Erjakypov_NurAstsna19.01.2013.doc [Бисен Жұмағалиев]



жүктеу 16.19 Kb.
Дата31.07.2018
өлшемі16.19 Kb.

http://nurastana.kz/?p=11485

Университет мерейтойын тойлайды


19.01.2013 | Айдары: Аудитория

Еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің (БҚАТУ) құрылғанына биыл 50 жыл толады.



«Елу жылда – ел жаңа» деген, жарты ғасырлық тарихы бар университеттің мерейтойын жоғары деңгейде атап өту жоспарланып отыр. Осыған орай, таяуда мерейтойға арналған іс-шаралардың тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға экономика ғылымдарының кандидаты, соғыс және еңбек ардагері, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының төрағасы Бисен Жұмағалиев пен тыл ардагері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Әмірхан Қарасаев арнайы шақырылды.

Университет тарихында есімдері алтын әріппен жазылған ардагерлердің қызметтік жолын таныстырып өткен БҚАТУ ректоры, профессор Қазыбай Бозымов мерейтойдың алғашқы шарасына ардагерлерді шақыруының өзіндік себебі бар екенін жеткізді.

– Ғылым саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер-ұстаздар университеттің бүгінгі жетістігіне қомақты үлес қосты, – деп атап өтті Қазыбай Қараұлы.

Жиын барысында сөз алған соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиұлы БҚАТУ ұжымын мерейтойымен құттықтап, университеттің құрылу және қалыптасу жолындағы қызметі жайлы әңгімелеп:

– Әлі есімде осы университетті Оралдан ашу жөнінде ұсыныс жасалғанда, батыс аймақтың өзге облыстары қарсы болды. Ол кезде Ақтөбе қаласы – батыс өлкесінің орталығы болғандықтан, сөзі өтімді еді. Сондықтан ақтөбеліктерден көбірек қауіптендік. Біраз дау болды. Ақыры, жергілікті облыстық партия комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесі: «Орал өңірі ауылшаруашылық мамандарын даярлауға қолайлы орта» деген шешім қабылдады. Сол кездегі батыл шешім қабылдағанымызды бүгінде сендер дәлелдеп отырсыңдар. Оқу ордасы тек батыс өлкесі ғана емес, бүкіл әлемге танылған ғылым ордасына айналып, аймақтың әлеуеметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда, – деді.

Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған, биік бітім-болмысымен дараланған Әмірхан Әтенұлы осы білім ордасынан бас-тау алған еңбек жолын кеңінен әңгімеледі.

Кездесу соңында ардагерлер БҚАТУ тарихынан сыр шертетін фотосуреттер көрмесін тамашалады.



Мұратбек Ержақыпов,

БҚАТУ Жастар комитетінің төрағасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет