Ережелері Осы «Салым бойынша қосымша төлем»



Дата14.02.2018
өлшемі18.34 Kb.
#16553

«Салым бойынша қосымша төлем» қосымша (жаңа) қызметін көрсету

Ережелері

Осы «Салым бойынша қосымша төлем» қосымша (жаңа) қызмет көрсету ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) салым шарттары, депозиттік және өзге шарттардың, сервис-пакет шарты аясында, «КАПИТАЛ» газетінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы №02 (287) санында жарияланған «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелерінің (2-нұсқа), «Деловой Казахстан» газетінің 2011 жылғы 5 тамыздағы №29 (276) санында жарияланған «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелерінің (3-нұсқа) (бұдан әрі – БЕ) және клиенттің Банкке мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық талаптарымен ақша беруін көздейтін басқа да қосымша келісімдердің (бұдан әрі – салым шарты) аясында қосымша төлем жасау тәртібі мен талаптарын анықтайды.


  1. Осы Ережелерде БЕ-де пайдаланылатын, сондай-ақ төменде көрсетілген терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) Салым бойынша қосымша төлем – осы Ережелерге сәйкес Банктің белгілейтін талаптарын орындаған кезде банктік салым шарты бойынша төленетін сыйақы;

2) Жеке талаптар – Банк өз қалауымен әрбір нақты клиент немесе клиенттер санаты үшін анықтайтын, Байланыс арналарының бірі арқылы Клиенттің назарына жеткізілген Банктің Клиентке салым бойынша Қосымша төлемдерді төлеу талаптары;



3) Байланыс арнасы – Банктің анықтайтын тәртібімен және талаптарында пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-бөлімшелер, ұялы банкинг, SMS-хабарламалар, телефондар, факс, банкомат, төлем терминалдары, POS-терминалдары, электрондық терминалдар арқылы Клиент пен Банктің арасында ақпарат беру құралдары.

  1. Клиент Салым бойынша қосымша төлемдер беру талаптарын сақтаған кезде, осы Ережелерге сәйкес Банк Клиентке осы Ережелердің 3-тармағында белгеленген мөлшерлерде Салым бойынша қосымша төлем береді.

  2. Салым сомасы кемінде Банк белгілеген соманы және/немесе мерзімді және/немесе салымды толықтыруды құраған және Жеке талаптармен Клиенттің назарына жеткізілген жағдайларда, Банк жеке талаптарда көрсетілген мөлшерде Салым бойынша қосымша төлем жасайды.

  3. Клиент Жеке талаптарды тиісінше орындаған жағдайда, Қосымша салым Салымшының Салым шартындағы деректемелерде көрсетілген ағымдағы Шотына 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде аударылады.

  4. Клиент Банкпен жасалған басқа шарттар бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда, банктік қызмет көрсету шарты және/немесе сервис-пакет қызметін ұсыну шарты тоқтатылған жағдайда, Банк Салым бойынша қосымша төлем жасамауға құқылы.

***
Каталог: news -> file
file -> Анктік ақпараттық
file -> Что такое стандарт gmp
file -> Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)
file -> Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)
file -> Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік
file -> «Банк «Каспийский» АҚ-ның 2006 жылғы 31 желтоқсандағы пруденциалдық нормативтер туралы есебі
file -> «Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің Жалпы (үлгі) шарттары Осы «Kaspi Bank»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет