәсімдерін аса ұқыптылықпен, күнә-кемшіліктеріне бой алдырмауында. Бұл-Аллаһ қабыл еткен қажылық. Оның белгісі адамның тәубеге келуі мен қайтып күнә жасамауға деген тоқтамы. Қажылық-жалғандықтан аулақ шынайы қажылық. Ал оның сыйлығы тек қана-жаннат.Ол Ұлы жаратушының қонағы. Бұл өлең жолдарынан шынайы Аллаһ тағалаға иман келтіріп, тозақ отынан қорқып, жаннаттың нәсіп етуін тілеген. Сапарда жолаушылардың әр тобында жетекші, әр сапарда жолбасшы болады. Қажылық өтеушілердің жетекшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) ол жол көрсетушісі оның өнегесі сүннеті болып табылады. Яғни сүннет –Аллаһ тағала тарапынан түсірілген кітаптың Оның пайғамбары арқылы іс жүзіне асқан жарқын көрінісі. Пайғамбар (с.ғ.а) –Құранның тіршіліктегі тәпсірі. Оның сүннеті - әрбір мұсылман және әрбір қоғам үшін өмірдің бар саласын қамтыған егжей – тегжейлі жоба іспеттес. Сондықтан, пайғамбар жолы –Аллаһтың жолы. Ардақты Пайғамбарымыздың жолымен жүру – Илаһи әмірлердің сәулесіне шомылу деген сөз. Ал сүннетті қабылдамай, оған қарсы келу Аллаһқа қарсы келумен тең. Осы шариғатты берік ұстаған ұлы бабамыз, Мырза Хайдар Кашмирді билеген жылдары аталмыш елдің басқару жүйесіне реформа жасады, жаңа қалалар салдырып, моғол мәдениетінің элементтерін енгізді.

3.Ләббай:1.дыбыс беру, үн қату,ләббай деу,тыңдап тұрмын

2. Көну, бағыну.3.Қағбада пенде ләббай деп,ешбір күмәнсіз Аллахқа бойсұнуы парыз.Алланың барша әмірлерін бұлжытпай орындауы қажет.

4.Тәкбір:Аллаху акбар деп айту,мағынасы Алла-ұлы

Кашмирде шар тараптан суретшілер мен қолөнершілерді жинатты. Олар өз өнері мен кәсібін кашмирліктердің арасына ендіруге мүмкіндік жасады. Өзі де елдің әскери жағдайын нығайту үшін көп еңбектенді. Ол бір мемлекеттегі бір дін саясатын жүргізді. Мырза сүннизмге берілген еді. Суннит еместерді ұнатпайтын.

Мұнда келгеннен кейін кашмирліктердің сүнна5, шиа6, нурбахыш7, софы8, шамаси9 және пұтқа табыну секілді көптеген діни салаларға бөлінетінін көріп таң қалды... Мырза Хайдар дінсіздердің бәрінен құтылуға тырысты. Оларға қатыгездікпен қарады. 1548 жылы ол Задибалдағы Мир Шамс – уд- Дин Иракидің күмбезін қорлады. 1549- 1550 ж. Оның баласы шейх Даниэл мен өзге де белгілі шиашашылар мен нұрбахшыларды өлтіруге бұйырды. Сонан соң сектаны ұстайтындарды ол аяусыз қырып-жойды... Кашмир жұрты түгелдей ислам дінінің ханафи мазһабын ұстаған еді, - деп жазады Мырза Хайдардың өзі “Тарих –и Рашидиде”. Ал Нәдір сұлтанның (1527-1529,1540-1541,1551-1552) әкесі Фатх шаһ тұсында (1489-1497, 1489-1499) мұнда Ирақтың талшын (өлкесінен) Шамс деген біреу келіп өзін Нұрбахши деп таныстырады. “Нұрбахши” деп атаған дін бұзар секта таратады. Адамдардың қарғысы атып, алла қаламағыр ол ашықтан ашық имансыздық пен түрлі күпірлікті уағыздап, қаратобыр арасына сүнна немесе шиашылардың да сектасының ешқайсысының іліміне сай келмейтін “Фикһ-и ахват” атты кітап таратады. Олар тым тереңдеп бара жатқан соң Мырза Хайдар Үндістан ғұламаларына әлгі кітапты жібере отырып ресми пікір сұрайды. Олар оны: Оқып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізген соң кітап авторының жалған ілімді ұстанып Құран мен жалпыға мәлім Сүннаға һәм жамағаттың ортақ пікіріне қарсы шыққанының, бұл ілімнің хақ жолындағы жұрттың діни сектасының ешқайсысына жатпайтынын,...сөйтіп оның күпірлік пен адасушылыққа ұрынғанын, қолында билігі бар кісілерге ондай кітаптарды жою және әлемде таралуына тиым салу міндетті уәжіп болмақ. Ондай түп – тамырымен отау және оған жол бермеу – діни қажеттілік, ал ол кітаптың жақтаушылары мен бұл ілімді ұстанушыларға тосқауыл қою, қарсы шығу – дін ислам міндеттейтін ұйғарым екенін”, шегелеп айтады. Ал егер “олар табан тіреп, райларынан қайтпайтын болса, онда дін ислам жолына тұрған мұндай кедергілерді алып тастап, ондай (қаскөйлердің) мұсылмандарға деген ыза кегіне тойтарыс беру қажет”, деген тұжырым жасайды.Тіпті дін тазалығы мен хақ жолын сақтау үшін оларды жазалап, керек болса өлтіру де керек. Ал олар тәубеге келіп, ол ілімнен бас тартса, Әбу Ханифа <Алла оған разы болсын>мазһабының жолын ұстануға бұйрық берілуі тиіс деген фатуа шығарады.[1.20]. Мырза Хайдар “Тари-и Рашидиде” кашмирліктердің дін бұзарлық басқа да қылықтарына тосқауыл қойған.

Қазіргі уақытта,- деп жазады ол,- Кашимирдегі барлық сопылардың күпірлікке бет бұрғаны сондай, олар һалал мен харамды да ажырата алмайды.Тақуалық пен әулиелікті олар түнімен ұйықтамау және тамақ ішуді тежеу деп ұғады. Табылған нәрселердің бәрін олар талғамай жей береді. Қайсы харам, қайсы һалал екенін

5.Сунна-сүндет,әдет-ғұрып,тәжірибе.2.Діни сунна Мұхаммедтің (с.ғ.с.) айтқан өсиеттерімен істеген амалдары.3.ислам дінінің сүндет жігін жақтаушылар,сүннилер 4 негізгі мазхабқа бөлінеді: 1.ағзами немесе ханафи. 2.мәлики. 3.шәфиғи. 4.хәнбәли. Олар Мұхаммед (с.ғ.с.) кейінгі 4 халифаны: (Әубәкір, Омар, Оспан, Әли) заңды деп қабылдайды

6. Шиа,шиға: 1. Партия,топ.2. діни шиға мазхабындағылар,Әлидің жолын қуушылар.



7.Нұрбахийша – ислам дінінің шийа ағымына жататын сопылық қауымдастық.Оның негізін Иранда туылған бахрейндік Cаййд Мұхаммед бин Мұхаммед Нұрахыш (1392-1464) деген қалаға

8. Софы: суф 1. жүнді, жүндікі. 2. діни тым құдайшыл, дүниеден безген, зікір салып құдайға сиынушы,құдайдың жолына шын түскеендігін сипаттау белгісі ретінде ислам дінінің сопылық ағымындағы тақуа діндарлар қылшық жүнінен жасалған киім киетін болған.

9. Шамаси:күнге табынатын бір топ күпірлер.

10. фатуа: діни шариғатты қолданған муфтидің шешімі, бітім, келісім.

Айырмай бәрін, уақыф10 мүліктеріне қол сұғуға тырысады. Олар ұдайы пайғамбарлық туралы армандайды, анандай болады, мынандай болады дегендей сәуегейлік жасайды. Болашақта болады және өткенде болған деп тылсыман тыс көріністер жайлы мәлімдейді... Білім мен білімділерді жамандап, оларға жеккөрінішпен қарайды... Мұндай құдайдан безгендер басқа ешбір жерде кездескен емес. Ұлы <Алла тағала >өзінің таза дәргейінде мұндай бақытсыздық пен пәледен барлық мұсылманды қорғап, Мұхаммед пен оның даңқты ұрпақтарын шариғаттың ақ жолына түсіре көрсін... Қазір ешкімнің де ашықтан ашық ондай бос сөзді айтуға батылы бармайды. Ол ілімді барлығы мүлде мойындамайды әрі өздерін сунниттер мен мұсылман жамағаты қауымы санатына қосады. Өйткені <Алланың>құлы, мен пақырдың қаталдығы оларға мәлім еді. Ал егер бірдеңе байқала қалса, онда оларға өлімнен басқа шара қолданылмайды. Алла тағаланың көмегі һәм менің тырысушылығымның арқасында бұл пәле – (нұрбахшийа) бірақ жойылады деп сенемін...

“Шамасин”атты күнге табынатын да бір топ күпірлер болған. Олардың ілімі бойынша күннің нұрлы болуы біздің иманымыздың тазалығына, ал біздің

тіршілігіміз күн нұрының шапағатына байланысты деп түсінеді. Ал егер де біз иманымызға кір келтірсек, онда күн болмысынан түк те қалмайды. Ал егер күн өзінің нәрінен бізді айырар болса, онда біздің тіршілігіміз де тоқталады.

Күн бізбен бірге, ал біз онымен бірге тіршілік кешеміз. Онсыз бізге болмыс жоқ, бізсіз онда болмысы жоқ. Күн шыққан кезде оған біздің істеріміз аян. Сондықтан ол уақытта ең дұрысы қайырлы іс істеу. Ал түн түндігін түсіргенде, күн бізді көрмейді. Біз жайлы ештеңе де білмейді. Өйткені ол түн жағдайынан хабардар емес. Түнде не істелінсе де ол іске айып жоқ. Бұл сектаны сөйтіп “шамасин”деп атайды.[1.21].

Осындай діни бей-берекеттік, сектанттық Кашмир қоғамын аздырып, жұртты екі ұдай етпес үшін және Үнді дін басыларының ұйғарымына орай Мырза Хайдар мүмкіндігінше “нұрбахши”мен өзге де күпірлерге тойтарыс беріп, қажет жағдайда оларға тіпті жаза да қолданған.

Ал қазір ел болғанымызға да биыл 20 жылдан асты. Ұлттық тілімізді, мәдениетімізді, ой - санамызды, дәстүрімізді, дінімізді дамытып өркендетуіміз қажет. Байтақ тарихымызды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын, олардың кісіліке тұнған қасиеттерін жас ұрпақтың санасына сіңдірмей, олар отаншыл болады, халқына, еліне тұтқа болады деп айту қиын. Діннің өзі қазір тоқсан тарауға бөлініп кетті. Алланың жолында жүр деген бауырларымыздың өзі қырықпышақ болып басы бірікпей жүргені мынау. Кісіліктің бір төркіні имандылықта жатыр. Бұрынғылар ізгі қасиеттерді бойына жиған адамды иманды, иман жүзді екен деуші еді. Бүгінде құдайға сенгенімен – қатыгез, мешітке барғанымен - мейірімсіз жандар көбейіп барады. Арғы – бергі заманда опық жесек алауыздықтан опық жеген халықпыз. Заманымыз түзелген кезде өткенге де, бүгінге де күңкілдей бермей, ендігі жерде бәріміз де ұлтты ұйыстыру жағына шығып, бабалардан қалған асыл өнегені, жақсы дәстүрді мұрат еткеніміз жөн. Біз қазақ ұлт ретінде сақталып қалу үшін бабаларымыздан мирас болып қалған, Абу Ханифа имам Ағзам мазхабы болған «дәстүрлі ислам дінін» берік ұстанғанымыз жөн. Дулати бабамыздың өзі Абу Ханифа имам Ағзам жолын ұстанып, сол жолды насихаттаған жан екенін өз еңбектерінен көреміз. Осы Баһадүр бабамыздың «Тарих-и Рашиди» еңбектерін мектеп қабырғасынан оқытсақ жөн болар еді.



10. Уақыф: 1.Қайырымды мақсаттары үшін діни орындарға белгіленіп берілген өсиеті, мүлкі, зат. 2.тартып алынбайтын меншік.Меккеде уақыф үй салып,пәтер қып жаққан шырақта.Бір құдайдың жолына малды аямай бұлапты. (Абай)
Әдебиет


  1. Мұхаммед хайдар Дулати.Тарих-и Рашиди.Алматы,Тұран,2003 19-21 б.

  2. Құрышжанұлы Ә.Ескі түркі жазба ескерткіштері.Алматы:Қайнар,2001ж.

  3. Ислам Жеменей:Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551) тарихшы-қаламгер (монография).Тараз,2007ж.

  4. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 1 т. –Алматы: Мектеп, 1989ж.

  5. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 2. т.-Алматы: Мектеп, 1989ж.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2014
Dulaty2014 -> Ғалым а. ҚЫраубаева зерттеулеріндегі алтын орда кезеңі мен түркі тілді әдебиет
Dulaty2014 -> Тараз қаласының МӘдени тарихы көшербаева А. Ж., Иманбекова Г. М
Dulaty2014 -> Қытай деректемелеріндегі қазақ тарихының Өзекті мәселелері шолпанқұлова Қ. А
Dulaty2014 -> Қазақ мемлекеттілігі тарих толқынында
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 930. 1: 929 М. Х. Дулатидің «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі тарихи танымдық деректер
Dulaty2014 -> Әож 821. 512. 122. 091 «тарихи-и рашиди» Қазақ тарихының этникалық дерегі
Dulaty2014 -> М. Х. Дулат шығармасындағы сопылық таным көріністері мырзахметұлы М
Dulaty2014 -> Әож 342. 22: 323 тараз аймағындағы архитектуралық ескерткіштер тарихы
Dulaty2014 -> Тараз мыңжылдық өркениеттер тарихының тоғысында
Dulaty2014 -> Ежелгі тараз тарихының жаңа беттері даурембеков Қ. К


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет