Төтенше жағдайлар министрлігі 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

"Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады. Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, кейін 21 қаңтарда ауа-райына байланысты іздеулер тоқтатылған болатын", – делінген хабарламада.

  • Ақтаудағы демалыс аймақтарында жасөспірім мен ер адам суға батып кетті
  • Ақтөбе облысында көлік мұз астына құлап бір адам қаза тапты

Еске салайық, 11 қаңтар күні сағат 12:15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының "112" телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткендігі және олардан еш хабар жоқтығы жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.