Әрбір білім беру мекемесі үшін өз түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы осы жолда жасалған еңбектің жемісі болып саналады



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата23.04.2019
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



2013-2014 оқу жылында университет бітірген түлектердің

жұмысқа орналасуы туралы есеп

2014 жыл

Әрбір білім беру мекемесі үшін өз түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы осы жолда жасалған еңбектің жемісі болып саналады. Университеттің түлектерді жұмыспен қамту бойынша жылдық жоспары қорытындыланып, есеп беріліп отырады.

Ағымдағы оқу жылы университетті 566 студент тамамдады, олардың ішінде:


  • 294 педагогикалық;

  • 272 педагогикалық емес мамандықтың түлектері.

1-диаграмма


1-кесте

Педагогикалық мамандықтар түлектерінің факультеттер бойынша сандық көрсеткіші





Мамандық шифры

Мамандық атауы

Бітірген студент саны

Грант

Оның ішінде ауыл квотасы

Ақылы

Педагогикалық факультет

1

5В010800

Дене шынықтыру

13

3

6

4

2

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

13

6

3

4

3

5В010300

Педагогика және психология

21

1

-

20

4

5В010200

Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

1

-

1

-

Барлығы

48

10

10

28

Жаратылыстану-географиялық факультет

5

5В011200

Химия

13

7

5

1

6

5В 011300

Биология

38

6

-

32

7

5В 011600

География

19

6

1

12

Барлығы

70

19

6

45

Физика – математикалық факультет

8

5В 010900

Математика

20

12

6

2

9

5В 011000

Физика

16

9

4

3

10

5В 011100

Информатика

22

13

3

6

Барлығы

58

34

13

11

Тарих және құқық факультеті

11

5В011400

Тарих

29

2

2

25

12

5В011500

Құқық және экономика негіздері

3

2

1

-

Барлығы

32

4

3

25

Филологиялық факультет

13

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

11

5

2

4

14

5В012100

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

9

8

1

-

15

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

6

4

1

1

16

5В011900

Шет тілі: екі шет тілі

43

4

10

29

Барлығы

69

21

14

34

Мәдениет және өнер факультеті

17

5В012000

Кәсіптік білім

-

-

-

-

18

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

7

1

3

3

19

5В010600

Музыкалық білім

10

8

2

-

Барлығы

17

9

5

3

Университет бойынша

294

97

51

146

Педагогикалық мамандықтар бойынша университетті 294 студент, оның ішінде 97 грант, оның ішінде ауыл квотасымен 51, ақылы негізде 146 студент аяқтады.



2-кесте

Педагогикалық емес мамандықтар түлектерінің факультеттер бойынша сандық көрсеткіші


Мамандық шифры


Мамандық атауы

Барлығы

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша

Филологиялық факультет

1

5В020500

Филология: қазақ тілі

8

-

2

5В020500

Филология: орыс тілі

2

2

Барлығы

10

2

Тарих және құқық факультеті

4

5В020300


Тарих (ғылыми)

1

1


5

5В030100

Құқықтану

97

1

6

5В020200

Халықаралық қатынастар

26

-

7

5В050100

Әлеуметтану

6

1

8

5В050500

Аймақтану

-

-

Барлығы

130

3

Экономика және басқару факультеті

9

5В050600

Экономика

-

-

10

5В050700

Менеджмент

1

-

11

5В090200

Туризм

4

-

12

5В050800

Есеп және аудит

15

-

13

5В050900

Қаржы

28

-

14

5В051100

Маркетинг

4

1

15

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

5

-

Барлығы

57

1

Жаратылыстану-географиялық факультет

17


5В060800


Экология

6

-


18

5В060900

География

-

-

19

5В060600


Химия (ғылыми)

8

1

20

5В072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

12

4

21

5В072000

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

3

3

Барлығы

29

8

Физика – математикалық факультет

22

5В060200

Информатика

2

-

23

5В070300

Ақпараттық жүйелер

11

1

Барлығы

13

1

Мәдениет және өнер факультеті




5В041700

Сәндік өнер

3

3




5В040200

Аспаптық орындаушылық

1

-

24

5В040300

Вокалдық өнер

5

5

25

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

4

2

26

5В040600

Режиссура

2

2

27

5В040900

Хореография

2

2

28

5В041800

Кітапхана ісі

-

-

29

5В090600

Мәдени тынығу жұмысы

1

1

30

5В042100

Дизайн

15

1

Барлығы

33

16

Университет бойынша барлығы

272

31

Педагогикалық емес мамандықтар бойынша университетті 272 студент, оның ішінде грант негізінде 31, ақылы негізде 241 студент аяқтады

2013 – 2014 оқу жылында Мансап орталығы университет әкімшілігінің қолдауымен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылған бірқатар шаралардың негізгілері ретінде жұмыс берушілермен, мекеме өкілдерімен өткізілген кездесулерді атап өтуге болады.

15 қараша 2013 жылы Түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында «Жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестер мен бірлесе отырып білім беру бағдарламаларын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға 30-дан астам мекеме қатысты, олардың ішінде БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг шетелдік компаниясы, ҚР Ұлттық банкінің БҚОФ, БҚО құжат және мұрағат, БҚО балалар және жасөспірім туризімі және экология орталығы, «Нұр Отан» ХДП БҚОФ және басқалары бар.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., академик Асхат Сәлімұлы Иманғалиев шараны құрметті сөзімен ашты.

Дөңгелек үстел барысында БҚО әлеуметтік-экономикалық салаларының сұраныстары негізінде мамандарды даярлау және қайта даярлау, кәсіби сараман уақытында жас мамандарды сынақтан өткізіп, алдағы уақытта жұмысқа орналасуы, 2013-2014 жылы жас мамандарға қажеттік мәселелері кеңінен талқыланды.

Шараның мақсаты: Жоғары білікті кадрлар даярлаудың тиiмдi түрлерін анықтау.

Міндеттер:


  1. Жұмыс берушілердің білім бағдарламаларын құрастыруға қатысуы;

  2. Түлектердi жұмысқа орналастыру бойынша көкейкестi сұрақтарды талқылау;

  3. Тәжірибелік бағдарламаларды өткізу;

  4. Әртүрлі сарамандар өткізу.

Шара соңында дөңгелек үстелде қаралған сұрақтар мен мәселелерді қорытындылай келе, ұсыныстар жобасы жасалды.

Жоба бойынша жұмыс берушілерге университетпен әлеуметтік байланысын жетілдіруге (мақсатқа бағытталған мамандарды даярлауға гранттар мен стипендиялар бөлу, оқу-ғылыми зертханалық база құруға көмектесу); студенттерге кәсіби және дипломалды сараманнан өту кезінде көмектесуге; ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруға ықыласты болуға; мүмкіндігінше Мансап күні, жастар практикасы және тағы да басқа осы бағыттағы шараларға демеуші болуға; жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір мақсатта мамандандыруды көздейтін ортақ бағдарламалар жасауға ұсыныстар жасалды.

Университетке факультеттер арасында жұмыс берушілермен қарым-қатынастың инновациялық жобасын іске асыру бойынша конкурсын ұйымдастыруға; жұмыс берушілерді университеттің шараларына қатыстыруға; факультеттерде компаниялардың презентациясын ұйымдастыруға жәрдемдесуге; университет түлектерінің іскерлік дағдысын және тілдік дайындығын қалыптастыруға ұсыныстар жасалды.

3-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет