Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы, исламтанушы Фариза Жұманова отбасындағы ұрыс-керіс туралы ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/

Өнер иесінің жұбайы жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырман тарапынан қойылған сұрақтарға бүкпесіз жауап берді. Оқырман дені жұлдызбен бір шаңырақ астында өмір сүрудің қиындығын білгісі келген. 

"Ерлі-зайыпты болған соң реніш те болады ғой. Бірақ дәл қазір бізде 1000% түсінушілік. Ұрыссақ та сәлден соң дым болмағандай жүре береміз. Отбасы болу оңай емес, бірақ әйел адам ақылды болу керек. Керек кезде ауызды жауып. Кейін ер адам басылғасын сөйлесіп алуға болады. Біз 1-2 жыл жаман қырылып қалатын едік. Бірақ әр нәрсеге уақыт та керек демекші, қазір шүкір. Арасында ұрысамыз, бірақ тез қайтамыз", – деп жауап берді Фариза. 

  • "Ата-аналарға қолайлы балабақша ашқым келді": Декретте отырып кәсіп ашқан ана бизнеске келу жолын айтып берді

  • Қытайда алғаш рет адамға шошқаның бауыры сәтті трансплантацияланды

Сонымен қатар, Фариза әйел болмысы туралы да сыр шертті. Әйел өзін күтіп, үнемі күтініп жүру керек екенін айтты. 

“Біз әйел қауымы өте эмоцияға берілеміз. Кейде өзіміз бір нәрсені ойлап алып, соған ренжіп отырамыз. Сіз ақылды болыңыз! Сөз ұқпайтын адаммен араласпаңыз. Керісінше, жақсылықты көп жасаңыз. Кең болса, кем болмайсың” деген сөз – менің ұраным. Қыз келіншектер, мүмкіндік болса, көмекші алыңыз! Неше жылдан бері көмекші мен бала күтуші алмағаныма өкінемін! Бала босанғаннан кейін, стресс алып, қатты қиналып қалған едім”, – дейді өнер иесінің жұбайы. 

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/ 

Еске салайық, Абай Бегейдің үйленгеніне қыздарының қарсы болғанын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.