Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан



жүктеу 25.83 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі25.83 Kb.

Шығыс Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру. Шығыс Қазақстанның географиялық орналасқан жері және табиғат жағдайы мен ежелгі тұрғындары жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізе білу, деректермен жұмыс жасай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, тірек-сызба, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Карта, тақырыпқа сай қорғандардың суреттері, интерактивті тақта.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, оқушыларды шеңберге шақыру. Әрбір оқушы әріп таңдап сол әріптен басталатын жақсы сөздер айту керек.

Оқушыларды топқа бөлу. 1-топ «Сақтар» тобы, 2-топ «Ғұндар» тобы, «Үйсіндер» тобы.

ІІ. Үй тапсырмасы. БББ стратегиясы бойынша тексеріледі. Дәптерлеріне толтырылған кестені оқиды. «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қояды.

1-топ.

1.Солтүстік Қазақстан жері қазіргі қай облыстардың аумағын қамтиды?

(Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысының Солтүстік бөлігі.)

2. Геродоттың айтуынша, савроматтар «биік таулардың бауырында» тұрған кімдермен көрші болған?(Исседондармен)



2-топ.

3.Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауысқан уақытын ата.(Б.з.б. 1 мың жылдықта)

4. Тіл білімі мамандары қандай сөзді латын тілінен «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аударады? (Аргиппей)

3-топ.

5. Қазақстанның солтүстігінде «жұт» мезгілінің қайталанып тұратын циклі? (6-8 кейде 10-12 жылда бір рет)

6. Солтүстік Қазақстандағы Ұлыбай ескерткіштері Орталық Қазақстандағы басқа қандай ескерткіштермен ұқсас келеді?(Тасмола)

7. Есіл өзені оң жағалауында орналасқан ерте темір дәуіріне жататын бекініс-қалашықтың аты (Ақтау)



ІІ. Жаңа сабақ.

Картадан Шығыс Қазақстан аймағын көрсетіп, табиғат жағдайы мен географиялық ерекшеліктеріне тоқталу. Интертақтадағы слайдтармен жұмыс жүргізіледі. Шығыс Қазақстан туралы мәліметтер беріледі.




«Қарлы кесек» оқытып үйрету ойыны. Оқушыларды үш топқа бөліп, үш тақырыпша бөлініп беріледі. Кестемен жұмыс ұйымдастырылады (ББҮ)

Білдім

Білемін

Білгім келеді


ІІІ.Бекіту.

«Жасырылған сұрақтар» ойынын ойнау. Тақтаға конверт ілінеді, оларда әртүрлі деңгейде тапсырмалар (5-ке, 4-ке, 3-ке) бар.Әр оқушы мүмкіндігіне байланысты тапсырмаларды алып жауап береді.

5-тің сұрақтары:

1.Шығыс Қазақстан аумағын ертеде қандай тайпалар мекендеді? (аримаспылар)

2. Шығыс Қазақстанның қазіргі географиялық орны(Шығыс Қазақстан облысы мен бұрынғы Семей аумағы)

3. Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жеріндегі жазықта табылған сақ дәуірі обаларының ішіндегі патша немесе ақсүйектер ескерткіштерінің саны(50-ден астам)

4-тің сұрақтары:

1. Шығыс Қазақстанның күретамыр су жүйесі – қай өзен? (Ертіс)

2. Шығыс Қазақстанның Шілікті қорымында барлығы неше оба бар? (51)

3. Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жеріндегі жазықта табылған сақ дәуірінің обалар саны қанша? (200 ден астам)

3-тің сұрақтары.

1. Берел қорымынан табылған обалар саны (40-тан астам)

2. №1 обаны ашқан кім? (Әбдеш Төлеубаев)

3. Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандары кездесетін аудан (Зайсан)



ІҮ.Қорытындылау. Оқушылардың топ басшыларына сөз беру.

Рефлексия.

Ү. Үйге тапсырма: «Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштері» тақырыбында ой-толғау жазып келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет