Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай құрамының өзгергенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Мәлімдемеде Ұлттық құрылтай жұмысына басқа қоғам өкілдері тартылатыны айтылған:

  • Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева;
  • "Қазақстанның кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
  • Қазақстанның Еңбек Ері, Семейдегі № 7 орта мектеп-лицей мұғалімі Алма Шұқыжанова;
  • ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
  • Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова;
  • пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова;
  • дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов;
  • "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько. 

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.
"Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды", — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жүріп жатқаны хабарланды. 

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.